ӘЛЕУМЕТ
Бейсен Құранбектің қолының табы қалған жәдігерлері музей бұрышынан орын алды |
Журналистикадағы аққан жұлдыз атанған дара тұлғаның бүгін дүние есігін ашқан күні. Оның үні де, болмысы да туған елімен бірге астасып жатыр. Ол ақпарат әлемінің темірқазығы болатын. Көзі тірі болғанда 49 жасқа толар еді. Жүрегі соғысын тоқтатқанша қазағым деп өткен нар тұлға әрине, Бейсен Құранбек. Бар алаштың қабырғасын қайыстырған қаралы хабар ел арасында тарағаннан бері жартыжылдан астам уақыт өтсе де, оның бес күн жалғанда жоқ екеніне ешкім нанар емес. Бейсен Абайұлының кісілігі мен кішілігі бір төбе. Бар қазақты бауыр тұтып, қараша халықты хан көріп, төбесіне көтеріп жүрді. Сонысынан болса керек, қалың елі Бейсен ұлдарын ерекше құрметтеді. Кеудесіндегі жұдырықтай жүрегінен орын берді. Абай ағаның ұлының сонау, спорт газетінде журналистиканың алғаш табалдырығын аттап, тұңғыш туындыларын бастап, кеше ғана ақсұңқар болып мәңгілік сапарына аттанған кездегі бар ғұмыр жолы көптің назарында болды. «Бейсеннің артықшылығы неде десек,ол әуелден басқаларға бақыт сыйлауға ұмтыл... |
Толығырақ... Оқылды: 708 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.12.2020 |
Жаңа жыл шыршасы мерекесіндегі жаппай отшашулар кезінде петардалардан, бенгал оттарынан өрт шығу қаупі ұлғаяды. |
Жаңа жыл шыршасы мерекесіндегі жаппай отшашулар кезінде петардалардан, бенгал оттарынан өрт шығу қаупі ұлғаяды. Осыған байланысты Өрт сөндіру қызметі мейрам кезінде балаларды қараусыз қалдырмай, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, отқа абай болуға шақырады. Жыл сайын Жаңа жылды қарсы алу барысында отшашулардың салдарынан қаншама өрт шығып, көңілді басталған мереке қайғылы оқиғалармен аяқталып жатады. Жаңа жылдық және Рождестволық мерекелерді әрбір отбасы бұрынғыдан да қызықты, ұмытылмастай етіп жасауға тырысады. Ол үшін бенгал оттары мен петардаларды көптеп сатып алып түрлі-түсті отшашулар жасайды. Пиротехникалық бұйымдар қас-қағым сәтке ғана жарқырап көрініп, балаларға қуанышты көңіл күй сыйлайтыны рас, бірақ қауіпсіздік ережесін сақтамаған жағдайда денені жарақаттап, денсаулыққа зиян келтіріп қайғылы жағдайға душар ететінін және өрт қауіпін тудыратынын ұмытпаған жөн. Сондықтан пиротехникалық заттарды қолданғанда қарапайым қауіпсіздік ережелерін бір сәтке де естен шығармау... |
Толығырақ... Оқылды: 680 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.12.2020 |
"Қазақтелеком" Алматы облысында тағы 84 базалық станция орнатады |
Алматы облысының шалғай ауылдарын сапалы мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету үшін "Қазақтелеком" АҚ өңірде 84 базалық станция орнатады. Жұмыс "250+"жобасы аясында жүзеге асады. "Алматытелеком" ӨТД бас директоры Шерхан Раздықовтың айтуынша, жүзеге асырылып жатқан жобаларды іске қосу ауылда телекоммуникациялық қызметтердің барлық спектрін ұсынуға мүмкіндік береді, сондай-ақ инновациялық қызметтерді дамыту, телемедицина мүмкіндіктеріне, онлайн-білім беруге және электрондық коммерция саласындағы қызметтерге қолжетімділікті ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, осылайша қалалық және ауылдық пайдаланушылар арасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетеді. "Ауылдық елді мекендер үшін ТОБЖ ұйымдастыру"халық саны 250 адамнан асатын ҚР ауылдық елді мекендерінің ТОБЖ қамту" стратегиялық жобасында көзделген. Жоба 2018 жылғы қарашадан бастап мемлекеттік-ішінара әріптестік тетігі бойынша іске асырылуда, 2020 жылғы қарашада аяқталды... |
Толығырақ... Оқылды: 586 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2020 |
Ауылым-алтын бесігім |
Алматы облысы әкімінің қолдауымен Талдықорған қаласының Салтанат сарайында ауылдық мәдениет үйлері, мұражайлар мен кітапханалар арасындағы "Ауылым-алтын бесігім"облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында, халықтың рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыру, қалалық, аудандық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардың атқаратын мәдени қызметін насихаттау және дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Шығармашылық жарысқа қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли құттықтады. "Елбасының" Рухани жаңғыру "мақаласын және Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың" сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі " Жолдауын іске асыру мақсатында облыс басшылығы мәдениет саласын дамытуға үлкен көңіл бөледі. Амандық Баталовтың қолдауымен "Ауылым-алтын бесігім" байқауы 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Ал биыл Елбасының &q... |
Толығырақ... Оқылды: 601 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2020 |
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ |
Бүгін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық Білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған «Парасатты отбасы» онлайн байқауы қорытындыланды. Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи талаптарды, парасатты тұлғаны дамыту мақсатында Республика көлемінде «Азаматтық бақылау» жобасымен қолдау тауып өткізілуде. Бейнероликтер Instagram, Facebook және Vkontakte әлеуметтік желілерінде #parasattyotbasy05 хэштегтермен орналастырылу арқылы сайысқа қатысты. Жалпы, Алматы облысы көлемінде аталған байқауды облыс тұрғындарынан 234 өтінім түсті. Әр отбасының бейнероликтері жеке-дара сарапқа салынып, бүгін ең көп дауыс алғандары марапатталды. 234 өтінім арасында 20 отба... |
Толығырақ... Оқылды: 620 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2020 |
Аламаты облысында екі колледж жатақханасы білімгерлерге есігін ашты |
«Балам дейтін елің болмаса, елім дейтін балаң қайдан болсын», - деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Алаш арысы айтқандай қазіргі жастарға мемлекетіміз баржағынан қамқорлық жасап келеді. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «ЖОО мен колледж студенттеріне арналған жатақхана құрылысын жандандыра отырып 2022 жылға дейін 75 мың орындық жатақхана салуды» тапсырған болатын. Осының өзі «қоғамның қозғаушы күштеріне» аударылып отырған назардың айқын көрінісі емес пе. Елбасының бұл тапсырамсын орындау Жетісу жерінде қарқынды жүзеге асуда. Оған дәлел Талдықорғанда Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен екі бірдей «Студенттер үйінің» қолданысқа берілуі. Екі нысанның да ашылу салтанатына өңір басшысы Амандық Баталов арнайы келіп, ресми түрде лентасын қиды. «Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджет қаржысына жатақхана салу туралы шешім қабылданды. Бұған дейін 1 студенттер үйі Үштөбе қаласында пайдалануға берілді, ал бірнеше а... |
Толығырақ... Оқылды: 579 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2020 |
2020 жылдың қараша айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 1,35 млрд. теңгені құрады |
2020 жылдың қараша айында Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 1,35 млрд.теңгені құрады. Республика бойынша қараша айында түскен жарналар сомасы (2020 жылғы 01-30 қараша аралығында) 22,7 млрд.теңгені құрады. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, қараша айында Алматы облысы бойынша 802,3 млн.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 549,1 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады. МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы |
Толығырақ... Оқылды: 582 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2020 |
ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысы қайта жанданды |
Елімізде жарияланған төтенше жағдайдан кейін жұмысын бастаған қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарында коронавирус пандемиясына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысы шектелген болатын. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің тапсырмасымен бұл аймақтардың жұмысы 30 қарашадан бастап қайта жанданды. Бүгінде республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда 137 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы іске қосылды. Онда азаматтарға кеңес беру үшін мыңнан астам қызметкер тартылды. Келушілер ондағы компьютерлер арқылы керекті анықтамалар мен электронды қызметтерді өз беттерінше ала алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторындағы ең көп алынатын қызметтерге ЭЦҚ рәсімдеу, соттылықтың болуы/болмауы туралы, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің есебінде болмау туралы анықтамалар алу, тұрғылықты жер бойынша тіркелу және емханаға тіркелу кіреді. Естеріңізге сала кетейік, карантин уақыты барысында электронды қызметтерді алу үшін... |
Толығырақ... Оқылды: 537 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.12.2020 |
ОТАНДЫҚ ФИЛЬМ - "ОСКАР" СЫЙЛЫҒЫНА ҮМІТКЕР |
Отандық "Ұлы дала зары" фильмі әйгілі "Оскар" сыйлығына үміткерлер тізіміне енді. "MG PRODUCTION PLUS" кинокомпаниясының ұжымы әділ шешім шығарғаны үшін ҚР Оскар комитетіне алғыс білдіреді. "Өткен ғасырдың 30-жылдары қазақ халқының басынан өткен қасірет - АШАРШЫЛЫҚ тақырыбындағы фильм шынайы оқиғалардың желісімен түсірілген. Қолдан жасалған қастандықтың салдарынан ата-бабаларымыздың 70%-дан астамы қынадай қырылды. Сондықтан, көркем туынды ата-бабамыздың, Алаш арыстарының рухына бағышталады", - дейді "MG PRODUCTION PLUS" кинокомпаниясының бас продюсері Ернар Мәліков. Жалпы фильмді жарыққа шығаруға 5 жылдан астам уақыт жұмсалған. Алғашында қаржы тапшылығына байланысты халықтан краудфандинг арқылы қаржы жиналған. Тіпті, компания иесі басталған істі аяқтау үшін жеке мүлкін де сатқан. Сондай-ақ, түсірілім болған Алматы облысы Ақсу ауданына қарасты Қапал, Арасан, Суықсай, Баласаз ауылдарының тұрғындары да қақаған қысқа қарамастан түсір... |
Толығырақ... Оқылды: 605 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.12.2020 |
Облыста инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 28% құрайды |
Алматы облысында соңғы деректерге сәйкес коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны 5800 ге жетіп отыр. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Соңғы аптада облыс аумағында 202 адамның кеселге шалдыққаны анықталған. Олардың ішінде Еңбекшіқазақ-24, Жамбыл-9, Қаратал -19, Көксу-7, Панфилов та-8, Талғар-40, Ұйғыр аудандарында-17, ал Текелі қаласында 14 жағдай тіркелген. Сондай-ақ, бір тәулікте 24 жанның короновирустық инфекцияны жұқтырғаны белгілі болған. Салдарынан індеттің өсу деңгейі 0,4% құрап отыр. «Облыс емхаларындағы инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 28%, провизорлық орындарда 31,5% құрайды. Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында сынама нәтижесі арқылы 67 жағдай тіркелді»,- дейді Алматы облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев. Айта кету керек, өңірде карантин шараларының бұзылуына жол бермеу мақсатында әкімді... |
Толығырақ... Оқылды: 575 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.12.2020 |