ӘЛЕУМЕТ
Шоқан Уәлихановтың 185жылдығана орай, саябақ ашылды |
Ағымдағы жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 150млн теңге бөлінді. Құрылысы жоспарға сай жүргізілді. Жоба құны 468млн тенге. Мердігер меекеме ПМК7К. Бұдан бөлек, ауыл ел бесігі бағдарламасы аясында Сарыөзек ауылында 48 көшеге жарық шамдары орналасты. Қуаттылығы 100вт. Сарыөзек елді мекенінің 866 дана көлеміндегі 48 млн 713 мың теңгеге көше жарық шамдарын ауыстыру бойынша жұмыс та аяқталды. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Кербұлақ ауданының бірнеше ауылына түнгі шамдар орнатылды. Мәселен, 199 миллион 502 мың теңгеге Қарашоқы және Қоғалы ауылдарына түнгі шамдар орнатылды. Көксу және Жайнақ батыр ауылдарына 109 миллион 752 мың теңге көлемінде түнгі шамдар орнатылды. Шұбар, Басши, Сарыбастау және Каспан ауылдарының көшелеріне шамдар қоюға 6 миллион 963 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні барлық құрылыс жұмыстары аяқталды. Биылғы жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 302 миллион 105 мың теңге көлемінде Сарыөзек кентіндегі... |
Толығырақ... Оқылды: 307 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.10.2020 |
Кербұлақ өңірінде 19 миллиард теңгеге ауылшаруашылық өнімдері өндірілді |
Кербұлақ ауданы, Сарыбастау ауылдық округінде «Қызылшоқы» ЖШС деген шаруа қожалығы бар. Экономиканың негізгі бағыты - егіншілік пен мал шаруашылығы. Ол 1997 жылы құрылды. Жер учаскесінің жалпы ауданы 11000 га құрайды, оның 3000 га егіс алқабы. Биыл күздік бидай 1500 гектардан жиналды, орташа өнімділік 15 центнерді құрады. Ал жаздық бидай 1200 гектардан жиналды, әр гектардан 10 центнерден өнім алынды. Жайылым аумағы - 8000 га. Сонымен қатар, шаруа қожалығында 10 адам тұрақты жұмыс істейді, маусымдық уақытта жұмысшылар саны 50 адамға жетеді. Қызметкерлердің орташа жалақысы бүгінде 42 500 теңгеден 150 мың теңгеге дейін. «Облыс әкімінің қолдауымен 480 млн.теңге сомасына біз қажетті жаңа жабдықтарды алдық. Қазіргі уақытта егін егу науқаны аяқталды. Қазір көктемгі дала жұмыстарына дайындалып жатырмыз. Шаруашылықта 6000 га жер бар, оның 1700 га күздік бидай мен арпа. Шаруашылықта 50-60 жұмыс орны құрылды. Біз аймақ экономикасына көп күш салдық. Мысалы, биыл күздік бида... |
Толығырақ... Оқылды: 326 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.10.2020 |
Облыс бойынша тұрғын үйдің 65%-ы қатты отынмен жылытылады |
Алматы облысында ағымдағы жылы 927 өрт оқиғасы тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 13,8 %-ға төмендеген. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында баяндалды. Жыл басынан бері облыстағы тұрғын үй секторында тілсіз жаудың шарпуы 526 рет орын алған. Салдарынан 23 млн.260 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірілген. Жалпы облыс бойынша есепте 386 мың 870 жеке тұрғын үй бар, оның ішінде шамамен 65% қатты отынмен жылытылады. Төтенше жағдайлар департаменті тіркеуде тұрған үйлердің 45 мың 803-ін тексерген. Кезекті профилактикалық шара барысында 1 867 бұзушылық анықталған. Тек қана, қатты отын салдарынан емес,табиғи газды қолдану барысында оқыс оқиғалар тіркеледі дейді амандар. «Өткен кезеңде газ жарылуының 2 жағдайы анықталған. Соның кесірінен 9 адам зардап шегіп, 3 азамат көз жұмған. Бұның барлығы қауіпсіздік ережелерін ұмыт қалдырумен, орталық газға қосылған қондырғыны дұрыс пайдаланбаудан болған келең... |
Толығырақ... Оқылды: 316 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.10.2020 |
Жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу (Брифинг) |
Жылыту маусымы кезеңінде көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу, сұйық және қатты отынмен жанатын пештерді қолдану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын тұрғындарға жеткізу мақсатында, Алматы облысы Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен ағымдағы жылдың 13 қазанда «Жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу» тақырыбында брифинг өткізілді. Брифингке аудандық «Нұрлы Көксу» баспасөз басылымының өкілдері шақырылды. Кіріспе сөзбен, аудандық ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Абдураимов Қуаныш Нұржанұлы сөз сөйледі. Ол аудандағы 2019-2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстыра отырып, тұрғын сектордағы өрттердің талдауын, өрттерде және өрттер деп есепке алынбайтын жағдайлар кезінде адамдардың көмірқышқыл газымен улануы және қаза болғандардың есебін жеткізді. Көксу ауданының ТЖБ мен №8 ӨСБ-і қызметкерлерімен, жылу беру маусымында, тұрғын-үй секторында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстары туралы баяндады. Сондай-ақ, БАҚ ө... |
Толығырақ... Оқылды: 317 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.10.2020 |
Бюджет қаражаты қалай игерілуде? |
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті тиімді диалог платформасын құру бойынша "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" жобасын жүргізуде ( publicbudget.kz). "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы "мемлекеттік мекемелердің халық алдындағы есептілігін күшейтетін сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тетіктерінің бірі, сондай-ақ ел Президенті ұсынған" еститін мемлекет " тұжырымдамасының талаптарына жауап беретін мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы диалогты қамтамасыз ететін әмбебап құрал болып табылады. "Ашық бюджеттердің интерактивті картасы" бүкіл ел бойынша іске асырылуда. Бүгінгі таңда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жалпы сомасы 1 трлн. теңге, 969 мемлекеттік ұйым (барлық ұйым санының 57%). Жобаның мақсаты қаржылық мәдениетті арттыру және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына қоғамдық бақылауды қамтамасы... |
Толығырақ... Оқылды: 356 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.10.2020 |
Қазақстанда жер қатынастарына қатысты қызметтер цифрландырылады |
Қазақстандағы жер қатынастарына байланысты тағы бес мемлекеттік қызмет онлайн режимге ауыстырылды. Енді «Мемлекеттік жер кадастрынан ақпарат беру», «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау», «МЖК ААЖ графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу», «Жер учаскесіне актілер дайындау және беру», «Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы ақпарат беру» сияқты мемлекеттік қызметтерegov.kzэлектронды үкімет порталы арқылы қолжетімді болады. Қазіргі таңда барлық қажетті нормативтік-құқықтық акті тиісті мемлекеттік органдармен келісіліп, қызметтерegov.kzпорталында тестілеуден өтіп жатыр. Нормативті актілер күшіне енгеннен кейін кез келген азамат бұл қызметтерді онлайн түрде сұрата алады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы облысы бойынша филиалының орынбасары Абдурасул Кулдашовтың айтуынша, жер қатынастарына байланысты қызметтерді алу қашанда қиындықтарымен ерекшеленіп... |
Толығырақ... Оқылды: 226 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.10.2020 |
9 қазанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы Алик Шпекбаевтың Алматы облысына жұмыс сапары аясында қоғаммен, блогерлермен, бизнес-қоғамдастықпен және БАҚ өкілдерімен ашық д |
Іс-шара Президенттің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде азаматтық қоғаммен сындарлы диалог құру мақсатында өткізілді. Алик Шпекбаев бүгінде қоғамның белсенді қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты азайту, жою мүмкін емес екенін атап өтті, сондықтан бүгінде әрбір азамат, әрбір қоғам қайраткері, оның ішінде блогерлер мен журналистер парасаттылық идеологиясын ілгерілетуде және жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда ерекше рөл атқарады. Кездесу барысында Агенттік Төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар мен Агенттіктің 2020 жылдың 9 айындағы қызметінің негізгі нәтижелерімен таныстырды. Атап айтқанда, Алик Жатқамбайұлы қатысушыларға Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үш пакетін жеткізді, мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған трансформациялық процестермен, бюджет шығыстарын оңтайландыру жөніндегі алдын алу жұмысының нәтижелерімен, сондай-ақ парасаттылық ид... |
Толығырақ... Оқылды: 260 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2020 |
Алматы облысында 147 отбасы қоныс тойын тойлады Жетісудың бас шаһары, Талдықорған қаласының төл мерекесі, қала күні аталып өтілді. Жылдағыдай дүйім жұртпен бірге дүбірлетіп өтпесе де тұрғындар үшін ерекше күнде игі істердің томағасы сыпырылды. |
Облыс әкімінің орынбасары Рустам Али мен қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов алғаш болып жаңадан бой көтерген «Береке» тұрғын үй алабына барды. Онда 71 отбасына үйдің кілтін табыс етті. Талай жылдан бері үй кезегінде тұрған жандар осылайша құтты шаңырақтың иесі атанды. Көптен күткен қуаныш әлеуметтік аз қамтылған топтардың өкілдеріне, аз қамтылған отбасылар мен көп балалы және жалғыз басты аналарға бұйырды. Қоныс тойын тойлаушылардың қатарында 73 жасқа толған кейуана Әлекеева Рабиға да бар. Қария үшін бүгін қос қуаныш қатар келді. Өйткені Рабиға апа кезекті мүшеліне аяқ басып отыр. 11 баланы тәрбиелеп өсірген алтын құрасақты ана, 40 шақты немере, 10 шақты шөберенің асыл әжесі. Бір уәлеттің қара нарына айналған жанның мемлекет билігіне айтар алғысы шексіз. «Жылдар бойғы арманымыз орындалды. Халықтың жағдайын жасап жатқан ел билігіне рақмет. Облыс әкімі Амандық Баталовқа аналық алғысымды білдіремін. Біз сияқты самайына ақ түскен қариясын құрметтеген елімнен айналд... |
Толығырақ... Оқылды: 279 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2020 |
Қашықтықтан оқыту – білім алудың заманауи жолы |
Бүгінгі күнде сапалы білім алудың алға қарай даму мүмкіндігі жоғары әдістерінің бірі – заманауи коммуникациялық технологияларды, атап айтқанда, ғаламтор желісі қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді қолдана отырып, қашықтықтан оқыту. Бүкіл әлемді жаулаған пандемия кезінде қазақстандық білім жүйесі де мектеп оқушыларын қашықтықтан оқытуға ауысты. Орта білім беру жүйесіндегі ең алғашқы тәжірибе болғандықтан, бастапқыда біршама қиындықтар туындады. Оқушылармен тікелей байланыс орнату, цифрлық сауаттылықты тиімді пайдаланбау, бұл аталған қиындықтардың шешу жолдарын Білім және ғылым министрлігі «Қашықтықтан оқыту кезіндегі әдістемелік ұсынымда» нақты ашып көрсетті. Атап айтқанда, қашықтықтан өткізілетін сабақтың құрылымы, оқушыларға берілетін оқу тапсырмаларының көлемі, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тоқсан сайын жүргізілетін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау мөлшері туралы анық айтылды. Мектеп ұстаздарымен қашықтықтан білім алуға байланысты бірнеше вебинарлар өткізіліп, түсін... |
Толығырақ... Оқылды: 300 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2020 |
Алматы облысында 31 адамның ата-аналық құқықтарына шектеу қойылған |
Кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылықтың барын жасыру мүмкін емес. Алматы облысы бойынша биылғы жылы 429 мың 141 оқушы білім алса, соның ішінде құқық бұзушылыққа бейім 354 кәмелетке толмаған балалардың бары анықталған. Қазіргі кезде ювеналдық полиция инспекторларымен аталған тұлғалар бақылауға алынып, әрқайсысымен жеке алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта 182 мектеп инспекторы 760 орта білім беру мекемесімен бірлесе қызмет атқаруда. Сондай-ақ 596 «Полицияның жас көмекшілері» жасақтары құрылған. Биылғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлде қайда төмен дейді жауаптылар. Дегенмен, сандарды сөйлетсек қауіптің беті сейілмегенін аңғаруға болады. Ағымдағы жылы 9 айдың ішінде кәмелетке толмағандармен жасалынған 110 қылмыстық әрекеттер тіркелген. Полиция подполковнигі, ювеналды полиция бөлімінің бастығы Медет Құнанбаевтың айтуы бойынша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 66 жасөспірім жеткізілген. Аз көрсеткіш емес екені анық. Қайтпек... |
Толығырақ... Оқылды: 269 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2020 |