Жаңалықтар

AMANAT: Жетісуда өрттің алдын алу және орман шаруашылығын дамыту тұрақты бақылауда. Өңірде 115 ерікті өртке қарсы құралым және 49 бекет жұмыс істейді

«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы, Экологиялық, Өңірлік даму, Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестерінің бірлескен отырысы өтті. Жиын барысында өртке қауіпті кезеңнің алдын алу шаралары, орман шаруашылығының жай-күйі және шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстары күн тәртібіне қойылды. Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Қанат Алтынбековтің айтуынша, өңірдегі өрт қауіпсіздігі бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. – «Қазіргі таңда Жетісудағы елді мекендерде 115 ерікті өртке қарсы құралым мен 49 өрт сөндіру бекеті құрылған. Бұл құрылымдарда 798 бірлік өрт сөндіру және бейімделген техника, сондай-ақ 2 мыңнан астам қызметкер бар. Биыл 3328 шақырым минералды жолақтарға күтім жасау және 5 шақырым жаңа жолақтар салу жоспарланған. Бүгінде оның 118 шақырымына күтім жасалды, қалғаны қазан айына д...
Толығырақ... Оқылды: 9 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.06.2025

Жетісу облысында 135 шақырым жол жөнделіп, 5 көпір қалпына келтірілуде

Жетісу облысында 2025 жылға дейін өңірдегі жол инфрақұрылымын дамытуға 23,5 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қаражат республикалық және жергілікті бюджеттерден қарастырылған. Биыл облыстық маңызы бар 135,6 шақырым жол жөнделеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Балқаш көліне апаратын жолдар жаңартылып жатыр. Атап айтсақ, «Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай» бағытының 75 шақырымында жұмыс жүргізілуде, ал Лепсіден Балқашқа дейінгі 27 шақырым жол толық аяқталып, пайдалануға берілді. Апатты 15 көпірдің 5-еуінде жөндеу басталды, соның төртеуі қазірдің өзінде қолданысқа берілді. Қалған көпірлердің жобалық-сметалық құжаттары дайын. Туризмді дамыту мақсатында «Бұрхан бұлақ» сарқырамасына апаратын жолды жаңарту жобасы да басталды.. Жолдардың сапасын арттыру үшін арнайы бақылау жүйесі енгізіліп, 5 сатылы қадағалау жүргізіледі. Жөндеу сапасын Жол активтері сапа орталығы мен техникалық бақылау ұйымдары бірлесіп тексеруде. Бұ...
Толығырақ... Оқылды: 10 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.06.2025

Жетісу облысында табиғи монополиялар саласында 3 ірі инвестициялық бағдарлама мақұлданды

Жетісу облысында табиғи монополиялар саласындағы тарифтер мен қызмет сапасына қатысты алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы жарияланды. Бұл бағыттағы жұмысты ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірлік департаменті үйлестіріп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында бұл жобалар тұрғындарға сапалы әрі тұрақты қызмет көрсетуге бағытталған. Халықпен кері байланыс та нығая түсті: жыл басынан бері 64 өтініш түсіп, оның 40-ы қаралып, 17-сі бойынша нақты шешім қабылданды. Сондай-ақ тұтынушыларға 44,5 млн теңге көлемінде өтемақы төленді. Екі мекеме бойынша заңбұзушылық анықталып, жалпы сомасы 9,4 млн теңгеге айыппұл салынды. Табиғи монополия субъектілеріне қатысты бес мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бүгінде облыста су, жылу, жарық, газ және кірме жол қызметін көрсететін 44 мекеме жұмыс істейді. Жарты жыл ішінде олардың 60 тарифтік өтінімі қара...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.06.2025

«AMANAT»: Жетісу облысында екі жаңа денсаулық сақтау нысаны ашылды

Ауылдағы өмір сапасын жақсарту – ел дамуындағы басты басымдықтардың бірі. Бұл бағытта «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы нақты істермен жүзеге асуда. Соның жарқын мысалы – Жетісу облысының Ескелді және Көксу аудандарында жаңа денсаулық сақтау нысандарының ашылуы. Ескелді ауданына қарасты Шымыр ауылында 2129 тұрғынға арналған жаңа дәрігерлік амбулатория есігін айқара ашты. Бұл – ауыл халқы үшін аса маңызды оқиға. Бұған дейін тұрғындар медициналық қызмет алу үшін аудан орталығына немесе жақын елді мекендерге баруға мәжбүр болатын. Енді олар алғашқы медициналық-санитариялық көмек, шұғыл және кезек күттірмейтін жәрдем, зертханалық диагностика, сондай-ақ профилактикалық егу қызметтерін өз ауылында ала алады. Ашылу рәсіміне Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов қатысып, медициналық инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол өз сөзінде ауыл медицинасы – халықтың денсаулығы мен өмір сапасының негізі екенін айтып, ос...
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.06.2025

Әкімдер мектебі: Нәтиже бар, бастама жалғасуда

Жетісу облысында ауылдық округ әкімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «AMANAT» партиясы мен Үкіметтің бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Әкімдер мектебі» жобасы аясында өңірдегі ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдері кәсіби оқудан өтті. Бұл бастама – ауылдық аймақтарды дамытуға бағытталған жүйелі қадам. Оқу барысында әкімдер өз жобаларын қорғап, ауылдарды өркендетуге арналған нақты даму жоспарларын ұсынды. Нәтижесінде, өңірде алғашқы оң өзгерістер жүзеге асып, тұрғындардың белсенділігі арта түсті. Жоба аясында 2025–2029 жылдар аралығында Жетісу облысында 108 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланып отыр. Оның ішінде 20 кооператив биыл жеті ауданда іске қосылмақ. Қазіргі таңда осы кооперативтермен бірлескен жұмыс басталып, нақты шаралар қолға алынған. Кооперативтерді құру барысында әр жоба жан-жақты сарапталуда. Жергілікті тұрғындарға оның тиімділігі мен...
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.06.2025

Көксу ауданы, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында балалар алаңына мониторинг жүргізілді

Көксу аудандық мәслихатының депутаты Түстікбаева Айгерім Айдарқызының бастамасымен «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы шеңберінде аудан аумағындағы балалар ойын алаңдарының жағдайына мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында анықталғандай, бірқатар балалар алаңдарының жағдайы қанағаттанарлықсыз күйде. Атап айтқанда: – Ойын элементтері (сырғанақ, әткеншек) ескірген, кейбіреуі сынған; – Қауіпсіздік талаптарына сай келмейді (шегелер ашық, қаптама жоқ); – Алаң маңында күтімсіз өсіп тұрған шөп пен бұзылған қоршаулар бар. Бұл – тек жай ғана жайсыздық емес, балалардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін жағдай. Ата-аналардың шағымы орынды. Алаңдар тек ойын емес, баланың физикалық және әлеуметтік дамуына әсер ететін маңызды орта. Түстікбаева Айгерім Айдарқызы бұл мәселені назарда ұстап, тиісті мекемелерге ресми сұраныс жолдады.
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.06.2025

Көксу ауданының “AMANAT” партиясы филиалы Журналистер күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады.

Бұл ерекше күні ауданымыздағы ақпарат саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген журналистерге алғыс білдіріліп, олардың қажырлы еңбегі мен шынайы ақпарат таратудағы рөлі жоғары бағаланды. Шара барысында жылы лебіздер айтылып, бірқатар БАҚ өкілдеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.06.2025

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Ақмарал Ерекешеваның тарихи алтыны 16–23 маусым күндері Болгария астанасы Софияда өткен юниорлар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Аталған жарысқа 7 спортшымыз қатысып, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, Ақмарал Ерекешева үш бағдарламада финалға шығып, доп және лента жаттығуларында алтын, шығыршық жаттығуында күміс медаль жеңіп алды. Осылайша, жерлесіміз тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін жерлестеріміздің ең үздік нәтижесі – 4-орын болатын. Олимпиада чемпиондарымен шеберлік байқасты 16–23 маусым күндері Индонезияның Бали қаласында өткен семсерлесуден сары құрлық бәсекесінде ұлттық құрама спортшылары бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды. Командалық сайыста Қазақстан құрамасы әлемдегі көшбасшылардың бірі, Олимпиада чемпионы Жапония құрамасымен сынға түсіп, 24:45 есебімен қарсылас жеңіске жетті. Команда сапында Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов өнер көр...
Толығырақ... Оқылды: 60 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.06.2025

ТАҢЫМЫЗ ВЕЛОШЕРУМЕН БАСТАЛДЫ

Бүгін 26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орай айлық аясында «Денсаулыққа сәлем! Нашақорлыққа жол жоқ!» атты тақырыпта облыстық велошеру өтті. Шараның салтанатты ашылу рәсіміне Жетісу облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Сарқытов Саят Төлепбергенұлы, Жетісу облысы прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Адай Талғатұлы, Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция подполковнигі Исақова Меруерт Сеитовна қатысты. Айта кетсек, аталмыш іс-шараға 80-нен астам қала тұрғындары, спортшылар мен қаламыздың белсенді жастары қатысты. Қатысушылар «Жеңіс» саябағынан бастап, белгіленген бағыт бойынша 1,5 шақырым жол жүріп өтті. Бұл бастама — жастарды пайдалы іспен айналысуға шақырып, зиянды әрекеттерден бойды аулақ ұстауға бағытталған маңызды шаралардың бірі.
Толығырақ... Оқылды: 66 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.06.2025

Елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынуда

Елімізде заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бұл қаражат бүкіл ел бойынша жүздеген әлеуметтік нысан құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына жұмсалуда. Басты назар әлеуметтік маңызды инфрақұрылымға аударылады Қайтарылатын қаражат Қаржы министрлігінің жанынан құрылған Арнаулы мемлекеттік қорға түседі. Қазіргі таңда жалпы құны 318 млрд теңгені құрайтын 406 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Оның ішінде 9 білім беру нысаны, спорт саласындағы 3 нысанды, денсаулық сақтау саласындағы 162 жобаны, сумен жабдықтау саласындағы 159 жобаны қоса алғанда, 333 жоба іске асырылуда. Барлық жоба Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Білім беру нысандары сапалы білімнің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Спорт нысандары бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған....
Толығырақ... Оқылды: 71 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.06.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.