ӘЛЕУМЕТ

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

Адамзат тарихында үлкенді-кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен.Бірақ солардың ішінде ауқымы құрбандары мен алапаттығы жағынан ең жантүршігерлігі Екінші дүниежүзілік соғыс және оның құрамдас бөлігі-Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) болды. Бүгінгі соғыс кезіндегі қазақстандықтардың шығыны жайлы әртүрлі пікір қалыптасқан. Соғыс қимылы біздің жерде өтпесе де, қазақстандықтар Кеңес Одағының бөлігі ретінде фашистермен жан аямай соғысып, жеңіске өз үлестерін қосты. Кейінгі деректерге сүйенсек, 1938-1945 жылдар арасында 18-ден 50 жасқа дейінгі ер адамдар, яғни Қазақстан халқының 70%-ы әскер қатарына шақырылыпты. Бұл көрсеткіш әлемдік тәжірибеде жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Тіпті соғыстың негізгі ұйымдастырушысы болған фашистік Германия жаппай мобилизация кезінде әскери іске 12 пайыз ғана халқын тартқан екен. Қазақстан бойынша соғыста қаза болған, тұтқында, аурудан немесе жарақаттан қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен адамдар саны шамамен 601011 немесе 11,2%-дай . 110 қазақстандық Даңқ орд...
Толығырақ... Оқылды: 1880 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.05.2021

Конфессияаралық қатынастар саласындағы саясат

Еуразия аймағында ұлан-ғайыр аумақты мекендеген еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихы Батыс пен Шығыс өркениеттерінің тоғысқан аймағы ретінде 130-дан астам ұлттар мен 18 конфессия өкілдерінің отанына айналды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзге этнос өкілдеріне қамқорлық танытып, конфессия өкілдерінің ұстанымдарына түсіністік таныта отырып, мемлекеттігіміздің тұғырлығын әлемге әйгілеп келеді. Халқымыз ұлтаралық және дінаралық ынтымақтастыққа бастайтын құндылықтарды халықаралық алаңда да насихаттауда. Конфессияаралық келісімді орнату, бейбітшілік пен өзара төзімділік құндылықтарын насихаттау арқылы Қазақстан әлемдік саясатта жоғары құрмет пен беделге ие болды. Жаһандық алаңда көптеген елдердің сенімді әріптесіне айналды. Еліміздің мемлекеттік саясаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге негізделген қағидаттарды басшылыққа алады. Сонымен бірге, елдегі қалыптасқан мемлекеттік-конфессиялық қатынастар барлық конфессиялар мен діни топтардың тең құқықтығын қамтамасыз етуге...
Толығырақ... Оқылды: 1841 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.05.2021

Мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясы

12 мамыр күні жетінші шақырылған Көксу ауданы мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясы онлайн режимінде өтті. Депутат Инна Кан төрағалық еткен мәжілісте сессия күн тәртібіндегі екі мәселе қаралды. Оған аудан әкімі Алмас Әділ мен мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, «Nur Otan» партиясының төраға орынбасары Мәлік Бейсенов, мәслихат депутаттары мен әкімдік мүшелері қатысты. Сессияда депутаттар назарына 2021 жылға арналған аудан бюджетіне еңгізілген өзгерістер таныстырылды. Баяндамашылардың сөзіне сүйенсек облыстық бюджетті нақтылау кезінде аудан бюджетіне талай шаруаға қаражат қарастырылған. Оның ішінде: аудан әкімідігінің екі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына, Жетіжал ауылының мәдениет үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына, - Бесқайнар, Жарлыөзек, Мұсабек ауылдырының жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге, Мұқаншы, Мұқыры ауылдық округінің елді мекендерінде көше жарығын орнатуға ЖСҚ-ны дайындауға, даму бюджеті бойынша Балпық би ауылындағы Дарабоз ана, Ауезов көшел...
Толығырақ... Оқылды: 1769 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.05.2021

ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын! Қадірлі мұсылман қауым! Сіздерді исі мұсылман баласының ұлық мерекесі – ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын! Отбасыңызға бақыт пен береке, деніңізге саулық, жұмысыңызға табыс тілеймін. Ораза айт – жүрекке қуаныш пен мейірім сыйлайтын, адамзат баласын ізгілікке, достық пен бауырластыққа, қанағат пен қайырымдылыққа үндейтін мейрам. Айт сөзі – мерекелеу, хал сұрасу, бір-бірін қуанту, қуанышқа топталу, қарымта деген ұғымды білдіреді. Ораза айт – қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін мереке. Жер бетіндегі күллі мұсылман үмбеті айт күндері хал сұрасып, бір-бірін құттықтап, мәре-сәре күй кешеді. Сонымен қатар, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесіп, оларды да қуанышқа бөлейді. Алла Тағала: «...Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiңпәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн...»...
Толығырақ... Оқылды: 1715 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.05.2021

Атадан жеткен аманат

Биыл Жеңістің 76 жылдығына орай, Көксу ауданы әкімдігінің қызметкерлері барлық карантин талаптарын сақтай отырып ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлері Николай Огнев пен Петр Голышенконы Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтауға арнайы барып, ардагерлерге гүл шоқтары мен себет толы сыйлықтарын табыстады. «Жеңіс күні - бұл ұлттық мереке. Бұл тарихи дата барлық ұрпақтың жадында мәңгі қалады, ұлттық ұлы ерлік күні ретінде. Егер соғыста жеңіс болмаса, болашаққа ұмтылған тәуелсіз Қазақстан болмас еді. Біз сіздердің ерліктеріңізге, адалдықтарыңызға, табандылықтарыңызға және Отанға деген қасиетті сүйіспеншілік сезімдеріңізге тағзым етеміз! - деді әкімдік қызметкерлері. Ардагерлер қонақтарды ризашылықпен қабылдап, естеліктерімен бөлісті, соғыс жылдарындағы бастан өткерген ауыр еңбек, жан түршіктірер естемелері туралы және Жеңіске қол жеткізген сәттегі айтып жеткізгісіз сезімдері туралы әңгімеледі. 1941-1945 жылдар аралығындағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүние жүзілік соғыстың...
Толығырақ... Оқылды: 1754 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.05.2021

Алматы облысында 944 консультативтік-кеңес жұмыс жасайды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша барлық өңірлік білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінде білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар құрылды. Консультативтік-кеңесші органның негізгі міндеттері «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, қоғамдағы педагог мәртебесін арттыруға және нығайтуға бағытталған қызметті жүзеге асыру болып табылады. Бүгінгі күні облыс бойынша 944, оның ішінде мектептерде - 691, колледждерде – 62, балабақшаларда – 177 және қосымша білім беру ұйымдарында 14 Кеңес жұмыс жасауда. Құрылған Кеңестер педагогтердің жалпы саны 12 арызын қараған. «Кеңестерге педагогтерден түсетін арыздардың саны өте аз. Алайда біздің департамент әлеуметтік желілерге үнемі жүргізіп отыратын мониторинг нәтижелері, өкінішке орай, республика көлемінде, оның ішінде бі...
Толығырақ... Оқылды: 1705 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.05.2021

Жер туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерге түсініктеме

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Аталған заң бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ, қандастарға жеке меншікке және жалға беруге тыйым салынады. Осылайша ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану құқығы тек қана Қазақстан азаматтарына және шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларға беріледі.
Толығырақ... Оқылды: 1742 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.05.2021

Талдықорғанда" Ashyq " жобасы бойынша 106 бизнес субъектісі жұмыс істейді

2021 жылғы 14 сәуірден бастап "Ashyq" пилоттық жобасы Талдықорған қаласында енгізіле бастады, осының арқасында 106 нысан карантин кезінде талаптарды сақтай отырып жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алды. Бұл туралы "JETISÝ MEDIA"ақпараттық алаңында белгілі болды. "Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №12 қаулысы бойынша қоғамдық тамақтану объектілері жұмыс күндері 20.00-ге дейін жұмыс істесе, ал демалыс күндері олар жабық болады. "Ashyq" жобасы бойынша демалыссыз таңғы сағат 7-ден түнгі 2 - ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, бірақ өңірдің санитариялық дәрігері белгілеген барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып және ойын-сауық, жаппай мерекелік, отбасылық іс-шараларды, оның ішінде банкеттер мен ауыз ашарды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанын ескерген жағдайда әдеттегіше қызметін жалғастыра алатын болады, - деп хабарлады Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары...
Толығырақ... Оқылды: 1568 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.05.2021

Психоневрологиялық ұйым анықтамасын алу

Достар! Бүгінгі күні барлық сұратылатын анықтамаларды онлайн режимінде – әбігерсіз және ешқайда жүгірмей Egov.kz порталынан алуға болады. Соның ішінде психоневрологиялық ұйым анықтамасына тоқтала кетсем. Анықтаманы онлайн алудың 3 әдісі бар! eGov.kz порталы арқылы: 1. Порталда авторизациядан өтіңіз 2. Іздеу жүйесі арқылы "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" қызметін табыңыз" 3. Қызметті онлайн сұраңыз 4. Жеке деректерді енгізіп, қол қойыңыз 5. 10 минуттан кейін бетті жаңартып, дайын анықтаманы жүктеп алыңыз. eGov мобильді қосымшасы: 1. Мобильді қосымшада авторизациядан өтіңіз 2. "Қызметтер" сілтемесін таңдаңыз 3. "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" батырмасын басыңыз 4. Сұрауға қол қойыңыз 5. Анықтаманы жүктеп алыңыз! телеграм-бот @Kenes1414Bot: 1. Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз 2. Ботты іске қосыңыз 3. Қызметтер мәзірінен "Денсаулық сақтау" бөлімін таңдаңыз 4. "Мессендже...
Толығырақ... Оқылды: 1655 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.05.2021

«МОБИЛЬДІ АУЫЛ» ЖОБАСЫ

Ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында, сондай-ақ халық пен мемлекет арасында «Алтын көпір» болатын «Мобильді ауыл» жобасы жүзеге асырылды. Бұл бастама Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аясында ұйымдастырылғанын айта кетпеске болмайды. «Мобильді ауыл» жобасы Алматы облысының бірқатар жергілікті елді мекендерінде өз қызметін бастап кетті. Жобаның негізгі мақсаты қоғам мен мемлекет арасында тікелей байланыс орнатып, халықтың мемлекеттік мекемелерге деген сенімін арттыру болып табылады. Бұл жобаның бірден-бір бағыттарының бірі тұрмыстық сыбайлас жемқорлық фактілерін жою болмақ. Қазір технология күннен күнге қарыштап дамып бара жатқан заман. Бүгінгі күндері көптеген қызметтерді онлайн түрде алуға болатыны мәлім. «Мобильді ауыл» жобасы WhatsApp және Telegram мэссенджерлері арқылы жұмыс жасайды. Яғни, тұрғындар чатта...
Толығырақ... Оқылды: 1659 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.05.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.