ӘЛЕУМЕТ

Жаңа НҚА-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін үздік сарапшылар тартылатын болады Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінсіз жаңа заңнама

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимылға неғұрлым ауқымды тартудың катализаторы ретінде НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы қалпына келтіру бойынша заңнамалық түзетулер енгізілді. Конкурстық рәсімдер нәтижесінде осы жұмысты үйлестіруге ағымдағы жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жауапты болып белгіленді. Университеттің басты міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл институты тиімділігінің негізі ретінде сарапшыларды сапалы іріктеу болып табылады. Сондықтан да сараптамалық қоғамдастық өкілдерін кеңінен тарту және сарапшыларды іріктеудің барлық кезеңдерінің ашықтығын қамтамасыз ету стратегиялық тұрғыдан маңызды болуда. Осыған байланысты, ағымдағы жылы 8 қазанда Агенттік алаңында өткен брифинг барысында НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы төрт кезеңнен тұратын ғылыми сараптама жүргізу үшін, сарапшыларды конкурстық іріктеудің басталғаны туралы ж...
Толығырақ... Оқылды: 289 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2020

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ БҮКІЛ ӘЛЕМДЕГІ ОТАНДАС ҒАЛЫМДАРЫМЫЗДЫҢ БАСЫН БІРІКТІРДІ

Алик Шпекбаевтің төрағалығымен Білім және ғылым Вице-министрі Мирас Дәуленовтің, Академиялық адалдық лигасы, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Ғылыми сарапшылар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Тәуелсіз сараптама органы ұлттық деңгейдегі қолданбалы проблемаларды шешу үшін ғылымды тарту келешектегі міндеттердің бірі болып белгіленген Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру тұрғысында құрылды. Кеңес жұмысының негізгі бағыттары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді талдау, бейімдеу және енгізу мақсатында проактивті ғылыми-кәсіби қоғамдастықты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды кешенді ғылыми-сараптамалық бағалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жобалық ұсыныстарды әзірлеу. Агенттіктің жаңа консультативтік-кеңесші алаңы Ұлыбританиядағы қазақстандық PhD қауымдастығының және әлемні...
Толығырақ... Оқылды: 290 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2020

ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА СЕРВИСТІК ӘКІМШІЛІК АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Алматы облысы әкімінің қолдауымен әр ауданда сервистік әкімшілік ашылуда. Осы орайда халыққа тиімді, әрі жылдам қызмет көрсететін әкімшілік Ескелді ауданының орталығында ашылды. Кез кезген қызмет түрін тез арада жүзеге асыратын сервистік әкімшілікте 5 бөлім халық сұранысын жүзеге асырады. Бұл орталықта 7 маман халыққа 38 қызмет түрін көрсетеді. Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев арнайы келді. Ол өз сөзінде мұндай әкімшіліктер Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін сапалы жүзеге асыруға оң ықпалын тигізетінін айтып өтті. Алматы облысында осындай 13 Сервистік әкімшіліктер ашылған болатын, осы жылдың соңына дейін қалған 7 ашылуы жоспарлануда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынш...
Толығырақ... Оқылды: 270 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2020

Алматы облысында 1205 оқушы тәлім алатын мектеп жөндеуден өтуде

Алматы облысында ірге тасы 1964 жылы салынған мектеп жөндеуден өтілуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде білім нысанының екінші тынысы ашылмақ. Қарқынды жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы өз көзімен көріп қайтты. Аталған мектеп Өтенай ауылында орналасқан. Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесін жаңартуға 805,9 млн. теңге қаржы бөлінген. Бас мердігер - «Құрылысшы-ТБС» ЖШС. Ғимараттың жалпы ауданы 6392,2 шаршы метр. Жобалау сиымдылығы 900 орынға арналған білім ордасының жөндеу жұмыстарына 88 адам тартылған. Оның 44-і жұмыспен қамту орталығы арқылы келген. Мекеме 2 қабаттан, 3 блоктан тұрады. Ғимарат ішінде 36-оқу кабинеті, 2-спорт зал, 2-мәжіліс залы, медициналық, стоматологиялық кабинет, 60 орындық асхана , кітапхана және 50 орындық шағын орталық бар. Сонымен қатар, мектепте заманауи зертхана орналасқан. Жұмыс барысын бағамдаған Амандық Бата...
Толығырақ... Оқылды: 288 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты құттықтауы

Құрметті ауыл еңбеккерлері! Баршаңызды астық жинау науқанының табысты аяқталуымен құттықтаймын! Биылғы егін егу науқаны коронавирус пандемиясы салдарынан елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қиын жағдайда жүргізілді. Негізгі астық өсіретін облыстарда жаз маусымы жауын-шашынсыз, құрғақ болды. Күрделі жағдайда жұмыс істеуге тура келді. Соған қарамастан, еліміздің егіншілері ұйымшылдық танытып, ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді уақытылы аяқтады. Нәтижесінде қамбаларымыз астыққа толды. Бүгінде ел өңірлерінде 20 миллион тонна көлемінде астық жиналды. Бұл еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді, сондай-ақ, экспорттық әлеуетімізді арттырып, Қазақстанның астық державасы мәртебесін сақтап қалуына мүмкіндік береді. Егін жинау науқаны бір айға ерте аяқталып, қоймаларға екі есе көп астық жиналды. Биылғы жиналған астықтың сапасы жоғары және барлық талаптарға сай келеді. Құрметті диқандар, сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, агротехнологияны қатаң сақтағандары...
Толығырақ... Оқылды: 231 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020

Мұқаншы ауылдық округіндегі Қазақстанның 50 жылдығы ауылында шағын спорт алаңы салынды

Қазақстанның 50 жылдығы ауылындағы Жапсарбаев көшесінде шағын спорт алаңының құрылысы аяқталды. Құрылысқа округтен 8 адам жұмысқа тартылды. Жалпы ауданы 1362 шаршы метр құрайды, ұзындығы 196 метр, биіктігі 4 метр құрайтын сеткамен қоршалған. Алаң 3 бөлікке бөлінген: біріншісі – шағын футбол алаңы, екіншісі – воллейбол мен баскетбол алаңдары, үшіншісі – жаттығу мен ойын алаңдары. Алаңның сыртында көлік тұрағы, тротуар, орындықтар мен урналар орнатылып, ағаштар отырғызылған. Балаларға кешкі уақытта ойнауға жағдай жасалған жарық шамдары орнатылған.
Толығырақ... Оқылды: 246 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020

Жетіжал ауылында Кәкенов көшесінде суағар жүйесі орнатылды

Жетіжал ауылындағы Кәкенов көшесінде, «Күншуақ» бала бақшасы мен Жетіжал орта мектебінің алдына суағар жүйесі орнатылды. Темірбетонды лотоктардың жалпы ұзындығы 180 метрді құрайды. Лотоктар металл торлармен жабылған. Суағар жүйесі ғимараттарды көшедегі нөсердің, еріген қардың суларынан қорғайды.
Толығырақ... Оқылды: 241 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020

Көксу бекетінде балалар ойын алаңқайы ашылды

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Көксу бекетіндегі Байтулаков көшесінде ауданы 225 шаршы метр құрайтын балалар ойын алаңқайы салынып, ашылды. Құрылысқа округтен 3 адам жұмысқа тартылды. Алаңқайда балалар сүйіп ойнайтын ойын комплексі, әткеншек, балансир, құммен ойнайтын орын, карусель орнатылған.
Толығырақ... Оқылды: 261 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020

Мұқаншы ауылдық округінің көшелері жөнделді

Мұқаншы ауылдық округіндегі Қожабергенов, 8 март, Байсеитов, Қазақстан, Чалабаев, Мұқанов, Рысқұлов, Жамбыл Жабаев, Исабаев, Алдабергенов, Желтоқсан көшелеріне жалпы ұзындығы 5500 м құрайтын ағымды жөндеу жүргізілді. Құрылысқа округтен 5 адам жұмысқа тартылды. Келесі жылы осы жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.
Толығырақ... Оқылды: 222 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020

Алик Шпекбаев пен Алексей Цой денсаулық сақтау жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады

Ағымдағы жылдың 2 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесті аша отырып, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомство жүргізіп жатқан жұмысты таныстырып, жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шараларды атап өтті және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мәселелерінде сындарлы ынтымақтастыққа дайындығын білдірді. «Пандемия бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің беріктігіне сынақ болды және біздің жоспарларымызға айтарлықтай түзетулер енгізді. Ол жылдар бойы қордаланған мәселелердің бетін ашып, біздің жұмысымыздың кейбір тұстарының жетілмегендігін көрсетті. Сондай-ақ, олардың ішіндегі жемқорлық сипаттағы құрамдас бөліктерін айқындап берді», - деді ол. Денсаулық сақтауды дамыту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Біздің азаматтарымыздың әл-ауқатының тірегі ретінде м...
Толығырақ... Оқылды: 194 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.