ӘЛЕУМЕТ
Алматы облысы бойынша ХҚО-ры және мамандандырылған ХҚО - ры алдын ала брон бойынша қабылдайды |
Алматы облысы бойынша Енбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай , Қаратал, Көксу, Талгар аудандарының және Қапшағай, Талдыкорган қаласының ХҚО-ры және мамандандырылған ХҚО - ры алдын ала брон бойынша қабылдайды Карантин шараларының күшейтілуіне байланысты Алматы облысының ХҚО-лары азаматтарды тек алдын ала бронмен қабылдайды. Бұдан бұрын клиенттерді брон арқылы Алматы қаласының ХҚО-лары қабылдай бастаған болатын. Бас санитар дәрігердің қаулысы – клиенттеріміз бен қызметкерлерімізді вирустан қорғауға мүмкіндік беретін мәжбүрлі шара. Бұл шешімге қазақстандықтар түсіністікпен қарайды деп ойлаймыз және ерекше қажеттілік болмаса, азаматтарды ХҚО-ға бармауды сұраймыз. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамын eGov.kz және eGov mobile мобильдік қосымшасында онлайн алуға болатынын еске саламыз. Жақындарыңыз бен өзіңізге сақ болыңыз! Кезекті бірнеше минут ішінде egov.kz порталы, egov mobile қосымшасы, egovkzbot2.0 (@kenes1414bot) телеграм-боты, сондай-ақ 1414 байланыс орта... |
Толығырақ... Оқылды: 1611 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2021 |
Алматы облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті тексеріс жүргізді |
Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен "Алматы облыстық №1 балалар үйі" КММ-де 01.01.2018 жылдан бастап 31.08.2020 жылдар аралығындағы кезеңде балалар үйі түлектерінің банктік шоттарынан ақшалай қаражатты алудың заңдылығы сондай-ақ, жетім балалардың шоттарында ақшалай қаражаттың толық болуы мәселесі бойынша сәйкестік аудиті жүргізілді. Жүргізілген аудит барысында мекеме атынан директор (кәмелетке толмаған жетім балалар мен балалардың қамқоршысы мен қорғаншысы) әлеуметтік қызметкерге 24.07.2018 ж, 21.06.2019 ж, 03.08.2020 ж. мерзімінде "Қазақстан Халық Банкі" АҚ және "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" Акционерлік Қоғамына тәрбиеленушілердің мүдделерін білдіру, сондай-ақ ақшалай қаражаттың түсуін бақылауға, карточкалық базада депозиттік шоттар мен ағымдағы шоттар ашуға, пластикалық карточкалар мен оларға ПИН конверттерді алу құқығымен зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта (ЗТМО) ақша алу және тағы басқадай қызметт... |
Толығырақ... Оқылды: 1576 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2021 |
Алматы облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті заңбұзушылықтарды анықтады |
Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен түскен өтініштің негізінде Ақсу ауданының "Айжулдыз балабақшасы" МКҚК сәйкестік аудиті жүргізілді. Аудит нәтижелері бойынша 28549,6 мың теңге сомасында заңбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық -8308,1 мың теңге болса; рәсімдік заңбұзушылық бойынша -20241,5 мың теңге, атап айтқанда: - қызметкерлердің шоттарына 541,8 мың теңге сомасына жалақыны негізсіз аудару анықталды; - 6433,8 мың теңге сомасында пандус және көше жарығын орнату бойынша орындалмаған жұмыс көлемі расталып, 1332,5 мың теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы есептелінді; Аудит барысында 8308,1 мың теңге мөлшеріндегі барлық сома тиісті бюджет кірісіне өтелді. Сонымен қатар, аудит жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңбұзушылықтар анықталды, негізсіз бір көзден алу тәсілімен тікелей шарт жасасу арқылы 20241,5 мың теңге сомасына айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік сатып алу жүргізілген, атап ай... |
Толығырақ... Оқылды: 1541 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2021 |
Орман ел дәулеті, жер сәулеті |
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жанын ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі үшін еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа» -деп Тұңғыш президентіміз Н. Ә Назарбаев айтқандай, рухани жаңғырудың бір бөлімі «Туған жер» бағдарламасына арналған. Әрбір азамат өз туған жерін, өскен ортасын бірінші орынға қоюы керек. Шама шарқынша өз туған ауылының көркейіп, гүлденуіне ат салысу керектігін және Рухани жаңғыру мақаласын қолдай отырып Жарлыөзек ауылдық округінде ағаш отырғызу акциясы аясында 26 наурыз күні «Орман ел дәулеті, жер сәулеті» атты тақырыбында өтті. Мұқаншы ауылыдағы өзен бойына көптеген жеміс ағаштары мен басқа да ағаш түптері отырғызылды. Игі іс- шара ауыл жастары мен тұрғындарының қатысуымен өтті. Шара барысында 1000 түп ағаш отырғызылды. Жарлыөзек ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы А.Максимова |
Толығырақ... Оқылды: 1544 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.03.2021 |
|
Толығырақ... Оқылды: 1544 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.03.2021 |
"INTEGRITY – сыбайлас жемқорлық қақарсы пікір таласалаңы |
Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган бола отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және осы жағымсыз құбылысқа төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі мақсатты саясатты іске асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды элементі азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл болып табылады. Себебі тек азаматтық қоғамның және барлық бей-жайқарамайтын азаматтардың белсенді қатысуымен сыбайлас жемқорлықты жоюға және оң нәтижелерге қолжеткізуге болады. Бұлбағытта Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "INTEGRITY – сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікір таласалаңы " жобасын іске қосуда. Жоба аясында жастар, мемлекеттік қызметшілер, азаматтық сектор, ҮЕҰ, бизнес-қоғамдастық, журналистер, құқық қорғау органдарының өкілдері, тәжірибелі психологтар, заңгерлер, адвокаттар, судьялар, оқу орындарының оқытушылары жәнет.б.түрлі фокус-топтар қамтылатын ANTIKOR ORTALYGY алаңын да сараптама алаңын ұйымдастыруды к... |
Толығырақ... Оқылды: 1585 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.03.2021 |
«АШЫҚ БЮДЖЕТТЕРДІҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ» |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бюджет қаражатының шығысы бойынша ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету, азаматтардың мемлекетке деген сенім деңгейін арттыру, сондай-ақ тиімді диалог платформасын құру мақсатында "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" (publicbudget.kz) жобасын жүргізуде. Бүгінгі күні карта қоғамдық бақылау мен Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын құру жөніндегі тапсырмасын іске асырудың пәрменді тетігіне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша кеңесте аталмыш ақпараттық жүйенің тиімділігі жоғары екенін атап, "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы 7 триллион теңгеден астам бюджет қаражатының жұмсалуы бойынша ақпараттың қол жетімділігін қамтамасыз етті" деген болатын. Бұл бастама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша жүзеге асырылатын ТМД кеңістігіндегі бірегей жоба екендігін айта кету керек. Картада нақ... |
Толығырақ... Оқылды: 1586 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.03.2021 |
75 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды |
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында 2020 жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 20-65-7.45 тапсырмасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне тексеру комиссияларымен бірлесіп, бюджеттің барлық деңгейлерінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталатын қаражаттың жұмсалуына жүйелі және кешенді мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды. Аталған тапсырманы орындау мақсатында Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2020 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бағытталатын қаражаттың жұмсалуына жүйелі және кешенді мониторинг жүргізілуде. Облысымызға дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға 2020 жылы жалпы сомасы 158 166,9 млн. теңге қаражат қарастырылған, оның ішінде: 77 086,2 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 14 904,8 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен, 66... |
Толығырақ... Оқылды: 1731 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.03.2021 |
ҚАЗЫБЕК БИ МҰРАСЫНДАҒЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ |
Әділдік, парасаттылық қағидаттары және дала данышпаны, Қазақ хандығының көрнекті саяси қайраткері Қазыбек бидің дана сөздері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағатына» арқау болды. Қаз дауысты Қазыбек би – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан тарихында өзіндік орны бар тұлға. Қазыбек бидің өмірі жанкешті істер мен батыл шешімдерге толы болды. Ол реформатор, шешен, дипломат-бітімгер. Парақорлық пен әділетсіздікті – қазақтың түбіне жететін ауыр дерт. Оны тек таза ниет пен адал істермен жеңуге болады, деді ол. Қазыбек би үшін адамгершілік, ең жоғарғы адами құндылық ретінде бірінші орында тұрды. Мысалы «Өркенім өссін десең, кекшіл болма –кесапаты тиер еліңе. Елім өссін десең, өршіл болма – өскеніңді өшірерсің», «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос» деп айтып, әр қабылданар шешім мен іс... |
Толығырақ... Оқылды: 1749 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.03.2021 |
Алматы облысында санитарлық талапты бұзғандарға 38 млн. теңге айыппұл салынды |
Самарқанның көк тасы еріп, ел-жұрт «амал мерекесі» деп амалдап жатқанда аймақтағы эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап кетті. Жетісу жерінде соңғы тәулікте 104 адам коронавирусқа шалдыққан. Салдарынан індетті жұқтыру деңгейі өңірде 0,8 % – ды құрады. Жыл басынан 12 666 адам кесел жұқтырған. Оның ішінде 5658 тұрғыннан коронавирустың симптомдары анықталған. 10 758 науқас емделіп шыққса, 870 емалушы әлі күнге дәрігердің бақылауында. Өкініштісі сол, індет жас, кәрі деп бөліп жармайды. Облыста 52 жүкті әйел мен 882 оқушы кесел жұқтырған. Аурудың өршуіне байланысты жедел жәрдем көмегіне жүгінушілердің қатары артқан. Салдарынан, арнайы топқа тәулігіне 2,5 мың шақырту келіп түсіп отыр. Бір сәтте, вирусқа шалдығушылар санының өскені, бұқараның қарапайым сақтық шараларын сақтамауынан дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов. «Аймақта карантиндік режимнің сақталуын қатаң бақылау мақсатында 268 мониторингтік топ құрылған. Мереке күндері қо... |
Толығырақ... Оқылды: 1654 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.03.2021 |