СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА

БАСПАНА АЛУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ

Бәріңізге белгілі, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа Үндеуін жолдаған болатын. Онда ұлт көшбасшысы: «Бірден айтайын, бүгін айтылатын ұсыныстың бәрі – есеп-қисабы мұқият жасалған бағдарлама. Бұл – елдің игілігіне арналған ұтымды, сонымен қатар, оптимистік жоба. Мен, өркендеген Қазақстан ең алдымен, мемлекеті өзін қорғап, қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, өздеріне сенімді адамдар деп санаймын. Сол себепті, біз бүгін жаңа, ауқымды әлеуметтік жобаларға жол ашамыз», – деп мемлекеттің әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасауға дайын екендігін айтты. Оның ішінде халыққа қуаныш сыйлаған жағымды жаңалығы - бес әлеуметтік бастаманың біріншісі – әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру болды. Осы орайда, мемлекет басшысы «7-20-25» бағдарламасын ұсынды. Түсінгенімізше, бұл бағдарламаның негізі ипотекалық несиенің жыл...
Толығырақ... Оқылды: 331 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 14.03.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

Құрметті қазақстандықтар! Мен бүгін еліміз үшін маңызды шешім қабылдағалы отырмын. Өткен жылдардағы әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты болды. Бұл – әрине, жақсы кезең. Бірақ, бұл қазіргі уақыт талабы үшін жеткіліксіз. Мен ұсынған Үшінші жаңғыру және «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» құрылымдық реформаларды жедел жүзеге асыруға бағытталды. Бес институционалдық реформаның толық іске асырылуы шағын және орта бизнестің үлесін түбегейлі арттыруға және мемлекеттің экономикаға араласу үлесін төмендетуге, банктерді «тазартуға», соттарға және құқық қорғау жүйесіне деген сенімді арттыруға тиіс. Қабылданған заңдарға, Үкімет шешімдеріне қарамастан, экономиканың көптеген бағыттары бойынша оң өзгерістерге қол жеткізілмеді. Ішкі жалпы өнім негізінен шикізат ресурстары есебінен қамтамасыз етілді. Бірақ, Үкімет пен Ұлттық банк ел экономикасын сапалы дамытуға серпін беретін нақты құралдарды толыққанды жасап шығара алмады. Мемлекеттік б...
Толығырақ... Оқылды: 274 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 05.03.2019

Алматы облысында коммуналдық қызмет тарифтері төмендеді

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап,коммуналдық қызметтерді төмендету шаралары туралы әрбір тұтынушыға кеңінен түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстары басталған болатын. Сол мақсатта Алматы облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті - түбіртектерді, төлем құжаттарын алу және басқа да қоғамдық маңызы бар нарықтардың субьектілерімен тұтынушыларды хабардар етті, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Төмендетілген тариф төңірегінде кеңінен баяндайтын болсақ, олар: cумен жабдықтау, су тарту, электр энергиясы, жылумен және газбен қамтамасыз сияқты қызмет түрлерінде өзгеріс орын алды. Айталық, сумен жабдықтау кызметінің 2019 жылдың 1 қаңтарына дейінгі соммасы 67,6 теңгені болса, 1 қаңтардан бастап, ол көрсеткіш 9,3%-ға азаяды яғни, 61,37 теңгені құрайтын болады. Жылу бағасы қосымша құн салығымен есептегенде 1 гекокалориясына – 2771 теңгеден 2513 теңгеге азайып отыр. Ыстық судың 1 текше метрі 208 теңгеден – 186 теңге 78 тиынға аза...
Толығырақ... Оқылды: 258 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 28.02.2019

Қазақстан халқына ЦЭТТ не береді?

Цифрлық телехабар таратуға көшу бүкіл Қазақстан үшін маңызды оқиға болып табылады. Аналогты телехабар таратуды өшірудің халық үшін ең басты артықшылықтарының бірі, бұл – республиканың бүкіл халқына қолжетімді телеарналар санының көбеюі. Егер бұрын ең шалғай ауылдардың тұрғындары құлақтары бар үй антеннасының көмегімен 4-5 телеарна сигналын қабылдаған болса, енді цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу қорытындылары бойынша оларға 15 шақты телеарна қолжетімді болмақ. Бұл ретте барлық телеарналардың кескіні мен дыбысы цифрлық сапада және қандай да бір бөгет-бөгеуілдерсіз көрсетілетінін атап өткен дұрыс. Цифрлық эфирлік телехабар таратуға қосылу үшін абоненттерге аз ғана тырысса жетіп жатыр, біріншіден, олар өздерінің теледидары DVB-T2 стандартын қолдай ма, жоқ па, соны тексеріп алулары керек, теледидарлары қажетті стандартты қолдайтын жағдайда оларға дециметрлік антенна сатып алып, оны теледидарға жалғау ғана қалады. Егер теледидарлары DVB-T2 стандартын қолдамайтын болса, сап...
Толығырақ... Оқылды: 294 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 21.02.2019

Кербұлақ ауданының өнеркәсіп көлемі 100,8 пайызды көрсетті

Өткен жыл барша Кербұлақ ауданының тұрғындары үшін табысты жыл болып, экономикалық және әлеуметтік салаларында, бірқатар маңызды іс-шаралар атқарылды. 2018 жылды қорытындай келе экономиканың барлық салаларында өсім қарқыны тұрақты және табысты болды.Толығырық тоқтала өтсек, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 млрд 889 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,8 пайыз болды, -деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Кербұлақ ауданының әкімінің айтуынша, өңірде өнген жұмыстар легі көңіл көншітерліктей болған. Нақтырақ айтар болсақ, әлеуметтік-экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, кәсіпкерлік көкжиегін кеңейту, шағын және орта бизнесті дамыту және т.б тапсырмалар турасында жұмыстар атқарылған. «Өткен жылды қорытындылай келгенде, ауылшаруашылық өнімдері 33 млрд. 38 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,3 % болды. Ағымдағы жылдың есебіндегі 25 мың гектар алқапқа, күздік бидай себіліп, жоспар 100 пайызға орындалды. Бүгінгі таңда ауданда 8 ауылшаруашылығы коопе...
Толығырақ... Оқылды: 411 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 16.02.2019

КӨҢІЛДЕН ШЫҚҚАН КЕЗДЕСУ

«Қаңтарда күн қарға адым ұзарады» демекші, бір аптаға дерлік уақытқа созылған округтер және аудан әкімінің 2018 жылды қорытындылаған есептік кездесулердің соңғысы, яғни аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының есеп беру жиыны дәл ақпан айының бірінші жұлдызында аудандық Мәдениет үйінде өтті. Бұл есептік кездесуге Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов арнайы қатысты. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары, облыстық мекемелер басшылары мен аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қызметкерлері, ауданның мәслихат депутаттары мен ардагерлер ұйымы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Алдыменен, облыс басшысы ауданның тыныс-тіршілігінің бейнесін айшықтаған көрмені тамашалаған соң, ауданның мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырып өтті. Мінберге шыққан аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін айтып, биылғы...
Толығырақ... Оқылды: 411 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 08.02.2019

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының тегін медициналық көмек кепілді көлемі шеңберінде Алматы облысының медициналық ұйымдарын қаржыландыру

Қор медицина ұйымдарының медициналық қызметтерінің бірыңғай стратегиялық сатып алушысы болып табылады. Сатып алу конкурстық негізде жүзеге асырылғандықтан, бұл қорға тиісті ресурстармен қамтамасыз етілген және білікті көмек көрсететін тәжірибелі мамандарға ие ең жақсы мемлекеттік және жеке клиникаларды таңдауға мүмкіндік береді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Қарлығаш Құрманәлиеваның айтуынша облыстағы медициналық ұйымдарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 «Денсаулық сақтау қызметтерін төлеу ережесі» бекітілген бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалы 2019 жылы медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді көрсету үшін облыстың 84 медициналық ұйымымен келісім-шартқа отырды. Олардың 50 мемлекеттік және 34 жекеменшік медиц...
Толығырақ... Оқылды: 430 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 01.02.2019

Мемлекеттік қызметке қабылдану үшін, енді тек жоғарғы білім жеткіліксіз

Мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесіне ағымдағы жылы бірқатар өзгеріс енгізілді. Енді тестілеуде үміткердің білімі ғана емес, оның «құзыреттер» деп аталатын жеке қасиеттері де бағаланбақ- деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ләззат Бейсенқұлованың айтуынша, бүгінде мемлекеттік қызметке қабылдауда үш сатылы іріктеу жобасы оң нәтиже беріп, жүйе айтарлықтай жақсарған. – Енді осы жылдан бастап, үміткердің 8 дағдысы анықталады. Олар, бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау. Сондай-ақ, қаңтар айынан бастап қызметкерлердің 8 сағаттық жұмыс күнін сақтауын қадағалай бастадық. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сағат 18.30-да барлық ақпараттық жүйе мен компьютерлер өшірілуде, – дейді ол. Департамент басшысының орынбасары цифрлы...
Толығырақ... Оқылды: 259 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 22.01.2019

Жетісу облысы Көксу ауданының қоғамдық медиаторлар тізілімі

Жетісу облысы Көксу ауданының қоғамдық медиаторлар тізілімі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі №126 бұйрығына сәйкес Көксу ауданы бойынша қоғамдық медиаторлар реестрінде 10 медиатор тіркелген. Медиаторлар аудан аумағындағы ауылдық округтерде отбасылық және тұрмыстық дауларды реттеу мақсатында қызмет атқаруда.
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 01.01.1970
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.