Жаңалықтар

Жетісу облысында жастар және отбасы саясаты дамуда

Жетісу облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында жастар бастамаларын қолдауға 10 грант бөлінді. Бағыттары: ғылым, мәдениет, IT, бизнес және медиа. Өңірде отбасылық саясат белсенді түрде дамуда. Қыркүйек айында Отбасы күніне арналған 76 іс-шара өткізілді, оған 43 мыңнан астам адам қатысты. «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңіне 30 отбасы қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды. 2024 жылы жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған 2789 іс-шара өткізіліп, шамамен 173 мың адам қамтылды. Сондай-ақ, өткен жылы мемлекеттік тапсырыс аясында жастар саясатын жүзеге асыру үшін 8 жоба іске асырылды. Олардың ішінде волонтерлікті қолдау, нашақорлықтың алдын алу, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту және «Жасыл ел» штабының ұйымдастырылуы бар.
Толығырақ... Оқылды: 113 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.02.2025

Жетісу облысында су басу қаупі бар 47 елді мекен анықталды

Бүгінгі таңда облыс аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты. «Қазгидромет» алдын ала болжамына сәйкес, су басу қаупі жоғары аймақтарға Алакөл, Ескелді, Кербұлақ және Көксу аудандары жатқызылған. 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындық аясында 2024 жылы 34 іс-шара жүргізілді. Сонымен қатар, 6-7 ақпан күндері «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында облыс аумағында алты өзеннің арнасын бекіту және үш су ағызу каналының тазарту жұмыстары жүргізілді. «Жалпы, облыс бойынша су басу қаупі жоғары 47 елді мекен анықталды. Оның ішінде 43 елді мекенде дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында су басу қаупі барынша төмендетілді, ал қалған 4 елді мекенде жұмыстар белгіленген мерзімге сәйкес жүргізілуде», – деді Қалдыбек Төлеуұлы.
Толығырақ... Оқылды: 89 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.02.2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жетісулықтардың жеңіс тарихы» атты жинағы жарық көрмек

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай облыс әкімінің қолдауымен, Жетісу облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Жетісулықтардың жеңіс тарихы» атты жинақ дайындалуда. Кітаптың 1000 данадан аса нұсқасын шығару жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінтің ақпараттық алаңында мәлім болды. 2024 жылдың қараша айынан бастап жинаққа қатысты құжаттар зерттеліп, жинақтау жұмыстары басталды. Басқарма басшысының бұйрығымен архив қызметкерлері қаңтар айында Алматы қаласындағы Республикалық мемлекеттік архиві, Ғылыми-техникалық құжаттар архиві, Кино-фото және дыбыс құжаттары архиві және Алматы облысының мемлекеттік архивтерінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 323 құжаттар мен фотоқұжаттар алып келініп, жинақтың сұлбасы әзірленіп жатыр. Атап өтейік, бүгінде елді мекендердегі майдангерлердің ұрпақтарынан 58 азамат облыстық архивке келіп құжаттарын тапсырды. Бұл құжаттар бойынша зерделеніп, жинаққа енгізу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар...
Толығырақ... Оқылды: 163 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.02.2025

Жетісуда «Мизам» әдебиет мектебі құрылды

Жетісу өңіріндегі шығармашыл жастардың шабытын шыңдау мақсатында еліміздегі тұңғыш авторлық жоба – әдебиет мектебі құрылды. Оның басты мақсаты: Жетісу облысында ақындық мектеп қалыптастыру, жастарды ақындық өнерге баулу, жазба ақындардың талантын ашып, шығармашылыққа шабыт беру. Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсету. Жас ақындардың шығармашылығының шындалуына және әдеби ортада танылуына жол ашу. Өңір әдебиетінде жаңа есімдерді қалыптастыру. Өнер мектебіне Жетісу облысының шығармашылыққа қызығушылығы бар 6-10 сынып аралығындағы оқушылары қатыса алады. Әдеби мектептің форматы: жылжымалы. Яғни, мұнда ауылдағы әдебиетке әуес оқушылар ақын-жазушыларды өңірдегі танымал қаламгерлер өздері іздеп барып, оқытады. Жылжымалы мектеп облыстың әр аудан орталығында/қалада 1 апта сабақ өткізеді. Әдебиет мектебі шығармашылықтың жеті бағыты бойынша жұмыс істейді. 2 лектор «Оқу әдебі» және «Жазу мәнері» сабағынан дәріс өткізеді. Оқу әдебінен – ҚР Мәдениет қ...
Толығырақ... Оқылды: 155 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.02.2025

Жетісу облысындағы экологиялық жағдай: ластауыш заттардың көлемі азайды

Жетісу облысында қоршаған ортаны қорғау бағытында оң динамика байқалды. Өткен жылы ауаны ластаушы заттардың шығарындылары 13,3 мың тоннаға жетіп, бекітілген жылдық лимиттен айтарлықтай төмен болған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Жыл басынан бері Экология департаменті тарапынан 48 нысанға бармай тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 13 объектіде заңбұзушылықтар анықталды. Барлық тексерулер қорытындысы бойынша 35 нұсқама беріліп, оның 20-сы орындалды. Сондай-ақ, азаматтар мен кәсіпорындардың шағымдары негізінде 3,1 млн теңге айыппұл салынды. Рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды. Жыл басынан бері ғарыштық мониторинг арқылы 243 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, оның 229-ы жойылды. Сонымен қатар, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 7 ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімдерінің орынбасарларына жалпы 664 560 теңге көлемінде айыппұл салынды. 2025 жылға Жетісу облысының жергіліктің бюджетінен 29 су объектісіне, су қорғау аймақтары...
Толығырақ... Оқылды: 146 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.02.2025

Маңызы бар инфрақұрылымдық жоба

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпір – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық жоба. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып, өңір тұрғындарының көпжылдық көлік қатынасы мәселесін түбегейлі шешті. Көпірдің ашылуы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, өңірдің экономикалық дамуына да үлкен серпін берді. Бұрынғыдай ұзақ айналма жол жүріп, уақыт пен қаражат жоғалтудың қажеттілігі жоқ. Енді көлік қатынасы үздіксіз әрі қауіпсіз болып, тауар айналымы мен кәсіпкерлік қызмет жандана түсті. Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадам. Жобаның жоғары инженерлік стандарттарға сай жүзеге асырылуы – еліміздің инфрақұрылымдық дамудағы жаңа деңгейге көтерілгенінің айқын дәлелі. Бұқтырма көпірі – жай ғана көлік дәлізі емес, ол – қауіпсіздіктің, тиімділіктің және өңірлік дамудың символы. Осындай ауқымды жобалардың жүзеге асырылуы – еліміздің әлеуметтік-экономика...
Толығырақ... Оқылды: 124 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.02.2025

ЖЕТІСУДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ БҰЗЫЛУЫ ЖОЙЫЛДЫ

ҚазақстанРеспубликасыБәсекелестіктіқорғаужәнедамытуагенттігініңЖетісуоблысыбойыншадепартаменті(бұданәрі-Департамент)«Жастар»спорт клубы»МКҚК,ЖетісуоблысыныңденешынықтыружәнеспортбасқармасыжәнеТалдықорғанқаласыныңтіркеужәнежеркадастрыбөлімінеНұсқамаларшығарып,монополияғақарсызаңнаманыңбұзушылықтарынжойды. Тексерубарысында«Жастар»спортклубыныңЖарғысынамонополияғақарсыорганменкелісілмегенқызметтүрлеріенгізілгеніанықталды.Жарғыныденешынықтыружәнеспортбасқармасыбекітіп,Тіркеужәнежеркадастрыбөліміндеқайтатіркеуденөткен,алайдаспортклубтарыменкомандаларқызметінжүргізугемонополияғақарсыорганныңкелісіміболмаған. ҚРКәсіпкерліккодексінежәне«Заңдытұлғалардымемлекеттіктіркеутуралы»ҚРЗаңынасәйкесмемлекеттіккәсіпорындармонополияғақарсыорганныңкелісімінсізқызметтүрлерінөзгертенемесекеңейтеалмайды,сондай-аққайтатіркеуденөтеалмайды. Бүгінгікүніанықталғанбұзушылықтаржойылды,ДепартаменттіңНұсқамаларыорындалды.
Толығырақ... Оқылды: 114 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.02.2025

Жетісу облысында «Робот-сот орындаушы» жобасының нәтижесінде 24 млн теңге үнемделді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту қарқынды жүзеге асырылуда. Әділет министрлігі «Digital Justice» жобалары аясында халыққа заң көмегін көрсету сапасын арттыру үшін бірқатар жаңа сервистерді енгізді. Қазіргі уақытта «E-ZanKomegi» жүйесі арқылы азаматтар онлайн режимде құқықтық кеңес ала алады. Сонымен қатар, «Zan Komegi» мобильді қосымшасы негізінде жасанды интеллект элементтері бар чат-бот әзірленуде. Бұл жаңашылдықтар халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң қызметтерін барынша қолжетімді етеді. Атқарушылық іс жүргізу саласында да автоматтандырылған шешімдер енгізілуде. «Робот-сот орындаушы» жобасының нәтижесінде Жетісу облысында соңғы төрт айда 24 млн теңге үнемделді. Жоба борышкерлерге SMS және push-хабарламалар арқылы ескерту жібереді, ал қарызды өтеу процесі толығымен онлайн режимде жүргізіледі. Нотариат саласында да өзгерістер бар. Сенімхат...
Толығырақ... Оқылды: 140 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.02.2025

Талдықорғанда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «E-zhetysu QR» жүйесі қосылды

Талдықорған қаласында білім беру саласындағы ашықтықты арттыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында «E-zhetysu QR» жүйесі іске қосылды. Алдағы уақытта жоба Жетісу облысының барлық аумағында кеңейтілетін болады. Бұл жүйе білім беру ұйымдарында балалардың келуін есепке алу үшін арналған. Қазіргі уақытта ол қаладағы мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын 16 мемлекеттік және 48 жеке меншік балабақшаға енгізілді. Сонымен қатар, жүйенің функционалын кеңейту аясында мектепке дейінгі мекемелерде тамақтану есебін автоматтандыру жоспарлануда. Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жүйе ҚР Оқу-ағарту министрлігінің № 372 бұйрығына сәйкес Қаржы орталығымен интеграциялануда. Бұл мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою, балаларды қабылдау және мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үдерістерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, осы бұйрыққа сәйкес, Жетісу облысында биылғы наурыз айын...
Толығырақ... Оқылды: 138 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.02.2025

Су тасқыны қауіпсіздігі

Бұқаралық ақпарат құралдарында Су тасқыны мәселелері бойынша ақпараттық жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл басынан бастап өңірлік мерзімді баспа басылымдарда, интернет ресурстарда, әлеуметтік желілерде30-дан асаақпараттық материал жарияланды. «Жетісу» телеарнасынан3сюжет көрсетілді. Сонымен қатар, ақпан айының 6-7 күндері ұйымдастырылған«Көктем – 2025» су тасқыны қаупі кезеңіне дайындық оқу-жаттығулары жан-жақты ақпараттандырылды. Баспа басылымдарында «Жетісудағы эвакуациялық пункттер ТЖ жағдайында қалай әрекет етеді» тақырыбында жарияланған мақалада, ТЖД қызметкерлері төтенше жағдай кезіндегі, оның ішінде су тасқыны болған жағдайда іс-қимыл алгоритмі туралы түсіндірді. Халықты қорғаудағы негізгі элементтердің бірі зардап шеккендерді қабылдау пункттері, апат аймағынан эвакуацияланғандарға тамақтану, медициналық және психологиялық көмек туралы ақпарат толыққамтылған.
Толығырақ... Оқылды: 150 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.02.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.