Жаңалықтар

Президент «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды

Президент «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.08.2026

Үкімет 2029 жылға дейін Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс қимыл жоспарын бекітті

Қазақстан Республикасы Президентінің «Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы» Жарлығын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Іс-қимыл жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жоспар цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізудің үш негізгі бағытын қамтиды, олар - азаматтардың, бизнес пен экономиканың мүддесі үшін, сондай-ақ мемлекеттік аппаратта енгізу. Жоспардың басымдықтарының бірі – білім берудің барлық деңгейінде ЖИ-ді жаппай енгізу. AI-SANA бағдарламасын кеңінен тарату шеңберінде 2029 жылға қарай мектептер, колледждер мен ЖОО түлектерінің кемінде 80%-ы ЖИ-дің базалық дағдыларын меңгеруі тиіс. Сонымен бір мезгілде студенттерді тереңдетіп оқыту және педагогтердің біліктілігін арттыру шаралары да кеңейтіледі. 2028 жылға қарай жоғары оқу орындары мен колледждердің кемінде 80%-ы білім беру процестеріне жасанды и...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.08.2026

????Бірінші шілде күні күшіне енген жаңа Конституцияда білім саласына айрықша мән берілді, яғни адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамыту еліміздің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды, деді Мемлекет басшысы тамыз конференциясының пленарлық о

Сондай-ақ Президент 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына назар аударды. «Жаңа буын өкілдері саяси науқанды жандандыра түскені сөзсіз. Халыққа адал қызмет еткісі келетін, жауапкершіліктен тайсалмайтын, жаңашыл адамдардың бәріне бірдей мүмкіндік берілді. Түптеп келгенде, бұл – қалыпты, яғни эволюциялық үдеріс. Осы орайда саяси партиялардың белсенділігін, олардың идеологиялық ұстанымдарын, кәсіби деңгейін ерекше атап өткім келеді. Саяси дода кезінде ел болашағына тікелей ықпал ететін ұтымды ұсыныстар айтылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2026

????Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі.

«Ұстазды ұлықтаған елдің келешегі жарқын болары айдан анық. Ұлы Абай 38-ші қара сөзінде адамның адамдығы жақсы ұстаздан болатынын айтқан. Сіздер жас буынға терең білім беріп, саналы, озық ойлы және отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге зор еңбек сіңіріп жүрсіздер. Осылайша, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға атсалысып келесіздер», – деді Мемлекет басшысы.
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2026

⚡️Мемлекет басшысы ұстаздар қауымын дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуымен құттықтады

«Бүгінгі жиынға Қазақстанның барлық аймағынан ұлағатты ұстаздар арнайы келіп отыр. Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі, бұл – нағыз ақиқат. Бүгін өте ұтымды, мазмұнды баяндамаларды тыңдадық, тиімді пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Сөз сөйлеген ұстаздарға, бүкіл мұғалімдер қауымына ризашылығымды, ілтипатымды білдіремін. Тиісті министрлік, жалпы Үкімет айтылған мәселелерді үнемі назарда ұстауы керек. Бұл жұмысты аса маңызды стратегиялық міндет деп түсіну қажет. Ұстазды ұлықтаған елдің келешегі жарқын болары айдан анық. Ұлы Абай 38-ші қара сөзінде адамның адамдығы жақсы ұстаздан болатынын айтқан. Сіздер жас буынға терең білім беріп, саналы, озық ойлы және отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге зор еңбек сіңіріп жүрсіздер. Осылайша, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға атсалысып келесіздер».
Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөз сөйледі

Ұстаздардың биылғы жиыны «Адам капиталы, білім, прогресс – Халықтық Конституцияның негізгі құндылықтары» тақырыбына арналып отыр
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2026

Құрметті отандастар, ардақты ағайын!

«Atamnyn Amanaty» Қоғамдық Бірлестігі – еліміздегі екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында хабар-ошарсыз кеткендерді іздеумен және архивтік, далалық зерттеулермен айналысатын бірден-бір ұйым. Біз соғыс жылдары жоғалып кеткендерді іздеу, жауынгерлік жолды анықтау бойынша өтініштерді қарқынды түрде қабылдаймыз. Соңғы уақыт ішінде бізге 12 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның ішінде 4500-ден астамы орындалды. Ай сайын орта есеппен 50-ге жуық өтінішті қарастырамыз. Егер сіз де соғыс жылдарында жоғалып кеткен туыстарыңызды іздесеңіз, төменде көрсетілген байланыс нөмірлері немесе арнайы құрылған сайт сілтемесі арқылы өтініш бере аласыз. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде парақшаларымыз бар – онда біз ұйымымыздың қызметі мен барлық іс-шараларымызды жариялап отырамыз. Жаңалықтардан хабардар болу үшін жазылуларыңызға болады. Барлық парақша сілтемелері төменде көрсетілген. Біздің ұйым ақысыз жұмыс істейді. Сіздердің батыр аталарымыз бен ағаларымыздың ерлігі ескеру...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.08.2026

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі қазақ гобелен өнерінің ұлттық мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық суретші Батима Заурбекованың туғанына 80 жыл толуына орайластырылған «Мұра жіптері» көрмесін ұсынады. Көрме 2026 жылғы 25 қыркүйек пен 8 қараша аралығында өтеді. Экспозицияға музей қорынан және суретшінің отбасылық мұрағатынан алынған 80-нен астам туынды: гобелендер, кескіндеме және графика жұмыстары қойылады. Гобелен – бейне бояумен емес, тоқыма станогында жіп арқылы жасалатын тоқылған кілем-картина. Қазақстанда бұл техника ХХ ғасырдың екінші жартысында ерекше дамыды. Сол кезеңде суретшілер кілем тоқу дәстүрі мен киіз ою-өрнегін бейнелеу өнерінің жаңа түрінің негізі ретінде қайта пайымдай бастады. Осылайша халықтық мотивтерді, ұлттық ою-өрнекті және заманауи кескіндеме тілін тоғыстырған қазақстандық гобелен мектебі қалыптасты. Бұл мектептің бастауында оның негізгі тұлғаларының бірі – Батима Заурбекова тұрды. Батима З...
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.08.2026

«Қазақстанның жаңа дәуірі ғылыми олимпиадалардың жас жеңімпаздарын ұлықтаудан басталады»

Бүгін мен баршаңызды Ақорданың төрінде көргеніме ризамын. Ең алдымен сіздерге жарқын жеңістеріңіз құтты болсын деймін. Әрқайсыңыз әлемнің ең зияткер оқушыларымен бәсекеге түсіп, беделді білім додаларында топ жардыңыздар. Көк Туымызды биікке көтеріп, еліміздің абырой-беделін арттыруға мол үлес қосып жүрсіздер! Біз сіздерді мақтан тұтамыз. Қазақстанның жарқын болашағы – ойы ұшқыр, білімді, дарынды жастардың қолында! Мен Мемлекет басшысы ретінде бәріңізге зор ризашылығымды білдіремін. Сіздер ел мақтанышы деген атқа лайықсыздар!
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026

ДИАҚБ рәсімдердің жариялылығы мен сайлау процесінің адал өтуін қамтамасыз ету шараларын атап өтті

Сайлау рәсімдерінің ашықтығы, ұлттық және халықаралық байқаушылардың сайлауды бақылауына жасалған мүмкіндік – ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) миссиясының Қазақстандағы сайлауды бақылау қорытындысында жеке атап өтілген бағыттардың бірі. Бұл туралы бүгін Құрылтай сайлауын байқау жөніндегі ЕҚЫҰ ДИАҚБ халықаралық миссиясының баспасөз конференциясында мәлім болды. Миссия мүшелері Қазақстан заңнамасында сайлауға ұлттық та, халықаралық та байқау жүргізу мүмкіндігі қарастырылғанын атап өтті. Дауыс беру күні сайлау барысын бірқатар ұйымның өкілдері бақылап отырды. Бұл бүкіл сайлау науқаны барысында қолданылған жариялылықты қамтамасыз етудің өзге де тетіктерін толықтыра түсті. Орталық сайлау комиссиясы отырыстарын тұрақты түрде ашық өткізіп, оларды тікелей эфирде көрсетті. Қабылданған шешімдер ресми сайтта жедел жарияланып отырды. Қолданыстағы сайлау заңнамасы, оның ішінде соңғы енгізілген өзгерістердің басым бөлігі мен заңға тәуелді но...
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.08.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.