ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісу облысында 47 пайыз қант қызылшасы жиналды |
Өңірде тәтті түбірді 597 шаруашылық 13 700 гектар алқапқа екті. Ал одан 615 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге дақылдың 47 пайызы жиналып, 303 мың тонна өнім алынды. Жиналмаған қызылшаның көлемі 7,2 мың гектар. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев Б. Құранбек атындағы Журналистер үйінде БАҚ өкілдерімен кездесуде мәлімдеді. Жетісу облысында Көксу қант зауыты қызылша қабылдауды уақытша тоқтатты. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жинақталған дақылдың сөлі аға бастады. Шаруалардың еңбегін еш кетірмей өңдеп алу үшін Көксу қант зауыты 10 күнге мәжбүрлі түрде қабылдауды тоқтатты. Нысан қазанның 22-нен бастап өнімді қайта қабылдай бастайды. Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының сөзіне сүйенсек, жергілікті билік те, кәсіпорын басшылары да шаруалардың өнімі далада қалмайды деп уәде беруде. Айта кетейік, шаруаларға мемлекеттік субсидия беру бойынша 13 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 69 өтінім түсіп, оның 36-сы қарастырылды. 1 млрд. т... |
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.10.2024 |
Жетісудағы фермерлерге жаңа қолдау шаралары ұсынылды |
Жетісу облысында 20 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Фермерлердің жетістігіне қарамастан, олардың жыл сайынғы өнімі қолайсыз табиғи жағдайларға байланысты біршама келеңсіздік тудыруда. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарықтарға қолдау және ілгерілету үшін «KazakhExport» операторы арқылы қаржылық қолдау бағдарламаларымен қатар түрлі мемлекеттік жобалар жұмыс істейді. Осыған байланысты қазіргі уақытта фермерлердің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған экспорттық акселерация бағдарламасы іске асуда. «Әділдік және Өркендеу» қорының мамандары өңірдің аграрлық секторына талдау жасап, келесі шараларды ұсынды: 1. Тұқым қорын жетілдіру және ауыл шаруашылығы жерлерінің сапасын жақсарту. 2. Көкөніс, жеміс және бақша дақылдарын өндірушілер үшін мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу. 3. Облыстағы маусымдық көкөністер мен жемістердің стихиялық сауда орындарына талдау жүргізу және ұйымдастырылған маусымдық саудаға жағдай жасау. 4. Белгілі бір жерде а... |
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.10.2024 |
Жетісу облысындағы газ баллондардың қауіпсіздігі бақылауда |
Жетісу облысында жыл басынан бері газ баллон пайдалануға қатысты 5 оқыс оқиға орын алған, нәтижесінде 6 адам зардап шегіп, біреуі көз жұмды. Қайғылы оқиғалар әсіресе жылдың суық мезгілінде газ баллондардың жарылысынан, яғни газ баллонды газбен толтыру және қолдану кезінде температуралық ауытқулардан болады. Мамандар қайғылы жағдайға басты себеп өңір тұрғындарының ескі баллондарды пайдалануынан болатынын ескертеді. Ескі баллон апаттың болу ықтималдығын арттырады. Қазіргі уақытта Жетісу облысында газдандыру көрсеткіші 50,4% құрайды. Бүгінгі күнге облыстың 39 елдімекен қамтылған, көгілдір отынға 93,4 мың абонент қол жеткізіп отыр. |
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.10.2024 |
Жетісуда себілген жүгерінің шамамен 74% Панфилов ауданына тиесілі |
Жетісу облысының Панфилов ауданы жүгері дақылының өлкесі, облыстағы жүгерінің шамамен 74% осы аймаққа тиесілі, мұнда 2 мыңнан астам фермер жүгері өсірумен айналысады. Осы орайда кейбір шаруа қожалықтары ылғал сақтау технологиясын қолдану мен агротехнологияны сақтау нәтижесінде әр гектардан 150 центнерден өнім алуда. Бұл туралы аудан тұрғындарымен кездесуі кезінде жүгері шаруашылығын дамыту мәселесіне тоқталған облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Жүгері дақылының төңірегіндегі өткен жылғы кездесуде өздеріңіз көтерген екі мәселе шешімін тапты. Атап айтсам, Алмалы ауылындағы қырман бюджет қаржысына жөнделіп,қолданысқа берілді. Екінші, алынған өнімді терең өңдеуге өткізетін шаруашылықтарға тоннасына төленетін субсидияның көлемі 6 мың теңгеден жергілікті бюджет есебінен 10 мың теңгеге дейін ұлғайтылды, - деді Бейбіт Исабаев. Белгілі болғандай, биыл ауданда 170 мың тонна жүгері жинау жоспарланған. «Жаркент крахмал-сірне&ra... |
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.10.2024 |
Жетісудағы бақтардың 44%-дан астам алқабы Панфилов ауданында орналасқан |
Жетісу облысындағы бақтардың 44%-дан астам алқабы, яғни 2,3 мың га Панфилов ауданында орналасқан. Мұнда алма, алмұрт, шабдалы, өрік, шие өсіріледі. Бұл туралы бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан тұрғындарымен кездесуінде айтылды, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Бір мыңнан астам гектар бақ алқабы бар аса ірі бау-бақша шаруашылығы Панфилов ауданында орналасқан. Бүгінгі күні бұл шаруашылық жемісті өсіріп сатумен айналысып отыр. Сондықтан осы бау-бақша шаруашылығының әлеуетін ескеріп, өнім өңдеуді қолға алу керек. Ауданның климаты жылыжай шаруашылығын дамытуға қолайлы, әрі ыстық су көздері де бар. Бұл өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, маусым аралығында халықтың көкөніске деген сұранысын қанағаттандыруға үлкен мүмкіндік береді, - деп атап өткен Б. Исабаев осы бағыттарға инвесторлар тарту жұмысын күйшейтуді тапсырды. Атап өтсек, ауданда бақ өнімдерін сақтауға арналған сыйымдылығы 8,5 мың тонна 8 қойма бар. Сол сияқты аумағы 1 га жылыжай жұмыс... |
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.10.2024 |
Жетісудағы шекаралық аймақ Жаркент қаласы тұрғындарының 65% газға қосылған |
Жетісу облысында кезең-кезеңімен газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Көгілдір отын шекаралық аймақ - Панфилов ауданына да жетті. Атап айтқанда, бүгінгі күні аудан орталығы Жаркент қаласында 7 206 абонент немесе 65%-ы газға қосылған. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан халқымен кездесуі барысында белгілі болды, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы Панфилов ауданында 42 елді мекеннің 26-сы газдандыруға жатады. - Қазіргі таңда Жаркент қаласында, Головацкий және Жерұйық ауылдарында газға қосылу құнының бастапқы 50 мың теңгесін төлеп, қалған бөлігін 10 айға бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Қазандықты тұрғындар өз қаражаты есебінен сатып алады. Сонымен қатар бүгінгі күні 13 ауылға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдармен келісімшарттар жасалды. Бұл ауылдар - Нәдек, Әулиеағаш, Ақжазық, Ақарал, Ават, Ынтымақ, Сұптай, Сарпылдақ, Қырыққұдық, Ақкент, Керімағаш, Қызылжиде, Аққұдық. Жұмыстар 2025 жылы жүргізіледі, - деді ө... |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.10.2024 |
Жыл соңына дейін Панфилов ауданында ұлттық жобамен 9 нысан іске қосылады |
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Жетісу облысында 59 медициналық нысан салу жоспарланса, соның 11-і Панфилов ауданында тұрғызылады, атап айтқанда 9-ы биыл пайдалануға беріледі, 2-еуі – келесі жылға өтпелі жоба. Бұл туралы бүгін аудан тұрғындарымен болған кездесу барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қазіргі таңда барлық нысандар бойынша мердігер ұйымдар айқындалып, құрылыс жұмыстары басталды. - Жыл соңына дейін Қырыққұдық, Алтыүй, Алмалы, Тұрпан, Ақжазық, Қорғас, Сұптай, Сарытөбе, Аққұдық ауылдарында 9 нысанды қолданысқа береміз, Садыр, Дихан-Қайрат ауылындағы қалған 2 нысанда құрылыс жұмыстары келесі жылы жалғасады, - деді Б. Исабаев. Жиында айтылғандай, жергілікті бюджет есебінен былтыр Ақкент және Ақарал ауылдарында блокты-модульді медициналық пункттер, сондай-ақ Жаркент қаласында жедел және шұғыл көмек станциясы орнатылса,осы жылы қарашаның соңына дейін Қызылжиде,... |
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.10.2024 |
Жыл басынан бері Жетісудағы Панфилов ауданының экономикасына 30 млрд. теңге инвестиция тартылды |
Жетісу облысындағы негізгі экономикалық өсу нүктелерінің бірі – Қорғас торабы. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі дамытудың маңызды элементі, әрі объектілер кластері болып отыр. Атап айтқанда, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында 2023 жылдан бастап 2,2 миллионнан астам адамға қызмет көрсетіліп, 36,3 мың тонна жүк тасымалданған. Осы ретте Панфилов ауданының шекаралық маңда орналасуы ауданның инвестициялық тартымдылығына және дамуына оң ықпал етеді. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан тұрғындарымен кездесуі барысында айтты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. -Аудан – Қытаймен шекаралас жатқан аймақ болғандықтан, инвестициялық жағынан тартымды өңір. Жыл басынан аудан экономикасына 14,9% өсіммен 28,8 млрд. теңге инвестиция тартылса, соның 59,1%-ы немесе 17 млрд. теңгесі бюджеттен тыс инвестицияға тиесілі. Бүгінгі күні биылғы жылға жоспарланған 12 жобаның 9-ы жүзеге асыр... |
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.10.2024 |
ПАРТИЯНЫҢ «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА |
«AMANAT» партиясы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған акцияны әр бейсенбі сайын ұйымдастырып келеді. Экологиялық акция арнайы белгіленген жерлерде кезек-кезекпен өтеді. Мәселен, Көксу ауданында өткен тазалық жұмыстарына 70-ке жуық адам қатысты. Партия мүшелері, еріктілер және аудан тұрғындары көшелер мен қоғамдық орындар, өзен жағалауларындағы қоқыс қалдығын тап-тұянақтай жинап шықты. «Мемлекет басшысының бастамасын қолдау арқылы біз өз денсаулығымызды ғана емес, болашақ ұрпақты тазалыққа, жауапкершілікке үйретіп келеміз. Бүгінгі шара бір реттік емес, жыл соңына дейін жалғасын тауып, экологиялық мәдениетімізді қалыптастыруымызға септігін тигізеді деп есептеймін» - деді Көксу аудандық партия филиалының төрағасы Мәлік Аманбайұлы. Айта кетейік, аталмыш шара осымен 18 рет ұйымдастырылып отыр. |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.10.2024 |
Жетісудың Алмалы ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені іске қосылды |
Жетісу облысының тағы бір елді мекенінде жаңа спорт кешені іске қосылды. Сарқан ауданы Алмалы ауылындағы бұл заманауи спорт нысаны «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен салынды. Жалпы биыл облыста 17 жаңа спорт объектілерінің құрылысына 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, соның ішінде Алмалыдағы бұл спорт кешені – биылдыққа пайдалануға беріліп отырған алтыншы нысан, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа спорт кешеніндегі волейбол, баскетбол, күрес, бокс залдары, шахмат, тоғызқұмалақ үйірмелеріне арналған бөлмелер барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Сол сияқты киім ілетін, жуынатын орындар қарастырылған. Нысан ауласында шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдары бар. Нысан 50 орынға лайықталған. Бұл қуанышты жаңалыққа ауыл тұрғындары да дән риза. - Біздің ауыл әуелден спортқа жақын. Кезінде біздің өңірден Әбілсейіт Айханов, Аманжол Бұғыбаев сияқты атақты палуандар шыққан. Мемлекеттің осындай қолдауынан кейін сондай даңқты... |
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.10.2024 |