СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА
Алматы облысы цифрлық эфирлік хабар таратуға толықтай көшеді |
| Алматы облысының барлық аудандарында аналогтық телевизия өшіріліп, 2021 жылы республиканың бүкіл аумағы жаңа әрі тегін цифрлық форматқа көшеді. Цифрлық хабар таратуға көшу халықтың игілігі үшін жасалады.Тағы бір артықшылығы – цифрлық хабар таратуға көшкен жағдайда радиожиіліктер де босайды.Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткізілген баспасөз-мәслихатында Алматы облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының директоры Қайсар Раздықов мәлімдеді. ««Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстардың мақсаты халыққа сапалы және көп арналы хабарды жеткізу болып табылады. Алматы облысында аналогтан цифрлық телевизияға көшуге дайындық кезінде 90 РТС (радио-телевизиялық стансалары) орнатылды. Бұл РТС саны Алматы облысының 748 елді мекенін цифрлық эфирлiк телевизиямен қамтуға мүмкіндік береді»,-деді Қ.Раздықов. 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлiк телевизияға көшу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Қазіргі уақы... |
| Толығырақ... Оқылды: 240 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 26.04.2019 |
Талдықорғанда қазақ мәдениетін әлемге таныту мәселелері бойынша халықаралық конференция өтіп жатыр |
| Талдықорғанда «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениетті ілгерлету» атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» орталық жобалық кеңсесі, Алматы облысының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған ауқымда шараға Франция, Армения, Қырғызстан, Польша сынды мемлекеттерден ғалымдар келді. Үш күндік шараның ашылу салтанаты Бикен Римова атындағы драмма театрда өтті. Алматы облысы әкімінің орынбасары Ләззат Тұрлашов жиналғандарды тарихи тағылымы терең шараның басталуымен құттықтап, жобаның маңыздылығына тоқталды. «Бұл - еліміздің рухани, мәдени өмірінде ешқашан болмаған, тұңғыш, әрі теңдессіз оқиға. Жер жүзі Қазақстан қандай ел екенін, қазақ қандай ұлт екенін негізінен осы жоба арқылы танитын болады», - деді Л.Тұрлашов. Конференцияға халықаралық спикерлер ретінде Сорбонн университетінің профессоры, Халықа... |
| Толығырақ... Оқылды: 264 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 23.04.2019 |
Алматы облысында іскер әйелдер өз тәжірибиелерімен бөлісті |
| Талдықорған қаласының журналистер үйінде «Әйел бақытының формуласы» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қоғамның даму барысын өмірде – нәзік, көңілде биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес»,- деген сөзі әйел азаматтарына үлкен сенім артады. Сол сенімді арқалап жүрген іскер нәзік жандылар жетерлік. Солардың қатарында жүрген белгілі журналист, телевидение және радиожүргізуші, «Astana Kids» сән көрсетілімінің ұйымдастырушысы, «Kazakhstan Kids Fashion Show 2014» байқауының ұйымдастырушысы Махаббат Есен мен «Jeff Tailor» тігін үйінің иесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,«Жыл кәсіпкері-2017» байқауының үздігі Гаухар Утелбаеваны да ерекше атап өту керек. Алматы облысының ішкі саясат басқармасы және өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен тренингке арнайы келген Махаббат Есен мен Гаухар Утелбаева шеберлік сабағында баяндам... |
| Толығырақ... Оқылды: 264 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 22.04.2019 |
Әміре Әрін: Журналистика-қоғамды дамытуға қызмет ететін мамандық |
| Журналистика мамандарын дайындау, журналистика кадрларын іріктеу, оларға бағыт-бағдар беру, біз секілді ардагер журналистердің басты борышы. Талдықорған қаласындағы журналистер үйінде «Workshop» өткізу дәстүрге айналды. Сол дәстүрлі кездесу бүгінде өз жалғасын тауып, «Жетісу» газетінің бас редакторы, ҚР Құрметті журналисі Әміре Әрін Жетісу Мемлекеттік университетінің «журналистика» мамандығының білімгерлерімен тағлымды кездесу өткізді. Жастар жылы аясындағы жылы жүздесуде қазақтың көрнекті ақыны газеттің облыстағы беделі туралы салиқалы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ басылымның бағыт-бағдары, халыққа қызықты топтамалар жайында ой қозғап, өзінің журналистика саласында жинаған тәжірибиелерімен бөлісті. «Қазақстан журналистикасы әлем деңгейінде алғанда жақсы дамып келе жатыр, тәуелсіздіктің одан әрі дамып, бүкіл әлемге танылған уақытта журналистиканың өрісі ерекше дамып отыр. Демек журналистика биіктеген сайын кадрларда өсу керек. Яғни,... |
| Толығырақ... Оқылды: 322 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 19.04.2019 |
Облыстық ішкі саясат басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесе ұйымдастыруымен «Workshop» аясында облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идиговпен кездесу өтті. |
| Журналистер үйінде өткен шараға І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің журналистика мамандығының 1-2 курс білімгерлері қатысты. Кездесу барысында Атсалим Саламұлы журналистиканың қыр-сыры және тіл туралы еркін әңгіме өрбітті. Журналист білімгерлерге қоғамда орын алып жатқан саяси мәселелерді қаузап, жастарға дұрыс бағдар көрсетті. -Көп оқып, іздену керек, халықты сүю керек, шындықты жазу керек. Жалқау болмай, бастаған ісің болса соның нәтижесіне жету керек,- деп Атсалим Саламұлы өз ойымен бөлісті. Қaзaқ тілін білмeйтін нeмece ocы тілдe caуaтcыз cөйлeйтін өcкeлeң ұpпaқтың жaғдaйы бізді aлaңдaтaды. Мұның бapлығы oлapдың бap уaқытын ғaлaмтopғa apнaп, eшкіммeн жaнды cөйлecпeйтіндігінің әcepінeн дeп білeмін. Eгep ocылaй жaлғaca бepeтін бoлca, мұның coңы pухaни құлдыpaуғa aлып кeлуі мүмкін. Мұның ceбeбін әpкім aлдымeн өзінeн іздeуі тиіc,- деді. Ұлттық мәдeни opтaлықтapдың құpылуының бac-қacындa бoлғaн Қaзaқcтaн хaлқы accaмблeяcының мүшecі, қacиeтті туғaн жepі мeн х... |
| Толығырақ... Оқылды: 316 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 17.04.2019 |
«Head Play» ойыны білгірлерді анықтады |
| Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері «Head Play» зияткерлік ойынына қатысты. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және ішкі саясат басқармасының ұйымдастырған ойын алаңында жергілікті мемлекеттік органдар қызметшілерінен құралған барлығы 18 топ болды. Қатысушыларға сәттілік тілегендепартамент басшысы Серікбай Нұрғисаев шараның негізгі мақсатына тоқталды. «Ойынның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, олардың интеллектуалдық деңгейін жетілдіру. Және билік құрылымдарының арасындағы байланысты нығайту, мемлекеттік қызметтің оң имиджін көтеру болып табылады»,- деді ол. Ойын барысында қызметшілер бір-бірінен асып түсуге тырысып бақты. Нәтижесінде, барлық топты жеңіп, өзгелерден оқ бойы озық көрінген «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы», «Табиғат» команда мүшелері I- орын... |
| Толығырақ... Оқылды: 268 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 12.04.2019 |
Адалдық, ашықтық, жауапкершілік, есеп берушілік - тек сөздер ғана емес. Бұл сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамның басты құндылықтары. |
| Қылмыстық шаралар маңызды, бірақ проблеманы түбегейлі шешуді қамтамасыз етпейді. Тіпті өлім жазасы шенеуніктердің пара алуын әлі де тоқтатпаған Қытайдың мысалы осыған дәлел. Бүкіл қоғамның ауқымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру - бұл ұзақ мерзімді процесс. Бірақ жеке деңгейде әрқайсымыз оны өте тез жасай аламыз. Ең бастысы - ниет пен ерік. Азаматтық қоғам анағұрлым ашық және белсендірек бола бастады. Мемлекеттік органдардың жанындағы қоғамдық кеңестермен бірге арнайы мониторингтік топтар мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға айтарлықтай үлес қосуда. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ыңғайлы фронт-кеңселері бар сервистік әкімдіктер ашылуда. Форматында 180-нен астам мемлекеттік мекеме жұмыс істейтін open space енгізілуде. Жақында ғана оны Шымкент қаласының әкімдігі де жасады. Кім біледі, мүмкін, бұл әкімдіктер үшін жаңа челлендждің басы болар. Біз әзірлеген «Digital Agen... |
| Толығырақ... Оқылды: 290 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 08.04.2019 |
Кәсіпкерлермен бейресми кездесу |
| Аудан әкімі Алмас Әділ «Атамекен» ҚР Ұлттық палатасының өңірлік өкілдерімен кездесті. Бұл кездесу ашық әрі бейресми форматта өтті. Сәуір айының 2-сі күні аудан орталығына өңірлік палатаның өкілдері келді. Атап айтсақ, кәсіпкерлер палатасының Алматы облысы бойынша кеңес төрайымы Римма Салықова, кеңес мүшелері Бақыт Шалбаев, Жанатбек Сарғалдақов, Алматы облысы бойынша әкімшілік кедергілерді азайту бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Әділет Сұлтанбек және аудандық кәсіркерлер қатысты. Өңірлік кеңес төрайымы Римма Салықова күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып, аудан әкімі Алмас Қабдулұлына бизнес өкілдерімен қолжетімді және етене жақын жұмыс істеу форматын қалыптастырғаны үшін алғысын білдірді. Өз кезегінде аудан басшысы аудандағы жетістіктер бизнестің қарқынды дамуымен тығыз байланысты екендігін және өнеркәсіп бойынша жоспарларымен бөлісті. «Өнеркәсіп саласы бойынша былтырғы жылы 17 млрд 133 млн теңгенің өнімін алдық. Осының барлы... |
| Толығырақ... Оқылды: 406 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 04.04.2019 |
ЖЫЛУ ДА, УЛЫ ГАЗ ДА ПЕШТЕН ШЫҒАДЫ |
| Жұма күні аудандық «Төтенше жағдайлар бөлімінің» ұйымдастыруымен аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу» тақырыбында брифинг өтті. Жиын барысында «Төтенше жағдайлар бөлімінің» бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қуаныш Абдураимов сөз алып, баяндама жасады: - Сіздерді бүгінгі брифингке аудан аумағында өрттердің жағдайы туралы және жылыту маусымы кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу бойынша өткізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстарын ақпараттандыру үшін шақырып отырмыз. Брифингті өткізудің мақсаты: жылыту маусымы кезеңінде көмірқышқыл газымен уланудың алдын-алу, сұйық және қатты отынмен жанатын пештерді қолдану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын тұрғындарға жеткізу. Көксу ауданының «Төтенше жағдайлар бөлімімен» аудан аумағында болып жатқан өрттермен байланысты жағдай жете талданды. Бөлім қызметкерлерімен өрттің ал... |
| Толығырақ... Оқылды: 374 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 20.03.2019 |
МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАПТЫ |
| Аудан мәслихатының кезектен тыс 44-ші сессиясының отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кененбаев, аудан мәслихатының депутаттары, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Амангелді Қалдыбек және бөлім, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – ауданның «2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» №40-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Осы жөнінде және ауылдық округтердің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы баяндама жасау үшін, сөз кезегі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Серік Нұрмұхамбетовқа берілді. - Құрметті депутаттар! 2019 жылға арналған аудан бюджеті туралы өткен Қоғамдық кеңесте айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Жалпы, әр функционалдық топтар бойынша қысқаша айтар болсақ, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 6-функционалдық топ бойынша ауданның жұмыспен қамту орталығының ақпараттық насихаттық жұмыстарын жүргізуге 19,0 мың теңге қарас... |
| Толығырақ... Оқылды: 386 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 20.03.2019 |
