СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА

АЛИМЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТУЫНДАУЫН БОЛДЫРМАЙТЫН – БАҚЫТТЫ ОТБАСЫН ҚҰРУДЫҢ ЖЕТІ ТӘСІЛІ

Бүгін Алматы облысының жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасы мен көтеріп отырған, шешімін іздеуді талап ететін мәселе, халықтың әлеуметтік осал топтарының - отбасы мүшелерінің алименттік қатынастарының мүдделерін қозғайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты - азаматтардың неке-отбасы қатынастары болып табылатыны белгілі. Дамудың қазіргі кезеңінде отбасы-әлеуметтік және рухани институт ретінде өзгерістерге ұшырады, тіпті отбасылық дағдарыс туралы айтуға болады. Заңды түрде бекітілмеген ажырасулар мен заңсыз өмір сүру саны өсуде. Неке заңды күші жоқ және тиісті құқықтық салдарлар туғызбайтын діни жоралар бойынша жасалады. Бір ата-анасы бар отбасылар мен некеден тыс туылған балалар көбейіп жатыр. Соңғы жылдары Қазақстанда, посткеңестік кеңістіктегі басқа республикалардағыдай, неке қию деңгейінің тұрақты төмендеуі және ажырасу санының артуы байқалады. 2019 жылғы бірінші тоқсанның статистикалық деректеріне сәйкес ҚР бойынша жасалған нек...
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 19.10.2020

«Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған»

Пошта – жазба хабарларды, хаттарды, басылымдарды, заттарды үздіксіз тасымалдайтын байланыс түрі. Сонымен қатар жергілікті халықтың мәдени-тұрмыстық мұқтаждығына қажет заттар жеткізу, бір ел ішінде және шетелдермен ақпарат алмасу мәселелерін қамтамасыз етеді. Поштаның тарихына тоқтала кететін болсақ, 1969 жылы Жапония мемлекетінің астанасы Токио қаласында өткен халықаралық конгресте 9- қазан «пошташылар күні» болып бекітілді. Бүгінгі күні арнайы дүниежүзілік пошташылар ұйымы бар және сол ұйымға 189 мемлекет мүше. Ал, қазақ жеріндегі поштаның дамуының өзіндік дара жолы бар. Өткен ғасырлардан хабарларды ресми түрде жеткізбей тұрып, әр жүздің өзінің хабар жеткізетін арнайы қызметкерлері болғаны бізге аян. Хронологиялық кестеге мән беретін болсақ, 1860 жылы Алматы қаласында алғаш «Қазпошта» ашылды. 1862 жылы Алматы қаласын Бішкек қаласымен қосқан бірінші телеграф желісі іске қосылып,1993 жылы пошта және электр байланыстары жеке бөлінді. Ал, 1995 жылдан баст...
Толығырақ... Оқылды: 89 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 08.10.2020

Ұстаз- ұлағатты есім

«Адамның адамгершілігі - жақсы ұстаздан басталады», - дейді дана Абай. «Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау», - дейді Ж.Ж.Руссо. Міне, осылай әр адамның ұстаздық туралы өз айтары бар. «Ағаш ағаштан мәуе алады, адам адамнан тәлім алады» демекші, өмірден ұстазсыз өтетін пенде кемде-кем шығар. Адам алғаш өмір есігін ашқаннан бастап-ақ, алысқа талпынып, алдымен ата-ананың, сосын мектептің, ондағы ұстаздардың жетекшілігімен өмір сүруді үйрене бастайды. Сан қилы кешірмелерді бастан өткізіп, өзі де біреулерге ақыл айтып, ұстаз болады. Бұл енді өмірдің бұзылмайтын заңдылығы. Ал соның ішінде ұрпақтарды ғылым-білімге, биік арманға баулитын мұғалімдердің орны тым ерекше. Әрбір ата- ананың өзінен кейін бауыр еті баласын сеніп тапсыратын жалғыз жан – ол мұғалім. Әрине, ата-анадан кейін де балаға өз баласындай күйініп, оның болашағына алаңдайтын және болашақта кемелді бір адам етіп шығару үшін, бар қажыр-қайратын салып еңбектенетін де тек м...
Толығырақ... Оқылды: 125 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 08.10.2020

Алматы облысында 2 111 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылған

Бүгінгі күні халыққа мемлекеттік қызметтің 694 түрі көрсетіледі. Оның ішінде 608-і электрондық қызметке жатады. Алматы облысында мемлекеттік қызметтің 383 түрі көрсетіледі, оның ішінде 333 электронды қызметке жатады. Ресми деректерге сүйентін болсақ, 2020 жылдың І жартыжылдығында Алматы облысы бойынша мемлекеттік органдар 3 860 250 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Қағаз түрінде-240 321, электронды түрде- 2 996 951, Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы – 412 349 қызмет халыққа ұсынылған. Ал, облыс орталығы Талдықорғанда қызмет көрсетушілер Мемлекеттік қызметтің 86 түрін көрсетеді, оның ішінде электрондық түрде 70, қағаз түрінде – 16 –ны құрайды. 2020 жылдың І жартыжылдығында Талдықорған қаласы бойынша мемлекеттік органдар барлығы - 28 206 оның ішінде қағаз түрінде – 367 электронды түрде - 19 386 Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы – 6 388 қызмет көрсеткен. Облыс бойынша 2 111 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы құрылды, 251 өзі...
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 02.10.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ. Мемлекеттің дамуына бармақ басты, бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешімді шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматт...
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 01.10.2020

1 ҚАЗАН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ

30 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Сол уақыттан бері бұл мереке атап өтіліп келеді. Асылында бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат - аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалады. Қазақ қариясын сыйлаған халық. Қарты бар үйдің қазынасы бар, - деген. Ақсақалдарды төрге шығарып, бата сұраған....
Толығырақ... Оқылды: 69 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 01.10.2020

РЕЗУЛЬТАТЫ АНТИКОРМОНИТОРИНГА ОРГТЕХНИКИ ДЛЯ ДИСТАНЦИОННОГО ОБУЧЕНИЯ

Антикоррупционный мониторинг сферы государственных закупок, осуществляемый Агентством, направлен на недопущение коррупционных проявлений и эффективное расходование бюджетных средств. Посредством прямой работы с администраторами бюджетных программ Антикоррупционной службой предотвращены нерациональные расходы государства порядка 7,7 млрд тенге, оптимизированы бюджеты 1,5 тысяч заказчиков на стадии планирования. Индикатором эффективности проводимой работы является обращение Министерства образования и науки о сопровождении закупа местными исполнительными органами компьютеров, ноутбуков и планшетов для дистанционного обучения школьников. Техника предназначается для временного пользования учащимися из социально уязвимых категорий. Из резерва Правительства на эти цели были выделены более 70 млрд тенге. В рамках общественного контроля в работу комиссий по распределению выделенных средств были включены представители региональных проектных офисов «Адалдық алаңы», специал...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 23.09.2020

Тіркелу науқаны: 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өзіңіздің емханаңызды таңдаңыз

Қазақстанда медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының (МСАК) тұратын аумағы шегінде еркін таңдау бойынша жыл сайынғы тіркелу науқаны басталады. Әрбір азамат екі ай ішінде – 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін тіркелу мүмкіндігіне ие болады. Дәрігерге тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылау үшін емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерде таңдау ұсынылады. Қажеттілік туындағанда, емхана дәрігерлері пациенттердің үйіне бара алатындай болуы қажет, бұл әсіресе пандемия кезінде өте маңызды. «Тіркелу науқаны кезінде МСАК ұйымына тіркелген азаматтар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек ала бастайды. Бұл ретте медициналық ұйым Қормен келер жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасасуы тиіс. Тіркелу науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар кескінінде халықтың таңдауын ескере оты...
Толығырақ... Оқылды: 52 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 14.09.2020

БүгінгІ Жолдау - ертеңге сенім!

Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің кезекті сессиясында елімізге жолдаған екінші «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Жолдауын ел болып, зор ықыласпен қабылдадық. Болашаққа бағдар жасап, келесі іс-әрекетімізді ел өркендеуінің өзекті мәселелерін шешу үшін қабылдау керектігін түсіндік. Президенттің жолдауы - мемлекеттің дағдарыстан кейінгі дамуының негізгі мақсаттарын, елдің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешу жолындағы батыл қадамы – ертеңгі күнімізге деген сенім. Жолдаудың алғы сөзінде Президент елге сенім білдіріп, қазіргі қиындықты бірге жеңіп, бірлігіміздің арқасында мақсатымызға жететінімізді айтып, табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпыұлттық ынтымақ пен өзара қолдаудың маңыздылығын атап көрсетті. Елге амандық тіледі. Баршамызға алғысын білдірді. Президент өз Жолдауында қоғамның ілгері дамуына кедергі болған жемқорлық, жер мәселесі, еліміздің халықаралық аренадағы экономикалық мүддесі, жергілікті өзі...
Толығырақ... Оқылды: 60 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 03.09.2020

Менингококты инфекция

Менингококты инфекция — түрлі клинкалық көріністермен сипатталатын симптомсыз бактерия тасымалдаушы, назофарингит (мұрын және жұтқыншақтың қабынуы), менингит (ми кабатының қабынуы) және менингококты сепсис (инфекцияның қанға енуі) түрінде өтетін жіті бактериалды инфекциялық ауру. Аурудың инфекция көзі кім болып табылады? Инфекция көзі ауру адам немесе бактерия тасымалдаушы. Көбінесе бактерия тасымалдаушылар қауіпті болып табылады (организмдерінде микробтар бар, бірақ өздері сырқаттанбайды), себебі оларда аурудың ешқандай клиникалық көріністері болмайды. Жұқпа қалай тарайды? Берілу жолы – ауа-тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде). Менингококк қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз. Микроб сау адамның ағзасына науқас адам немесе тасымалдаушымен ұзақ уақыт бойы қарым – қатынаста болғанда, тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді (жанында ұйықтағанда, бірге тамақтанғанда, оқығанда, тәрбиеленгенде). Жұққан сәттен бастап 1-10 күн аралығында сырқат пайда бола...
Толығырақ... Оқылды: 56 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 27.08.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.