СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА
ӘСКЕРГЕ БАРУ – ТАЛАП ПА, ТАҢДАУ МА? |
| Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені, Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды. Бұған шын мәнінде адамның бүкіл болмысының қатысы бар. Өзінің бүкіл халық болып, мемлекет болып құрылу тарихында талай тар жол, тайғақ кешулерді, басынан кешіріп үнемі шапқыншылардың шабуылына төтеп берумен өмірін өткізген халқымыз елді, жерді қорғаудың қадірін ерте түсініп, баласын ана сүтімен бірге Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеген. Егемен елдің болашағы жастардың қолында екенін ескерсек, бүгінгі өр ұландар туған жердің ертеңіне алаңдап, аянбай тер төгуі қажет. Әлемдік аренада мемлекеттің мықтылығы ғылым, спорт, мәдениет және экономикада ғана емес, сонымен қатар абырой мен айбынды асыратын әскер құрамының да орны бөлек. Себебі мемлекеттің беріктігі мен халықтың тыныштығын күзететін қорғаныс күштерінің мықтылығы өте маңызды. Алайда соңғы уақы... |
| Толығырақ... Оқылды: 110 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 25.06.2020 |
«Індетті жеңу әрбір азаматтың өз қолында» |
| Індетті жеңу әрбір азаматтың өз қолында. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз біргеміз» телемарафоны кезінде айтты. Мемлекет басшысы коронавирус індетінің салдарын атап, аурудан қайтыс болған адамдардың жақындарына көңіл айтты. «Құрметті, отандастар. Бүгінде әлемдегі барлық ел, соның ішінде Қазақстанда коронавирус індетіне қарсы күрес жүргізіліп жатыр. Бұл әрине, өте ауқымды әрі күрделі жұмыс. Осыған орай мемлекет тарапынан теңдессіз шаралар қабылданды. Коронавируспен күресу үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды. Шағын және орта бизнес өкілдеріне бірқатар жеңілдік жасалды. Елбасының бастамасымен құрылған «Біз біргеміз» қорынан да көлемді қаржы бөлініп, мұқтаж жандарға нақты көмек беріліп жатыр. Бұл жұмысты «Nur Otan» партиясы белсенді түрде жүзеге асырып жатыр. Осының бәрі бірлігіміздің бекемдігін көрсетеді. Дегенмен бұл аса жұқпалы дерт азаматтарымыздың денсаулығы мен өміріне қауіп... |
| Толығырақ... Оқылды: 62 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 25.06.2020 |
«STOP - жемқорлық» |
| Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Шешiмi күрделi мәселелер де бар. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл жағдай әлi толық шешiмiн тапқан жоқ. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу&... |
| Толығырақ... Оқылды: 126 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 18.06.2020 |
ӘМСҚ денсаулық сақтау ұйымдарын қаржылық қиындықтардан қалай қорғайды |
| «ӘМСҚ» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы барысында ауруханалар мен емханалардың қаржылық көрсеткіштеріне валюта бағамының өзгеруі, іскерлік белсенділіктің құлдырауы, халық пен бизнестің кейбір санаттары үшін медициналық сақтандыру жарна/төлемдері бойынша шегерілулер қарастырылғандықтан және карантин тәртібінде медициналық көмектің кейбір түрлерінің қысқаруы әсер тигізгендігін мәлімдеді. Қор басшысы «Аталған себептердің барлығы Қор қызметіне айтарлықтай салмақ түсірді. Осыған қарамастан, Қор медициналық ұйымдарды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында және азаматтардың медициналық қызметтерге қол жеткізу үшін дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырады. МӘМС жүйесіне түскен қосымша жүктеме жалпы 134 млрд-тан астам теңгені құрайды», – деп атап өтті. Қор медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығына талдау жасап, барлық медициналық қызмет жеткізушілерін шартты түрде төрт топқа жіктеді: I - топ &nd... |
| Толығырақ... Оқылды: 75 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 05.06.2020 |
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҢ АЙШЫҚТЫ ТАҢБАСЫ |
| Биыл Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздеріне – 28 жыл. Ұлттың рәміздері – мемлекеттің ұлттық белгісі. Осыдан 29 жыл бұрын ел тәуелсіздігін алған тұста алғаш рет еліміздің мемлекеттік рәміздері бекітілді. Атап айтқанда, 1992 жылдың 4 маусымы – тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік ту, елтаңба және гимн – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз – бүкіл әлемге Қазақстан елінің мемлекеттік бейнесін паш етті. Шәкен Ниязбеков салған мемлекеттік ту да әр сәт сайын төбемізде желбіреп тұр. «Таласқа түссе жан мен ту, жан емес бізге керегі, көк тудың желбірегені» екені даусыз. Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал суретші Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі. «Менің Қазақстаным» – бұл қазақтың жаны. Қазақтың әнұраны – ұлттың табиғи бол... |
| Толығырақ... Оқылды: 260 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 05.06.2020 |
ОНЛАЙН «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» |
| 25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына орай соңғы қоңырау онлайн режимде соғылады. Бұл шара ҚР Білім және Ғылым вице-министрі Шолпан Каринованың тапсырмасына сәйкес жүргізіледі. Білім саласында осы апта маңызды екендігін ескере отырып, тоқсандық бақылаулардың дұрыс өткізілуін қадағалауда ұстадық. 25 мамырда соңғы қоңырау мерекесі міндетті түрде онлайн режимде өткізілетіндігіне назар аударудамыз. Ал 3-4 маусым күндері барлық 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру шараларын ұйымдасқан және талаптарды сақтай отырып өткізуді ұсынамыз», - деді Шолпан Каринова министрліктің Facebook-тегі парақшасында онлайн режимде өткен аппарат жиналысында. Осы ретте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғарыда аталған ұсыныстар еліміздің Денсаулық сақтау министрлігімен келісілгендігін атап айтқымыз келеді. «25 мамырда онлайн режимінде 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау сынып сабақтары өткізіледі. Жыл қорытындысы бойынша әр сынып оны әртүрлі уақытта ұйымдастырад... |
| Толығырақ... Оқылды: 170 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 24.05.2020 |
Қылмыстық кодексте негізгі өзгерістерv |
| Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды айқындады, уәкілетті органдарға жеке адамға, меншікке және басқа да ауыр қылмыстарға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдату туралы мәселені қарауды тапсырды. Осы тапсырманы іске асыру барысында 2019 жылғы 27 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң (бұдан әрі - Заң) қабылданды. 30-дан астам бап санкциялары күшейтілді, жаңа саралау белгілері енгізілді, сондай-ақ жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар қылмыстандырылды. 2020 жылдан бастап заңмен бірқатар қылмыстар, соның ішінде зорлау, педофилия, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да жеке тұлғаға қарсы ауыр қылмыстар, мал ұрлығы үшін жаза күшейтілді. Жыныстық зорлық-зомбылық және тұрмыстағы з... |
| Толығырақ... Оқылды: 99 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 20.05.2020 |
Ақсу ауданында сервистік әкімдік ашылды |
| Ақсу ауданында 28 мемлекеттік орган 99 мемлекеттік қызмет көрсетеді.Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау шеңберінде ауданның мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында «Open space» қағидаты бойынша сервистік әкімдік ашылды. Ауданның 6 мемлекеттік мекемесі қызмет көрсетеді. Әкімдікте жалпы 49 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Қызмет көрсету залында келушілерге қолайлы жағдай жасалған, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға да жағдай қарастырылған. «Сервистік әкімдік»кеңсесінде сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға, аудандағы азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында «Жетісу- адалдық алаңы» кеңсесі жұмыс істейді. Бұл жобалық кеңседе жергілікті атқарушы органдар мен бөлім қызметкерлерінің қызметі... |
| Толығырақ... Оқылды: 99 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 07.05.2020 |
ТОҚАЕВТЫҢ СҰХБАТЫ |
| Толығырақ... Оқылды: 100 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 05.05.2020 |
"Тайсон фудс" етті өңдейтін ірі зауыты іске қосылады |
| Алматы облысы ауылшаруашылығы қарқынды дамыған өңірлердің алдыңғы қатарында тұр. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 852 млрд. теңгеге жетіп, 3,4 пайызға өсті деп өңір басшысы жиын барысында айтып өтті. Біздің диқандар жыл сайын 14 мың гектарға қант қызылшасы алқабын ұлғайта отырып, қант өндіруді - 51 мың тоннаға жеткізген. Қазір инвесторлармен бірлесіп, тростник шикізатын өңдеу үшін қант зауыттарын жаңғырту қолға алынуда. Бұл зауыттардың жыл бойы жүктелуін қамтамасыз етеді және 2023 жылға қарай елдің ақ қантқа деген сұранысының 70 пайызын жабуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Мал шаруашылығына келетін болсақ, мал мен құс басы, ет, сүт, жұмыртқа өндірісі өсті.2019 жылы "Империя Фуд" және "Қайынды" екі ірі ет комбинаты іске қосылып, сегіз мың тонна ет экспортталған болатын. Қазіргі таңда, Германиядан келген инвесторлармен "Жетісу қой" жобасын іске асырумен және Іле, Ұйғыр аудандарында үш құс фабрикасын іске қосумен экспортты жылына 25 м... |
| Толығырақ... Оқылды: 125 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 20.02.2020 |
