ӘЛЕУМЕТ
ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖАҢА ЗАҢНАМА ӨЗГЕРІСТЕРІМЕН ТАНЫСТЫРДЫ |
Бүгін Jetysu медиа орталығында СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАЛЫҚ НОВЕЛЛАЛАР тақырыбында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысы Ернар Мақажановтың қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг аясында Ернар Мақажанов 6 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға енгізілген ұсыныстар бойынша баяндады. Департамент басшысы Ернар Мақажанов атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттік қызметінің маңызды және өзекті бағыттарының және сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. Бұл жұмыстың нәтижесі 6 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспа... |
Толығырақ... Оқылды: 249 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |
Мемлекеттік қызметте туыстық қатынасқа орын жоқ |
Жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тосқауыл қоюға бысым назар аударылған. Құзырлы органдар бұл ретте заңнамалық тұрғыдан өзгерістер енгізуде. Құқықтық негіздегі бір қатар қабылданған қатаң шаралар «бармақ басты, көз қыстылықты» жоюдың тетігі болмақ. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Агенттік әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға мемлекет басшысы 6 қазан күні қол қойған еді. Бас құжаттағы 3 кодекс пен 10 заңға түзетулер енгізілді. Заң Мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Ең әуелгі заңдағы өзгеріс, мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық беруге және аталған тұлғаларға сыйлық алуға тыйым салынып отыр. Сыйлық алуға тыйым салынған тұлғалар қатарына депутаттар, судьялар, саяси қызметшілер, "А" корпус... |
Толығырақ... Оқылды: 167 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |
АНТИКОР ЖӘНЕ БҰҰДБ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТАДЫ |
А.ж. 20 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Беришпен кездесті. Кездесудің негізгі күн тәртібі – БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламасының аясында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл желісі бойынша ынтымақтастықты талқылау болды. «Қазіргі жағдайда пәрменді қылмыстық-құқықтық құралдармен қатар жүйелі алдын алу жұмысының да маңызы зор. Бұл тұрғыда парасаттылық, ашықтық, есептілік және тұтынушыға бағдарлану арқылы мемлекеттік аппаратты трансформациялау шешуші рөл атқарады», – деп атап өтті Алик Шпекбаев. Өз кезегінде БҰҰДБ Тұрақты өкілі Якуп Бериш ведомствоның қызметіне жоғары баға беріп: «Былтыр Агенттіктің құрылуы – елдің жемқорлықты жеңуге ұмтылысының тікелей көрсеткіші. Біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің халықаралық стандарттар мен рейтингтер тұрғысынан жан-жақты, жүйелі жұмысын көріп отырмыз. Орталықта және өңірлерде БҰҰ-ның саясатына сәй... |
Толығырақ... Оқылды: 178 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |
АЛИМЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТУЫНДАУЫН БОЛДЫРМАЙТЫН – БАҚЫТТЫ ОТБАСЫН ҚҰРУДЫҢ ЖЕТІ ТӘСІЛІ |
Бүгін Алматы облысының жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасы мен көтеріп отырған, шешімін іздеуді талап ететін мәселе, халықтың әлеуметтік осал топтарының - отбасы мүшелерінің алименттік қатынастарының мүдделерін қозғайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты - азаматтардың неке-отбасы қатынастары болып табылатыны белгілі. Дамудың қазіргі кезеңінде отбасы-әлеуметтік және рухани институт ретінде өзгерістерге ұшырады, тіпті отбасылық дағдарыс туралы айтуға болады. Заңды түрде бекітілмеген ажырасулар мен заңсыз өмір сүру саны өсуде. Неке заңды күші жоқ және тиісті құқықтық салдарлар туғызбайтын діни жоралар бойынша жасалады. Бір ата-анасы бар отбасылар мен некеден тыс туылған балалар көбейіп жатыр. Соңғы жылдары Қазақстанда, посткеңестік кеңістіктегі басқа республикалардағыдай, неке қию деңгейінің тұрақты төмендеуі және ажырасу санының артуы байқалады. 2019 жылғы бірінші тоқсанның статистикалық деректеріне сәйкес ҚР бойынша жасалған нек... |
Толығырақ... Оқылды: 201 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |
Жүктіліктің жай-күйін қалай анықтауға болады? |
Гинеколог дәрігер тест нәтижелерін растағаннан кейін, әйел үшін дәрігерге тұрақты түрде барып тұру қажет болады. Әр триместрдегі әртүрлі талдаулардан басқа, дәрігер іштің өлшемдерін алып, жүкті әйелдің салмағын өлшейді. Бір қызығы, бірінші триместрде әйел негізінен токсикоздан салмағын жоғалтады. Ал салмақ қосу тек екінші триместрден басталады. Іштің өсуі де төртінші айдан кейін біліне бастайды. Бірінші биохимиялық скрининг жүктіліктің 10-13 апта аралығында жүргізіледі. Екіншісі 16-20 апта аралығында өтеді. Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігінің талабы бойынша, аяғы ауыр әйелдер үш рет ультрадыбыстық скринингтен өтуі керек: 1. алғашқы триместрде, яғни, жүктіліктің 10-12 аптасында; 2. 19-20 апта аралығында; 3. 32-34 апта аралығында. Бұлардың ішіндегі маңыздысы – екінші триместрдегі ультрадыбыстық тексеру. Мұнда іштегі шарананың жағдайы, мүшелерінің қалыптасып дамуы 22 параметр бойынша тексеріледі. Егер баланың дамуында қандай да бір күрделі кемістігі барын тек ультр... |
Толығырақ... Оқылды: 203 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет СҚ-Фармация қызметінің «қайта жүктелуін» сүйемелдеуде |
«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аппараттық кеңесінде ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында жұртшылық пен сарапшыларды тарта отырып жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша ұсынымдарды орындаудың аралық нәтижелері туралы баяндады. Компания COVID-19 пандемия жағдайында медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тиімділігін айтарлықтай төмендеткен мәселелер кешенін жоюға бағытталған қызметті «қайта жүктеу» бағдарламасын қарқынды іске асыруда. Атап айтқанда, Антикор талдау аясында жоспарлау жүйесінің жетілмегендігіне, адами фактордың сатып алу жүйесіне ықпалына, ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын іске асыру кезіндегі тәуекелдерге, логистика жүйесіндегі кемшіліктерге, гуманитарлық көмек алу және бөлу тетігінің жетілмегендігіне, ішкі бақылау тетігіндегі олқылықтарға, кадр саясатындағы тәуекелдерге және жоғары әкімшілік шығындарға н... |
Толығырақ... Оқылды: 179 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |
Кресло-арбаларға өтініш беру |
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады. Ал біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында оны жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз. |
Толығырақ... Оқылды: 165 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020 |
Алматы облысында жаңа қаулы қабылданды |
Алматы облысының бас санитарлық дәрігерінің кезекті қаулысы күшіне енді. Қаулының негізі аймақтағы карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу болып табылады. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында баяндалды. Халықтың жеке басының қауіпсіздігі мақсатында әдететгідей адам шоғырының көп болмауын қадағалау басты назарда болады. Осылайша жаңа қаулының негізінде 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану орындары жұмыссын тоқтатады. Сонымен қатар, ойын-сауық нысандарыда есігін жабуға мәжбүр. Тек қана ашық аспан астындағы кинотеатрлар жұмысын жалғасытрады. Ереженің елге берер пайдасы орасан зор. Бірінші ол әрине сақтық шаралары, екінші қоғамдық көлікте енді иен тірескен адамдар болмайды. Өйткені қарашаның жұмысқа баратын және қайтатын уақыттарында қоғамдық көлік саны көбейтіліп, аралығы 5 минутқа дейін жиілейді. Және де әр рейс алдында қоғамдық көлікті, қоғамдық көлік аялдамаларын күніне кемінде екі рет, жуу және дезинфекциялау қ... |
Толығырақ... Оқылды: 214 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.10.2020 |
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген ҚР азаматтарына психологиялық даярлау курсы |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 24.04.2020 жылғы №158 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары психологиялық даярлаудан өтуі тиіс. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарға психологиялық даярлаудан өту курсы 3 ай, аптасына 1 рет «Skype» қосымшасы арқылы онлайн режімінде «Айналайын», облыстық №1 балалар үйлерінде және Жаркент қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында өтеді. Балалар үйлерінің жауапты қызметкерлердің байланыс телефондары: - Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйі: Әлеуметтік педагог - Оналбаева Назгүл Талгатқызы, психолог – Еги... |
Толығырақ... Оқылды: 326 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.10.2020 |
Алакөл ауданының шағын аграрлық округінде 33 шаруа қожалығы бар |
«Жетісу адалдық алаңы» жобасы аясында өткізілген баспасөз-мәслихаты өз жалғасын табуда. Осыған орай, бүгінгі кезекті баспасөз-мәслихаты Ақжар ауылдық округінің әкімі Елес Жапарғалиев округтің 9 айлық көрсеткіші тақырыбында өткізілді. Округтің негізгі экономикалық көрсеткіштерін ауыл шаруашылық саласы құрайды. Бұл салада 1 сенім серіктестігі мен 33 шаруа қожалық еңбек етеді. Округ бойынша ауыл шаруашылық жерлер көлемі 11 мың 576 гектарды құрайды. Ағымдағы жылы 6062 гектар жер игерілді. Олар: 1219 га – күздік бидай, 3269 га - арпа әр гектарынан 26 центнерден, 500 га – жаздық бидай әр гектарынан 22 центнерден, 20 га - майлы дақылдар әр гектарынан 8,5 центнер, 108 га - картоп, көкөніс, бақша өнімдері, әр гектарынан 191 центнер, 946 га - азықтық дақылдар гектарынан 60,4 ц/ өнім жиналды. Мал шаруашылығы саласына келер болсақ, округтегі ірі қара мал саны –2025 бас, ұсақ мүйізді мал – 21 мың 348 бас, жылқы — 772 бас, шошқа 322 б... |
Толығырақ... Оқылды: 263 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.10.2020 |