ӘЛЕУМЕТ
Алматы облысында биыл 28 мектеп салынады |
Алматы облысында биылғы жылға 28 мектептің құрылысы жоспарланған, соның 19-ы – үш ауысымдылықты болдырмау мақсатында салынады. Сонымен қатар жеті мектеп іске қосылды, соның төртеуі үш ауысымды мектептердің орнына пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Jetisy Media - Білім беру саласында педагогтарға, оқушылар мен студенттерге қашықтан оқу мен жұмыс істеу технологияларын меңгеруге тура келді. Біз облыс бойынша 81 мың компьютер сатып алуға, 12,3 млрд. теңге бөлдік, 24 мың мектеп компьютері мұқтаждарға уақытша пайдалануға берілді. Демеушілер қаржысы есебінен қосымша 2110 бірлік оргтехника берілді, - деді А. Баталов. Сол сияқты ол өз сөзінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі 98% жеткенін де атап өтті. «Тағы 166 балабақша ашып, қамту деңгейін 2022 жылға қарай 100%-ға жеткіземіз», - деді спикер. |
Толығырақ... Оқылды: 1396 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
А. Баталов: «Биыл тұрғындардың 61%-інің табиғи газға қосылуына мүмкіндік туады» |
Өткен жылы облыс тұрғындарының 59%-іне, яғни 1,2 млн. адамның газға қосылуына мүмкіндігі туғызылды. Биылғы жылы тағы 23 елді мекенде осындай жағдай жасалып, көрсеткіш 61%-ке жетеді. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Jetisy Media. Өңір басшысының айтуынша, әзірге көгілдір отын жеткізілмеген бес аудан қалды: «Осы аудандарды газдандыру үшін «Талдықорған - Үшарал», «Шелек-Кеген» магистралды газ құбыры құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын аяқтаймыз. Құрылыс жұмыстары келесі жылдан басталады», - деді А. Баталов. Сол сияқты спикер орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі республика бойынша алдыңғы қатарда екенін тілге тиек етті, яғни 98,3%, бұл 678 елді мекен қамтылды деген сөз. Биылғы жылы 7 ауылға су құбырын жүргізу есебінен бұл көрсеткіш 99,5% жеткізіледі, сол сияқты 11 ауылда ауыз су сапасы жақсартылады. Ба... |
Толығырақ... Оқылды: 1410 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
Жетісуда Мемлекеттік қызмет туралы кітап таныстырылды |
Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен Талдықорғанда жерлесіміз, қазақстандық саясаткер Серікбай Нұрғисаевтың кітабының тұсаукесері өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ләззат Тұрлашов, мәдениет және зиялы қауым өкілдері қатысты. "30 жыл Тәуелсіз елдің мемлекеттік қызметінде" атты шығармасы авторды Мемлекеттік қызметтің қыр-сырымен таныстырады, елдегі мемлекеттік қызметтің реформалары, Мемлекеттік қызмет саласындағы әлемнің озық елдерінің тәжірибесі, мемлекеттік қызметтегі жаңалықтар туралы әңгімелейді. "Бұл кітап мен жазған екінші кітап. Біріншісі 10 жыл бұрын шыққан. Екеуі де мемлекеттік қызмет туралы болса да, бүгін мен бірінші шығарылымнан ерекшеленетін мүлдем басқа туындыны таныстырамын. 10 жыл ішінде мемлекеттік қызмет жүйесі өте өзгерді. Қазір жастардың уақыты, өзгеру уақыты. Егер жастар білікті мемлекеттік қызметші болғысы келсе, мансап құрғысы келсе немесе билік органдарының құрылымы туралы көбірек білгісі келсе — бұл кі... |
Толығырақ... Оқылды: 1439 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
Биылғы жылы Алматы облысында 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі |
Алматы облысында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, биылғы жылы 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс басшысының сөзіне сүйенсек, «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде өңірге 105 млрд. теңге бөлінген, 20 мың жұмыс орнын құрған 1051 жоба жүзеге асырылды. Өткен жылы облыс бойынша 60 мың жұмыс орны ашылды. Баяндамада айтылғандай, «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, биылғы жылы 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. 2603 пәтерлік 521 тұрғын үй салынып жатыр, соның 1212-сі көп балалы отбасыларға беріледі. Сонымен қатар жеңілдіктер қарастырылған «7-20-25», «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ 5-10-20» бағдарламаларымен 1986 отбасы пәтерлі болады. - Алматы облысында құры... |
Толығырақ... Оқылды: 1418 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
Алматы облысында шағын және орта бизнес өнімінің көлемі 11% өсіп, 1,8 трлн. теңгеге жетті |
Алматы облысында шағын және орта бизнесте өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 11% өсіп, 1,8 трлн. теңгеге жетті. Сөйтіп шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 34% болып отыр. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналистерге брифинг өткізген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір әкімінің мәліметінше, облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 125 мың бірлікке, ал осы салада жұмыс істейтін адамдар саны 275 мың адамға жеткен. Өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 11% өсіп, ШОБ-тың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 34% жетті. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қолға алынған салықтық жеңілдіктер, жалға алу төлемдерінен босату түріндегі шаралар оң ықпалын тигізген. - Мысал ретінде айтсам, жылдың басында Талдықорған қаласында аз қамтылған және көп балалы аналарды жұмысқа тарту мақсатын... |
Толығырақ... Оқылды: 1425 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
А.Баталов: «Алматы облысында тағы 2 қант зауыты қалпына келтіріледі» |
Алматы облысының Алакөл және Қарабұлақ қант зауыттары қайта қалпына келтірілуі мүмкін. Өңірдегі қызылша алқабының аумағын 35 мың гектарға ұлғайту арқылы қант қызылшасы көлемін екі миллион тоннаға дейін жеткізу межесі белгіленген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлімдеді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс басшысы баяндамасында Агроөнеркәсіптік кешенде 2022-2026 жылдарға арналған Ұлттық жоба шеңберінде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, сүт өнімдері, дәнді және майлы дақылдарды өндіру мен өңдеу бойынша жеті ірі экожүйе қалыптастыру жоспарланғанын атап өтті. Өңірде 1,3 млн. бас ірі қара, 4,5 млн. бас қой-ешкі, 1 млн. гектарға жуық егіс алқабы бар екенін ескерсек, облыс осы жобаның ең белсенді қатысушыларының бірі болып табылады. - Мысалы, қант өндіретін екі зауыт жұмыс істеп тұр, енді Алакөл және Қарабұлақ қант зауыттарын қалпына келтіру жоспарлануда. Осылайша біз алқап аумағын 35 мы... |
Толығырақ... Оқылды: 1417 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.05.2021 |
Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал жақсаруда |
Алматы облысында соңғы 10 күнде коронавирус инфекциясы анықталған жағдайлардың саны 222-ден 96-ға дейін төмендеді. Сонымен қатар 3 күн ішінде ауруханаға жатқызылған адам саны да азайды. Бұл туралы өңірдің бас дәрігері Өмірзақ Ниязбеков мәлімдеді. Эпидемиологиялық жағдайының жақсаруына әсер еткен факторлардың бірі халықты «COVID-19-ға» қарсы вакцинациялаудың қарқынды жүргізілуі себеп болып отыр. Облыста коронавирустық инфекцияларға қарсы вакцинация жүргізу үшін 244 егу пункті, 67 мобильді бригада, 17 жылжымалы медициналық кешен тартылған. Айта кетейік, вакцинаны сақтау үшін 153 мұздатқыш камера, 272 белсенді термоконтейнер бар, вакцинаны тасымалдау үшін тағы 80 белсенді термоконтейнер жеткізу күтілуде. «Облысқа I компонентті вакцинасының 225 350 дозасы және II компоненттің 184 710 дозасы жеткізілді. Бүгінгі таңда 211 624 адам I компонентпен егілді, 119 081 адам вакцинацияның екінші бөлігін қабылдады. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда I компоненттің 14 920 до... |
Толығырақ... Оқылды: 1485 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.05.2021 |
Балалардың отпен ойнауына байланысты өрт оқиғасы орын алуда |
Жыл басынан бері 38 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылғы өрттердің жалпы санының 12% - ын құрайды, 1 млн теңгеге залал келтірілді, балалар арасында өлім және ауыр жарақат болған жоқ. Бұл туралы JETISY MEDIA ақпараттық алаңында мәлім болды. Балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқыту мақсатында жыл сайын нұсқаулықтар, дәрістер сондай-ақ өртке қарсы насихат жүргізіледі. Мамандар жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару керектігін атап өтті, өйткені дәл осы кезеңде олар көбінесе ересектер тарапынан бақылаусыз қалады. "Облыс аумағында қала сыртындағы 30 сауықтыру лагерін ашу жоспарлануда. Лагерь аумағында өрттерді болдырмау мақсатында барлық өртке қарсы іс-шаралар, сондай-ақ балалармен профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. Балалардың демалысы кезінде сауықтыру лагерлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жазғы каникул кезеңі аяқталғанға дейін және 2021 жылы лагерьлер жұмысына дейін жалғасады", - деп атап өтті ТЖД төрағасының орынба... |
Толығырақ... Оқылды: 1464 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.05.2021 |
Өңірлік коммуникациялар алаңында Алматы облысы бойынша МӘМС-ті іске асырудың 2021 ж. І-ші тоқсанының қорытындылары баяндалды. |
2021 жылға арналған бюджет жоспарына сәйкес облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге 149,1 млрд.теңге қарастырылған, оның ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көрсету пакеті (ТМККК) аясында – 93,3 млрд. теңге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті (МӘМС) шеңберінде – 55,8 млрд. теңге. Өткен жылмен салыстырғанда бюджет 25,6% - ға ұлғайды. 2020 жылы бюджет 118,7 млрд.теңгені құрады, оның ішінде ТМККК – 88,5 млрд. теңге, МӘМС – 30,2 млрд. теңге. Негізгі өсім МӘМС қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Облыс тұрғындары медициналық сақтандыру Қорымен келісім шарт жасасқан кез-келген медициналық мекемеде, оның қай жерде орналасқанына және қандай меншік нысанына қарамастан, сапалы медициналық көмек алуға құқылары бар. Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша Қордың филиалымен 81 медициналық мекемеме шарт жасасты. Оның ішінде 35-і жеке меншік медициналық ұйымдар. Жыл сайын жеке сектордың үлесі өсуде, нарықта елеулі бәсекелестік орын алуда. Бұл тұрғындарға ең жақсы... |
Толығырақ... Оқылды: 1581 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.05.2021 |
ӘМСҚ-да АУЫЛДЫҚ МЕКЕНДЕРДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ |
20 мамырда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ӘМСҚ басшысы Болат Төкежановтың, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбековтың, Облыстық жедел және шұғыл жәрдем станциясының директоры Савелия Пак және ӘМСҚ жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. ⠀ Кеңесте ауылдық мекендерде денсаулық сақтау және өңірлердегі жедел жәрдем қызметін қаржыландыру мәселелері қаралды. ⠀ Кеңес қорытындысы бойынша Болат Төкежанов Қордың құрылымдық бөлімшелеріне Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде қабылданған шаралар мен ұсыныстарды қарастырып, мәселелердің жүйелі шешілуі үшін қажетті тапсырмаларын берді. ⠀ НҚА-ға өзгерістер әзірлеу, сонымен қатар нақты шығыстарды ескере отырып, ауылдық жерлерде жедел жәрдем станцияларын қаржыландыру бойынша тиісті есептеулер жүргізу, жерүсті санитариялық авиацияны қаржыландырудың бірыңғай моделін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, халқы аз ауылдық өңірлерінде аудандық ауруханаларды қаржыландыруды жетілдіру сұрақтары... |
Толығырақ... Оқылды: 1541 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.05.2021 |