Жаңалықтар

Жетісу облысында балық аулауға тыйым салу мерзімдері жарияланды

Жетісу облысында көктемгі уылдырық шашу кезеңіне байланысты балық аулауға уақытша тыйым салу тәртібі мен мерзімдері туралы баспасөз мәслихаты өтті. Шара барысында Балқаш-Алакөл бассейніндегі су айдындарында балық ресурстарын сақтау бойынша қабылданған шаралар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Балық ресурстарының табиғи көбеюіне қолайлы жағдай жасау мақсатында жыл сайын көктем мезгілінде уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынады. 2025 жылы келесі мерзімдерде балық аулауға тыйым салынады: • Іле өзенінің жоғарғы ағысында (Шарын өзенінің сағасынан ҚХР шекарасына дейін) – 25 наурыздан 5 шілдеге дейін. • Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендері мен Балқаш көліне құятын басқа да өзендерде – 15 сәуірден 1 маусымға дейін. • Балқаш көлінің өзінде – 25 сәуірден 10 маусымға дейін. • Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдері және олармен байланысты өзендер мен шығанақтарда – 25 сәуірден 16 маусымға дейін. Заңға сәйкес, табиғи-климаттық жағдайл...
Толығырақ... Оқылды: 79 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.04.2025

Жетісу облысында гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларды қолдау жобасы басталды

«Жетісу өңірінің ауылдық аймақтарында гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларды қолдауды күшейту» атты әлеуметтік жоба өз мәресіне жетті. Аталған жоба «Zhetysu Global» қоғамдық қоры тарапынан, Францияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен іске асырылды. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендерде тұратын әйелдер мен жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және тиімді көмек көрсету жүйесін қалыптастыру. Нәтижесінде екі кеңес беру орталығы ашылды – бірі Талдықорғанда, екіншісі Кербұлақ ауданында. Бұл орталықтарда зорлық-зомбылыққа ұшыраған азаматтарға ақысыз заңгерлік және психологиялық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, халықаралық «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқаны аясында Балпық би кенті мен Қарабұлақ ауылында ақпараттық іс-шара өтті. Оған әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелерімен айналысатын жергілікті полиция бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Аталған жоба Жетісу облысының ауы...
Толығырақ... Оқылды: 78 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 24.04.2025

«Ұлттық кітап күніне» орай «Кітап – мәңгілік мұра» атты кітап жәрмеңкесі өтті

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап – мәңгілік мұра» атты кітап жәрмеңкесі өтті. Бұл мәдени іс-шараның басты мақсаты – әдеби оқылымдардың мәртебесін көтеру, қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру және Жетісу өңіріндегі қаламгерлердің шығармашылығын кеңінен насихаттау. Шара аясында ел назарын аударған маңызды сәттердің бірі – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбайдың жәрмеңкеге арнайы қатысуы болды. Ол алдымен кітапхана жанындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы бөліммен танысып, бұл бағыттағы жұмыстарға жоғары баға берді. Кейіннен Мәлік Нұржанұлы «Жетісудың рухани қазынасы» атты кітап көрмесін тамашалап, өңір әдебиетінің өркендеп келе жатқанын атап өтті. Ел ертеңін парасат пен пайым арқылы көркейтуді мақсат еткен бұл бастамалар – мәдениет пен руханияттың мәңгілік маңызын айқындай түсетініне сені...
Толығырақ... Оқылды: 97 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.04.2025

Тарихтан тағылым - ерлікке тағзым

Тарихтан тағылым - ерлікке тағзым Қоғамымыздың дамуы үшін аянбай еңбек еткен Ұлы Отан Соғысының майданында болып, соғыстың қатерлі күндерінен өткен, қиындықтардың азабын шеккен, барлық кедергілерді жеңе білген, соғысқада қатысып, еңбекпенде ер атанған, жастардың рухыни жетекшісі бола білген Молдабергенов Қаймолданың өмір жолы өнегеге тұрарлық. Қаймолда Молдабергеновтың еліне, жеріне сіңірген ерең еңбегі, атқарған қызметі, Отанына деген деген сүйіспеншілігін, бүгінгі ұрпаққа қалдырған еңбегінің нәтижесін, өмірінің өнегелі тұстарын баяндау, еске түсіру сәті, Жеңістің 80 жылдығына және Талдықорған қант комбинатының іске қосылуының 90 жылдығына орай келіп тұр. Қаймолда жеңіл өнеркәсіп саласында Жетісуда қант қызылшасын өсіру, оны өңдеу, одан қант шығару өндірісінің маманы. 30 жыл өзі негізін қалаған Талдықорған қант комбинатының директоры болған тұлға. Молдабергенов Қаймолда Көксу ауданы, Кеңарал ауылында 1908 жылы өмірге келген. Әкесі Молдабергеннен, анасы Тұнықтан 5 ұ...
Толығырақ... Оқылды: 98 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.04.2025

Жетісу облысында жаңа оқу жылына шамамен 12 мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарланып отыр

Бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталды. Қабылдау 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Бұл туралы Жетісу облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Қасымов мәлімдеді. Оқушыларды мектепке қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Құжаттарды электронды egov.kz арқылы және қағаз жүзінде беруге болады. 1 сыныпқа алты жасар және биыл 6-ға толатын балалар қабылданады. Мектепке қабылдау мектептердің сыйымдылығына қарай жүргізіледі. Өтініш демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Атап өтейік, Жетісу облысында 2025-2026 оқу жылына шамамен 12 мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарланып отыр. Бүгінгі күні облыс бойынша 5656 баланың құжаттары қабылданды.
Толығырақ... Оқылды: 95 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.04.2025

«Антиконтрафакт» республикалық акциясы басталды

Жетісу облысының Әділет департаменті 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында өтетін «Антиконтрафакт» республикалық акциясының басталғанын хабарлайды. Акцияның мақсаты – зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және контрафакт өнімдерінің таралуы туралы халықтың хабардарлығын арттыру. Акция аясында 10-25 сәуір аралығында «Бірге контрафактіге қарсымыз» атты үздік фотосуретке арналған республикалық конкурстың аймақтық кезеңі өтеді. Аталған конкурсқа қатысушылар ретінде 14-18 жастағы жасөспірімдер қамтылған. Конкурс екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аймақтық. 25 сәуірге дейін жұмыстарды комиссия өкілдері қарап, бір үздік фотосурет (конкурстың тақырыбына сәйкес келетін фото) ҚР Әділет министрлігіне жіберіледі. Екінші кезең – республикалық. Жеңімпаздарды іріктеу бойынша қорытынды кезең 10 мамырда өтеді. Қатысушылар тұрғылықты жері бойынша Әділет департаментіне жасөспірімнің туу туралы куәлігі, жеке куәлігінің көшірмесін қоса бере отырып, өтінімді және...
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.04.2025

Нашақорлық қоғам дерті

2025 жылдың 31 наурыз күні нашақорлықпенесірткібизнесініңалдын-алужәнеоғанқарсыіс-қимылжөніндегіжұмыстыүйлестіружөніндегіЖетісуоблысыныңөңірлікведомствоаралықштабының1-шіотырысыөткізілді. ​​Штаботырысынаоблыстыңведомствоаралықкомиссиямүшелері,мемлекеттікоргандардыңбасшылары,басқармабасшыларыжәнеаудан,қалаәкімдерініңорынбасарларықатысты.​ ​Отырыстың күн тәртібінде2024 жылдың қорытындысы бойынша профилактика және ақпараттық түсіндіру жұмыстары туралыжәне 2025 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысын қорытындылау – наркологиялық қызметті талдау, проблемалық мәселелерталқылау;​​Нашақорлықтан ең көп зардап шеккен аудандарды, қалаларды анықтап, қосымша профилактикалық және жедел іс-шараларды жоспарлау. Жекелеген аудандарда, қалаларда есірткі жағдайының өзгеруіне тұрақты мониторингті ұйымдастыру туралы;​ Көшелерде және қоғамдық орындарда есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы орналастыра отырып, азаматтардың(оның ішінде оқушыларда, қолайсыз отбасылардан шыққан жасөспірімдер...
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.04.2025

Экофестиваль қорытындысы: экологиялық бастамаларға әрбір үшінші қазақстандық қатысты

2025 жылғы 21 сәуірде Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен экофестиваль өтті, оның аясында инновациялық экологиялық жобалар мен стартаптарды көрсету үшін көрме және интерактивті аймақтар ұйымдастырылды. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша «Қалдықтардың екінші өмірі» атты 7 көрме аймағы құрылды. Мысалы, Kazstonebox жобасы экологиялық және суға төзімді материал – тас қағаздан жиһаз бен қалдықтарды бөліп жинауға арналған контейнерлер шығарады. Бұл өнімдер төзімді, ылғалдан қорықпайды, бастысы ағаш пен пластикке экологиялық таза балама бола отырып, толығымен қайта өңделеді. Technic Destroy литий-ионды батареяларды қайта өңдейді және ондағы бағалы металдарды (литий, кобальт, мыс) өндіріске қайтарады. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтып қана қоймай, шикізат импортына тәуелділікті азайтады. «Жасыл технологиялар» бағыты бойынша Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы 9 аймақ ұйымдастырды. TabQorTech - ормандарды бақылау...
Толығырақ... Оқылды: 84 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.04.2025

«Жүрек жады» патриоттық акциясы

Жеңістің 80 жылдығына орай Текелі қалалық кітапханасының №2 филиалында «Жүрек жады» атты патриоттық акция өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихын таныту, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу, оларға ерлік пен батырлықтың мәнін ұғындыру. Кітапханашылар Нұрсәуле Махамбетова мен Әсел Байділдаева алдымен оқушыларға Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы, қан майдандағы ата-бабаларымыз көрсеткен ерліктің үлгісі, тылдағы еңбеккерлердің жеңісті жақындатуға қосқан үлесі жайлы баяндап, сұрақ-жауап сайысына көшті. Патриоттық акция барысында 20 сұраққа жауап берген ұл-қыздар Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Қасым Қайсенов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерлік жолы жайлы тереңірек біле түсті. «Отан үшін отқа түскен батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы тарихи деректер, көркем шығармалар, деректі, көркем фильмдер көп. Сол ерлік рухты жаңғыртып, естеліктерді сақтау, бе...
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.04.2025

Жүректегі естеліктер жаңғырды

Жеңістің 80 жылдығына орай Текелі қалалық кітапханасының №2 филиалында «Жүректегі естеліктер» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған тағылымды іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихын таныту, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу, оларға ерлік пен батырлықтың мәнін ұғындыру. Кітапханашылар Нұрсәуле Махамбетова мен Әсел Байділдаева алдымен оқушыларға Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы, қан майдандағы ата-бабаларымыз көрсеткен ерліктің үлгісі, тылдағы еңбеккерлердің жеңісті жақындатуға қосқан үлесі жайлы баяндап, сұрақ-жауап сайысына көшті. «Жүректегі естеліктер» деп айдар тағылған 20 сұраққа жауап берген ұл-қыздар Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Қасым Қайсенов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерлік жолы жайлы тереңірек біле түсті. «Отан үшін отқа түскен батырлардың жауынгерлік ерліктері туралы тарихи деректер, көркем шығармалар, деректі...
Толығырақ... Оқылды: 61 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.04.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.