Жаңалықтар

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2025-форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша фермерлерге 6,4 млрд теңге жіберді

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы дәнді және майлы дақылдарды форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруды жалғастыруда. 16 мамырдағы жағдай бойынша ұлттық оператор 169 мың тонна астықты күзгі тапсыру үшін алдын ала төлем ретінде фермерлердің шотына 6,4 млрд теңге аударды. Оның 4,7 млрд теңгесі бидай өндірушілерге, 549 млн теңгесі майлы зығыр өсіруге маманданған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, 367,7 млн теңгесі арпа жеткізушілеріне бағытталды. Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысына тиесілі күнбағыс өндірушілеріне басым бөлігі 688,9 млн теңге жіберілді. Қаржыландырудың ең көп көлемі дәстүрлі түрде негізгі астықты аймақтарға келеді. Қазірдің өзінде қаржылай қолдауды Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарының 98 ауыл шаруашылығы кәсіпорны алды. 2025 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша майлы дақылдарды өндірушілерді несиелендіру көлемі ұлғайтылады. Көктемгі дала...
Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2025

АЛМАТЫДА ВЕТЕРИНАРИЯ ҒЫЛЫМЫ МЕН БИОҚАУІПСІЗДІККЕ 120 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Алматы қаласында «Қазақ ветеринария ғылымына 120 жыл: биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктер мен жаңа міндеттер» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, іс-шара Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының мерейтойына арналды. Іс-шараға Денсаулық сақтау министрліктерінің, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Еуропа елдері, Беларусь, Грузия, Тәжікстан және басқа да мемлекеттерден келген ғылыми мекемелердің ғалымдары мен мамандары қатысты. Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова аталған институттың еліміздегі алғашқы ғылыми мекемелердің бірі ретінде тарихи маңызын атап өтті. «120 жылдан астам тарихында Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты ветеринария, мал шаруашылығы және қоғамдық денсаулық сақтау салаларының дамуына зор үлес қосты, бруцеллез, сібір ойық жарасы және аусыл сияқты аса қауіпті инфекциялық ауруларға...
Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2025

Қазақстан мен Иран архив және кітапхана ісі саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр

18 мамыр күні Тегеран қаласында «Ғылым ордасы» РМК делегациясының Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапханасы және архиві басшылығымен ресми кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – ғылым, архив және кітапхана ісі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ құжаттық мұраны сақтау, қалпына келтіру және консервациялау бағыттары бойынша кәсіби тәжірибе алмасу арқылы екі ел арасындағы әріптестікті нығайту. Жиналыс барысында қазақстандық делегация Иран архиві мен кітапханасының инфрақұрылымымен, атап айтқанда құжаттарды сақтау жүйесімен, қалпына келтіру және консервациялау бөлімдерінің жұмысымен, сондай-ақ цифрландырудың заманауи әдістерімен жан-жақты танысты. Кездесу нәтижесінде «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Ұлар Мұқажанов пен Иран Ислам Республикасының Ұлттық кітапханасы және архиві басшысы Голямреза Амирхани (Gholamreza Amirkhani) ғылым, архив және кітапхана ісі салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған меморандумға қол қо...
Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2025

Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2025

Жетісу облысында Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды

Биыл Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен талантты әрі прогрессивті жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту мақсатында Президенттік жастар кадрлық резервіне төртінші іріктеу басталады. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және мемлекеттік билік органдарында жұмыс істеуге қабілетті үздік мамандарды анықтауға бағытталған. Ағымдағы кезеңнің ерекшелігі – үміткерлерді салалық бағыттар бойынша пропорционалды түрде іріктеу. Бұл үміткерлердің өз кәсіби саласы шеңберінде бәсекеге түсуіне мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметтің әртүрлі секторларының қажеттіліктерін дәлірек қанағаттандыруға жол ашады. Іріктеуге 60 мыңнан астам адам қатысуға ниет білдірді. Соңғы 4 жылда олардың ішінен 400 адам резервке қабылданды. Бүгінгі таңда олардың 80%-дан астамы (318 үміткер) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда маңызды қызметтер атқаруда. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар өзгеріссіз қалды: үміткердің жасы 35-тен аспауы тиіс, жоғары білімінің, кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі...
Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2025

Жетісу облысында жұмыссыз ауыл жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

Аталған жоба облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып отыр. 2023 жылдан бері іске асып келе жатқан грант бағдарламасы биыл жаңа бағытта жүзеге аспақ. 2025 жылы жоба аясында ауыл шаруашылығы саласындағы бастамаларға ерекше назар аударылып, жұмыссыз жастардың өз кәсібін бастауына жан-жақты қолдау көрсетілмек. Грант сомасы – 3 миллион теңге. Қаржылай көмек ауылдық жерде тұратын жастарға өз бизнесін бастап, ауыл экономикасын дамытуға мүмкіндік береді. Өтінімдер 2025 жылғы 15 шілдеге дейін қабылданады. Қатысу үшін үміткерлер 18 бен 34 жас аралығында болуы, Жетісу облысында тұрақты тұруы және ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Гранттар ауыл шаруашылығының түрлі бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, мал және балық өсіру, өсімдік шаруашылығы, сүт өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, қолөнер мен шағын өндіріс, сондай-ақ агро- және экотуризм саласындағы жобаларға қолдау көрсетіледі. Конкурсқа өтінімдер мемлекеттік немесе орыс тіл...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2025

Тыйым салынған жерде шомылғандарға айыппұл салынады

Жетісу облысында шомылуға арналған 3 ресми демалыс орны белгіленген. Олар Талдықорған қаласының қалалық жағажайы, Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауы. Аталған үш орыннан бөлек, басқа су айдындарында шомылуға тыйым салынған. Су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Құқық қорғау органдары, Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар және еріктілермен бірлескен рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. 2024 жылғы шомылу маусымында облыс су айдындарында адамдардың қаза болуына байланысты 5 оқиға тіркелді. 2025 жылғы шомылу маусымына дайындық шеңберінде тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.05.2025

Жетісу облысында өрт қауіпті кезеңде тиімді әрекет ету үшін 484 млн теңге бөлінді

Жетісу облысында өрт қауіпті кезеңді өту мәселелері Төтенше жағдайлар департаментінің тұрақты бақылауында. Табиғи өрттердің алдын алу және олардың туындау қаупін азайту мақсатында бірқатар кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Департаменттің өңірлік күштері мен техникалары нақтыланып, 3098 адам және 529 бірлік техника дайындыққа келтірілді. Елді мекендерде 115 ерікті өртке қарсы құралым және 49 өрт сөндіру бекеті жұмыс істеуде. Құрамында ТЖД, жергілікті полиция қызметі, жергілікті атқарушы органдар және орман шаруашылығы өкілдері бар 22 мобильді топ 243 рейдтік іс-шара өткізді. Нәтижесінде, 59 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 37 ескерту, 22 айыппұл жалпы сомасы 727 420 теңге болды. Өрт қауіпті кезеңде тиімді әрекет ету үшін жергілікті бюджеттен 484 млн теңге бөлінді. Бұл техникалық жарақтандыру көрсеткішін 82 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Департамент 13 дронмен жабдықталған. Өрттерді ерте анықтау үшін теңгеріміндегі 4 бейнебақылау к...
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.05.2025

«Қанаттылар» инклюзивті театрының гастрольдік сапармен Талдықорғада

Астана қаласы әкімдігінің «Қанаттылар» инклюзивті театры Талдықорған қаласына гастрольдік сапармен келді. Театр репертуарындағы ерекше әрі мағыналы қойылымдар көрермендерге ұсынылады. Гастрольдік бағдарлама аясында: Ермаханова Ақботаның «Екі тағдыр – бір өмір» автобиографиялық драмасы, Әлібек Файзуллиннің «Үй таңдаған лақ» ертегісі және Серік Жүзбайдың «Өмір-ғайып» мелодрамасы сахналанады. Қойылымдар Талдықорған қаласындағы Бикен Римова атындағы қазақ драма театры сахнасында өтеді. «Қанаттылар» театрының мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар талантты жандарды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, қоғамдағы инклюзивті мәдениетті нығайту. Театр сахнасындағы әр қойылым өмірдің мәні, адам тағдыры, таңдау еркіндігі секілді терең философиялық мәселелерді көтереді. Гастрольдік сапардың басты мұраты – өнер арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы орнын айшықтап, олардың өмірге және өнерге деген құш...
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.05.2025

Астанада қазақстандық өндірушілердің «Ulttyq ónim» атты ірі көрмесі өткізіледі

Ертең, 16 мамырда, Астанада EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің жылсайынғы VIII «Ulttyq ónim» көрмесі басталады. Іс-шара 18 мамырға дейін жалғасады. Қазақстанның барлық өңірінен350өндіруші өз өнімін ұсынады. Елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстанда Үкіметтің қолдауымен «Даму» қорының бағдарламалары арқылы өндірілген тауарлардың алуан түрімен танысып, сатып ала алады. Көрмеде тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібінен бастап, машина жасау, жабдық, зергерлік бұйымға дейінгі түрлі өнім ұсынылады. Олардың ішінде «Гормолзавод» танымал бренді, «Аq Dam» ұлттық тәттісі, Galamilk, Altay Outwear белсенді демалыс пен туризмге арналған киім мен жабдық, «Balausa Jewelry» зергерлік бұйымы, «Қайнар АКБ» ЖШС аккумуляторлық батарея өндіруші, толықтай қазақстандық брендпен әзірленіп, жиналған алғашқы ирригациялық машина өндіруші «Su bereke», «Аврора» дезинфекциялық, косметикалық және...
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.05.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.