ЖАҢАЛЫҚТАР

Нашақорлық қоғам дерті

2025 жылдың 31 наурыз күні нашақорлықпенесірткібизнесініңалдын-алужәнеоғанқарсыіс-қимылжөніндегіжұмыстыүйлестіружөніндегіЖетісуоблысыныңөңірлікведомствоаралықштабының1-шіотырысыөткізілді. ​​Штаботырысынаоблыстыңведомствоаралықкомиссиямүшелері,мемлекеттікоргандардыңбасшылары,басқармабасшыларыжәнеаудан,қалаәкімдерініңорынбасарларықатысты.​ ​Отырыстың күн тәртібінде2024 жылдың қорытындысы бойынша профилактика және ақпараттық түсіндіру жұмыстары туралыжәне 2025 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысын қорытындылау – наркологиялық қызметті талдау, проблемалық мәселелерталқылау;​​Нашақорлықтан ең көп зардап шеккен аудандарды, қалаларды анықтап, қосымша профилактикалық және жедел іс-шараларды жоспарлау. Жекелеген аудандарда, қалаларда есірткі жағдайының өзгеруіне тұрақты мониторингті ұйымдастыру туралы;​ Көшелерде және қоғамдық орындарда есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы орналастыра отырып, азаматтардың(оның ішінде оқушыларда, қолайсыз отбасылардан шыққан жасөспірімдер...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.04.2025

Экофестиваль қорытындысы: экологиялық бастамаларға әрбір үшінші қазақстандық қатысты

2025 жылғы 21 сәуірде Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен экофестиваль өтті, оның аясында инновациялық экологиялық жобалар мен стартаптарды көрсету үшін көрме және интерактивті аймақтар ұйымдастырылды. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша «Қалдықтардың екінші өмірі» атты 7 көрме аймағы құрылды. Мысалы, Kazstonebox жобасы экологиялық және суға төзімді материал – тас қағаздан жиһаз бен қалдықтарды бөліп жинауға арналған контейнерлер шығарады. Бұл өнімдер төзімді, ылғалдан қорықпайды, бастысы ағаш пен пластикке экологиялық таза балама бола отырып, толығымен қайта өңделеді. Technic Destroy литий-ионды батареяларды қайта өңдейді және ондағы бағалы металдарды (литий, кобальт, мыс) өндіріске қайтарады. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтып қана қоймай, шикізат импортына тәуелділікті азайтады. «Жасыл технологиялар» бағыты бойынша Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы 9 аймақ ұйымдастырды. TabQorTech - ормандарды бақылау...
Толығырақ... Оқылды: 52 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.04.2025

«Жүрек жады» патриоттық акциясы

Жеңістің 80 жылдығына орай Текелі қалалық кітапханасының №2 филиалында «Жүрек жады» атты патриоттық акция өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихын таныту, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу, оларға ерлік пен батырлықтың мәнін ұғындыру. Кітапханашылар Нұрсәуле Махамбетова мен Әсел Байділдаева алдымен оқушыларға Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы, қан майдандағы ата-бабаларымыз көрсеткен ерліктің үлгісі, тылдағы еңбеккерлердің жеңісті жақындатуға қосқан үлесі жайлы баяндап, сұрақ-жауап сайысына көшті. Патриоттық акция барысында 20 сұраққа жауап берген ұл-қыздар Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Қасым Қайсенов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерлік жолы жайлы тереңірек біле түсті. «Отан үшін отқа түскен батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы тарихи деректер, көркем шығармалар, деректі, көркем фильмдер көп. Сол ерлік рухты жаңғыртып, естеліктерді сақтау, бе...
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.04.2025

Жүректегі естеліктер жаңғырды

Жеңістің 80 жылдығына орай Текелі қалалық кітапханасының №2 филиалында «Жүректегі естеліктер» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған тағылымды іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихын таныту, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу, оларға ерлік пен батырлықтың мәнін ұғындыру. Кітапханашылар Нұрсәуле Махамбетова мен Әсел Байділдаева алдымен оқушыларға Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы, қан майдандағы ата-бабаларымыз көрсеткен ерліктің үлгісі, тылдағы еңбеккерлердің жеңісті жақындатуға қосқан үлесі жайлы баяндап, сұрақ-жауап сайысына көшті. «Жүректегі естеліктер» деп айдар тағылған 20 сұраққа жауап берген ұл-қыздар Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Қасым Қайсенов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерлік жолы жайлы тереңірек біле түсті. «Отан үшін отқа түскен батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы тарихи деректер, көркем шығармалар, деректі...
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.04.2025

Елімізде Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді

Елімізде Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама бекітілді. Тиісті қаулыны Үкімет қабылдады. Құжат қоғамда құқықтық мәдениет деңгейін нығайтуға және азаматтардың заңдарды сақтау маңыздылығын түсінуіне бағытталған. Атап айтқанда, Тұжырымдама қоғамдағы құқықтық мәдениеттің қазіргі жағдайын талдауға негізделген заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету көзқарасын айқындайды. Тұжырымдаманы әзірлеу барысында халықаралық тәжірибе де ескерілді. Құжат құқықтық тәртіпті сақтауға, сыбайлас жемқорлық пен «көлеңкелі» әрекеттерге теріс көзқарас қалыптастыруға белсенді азаматтық қатысуды көздейді. Бүгінде елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі элементі саналатын заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған реформалар белсенді түрде жүргізілуде. Аталған жұмыс әрі қарай да жалғасын табады. Тұжырымдаманың негізгі бағыттарын жүзеге асыру нәтижесінде қоғамда заңның үстемдігі т...
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.04.2025

КАЗАХСТАН НАМЕРЕН РАЗВИВАТЬ ГОРНОЛЫЖНЫЙ ТУРИЗМ ПО МИРОВЫМ СТАНДАРТАМ СОВМЕСТНО С ГЛОБАЛЬНЫМ ЛИДЕРОМ ИНДУСТРИИ

19.04.2025 26 Премьер-министр Олжас Бектенов провел встречу с президентом компании PGI Management Жоаном Виладоматом по вопросам сотрудничества в области развития горнолыжного туризма. Внимание уделено Алматинскому кластеру. Обсуждены мировые тенденции туристской отрасли и ее вклад в рост экономики стран. Отмечено, что горнолыжное направление является серьезным инструментом социально-экономического развития горных районов и страны в целом. Жоан Виладомат поделился результатами реализации проектов по трансформации структур экономики ряда стран с учетом ориентации на туризм. На сегодня компания имеет свыше 120 реализованных проектов, среди которых такие бренды зимнего туризма как Давос и Сент-Мориц (Швейцария), Куршевель (Франция), Ишгль и регион Тироль (Австрия), Вейл и Аспен (США), Уистлер-Блэккомб (Канада), а также курорты Андорры, где количество посетителей за прошедший год составило 9,6 млн человек при населении в 80 тыс. За более чем 60 лет компания стала...
Толығырақ... Оқылды: 62 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.04.2025

Жетісуда 250-ден астам шетелдік Қазақстан азаматтығын алды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жетісу облысы Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ерлан Раймбековтің қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Бүгінде көші-қон саласы бойынша 35 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның басым бөлігі «eQonaq» ақпараттық жүйесі арқылы жасалды. Статистикалық дерекке сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында өңір аумағында 2150 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынған. Облыс көлемінде көші-қон процестерін бақылау мен реттеу мақсатында тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіліп келеді. Нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 53 шетелдік азамат елден шығарылып, 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Есептік кезеңнің үш айында Қазақстан азаматтығын алуға ниет білдірген 254 шетелдіктердің құжаттары қабылданып, тиісті шешім шығарылды. Спикердің айтуынша, жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, көші-қон саясатын тиімді жүзеге асыруда...
Толығырақ... Оқылды: 96 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.04.2025

Пилоттық жоба: 12 мыңнан астам жүргізуші арнайы салық режиміне өтті

Талдықорған қаласында онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейтін такси жүргізушілерінің заңдастырылуын көздейтін жобаға шамамен 700 адам қатысты. Нақтырақ айтқанда, 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша қалада такси қызметін көрсететін 685 жеке кәсіпкер тіркелген. Айта кетейік, платформалық жұмыспен қамту жөніндегі пилоттық жоба 2023 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен іске қосылды. Жобаның мақсаты – азаматтардың цифрлық платформалар арқылы жұмысын заңдастыру және оларды әлеуметтік қорғау жүйесіне тарту. Жобаның алғашқы кезеңі «Яндекс Такси Корп.» ЖШС-мен әріптестікте іске асырылды. Бұл кезеңге 12,2 мыңнан астам жүргізуші қатысты. Жүргізушілер мобильді қосымша арқылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, жеңілдетілген арнайы салық режимімен жұмыс істейді. 2024 жылғы 1 шілдеден бастап интернет-платформалар операторлары ресми түрде салық агенттері болып танылды. Енді олар жүргізушілер үшін жеке табыс салығы мен әл...
Толығырақ... Оқылды: 97 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 16.04.2025

Жетісу облысында Бірлік күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясы ашылады

Уақыты: 15.04.2025 Оқылды: 106 Бөлім:КҮНДЕРЕК Бүгін Жетісу облысында өңір басшысы Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық Кеңесінің отырысы өтті. Кеңес отырысында Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы XXXIV сессиясына қатысу мәселелері, ҚХА-ның 30 жылдығы аясында өңірде өткізілетін іс-шаралар жоспары талқыланды. Облыс әкімі Бірлік күні қарсаңында «Бірлік жүгірісі» спорттық жүгіру, Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясының ашылуын тілге тиек етті. Өткен онжылдықта Ассамблея азаматтық қоғамның маңызды институтына айналғанын атап өткен Бейбіт Исабаев ҚХА жүзеге асырылған, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларға тоқталды. – Өткен жылдан бері өңірде «Жомарт жан» қайырымдылық орталығы жұмыс істеп келеді. «Қайырымдылық керуені» және «Мектепке жол» қайырымдылық акциялары аясында облыста аз қамтылған және көп балалы 7 мыңнан астам отбасыға 30 млн. теңгеге көмек көрсет...
Толығырақ... Оқылды: 93 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.04.2025

«Жанұя» орталығы әлеуметтік осал отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуді жалғастыруда

2020 жылдан бері Талдықорғанда жұмыс істеп келе жатқан «Жанұя» отбасыны қолдау орталығының басты мақсаты — көпбалалы, аз қамтылған және әлеуметтік осал отбасыларға кешенді көмек көрсету. Орталық психологиялық, құқықтық және әлеуметтік қолдау ұсынып, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады. Мекеменің негізгі бағыттарының бірі — әлеуметтік осал топтағы әйелдерді тегін оқыту. Орталық ашылғалы бері қысқа мерзімді курстардан 409 ана өтті. Курстар аспаз, кондитер, тігінші, массажист, визажист мамандықтары бойынша ұйымдастырылады, сонымен қатар компьютерлік сауаттылық бойынша сабақтар өткізіледі. Оқуды аяқтаған соң қатысушыларға сертификаттар табысталып, жұмысқа орналасуға қолдау көрсетіледі. Биыл бұл курста 23 азаматша білім алуда. Сонымен қатар, орталықта балаларға да ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта 198 оқушы ағылшын, қазақ, орыс тілдері мен математика пәндерінен қосымша бі...
Толығырақ... Оқылды: 137 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.04.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.