ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысы "Open Space" кеңселерінің саны бойынша көш бастап тұр

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындыларымен бөлісті. «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында өткізілген есепті жиынға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та қатысты. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ANTIKOR LIVE» жобасын іске асырып жатқаны баршаға мәлім. Жоба шеңберінде нақты уақыт режимінде облыс тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы туралы соңғы жаңалықтар жеткізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыру барысы туралы айтылады. Сонымен қатар, " ANTIKOR.LIVE " баспасөз-мәслихаттарын облыстың мемлекеттік органдарының өкілдерімен ұйымдастырылады, олар да өз қызметтері туралы әңгімелейді және өңір азаматтарын толғандыратын сұрақтарға жауап береді. "ANTIKOR LIVE " жобасының негізгі мақсаты мен міндеті"- тікелей эфирлер арқылы азаматтар мен мемлекеттік органдар үшін диалог алаңын құру, сондай &...
Толығырақ... Оқылды: 251 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.10.2020

Мұқаншы ауылдық округінде COVID-19 инфекциясының алдын алу және күресу бойынша атқарылған жұмыстар

Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» №285 жарлығы жарияланған уақыттан бастап, Мұқаншы ауылдық округінде «коронавирустық инфекцияның» алдын алу және күресу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Ең алдымен санитарлық және профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, көпшілік қоғамдық орындарда (мекемелер мен дүкендерде) азаматтардың қауіпсіздігін сақтау тәртібі орнады. Ауылдың аз қамтылған отбасыларына 850 бет перде тігіліп, тегін таратылды. «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында, округтің волонтерлерінің көмегімен аз қамтылған 120 отбасыға 3 000 000 тенге көлемінде азық-түлік берілді. 2020 жылдың 16 наурыздан бастап оқушыларға білім беру қашықтықтан немесе шектелген білім беру режиміне көшті және аз қамтылған оқушыларға теледидар мен интернет арқылы кедергісіз сабақ оқуға жағдайлар жасалды. Пандемияға байланысты жұмыс орнынан қысқарған және бұрыннан жұмыссыз а...
Толығырақ... Оқылды: 378 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.10.2020

Алматы облысында үздік зияткерлер анықталды

Алматы облысы бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі "IQ DODA" зияткерлік ойынын ұйымдастырды, доданың ақтық кезеңі жуырда "Журналистер үйінде" өтті. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Ойынның форматы қарапайым және сонымен бірге қызықты болды - қатысушылар логика, тапқырлық және білімді қолдана отырып, командалық ойлау арқылы әр түрлі санаттағы қызықты сұрақтарға жауап берді. "Зияткерлік ойын қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. "IQ ДОДА" ойынындағы барлық сұрақтар дүниетанымға, логикаға, тез тапқырлыққа қатысты алынды. Ойын жеті кезеңнен тұрды.Сұрақтар үлкен экранда 30-60 секундта көрсетіліп, жетекші оқыды. Содан кейін, сайыстың барлық жеті сұрағын жариялағаннан кейін, олар тез қатарынан және кідіріссіз қайта оқылады, артынша кері санақ 100 секундты бастайды. 100 секунд өткеннен кейін жауап берілген парақшалар тапсырылады", - деп бөлісті жоба ұйымдастырушысы Ерасыл Толымбекұлы....
Толығырақ... Оқылды: 272 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.10.2020

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің халықпен өзара іс-қимылы жөніндегі 2020 жылғы 9 айдағы қызметі туралы ақпарат

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, халықпен өзара іс-қимылды Агенттік ашықтық, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне жедел және тиімді ден қою қағидаттарына негіздеумен қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте азаматтардың сенімі қызметтің тиімділігін бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Ағымдағы жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 21 740 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі (18 733) көрсеткішпен салыстырғанда, 14%-ға көп. Бұл сан жыл сайын артуда (2017 жылы – 20 352 өтініш, 2018 жылы – 22 097, 2019 жылы – 26 866). Өтініштер санының өсуі халықтың құқықтық сауаттылығының арттырумен, сондай-ақ азаматтармен кері байланыстың тұрақты түрде жетілдірілуімен байланысты деп санаймыз (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің БАҚ-та сөз сөйлеуі, брифингтер, жобалық кеңселердің жұмысы және басқа да алаңдарды пайдалану). Орталық аппаратқа келіп түскен өтінішт...
Толығырақ... Оқылды: 267 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.10.2020

Агенттік Президент жүктеген жемқорлыққа қарсы саясатты жаңғырту бағытын жалғастыруда.

Бір жыл бұрын қабылданған отставкаға кету және бағыныштылардың сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың жеке жауапкершілігі туралы нормалар бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, 9 саяси қызметші отставкаға кетіп, түрлі деңгейдегі 33 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тағы 14 саяси қызметшінің отставкаға кетуі күтілуде. Биылғы қараша айынан бастап НҚА жобаларына жемқорлыққа қарсы сараптама толыққанды іске қосылады. Оны өткізудің үйлестірушісі – еліміздің ең ірі жоғары оқу орны – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. А.ж. 17 қазанда ұлттық және жеке компанияларда комплаенс-қызметтер құруды; мемлекеттік қатысудың кез келген үлесі бар ұйымдардың қызметкерлері есебінен сыбайлас жемқорлық субъектілерінің аясын кеңейтуді; мемлекеттік қызметшілер үшін сыйлықтар беруге және алуға толық тыйым салуды; жақын туыстарының бірге жұмыс жасауын шектеуді көздейтін жемқорлыққа қарсы жаңа нормалар күшіне енді. Қазіргі уақытта Агенттік Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қар...
Толығырақ... Оқылды: 208 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.10.2020

«Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Алматы облысы көлемінде дәрілік қоймаларға мониторинг жүргізуде

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде негізгі дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдардың азаймайтын қорын қалыптастыруды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, Денсаулық сақтау министрлігі мен "СҚ-Фармация" бірлесіп дәрілік қоймалардың жеткіліктілігіне мониторинг жүргізуде. Осыған байланысты пандемияның екінші толқынына дайындықты мониторингтеу мақсатында "Жетісу-адалдық аланы" жобалық кеңсе менеджерлері мен арнайы мониторингтік топ мүшелерімен бірлесіп, LIDER KZ қоғамдық бірлестігі және БАҚ өкілдерімен Талдықорған қаласының аумағында дәрілік қоймалардың мониторингі жүргізілді. Мониторинг барысында "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің менеджерлері "СК-Фармация" дәрілік қоймаларының және Талдықорған қаласындағы "МЕДИН" ЖШС филиалының пандемияның екінші толқынына дайындығына мониторинг жүргізді. Бүгінгі таңда өңірде "СК-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы арқылы 71 медициналық ұйым...
Толығырақ... Оқылды: 247 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.10.2020

Алматы облысында балалар жұқпалы аурулар ауруханаларының базасында балаларға арналған 2 COVID –орталығы пайда болады

Алматы облысында коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындыққа 7 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы "JETISÝ MEDIA" ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков мәлімдеді. COVID-19-мен күреске жергілікті бюджеттен барлығы 12,1 млрд.теңге бағытталды, оның ішінде ТЖ режимі кезеңінде 2,0 млрд. теңге бөлінді. "Коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындалуға бюджеттен және резервтен қосымша 7,3 млрд. теңге бөлінді. Вирусқа қарсы тұру мақсатында 2 компьютерлік томограф, 150 бірлік ӨЖЖ аппараты, жылжымалы рентген аппараты, 3 цифрлық рентгенологиялық жүйе, 100 бірлік оттегі концентраторы, 2000 дана пульсоксиметрлер мен виброакустикалық массажерлер және медициналық ұйымдар үшін дәрілік заттар сатып алынды",-деп түйіндеді Өмірзақ Ниязбеков Бұдан басқа, пандемияның ықтимал екінші толқынына 5280 төсек-орын дайындалды. Естеріңізге сала кетейік, СOVID-19-мен күресу...
Толығырақ... Оқылды: 238 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.10.2020

Коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорындары Алматы облысының экологиясына қалай әсер етеді?!

Алматы облысы бойынша қалдықтардың 95% - ы өңірдің коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорындарына тиесілі. Кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарына-3,3%, тамақ өнеркәсібі салаларына-1,5%. Бұл туралы Алматы облысы бойынша экология департаментінің басшысы Орман Аққозиев мәлімдеді. Департаменттің мәліметінше, Алматы облысы бойынша 2020 жылға лимиттер белгіленген. Тасталатын қалдықтар бойынша шектеулер 156,0 мың тоннаны, төгінділер бойынша - 351,0 мың тоннаны құрайды. "1 жартыжылдықта қалдықтар бойынша нақты лимиттер 22,6 мың тоннаны құрады. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 мың тоннаға төмендеу байқалады. Ал төгінділер лимиті керісінше артып, 106,9 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,4 мың тоннаға артық. Сондай - ақ, өндірістік қалдықтар бойынша лимит - 2020 жылдың 9 айында 302,9 мың тонна, қалдықтар бойынша 22,3 мың тоннаға азаю және қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша– 500,0 мың тонна 22,3 мың тоннаға азайды", - деп хабарлады Орман Аққозиев....
Толығырақ... Оқылды: 315 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.10.2020

«Жанұя» әлеуметтік орталығының елге берері не?

Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған "Жанұя"әлеуметтік орталығының жұмыс жасағанына 1 жылға жуық уақыт болды. Әлеуеттің әлеуметін арт тыруға қолдау көрсететін ұйым Талдықорған қаласында орналасқан. Орталықтың жұмысы бір терезе қағидаты бойынша жүзеге асырылады. "Жанұя" мамандары әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды әлеуметтік бағдарламалар туралы ақпараттандырады, қажетті құжаттарды дайындауға көмек көрсетеді. Орталық сондай-ақ заңгерлік және психологиялық кеңес, оңалту көмегін және басқа да қызмет түрлерін ұсынады. "Жанұя" аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған әлеуметтік орталық Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бастамасымен құрылды. Орталықты құрудың мақсаты Талдықорған қаласында тұратын әлеуметтік осал отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру, экономикалық дербестікті нығайту және азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жеке уәждемесін нығайту б...
Толығырақ... Оқылды: 221 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.10.2020

«Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Алматы облысы көлемінде дәріханаларға мониторинг жүргізуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде негізгі дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдардың азаймайтын қорын қалыптастыруды тапсырған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі "СК-Фармациямен" бірлесіп, стационарларда, әсіресе, жұқпалы аурулар ауруханаларында дәрі-дәрмектердің болуына мониторинг жүргізуді тапсырды. Осыған орай, пандемияның екінші толқынына даярлығын «мониторинг жүргізу» аясында Талдықорған қалалық дәріханалардың дәрі-дәрмек қорына, медициналық бетперде мен қолқаптың сатылымда болуына "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсе менеджерлері мен Алматы облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлерімен бірлесе мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында "Жетісу адалдық алаңы" жобалық кеңсе менеджерлері және фармацевтикалық қызмет бөлім басшысы - Қадырбайқызы Айымгүл Талдықорған қаласы бойынша дәріханалардың пандемияның екінші толқынына даярлық кезеніңіне мониторинг...
Толығырақ... Оқылды: 252 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.10.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.