ӘЛЕУМЕТ

Жарқ еткен жасын ғұмыр

Кез-келген пенде мойындайтын даусыз ақиқат: туу рас, өлім хақ. Алла берген ғұмырда жарқын із қалдыру бойында ізгілік толы адамның мұраты болса керек. Бейсен Құранбек Тал-Бесіктен Жер-Бесікке дейінгі тірлігінде күш жігерін, білімін туған еліне аянбай жұмсады, Тәуелсіз мемлекетіміздің еңсесін тіктеуде мемлекеттік тілімізді, тағылымы зор ұлттық салт- дәстүрімізді, достық пен бірлікті ұлықтау жолында айтарлықтай үлес қосты. Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауы- лында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауап- ты хатшы қызметінен бастаған. Ал қалған ғұмырын қазақ телевизия- сымен байланыстырып, «Рахат», «31-арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған. 2007-2012 жыл- дары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры бол- ды. 2013-17 жылдары «Қазақстан&raqu...
Толығырақ... Оқылды: 1454 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021

Айнала тазалығы-ауыртпалық емес

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2019Ж 26 Желтоқсан да Тұрғын үй комуналдық шаруашылығындағы мәселелері жөніндегі заңнамалық тәртібіне өзгертумен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаны белгілі. Осы өзгертулерге сәйкес 2022Ж 1шілдесіне дейін, жеке пәтер иеленушілері коперативтері жойылып, орнына басқарудың жаңа түрлері жәй серіктес(ЖС) немесе мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) таңдалуы керек болғандықтан, бұл жұмыс барлық жерде жүргізіліп, басқарудың жаңа заңдарына көшу мәселесі мемлекеттік бақылауға алынған болатын. Сондықтан Алматы облысы тұрғын үй комуналдық шаруашылығы және құрлыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы жұмыс жасауда. Комиссия мүшелерінің жергілікті жердегі жағдайлармен танысу мақсатында, бүгін аудан әкімдігінде тиісті мемлекеттік органдардың жауаптылары, мәслихат депуттарының қатысуымен пәтер иеленушілері өкілдерінің кездесуі өтті. Жиында қаралған мәселелер бойынша, Көксу ауданы тұрғын үй комуналдық шаруашылығының және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің...
Толығырақ... Оқылды: 1457 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның рөлі

Бүгінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың маңызды бағыты болып табылады. Бұл аспектіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің айрықша құзыреті ретінде ғана қарауға болмайды, бұл жұмысқа барлық мемлекеттік органдар, сондай-ақ азаматтық қоғам тартылуы тиіс. Өйткені, бүгінде азаматтардың белсенді қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты барынша азайту, жою мүмкін емес. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағартушылықта тек белгілі бір адамдар тобымен шектелуге болмайды. Мұнда белсенді азаматтар, студенттер, БАҚ өкілдері, мәдениет қайраткерлері, блогерлер, оқытушылар тартылуы тиіс кешенді жұмыс жүргізілуі тиіс. Сонда олардың әрқайсысы өз саласында осы құбылыстың зияны туралы айтып, оны болдырмау үшін өз үлестерін қосатын болады. Алдымен жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға қатысуы қоғамдық бастамалардан шығатынын бірден атап өту қажет. Сондықтан, бұл жерде санға емес, сапаға көңіл ауда...
Толығырақ... Оқылды: 1500 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.05.2021

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау

Апатты және төтенше жағдайлар, саяси оқиғалар кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған хабарламалар көптеп тарайды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, фейк ақпарат таратқандар жазаланады. Десе де, көп адам мұндай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынынан бейхабар. Қазақстанда жалған ақпарат таратушылар үшін 20 АЕК соммасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген. 5000 АЕК мөлшерінде айыппұл салу; Түзету жұмыстарына немесе бес жылғадейінгі мерзімде бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Ал, Осы терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектесті ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 9-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектесті ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу тәртібі...
Толығырақ... Оқылды: 1479 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.05.2021

Емханаға тіркелудің 3 жолы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) барлық артықшылықтарын пайдалану үшін емханаға тіркелу қажет. Мұндай қажеттілік туындаған кезде көбісі оны қалай жасау керектігін білмейді. Емханаға тіркелудің үш жолы бар: Портал арқылы Egov.kz: 1. Порталда авторизациядан өтіңіз 2. Іздеу жолы арқылы "алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" қызметін табыңыз" 3. Қызметті онлайн сұраңыз 4. Емхана мен дәрігерді таңдаңыз 5. Мекен-жайы мен байланыс мәліметтерін көрсетіңіз 6. ЭЦҚ көмегімен сұранымға қол қойыңыз 7. Қызмет нәтижелері жеке кабинетте көрсетілетін болады. Телеграм бот арқылы @Kenes1414Bot: 1. Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз 2. Телеграм ботты іске қосыңыз, "қызметтер" ашыңыз" 3. "Денсаулық сақтау" таңдаңыз, "мессенджер арқылы медициналық ұйымға тіркелу" батырмасын басыңыз" 4. Қызметті кімге қабылдайтыныңызды көрсетіңіз (өзіңізге / балаға) 5. Мекенжай деректе...
Толығырақ... Оқылды: 1517 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.05.2021

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҮШІН ЖАЗА КҮШЕЙТІЛДІ

Сыбайлас жемқорлық – бұл пара беру және алу ғана емес, сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік (қызметтік) билікті өзінің жеке мүддесі үшін теріс пайдалану. Басқаша айтқанда, бұл жеке тұлғаның пайда табу мақсатында мемлекет пен қоғамның заңды мүдделеріне қайшы келетін өзінің лауазымдық жағдайын заңсыз пайдалануы. Мемлекет пен қоғамның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық билікке, мемлекет пен қоғамға зиян келтіре бастайды. Сыбайлас жемқорлық билікті және онымен байланысты мүмкіндіктерді бүкіл қоғамның мүддесі үшін емес, жеке тұлғалардың немесе белгілі бір адамдар тобының мүддесі үшін пайдалануды білдіреді, бір сөзбен айтқанда, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билікті жеке мүдделер үшін заңсыз пайдалануды білдіреді. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру, қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік органдар қызметінде ашықт...
Толығырақ... Оқылды: 1548 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.05.2021

17 мамыр - Дүниежүзілік пульмонологтар күні

Бүгін бүкіл әлемдік медициналық қауымдастық маңызды кәсіби мереке - 1997 жылы құрылған пульмонолог күнін атап өтуде. Бастама көптеген елдерде қолдау тапты, өйткені бұл мерекенің хабарламасы тыныс алу мен өкпе аурулары пайда болған кезде жүйелі түрде тексеруден өтіп, жедел жауап беру болып табылады. 2020 жыл бүкіл әлем дәрігерлері үшін, атап айтқанда, Қазақстан үшін қиын жыл болды. Коронавирустық пандемия ел денсаулығының барлық мүмкін күштері мен ресурстарын жұмылдыруға және дәрігерлердің барлық күштерін қауіпті вируспен күресуге мәжбүр етті. Дәрігер пульмонологтар өз денсауалығын қатерге тігіп, COVID-19-пен күресіге алдыңгы қатарда болді. Пандемиямға байланысты барлық қиындықтар мен ауыртпалықтарды ескере отырып, ковидтік бюджеттіқ негізгі сомасы короновируспен күреске жұмыс істейтін медицина қызметкерлердің, оның ішінде пульмонологтардың жалақысын үстемақы толеуге қарастырылды. Құрметті дәрігерлер! Сізді осы күнмен шын жүректен құттықтаймыз. Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық жән...
Толығырақ... Оқылды: 1544 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.05.2021

Алғашқы қадамды жасаңыз!

Бүгінгі таңда халықтың көп бөлігі церебралды сал ауруы секілді және инсульт пен жұлынның зақымдануы салдарынан туындайтын жарақаттарды оңалту бағдарламасын қажет етеді. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуімен оңалту міндетті медициналық сақтандыру пакетіне енгізілді, яғни, «Сақтандырылған» мәртебесі бар азаматтар емхана жолдамасы бойынша, сонымен бірге жеңілдік санатындағы балалар мен 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер секілді азаматтар оңалту бойынша медициналық көмекті алуға мүмкіндік алады. Алматы облысында тірек-қимыл аппаратын қалпына келтіру бойынша сәтті жүргізіліп жатқан бағдарламалардың бірі - Талдықорған қаласында орналасқан, Алматы облысы бойынша медициналық сақтандыру Қорымен шарт жасасқан «Асар» оңалту орталығы болып саналады. «Асар» орталығында материалдық-техникалық жабдықтау ұйымдастырылған. Жоғары білікті медицина қызметкерлері және кәсіби оқытылған спорт жаттықтырушылары жұмыс істейді, церебральды сал ауруы диагн...
Толығырақ... Оқылды: 1530 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.05.2021

БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙНЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ

Қазақ халқы әу бастан бала тәрбиесін бәрінен жоғары қойған. Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, сапалы білім бере білген. «Адам ұрпағымен мәңгі жасайды» деген халқымыз бар ықыласын балаға бөліп, болашағын бағамдаған. Бала тәрбиесі жайлы қазақ ойшылдары әр түрлі ой-пікір айтқан. Жүсіп Баласағұнның өзі «Құтадғу білік» атты еңбегінде тәрбие жайлы: «...Баланың мінез-құлқы жақсы тәрбиеден туындайды. Егер бала ебедейсіз, шамшыл, өбектеліп өскен болса, бұған бәрінен бұрын оның ата-анасы кінәлі. Отбасы үшін бала – зор қуаныш. Баласыз бақыт жоқ. Бірақ, баланың тууы ата-анаға зор міндет, жауапкершілік те жүктейді. Отбасы тәрбиесі бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастыру негіздерінің негізі. Сондықтан оны балғын шағынан оқытып, жақсылап тәрбиелеу керек. Үй шаруасы мен баланы дұрыс күтіп-бағу үшін тазалық сақтайтын әйелді таңда. Баланы тәрбиелеу әкенің де парызы. Егер бала тәртіпсіз болса, оған әкесі де кінәлі. Ақылды, бі...
Толығырақ... Оқылды: 1952 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.05.2021

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ-САПАЛЫ БІЛІМ

Бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын осынау заманда ұстаздың шәкірт өмірінен алар орны бөлек. Кемелді ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында. Бұл факторды жүзеге асырушы субъект– ұстаз. Қай заманның ғалымын да, ойшылын да, ақынын да, басшысын да, басқасын да «тұлға» ретінде қалыптастыратын ол ұстаз. Оларды ұлттық құндылықтарға сай әрі ақылды етіп тәрбиелеу. Бүгінгі қоғамның басты талабы– қолдан жасалған «ХХІ ғасырдың ғажайыптарын» тамашалау емес, еңселі ел тағдырын аманаттайтын тарландарды өсіру. Осы мақсатта заманға сай түрлі әдіс тәсілдерді меңгеріп, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырудамын. Мәселен, функционалдық сауаттылық. Қазіргі таңда дәл осы тәсілді әр пәннің ұстаздары кеңінен қолданып жүр. Себебі, бұл заман талабы. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Аталған функционалдық сауаттылық ж...
Толығырақ... Оқылды: 2169 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.05.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.