ӘЛЕУМЕТ

Улы газдың қауiпi!

Алматы облысы ТЖД ескертеді! Пеш жағу маусымында улы газбен улану жағдайларын болдырмау үшін үш айда бір рет түтіндіктерді тазалау, пештердегі ақаулықтарды уақытымен жөндеп, жарықтарды майлау қажет. - жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз, сонымен бірге оны балалардың қараунда қалдырмаңыз; - жағу үшін дайындалған отынды пештің алдындағы темір тақтайшаға қоймаңыз; - пешті қатты қыздырмаңыз; пешті пайдалану нұсқаулықтарында қарастырылмаған жанғыш заттарды отын ретінде қолдану (қатты, сұйық, газды); - жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отынды) пештің үстінде және мұржа құбырынан 0,5 метр ара қашықтықтан жакын жерде кептіруге жол бермеңіз; - желдеткіш және газ каналдарын түтіндік ретінде пайдаланбаңыз. Пеш жағу кезеңінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау Сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуы мүмкін! Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Толығырақ... Оқылды: 1670 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.03.2021

Тәрбие бастауы – отбасыдан

Қазақ халқы ертеден-ақ тәрбиеге жете көңіл бөліп келеді. Оның айғағы ретінде тәрбиеге байланысты нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, өсиет сөздер, тіпті данышпан бабалардың артындағы ұрпақтары үшін жазып қалдырып кеткен асыл ойлары ғасырдан-ғасырға сақталып бүгінгі жеткіншектерге жетіп келеді. Мысалы,«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Аяғын көріп асын іш, шешесін көріп қызын ал» деген сияқты көптеген асыл сөз, салмақты ойлары бүгінгі күні де өз мәні мен қадір-қасиетін жоғалтқан емес.Бір ауыз сөзбен тобықтай түйін түйген, сөз қадірін түсініп, соған тоқтап, бас иген бабаларымыз қандай құдіретті десеңізші!.. Әсіресе қыз бала тәрбиесіне келгенде «Қызға қырық үйден тыйым, қала берсе қара күңнен де тыйым» деген сөзінде қаншама мән жатыр!Бұл жердегі халық мақалының мәні – қыз бала тәрбиесінің күрделілігі, ертеңгі елдің тұтқасы боларлық, ел тізгінін ұстар ұрпақты дүниеге әкелер, отбасының ұйытқысы болар қыз тәрбиесінің нәзік те маңыздылығы ту...
Толығырақ... Оқылды: 1684 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.03.2021

ЖЕР ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ ТЕЗИСТЕР

Жер комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша 2016 жылы ҚР Үкіметі шекара маңындағы ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) азаматтарға беруге тыйым салды. *** Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға мемлекеттік бақылауды күшейту үшін 2019 жылы Жерді қашықтан зондтау деректерін пайдалану бөлімінде жер кодексіне өзгерістер енгізілді. Осылайша, жүйелі бақылаудың, жер бетіндегі түсірілімдердің, зерттеулердің және түгендеудің нәтижелерімен қатар ауыл шаруашылығы жерлерін мониторингтеу үшін ақпарат көзі ретінде енді ғарыштық мониторинг нәтижелері де пайдаланылатын болады. *** Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінен өз еркімен бас тартуға экономикалық тұрғыда мәжбүрлеу үшін 2020 жылдың желтоқсан айында Салық кодексіне пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің салық ставкасын 10-нан 20 есеге дейін еселеп арттыруды көздейтін түзетулер енгізіліп, қабылданды. *** Жерді...
Толығырақ... Оқылды: 1717 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.03.2021

АНТИКОР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ РӨЛІН КҮШЕЙТУДЕ

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық бірқатар себептермен пайда болатын және бірнеше түрлерді қабылдайтын күрделі және көп қырлы құбылыс болып көрінеді. Ұзақ уақыт бойы сыбайлас жемқорлық мәдени, адамгершілік және тарихи мәселе болып саналды, бірақ бүгінде ол мемлекеттік органдардың да, азаматтардың да белсенді қатысуын талап ететін саяси, институционалдық мәселе ретінде қарастырылады. Қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, сондай-ақ оны іске асыру кезеңдері Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрініс табады. Онда ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық сипаттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешені қамтылған, ал оның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін...
Толығырақ... Оқылды: 2191 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2021

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫ ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының м.у.а. Жандос Жұмабаев Талдықорған қаласы әкімдігінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге Алматы облысының ақпараттық-ағарту штабының төрағасы Серік Мұқанов қатысты. Кездесу аясында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзгерістері түсіндірілді, сондай-ақ облыс аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар таныстырылды. Сонымен қатар, Жандос Жұмабаев "Transparency Kazakhstan" - Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне жүргізілген мониторинг қорытындыларымен таныстырды. Кездесу барысында Департамент басшылығы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде бірқатар өзекті сұрақтар мен мәселелерді атап өтті. Олардың ішінде: мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсету, яғни белгілі бір құжаттарды алу кезінде бюрократиялық әуре-сарсаңға салу; түрлі іс-шараларға, қызметтер мен тауарларға бюджет қаражатын дұрыс жоспарламау және ұтымсыз пайдалану; хал...
Толығырақ... Оқылды: 2111 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2021

ТӘЖДІ ВИРУСҚА БІР ЖЫЛ

Адам тағдырын өмір таразысынан өткізіп, барды бағалауды, алысты жақын, жақынды жанашыр еткен бұл оқиға талайдың ойында ұзақ сақталары анық. Халқымыз ежелден сан түрлі қиыншылықты бастан өткергені тарих беттерінде алтын әріппен жазылған бейне бір хаттардай сайрап жатыр. Найзаның ұшымен, білектің күшімен ұлан-ғайыр жерін жаудан қорғап, ерлік көрсеткендерді әрдайым үлгі тұтып, ұрпақтан ұрпаққа мақтанышпен айтып келдік. Одан бері еліміз талай нәубетті бастан кешті, соған қарамастан, ұрпағының қам-қатерсіз болашағы үшін төзді, шыдады. Аңсаған тәуелсіздігімізге жетіп, халқымыз есін енді жиды-ау дегенде қауіпті індеттің алауы шарпып, бүйірден соққы бергендей болды. Бұл бүкіл дүние жүзіне әсер етіп, әлемді дүр сілкіндірген індет болды. Әлемді әбігерге салған коронавирус эпидемиясына тұп-тура бір жыл. 2020 жылы наурызда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялап, дабыл қақты. 2020-ның 11 наурызында әлемнің 114 елінде 118 мың адам вирус жұқтырған болатын. Әлем жа...
Толығырақ... Оқылды: 1681 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2021

Жер сатылмайтын болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылық жерлерді сатуға және жалға беруге заң түрінде тыйым салуды тапсырған болатын. Тоқаев бұл мәлімдемені жер сатуға қойылған мораторий мерзімі аяқталар тұста, қоғамда жер сатпау туралы мәселе жиі көтеріліп жатқан кезде жасады. Ол: - Жер мәселесі маңызды. Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды. Бұған қатысты қауесеттерді тоқтату керек. Сондықтан мен нақты мынадай шешім қабылдадым, біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты шешім. Мен мұны жедел түрде жүзеге асыру қажет деп шештім. Президент әкімшілігі бұл мәселеге қатысты қажетті заң жобасын әзірлеуі керек. Екіншіден, бір ай ішінде жер реформасы жөніндегі комиссия құрып, 25 наурызда жұмысқа кірісуді тапсырамын, - деді Тоқаев 25 - ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында. Қасым-Жомарт Тоқаев көпті толғандырып, жүрген өзе...
Толығырақ... Оқылды: 1633 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2021

ОНЛАЙН САБАҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жұмысын жеңілдетеді. Қашықтықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады. «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің оқу іс-әрекеті процесін қарастырады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып білім берудің мақсаты: сапалы білім беру қызметін алуда азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейту; олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету. Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары 2 тоқсанның сабағы онлайн және қашықтан өтті. Қашықтықтан оқыту – білім берудің ақпараттық және телекоммуникациялық тех...
Толығырақ... Оқылды: 1534 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2021

Алматы облысында 25 мыңға жуық газ датчиктері орнатылды

Улы газбен уланудан болатын қайғылы салдардың қаупін азайту мақсатында облыс әкімдігі 169 млн.490 мың теңге бөлді, соның нәтижесінде 24 мың 501 датчик сатып алынып, орнатылды.Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында Алматы облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының у.м.а. азаматтық қорғау майоры Манат Тұрымов хабарлады. Өткен жылыту кезеңіндегі адамдардың улы газбен улану жағдайларын алдын алу мақсатында Департамент облыс әкімдігімен қатар, халықтың осал топтарының үйінде датчиктерді орнату мәселесін қарастырды.Осы орайда,өткен кезеңдегі есеппен Еңбекшіқазақ ауданындағы үш үйде датчиктер іске қосылды.Аталмыш жағдай нәтижесінде улы газдың бар екендігі дер кезінде анықталып,осылайша 15 адамның, оның ішінде 11 баланың улануы немесе қайтыс болуының алды алынды. «Өрттерде адамдардың қаза болуын төмендету мақсатында ЖАО-мен бірлесіп 962 отбасының пештерін жөндеуді, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 938 отбасының электржабдықтарын жөндеуд...
Толығырақ... Оқылды: 1438 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2021

Мереке күндері бірқатар қоғамдық орындар жұмысын тоқтатады

Алматы облысында 12077 адам короновирус инфекциясын жұқтырған.Соның 91 жағдайы соңғы тәулікте тіркелген.Сәйкесінше, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының нәтижесіне сай, Алматы облысы «сары» аймақта орналасқан. Кесел өршіп тұрған Талғар, Жамбыл, Көксу, Панфилов аудандары, сонымен қатар Талдықорған, Текелі қалалары да «сары» аймақта. Осыған байланысты,Алматы облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.Бас құжатта,балалардың ойын-сауық орталықтары, түнгі клубтар, кальян, көрмелер, букмекерлік кеңселер, караоке, PS-клубтар, боулинг,сауна қызметтері тоқталылады.Сондай-ақ, 20-24 наурыз аралығында сауда үйлері,жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар, ашық азық-түлік емес базарлар,қоғамдық тамақтану нысандары жеткізу жұмыстарын қоспағанда,кинотеатрлар өз жұмысын уақытша тоқтатады. Қаулы негізінде діни нысандар,түзету және білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат етіледі. «Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны...
Толығырақ... Оқылды: 1459 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.