СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА
Әкімдер есебі онлайн және офлайн режимдерде өткізіледі |
| Алматы облысында қаңтардың 18-інен ауылдық, кенттік округтер мен аудан, қала әкімдерінің есеп беруі басталды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасындағы есеп беретін мемлекетті қалыптастыру міндетіне, сол сияқты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының талаптарына сәйкес әр деңгейдегі әкімдер жыл сайын тұрғындар алдында есеп береді. Осыған орай облысқа қарасты 17 аудан мен 3 қалада 18 қаңтар мен 5 ақпан аралығында 800-ден астам есепті жиындар өткізу көзделген. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты аталған жиындардың 300-дейі онлайн режимде ұйымдастырылады, қалғаны барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, офлайн форматта өткізіледі деп жоспарланған. Есепті кездесулер облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру жиынымен қорыт... |
| Толығырақ... Оқылды: 1371 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 21.01.2021 |
Жыл басынан бері ХҚО-ларда 270 мың ЭЦҚ берілген |
| ХҚО арқылы электрондық цирфлық қолтаңба рәсімдеушілер саны қаңтар айында күрт өсті. Жыл басынан бері халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қазақстандықтар 270 мыңнан астам ЭЦҚ рәсімдеген, бұл көрсеткіш желтоқсан айымен салыстырғанда 30 % көп. Бұл зейнетақы қорындағы қаржыны шешу және жыл сайынғы мемлекеттік қызметкерлердің декларация тапсыру уақытының басталғанымен байланысты. Цифрлық қолтаңбаны рәсімдеушілер арасында Алматы, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары көп, көшбастап тұрған мегаполис – Алматыда 27 мың болса, қалған екеуінде 23 мыңнан қолтаңба алынған. ЭЦҚ-ны ХҚО арқылы ең аз рәсімдегендер саны Батыс-Қазақстан облысында – не бары 7 мың. Мемлекеттік корпорацияның төрағасы Әділ Кожиховтың айтуынша, ЭЦҚ-ны онлайн түрде рәсімдеуге болады, сондықтан пандемия уақытында халық көп жиналатын жерге барудың қажеті жоқ. «Біз әр тұрғынның денсаулығына алаңдаймыз. Бүгінде ЭЦҚ-ны үйде отырып-ақ, бірнеше минуттың ішінде рәсімдеуге болады»,– дей... |
| Толығырақ... Оқылды: 1373 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 20.01.2021 |
Балалар, коронавирус және дәрі-дәрмектер туралы: ӘМСҚ халықтың арасында жиі кездесетін сұрақтарға жауап берді |
| Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына күн сайын медициналық көмек көрсету және МӘМС жүйесіне қатысу тәртібі туралы жүздеген сұрақтар келіп түседі. Сіздердің назарларыңызға жиі қойылатын сұрақтарды таңдадық. -Медициналық сақтандыру бойынша қандай клиникалар жұмыс істейтінін қайдан көре аламын? Мен өзім емделетін клиниканы таңдай аламын ба? - ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызмет көрсететін медициналық ұйымдардың тізімімен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында танысуға болады. Әркімнің дәрігер мен емхананы еркін таңдауға құқығы бар. Тіркеу науқаны кезінде медициналық мекемені жылына бір рет еркін таңдау құқығы бойынша, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе немесе өзі жататын емхана қайта ұйымдастырылса ауыстыруға болады. - Коронавирустық инфекциядан кейін оңалтудан өтуді қалаймын. Ол үшін не істеу керек? - Ең алдымен, өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге хабар... |
| Толығырақ... Оқылды: 1396 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 19.01.2021 |
«Жетісу ертегілері» байқауы өтеді |
| Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ «Жетісу ертегілері» атты 1-ші ертегілер байқауын жариялайды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды. Байқауға өңірдегі 71 этномәдени бірлестіктер қатысады. Сонымен қатар, жетісулық тұрғындар жас шамасына қарамастан бірегей туындыларын жібере алады. «Ертегілер жинағын құру идеясы әжемнің немерелеріне айтқан қызықты ертегілерінен бастау алған еді. Әңгіме барысында әжем оларға отбасылық құндылықтар, достық, бейбітшілік пен бірлік туралы біліммен түсінік беретін. Бұл ұрпаққа мұра болатын құндылық.Сондықтан уақыт өте ұмытылған халық ертегілерін жандандыру мақсатында біз осы жобаны іске қосамыз»,- дейді Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ директоры Сандуғаш Дүйсенова. Мазмұны мен тақырыбы бойынша үздік шыққан ертегі аудио форматқа ауыстырылып, PlayMarket және AppStore қосымшаларына орналастырылып, ашық қол жетімді болады. Бірегей қосымшаны өз саласының мамандары,... |
| Толығырақ... Оқылды: 1391 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 19.01.2021 |
Қауіпсіздік басты назарда: Жыл басынан 24 адам қар құрсауында қалған |
| Қатер аяқ астынан. Әсіресе қыс мезгілінде жазым болу әп сәтте.Қызығы мен думаны қатар жүретін кезеңнің өзіне тән қауіпіде бары анық. Қаңтар айының 4-ші аптасы, яғни 18-19 қаңтарға қараған түні православие негізгі христиандық мерекелердің бірін атап өтеді. Баршаға мәлім, бұл күні христиандық дін өкілдері мерекенің басты рәсімі суық суға шомылуды орындайды. Аязды ауа-райына қарамастан, шомылу рәсіміне арнайы жабдықталған шұңқырға түсу үшін халық жиналады. Адам саны көбейген тұста әдетте сақтық шаралары кейінгі орынға ығысып жатады. Бұл өз кезегінде орны толмас қа заға алып келуі мүмкін. Осыны ескерген төтеншеліктер бірқатар ережелерді сақтауға шақырады. «Жағадағы арнайы жабдықталған ойықтарда, мүмкіндігінше құтқару станцияларының жанында, құтқарушылардың қарауымен суға түсу қажет. Шомылмас бұрын денені жылытып, жаттығу жасап, жүгіру керек. Баяу және мұқият жүріңіз. Ми тамырларының рефлекторлық тарылуына жол бермеу үшін басты суға малмау қажет»,-дейді Алматы облысы Тө... |
| Толығырақ... Оқылды: 1349 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 19.01.2021 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдісі ретінде парасаттылық мәдениетін дамыту |
| Алматы облысында құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлықты, құқық бұзушылықтарды зерделеу және талқылау, халықтың құқық бұзушылыққа "нөлдік" төзімділігін қалыптастыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқару тиімділігінің, елдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне алып келеді, қарышты әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейді. Біздің еліміздің басшылығы сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей түрде қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды. Осы бағыттағы жұмысты күшейту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен "Республиканың 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы"атты жаңа бағдарламалық құжат бекітілді. Стратегияда сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлардың бірі ретінде халықтың құқықтық мәдениетінің төмен деңгейі байқал... |
| Толығырақ... Оқылды: 758 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 19.12.2020 |
Жетісу жерінде 1200 ҮЕҰ табысты еңбек етеді |
| ыстық Азаматтық Альянсы үкіметтік емес ұйымдарға бағыт-бағдар берумен айналысқаны баршаға мәлім. Аталған жұмыс «бір терезе қағидаты» бойынша іске асқан болатын. Көпке шарапаты тиген бұл жобаның іске қосылғанына екі жыл толды. Осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстар жайлы «Jetisy media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында баяндалды. Алматы облысындағы әлеуметтік маңызды бастамалар мен бағдарламалар және жобалардың негізгі көздері үкіметтік емес ұйымдар болып табылады. ҮЕҰ мемлекет, түрлі әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалар арасында олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын делдал ретінде әрекет етеді. Аталмыш ұйымның жекедара жетілуі үшін өңірдегі Азаматтық Альянс өз кезегінде 2 жыл көлемінде қол ұшын созып келеді. Олардың тарапынан сапалы адвокаттық қызмет, ҮЕҰ қызметкерлерін оқытудың үздіксіз процесі, сонымен қатар уақтылы кеңестер мен әдістемелік көмек көрсетіледі. Бүгінгі күні Жетісу жерінде 1200 ҮЕҰ табысты еңбек етіп келеді. Олардың... |
| Толығырақ... Оқылды: 402 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 09.12.2020 |
Ортаны қорғау - ортақ міндет! |
| Ортаны қорғау дегеніміз – өзіміз өмір сүріп жатқан қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи заттарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен адамзаттың өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі болып табылады. Қазақстан республикасында «Қоршаған ортаны қорғау туралы» арнайы Заң жобасы 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, әртүрлі биологиялық қалыптарды сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан республикасын экологиялық қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа ала отырып Қоршаған... |
| Толығырақ... Оқылды: 74 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 22.10.2020 |
COVID-19: ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ |
| ЖАҚЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТКІЗДІ. ЖИЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЕЛДЕГІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛҒА ТОҚТАЛЫП, ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ. ЕНДІ ЕЛІМІЗДЕ БҰЛ КЕҢЕСТЕН СОҢ ҚАНДАЙ ШАРАЛАР АТҚАРЫЛМАҚ? Әлемнің кейбір елдерінде коронавирустың екінші толқыны басталып кеткені бізге дайындықты күшейтуге бірден бір себеп. Елдегі тұрақты ахуалға қарамастан, бұрын жіберілген қателіктен сабақ алып, екінші толқынды мейлінше оңай еңсеру – Мемлекет басшысының басты тапсырмасы. Ол үшін ең алдымен тест жұмыстарын жүргізу. Мәселен, елдегі зертханалар күніне 40-60 мың талдау жұмысын жүргізуге қауқарлы болса да, бізде тәулігіне тек 18 мың тест тапсырылады. Биылғы 5 қазанмен есептегенде 100 мың тұрғынға шаққанда Қызылорда, Алматы облысы мен Шымкент қаласында тест тапсыру саны ең аз. Ал Атырау мен Батыс Қазақстан облысы сынама тапсыруда максималды көрсеткішке жеткен. Қасым-Жомарт Кемелұлы мұның басты себебі – тесттің... |
| Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 22.10.2020 |
Поправки в законе: родственникам госслужащих запрещено принимать подарки |
| 6 октября Глава государства подписал закон по вопросам противодействия коррупции, разработанный Агентством во исполнение Плана законопроектных работ Правительства на 2020 год. На основе данного закона внесены поправки в 3 кодекса и 10 законов. Об этом в ходе пресс-конференции рассказал руководитель Департамента Агентства по противодействию коррупции по Алматинской области Ернар Макажанов. По его словам, теперь закон запрещает госслужащим и иным лицам, принявшим на себя антикоррупционные ограничения, получать подарки, материальное вознаграждение, услуги, предоставляемые за их действия в пользу дарителей. Следовательно, расширен и круг лиц, которым запрещено дарить подарки за действия в пользу дарителя. Это – депутаты, судьи, политические служащие, госслужащие корпуса «А», управленцы квазигосударственного сектора, а также члены их семей. «Под членами семьи лица, принимающего на себя антикоррупционные ограничения, понимаются его супруга, родители, дети, в том... |
| Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 22.10.2020 |
