СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА

Қызылша

Көксу ауданы бойынша 2019 жылы қызылша жұқпасының 3 жағдайы тіркелсе, 2020 жылдың 7 айында 4 жағдайы тіркелді. Қызылша – ауа тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру. Қызылша жұқпасымен балалар жиі ауырады, кейде ересектер арасында кездесіп, ауыр түрде өтеді. Көп адамдар қызылшаның бастапқы кезеңін тұмау, жедел респираторлық вирустық індет деп біліп, өздігінше ем қабылдай бастайды. Ал бөртпе шыққан кезеңде аллергиялық аурулармен жиі шатастырады. Қызылша ауруын морбилливирус вирусы қоздырады. Адам ағзасына түскен соң ең алдымен шырышты қабатты яғни көз, мұрын, ауыз қуысы мен тамақты зақымдайды. Кейін тері қабатына өтеді. Қызылша жұқпасы ауру адамнан жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде өзгелерге ауа арқылы жұқтырады. Негізгі белгілері: Қызылшаның бастапқы кезеңінде науқастың дене қызуы көтеріліп, мұрнынан су ағады. Сонымен қатар көзі іріңдеп (коньюнктивит), қатты жөтел дамуы мүмкін. Ұрттың ішін, қызыл иекті ақ дақ басады. Кішкентай балаларда іштің өтуі мүмкін. Ересек адамдар құсады,...
Толығырақ... Оқылды: 73 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 27.08.2020

Медиацияда жеңілген немесе жеңген жақ болмайды

Қазақтың билері – бүгінгі күннің судьялары. Билердің халық алдындағы беделі оларды халықтың мойындауымен артып отырған. Ал өзі сыйлаған, өзі дәріптеген әрі мойындаған адамның билігін ешкімнің бұзбайтыны өз кезегінде тәуелсіз әрі әділетті сот төрелігін жүзеге асыруға негіз болғаны даусыз. Билер халықтың сенімді өкілі, халықтың ары болып табылады. Олар қазақ құқығының басты жүктеушісі және мемлекеттің функцияларын іске асырушы бола отырып хандардың кеңесшісі болған. Бұрын қазақ қоғамындағы әділетті, туралықты іс жүзінде қамтамасыз еткен осы қазақтың билері еді. Олар тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бірегейі әрі дара тұлғалары- қазақтың үш жүзін біріктіре білген Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер ел арасындағы кез келген дауларды бітімгершілік жолымен шешіп отырған. Ал осындай дана шешімдер өз кезегінде халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтап отыруға шексіз үлес қосқан.Қазақ халқы үшін бітімгершілік- билік айт...
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 20.08.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев: Негізгі мақсат – жемқорлықты түбегейлі жою

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте Президент сыбайлас жемқорлық жағдайларының саны әлі де азаймай тұрғанын атап көрсетті. Бөлінген қаржы тиімді жұмсалуы қажет Ел Президенті Қ.Тоқаев алқалы жиында бірінші кезекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – еліміздің стратегиялық дамуындағы негізгі басымдықтардың бірі екенін айта келіп, аталған бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталды. – Бұл – менің берік ұстанымым және сайлауалды бағдарламада халыққа берген уәдем. Осы жұмыста ешқандай көзбояушылыққа, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерге жол берілмеуге тиіс.Талап қатаң болады. Былтырғы жиында біз нақты іс-қимыл жоспарын айқындадық. Бүгінде бірқатар мақсатты жүзеге асырдық. Қазақстан беделді халықаралық ГРЕКО ұйымына, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына мүше болды. Нормативтік актілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізу институтының жұмысы жаңғырды. Қол астын...
Толығырақ... Оқылды: 64 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 20.08.2020

Коронавируспен күрес нәтиже беруде

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында эпидемияға қарсы шараларды іске асыру барысы қаралды. Таралу қарқыны төмендеп келеді Қазақстанда осы індетпен ауырғандар саны 100 мыңға таяп қалды. Жалпы, еліміз бойынша өткен аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда ауру жұқтырғандардың тіркелу қарқыны 18 %-ға төмендеді. Денсаулық сақтау министрі А.Цой коронавирус инфекциясының расталған жағдайларының тәуліктік өсімі 1,2%-дан аспайтынын, бұл көрсеткіш күн сайын төмендеп келе жатқанын, ауруханалардың жүктемесі 36%-ға төмендегенін айтты. Инфекцияның репродуктивтілік динамикасы (бір науқастан ауруды жұқтырған адамдар саны бойынша) коронавирус инфекциясының расталған жағдайларын тіркеу негізінде есептеледі. Сол бойынша 23 шілдеден бастап инфекция таралуының тұрақты түрде төмендеу үрдісі байқалады. 4 тамыздағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 0,89 деңгейге дейін төмендеді. Демек, енгізілген карантиннің және жағдайды тұрақтандыру шараларының тиімділігі дәлелденуд...
Толығырақ... Оқылды: 133 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 06.08.2020

COVID-19: Әбігерге толы әлем

АҚШ-та 100 мың адам COVID-19-ға қарсы вакцина шығару үшін клиникалық тәжірибеден өтуге пейілді екенін білдірді. АҚШ Ұлттық аллергиялық және инфекциялық аурулар институтының директоры Энтони Фаучидің айтуынша, бүгінде 30 мың америкалық игілікті іске іріктеліп алынған. Алайда, зерттеу барысында әлі де ондаған мың ерікті қажет болуы мүмкін. * * * Новосібір мемлекеттік университетінің ғалымдары COVID-19-ды 40 секунд ішінде жоятын әдіс тапқанын хабарлады. Фотодинамикалық терапияда зерттеу жүргізген ғалымдар лазер қуатының аз мөлшерімен дәрілік фотосенсибилизаторлардың мардымсыз бөлігіне тәжірибе жүргізген уақытта, қас қағымда SARS-CoV-2 вирусты суспензиясының белсенділігі мүлде жойылған. Ғалымдар фотодинамикалық терапия көмегімен коронавирусты емдеуге болатынына көз жеткізгендерін айтады. Медицинада ФДТ саласында зерттеулер бұрын да нәтижелі болғанын айта кеткен жөн. Мәселен, АҚШ ғалымдары ағзадағы өзге жасушаларға кері әсерін тигізбестен, тек обыр жасушаларының көзін осы әдіспен құртқан...
Толығырақ... Оқылды: 61 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 30.07.2020

«Коронавирустан сақтайды»: Құйрық май ем бола ма, әлде шөп пе?

Соңғы кездері «коронавирустан емдейді» деген сөзді жиі еститін болдық. Әрине, әңгіме жаппай вакцина турасында емес. Оның үстіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаға адамдар тек 2021 жылдың бірінші жартысынан кейін ғана қол жеткізе бастайтынын айтқан болатын. Алайда, пандемия басталғалы бері ел арасында иттің, борсықтың майы, адыраспан, зімбір, ақжелкек сынды түрлі өсімдіктердің емдік қасиетінің коронавирус инфекциясымен байланысты ақпараттың тарауына не себеп? Саралап көрсек. Әлемнің бірқатар елін шарпып үлгерген коронавирус індеті Қазақстанда енді-енді анықтала бастаған кезде, халық инфекция жұқтырып алмас үшін жаппай сарымсақ пен пияз тұтына бастаған еді. Бұл табиғи антисептиктің микробқа қарсы қасиеттеріне қарамастан, коронавируспен күресте оның тиімділігі дәлелденбеген. Сарымсақ тұндырмасын тіпті сау адамның өзі күнделікті қабылдаса, гипертония немесе гипотензия (қан қысымының жоғарылауы/төмендеуі), жүрек тұсындағы ауы...
Толығырақ... Оқылды: 67 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 30.07.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді

Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты түйткілді мәселелер жөнінде кеңес өткізді. Премьер-Министр Асқар Мамин Президентке 5 шілдеден бастап елімізде қатаң карантин шаралары енгізілгеннен кейін індет жұқтырушылардың саны 29 пайызға төмендегенін баяндады. Бір күнде індет жұқтыратын адамдардың саны 1500-1600 аралығында тұрақтаған. Стационарлардағы емделушілердің қатары 43 пайызға, оның ішінде, реанимациялық палаталардағы науқастар саны 27 пайызға азайған. Сауығып шыққандардың саны 63 пайызға дейін өскен. Жедел-жәрдем шақыру жағдайы төмендеген. Осылайша денсаулық сақтау жүйесінің негізгі жүктеме көрсеткішін төмендетуге қол жеткізілген. Сонымен қатар Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа дертке шалдығу және адам өлімі, медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасы, халықтан тест сынамасын алу деңгейі, интенсивті терапия және реанимация палаталарының қажетті дәрі-дәрмектермен, медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі секілді негізгі көрсеткіштер бойынша өңірлерд...
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 30.07.2020

COVID-19 індетімен күрес: Екі апталық карантиннің нәтижесі қандай

Үкімет отырысында елдегі COVID-19 індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуалдың жай-күйі баяндалды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша елде індеттің таралу көрсеткішінің тұрақталғаны байқалады. Жұқтыру жағдайы тәулігіне шамамен 1 500-1 600 адамды құрап отыр. Министрдің сөзін Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Қарағанды, Ақтөбе облысының әкімдері растады. Әйтсе де арқаны кеңге салуға әлі тым ерте. Цой не дейді? Денсаулық сақтау министрінің айтуынша жүргізілген жедел шаралардың арқасында екі аптада біршама оң нәтижеге қол жеткізілген. Атап айтқанда, тәулігінде коронавирус жұқтыру өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға азайып, COVID-19 ауруынан жазылғандардың үлесі жалпы ауырғандардың 60 пайызына жеткен. Жедел жәрдем шақыру 23 пайызға төмендеп, провизорлық төсек-орындардың жүктемесі 20 пайызға, жансақтау бөлімінің жүктемесі 6 пайызға азайған. «Арнайы жүк порттарының тасымалын арттыру арқылы дәріханаларды дәрі-дәрмекке толтыру жұмысы жүріп жатыр. Өңірлерде арнайы тұрақтандыр...
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 23.07.2020

Пневмония мен коронавирус екі бөлек нәрсе

Пневмония мен коронавирус - екі бөлек нәрсе. Осы жолғы пневмонияның негізгі себебі – адамдар иммунитетінің төмендеп кетуі. Оған қоса, 1-2 ай халық даладағы ауаны жатырқап қалды, үй жағдайына үйреніп алды. Кейбір қалада ауаның дымқылдығы артып кеткен. Бұл - табиғаттың өзгерісі. Өкпе дымқыл ауаны көп қабылдаса, тез суықтайды. Оған ауадағы микроб қосылады, - дейді дәрігерлер. Сыртқа шықсақ, «қашан вирус келе қалады», «мен ауырып қалсам, не болады?» деген үйреймен жүреміз. Үрейленген адамдарда улы гормон бөлінеді. Ол гормон көп бөлінсе, иммунитет төмендейді. Үрейлене берсе, обырға шалдығады. Дәстүрлі медицина, ұлттық медицинаның негізгі теориясы дұрыс. Тән, жан және өкпені емдеу. Мұны толық пайдаланбай жатырмыз. Сол себепті осы ауру көбейіп кетті. Бұл вирус кәдімгі тұмаудың симптомына ұқсас келеді. Тек бұлардың аяқ-қолы мұздап жатқан жоқ. Өкпесі шаншиды. Жаңа пневмонияның ерекшелігі адамдарды тез әкетіп жатыр. Оған медицина мамандары емес, мекемелер емес, хал...
Толығырақ... Оқылды: 63 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 16.07.2020

Коронавирус (әңгіме)

Академик Қалтай Қарабалин аяқ астынан ауырып қалды. Ол көп шәкірт тәрбиелеген белгілі микробиолог еді. Дене қызуы көтеріліп, бойы ауыр тартты. Тамақ жұтуы қиындады. Тоқсанға келген жасы бар. Кемпірі жедел-жәрдем шақырды. Дәрігерлер келді де Қалтайдың ыстығын өлшеді. Ыстығы 38-ден асты. Бұл дәрігерлерді аяқ астынан әбігерге түсірді. 5-10 минут өтпей Төтенше жағдай қызметкерлері де келіп жетті. Дезинфекция жасалды. Бәрінің беттерінде маска бар. Шұғыл түрде қан алып, «тергей» бастады. -Үйге кім келді, кім кетті? Шетелге барып келген ешкім жоқ па? Сұрақ үстіне сұрақ қойылып жатыр. -Шырақтарым, қорықпаңдар, менің өзім де дәрігермін, ангинам бар еді. Сол ғой ыстығымды көтерген, - деді Қалтай дәрігер мен Төтенше жағдай қызметкерлеріне. – Неменеге қару асынып жүрсіңдер? Бұл сендер ойлаған коронавирус емес... -Сонда не? -Бұл іріңді ангина. Кемпірдің айқайына қарамай тоңазытқыштан алып айран ішіп едім. Өзіме де обал жоқ. Басқа түк те емес. -Жоқ, академик болсаңыз, академ...
Толығырақ... Оқылды: 85 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 09.07.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.