Жаңалықтар
Фракция отырысы өтті |
Ағымдағы жылдың 3 қазан күні «Nur Otan» партиясының Көксу аудандық филиалында депутаттық фракция отырысы өтті. Отырысқа облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Ғалиасқар Сарыбаев, аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Алмас Әділ, Көксу аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов және аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Күн тәртібінде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Жиын барысында аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында аудан көлемінде атқарылған бірқатар жұмыстармен таныстырды, - «Ағымдағы жылдың 9 айында Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 57108 қызмет көрсетілді, оның ішінде 50835 немесе 89 пайыз қызмет электронды форматта көрсетілді. 2018 жылы аталған көрсеткіш 75 пайызды құраған болатын. Қазақстан Республикасының Президе... |
Толығырақ... Оқылды: 371 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.10.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 қазан |
Бүгін Халықаралық ботқа күні. Ботқа мерекесі алғаш рет Ұлыбританияда тойлана бастаған деген сыбыс бар, себебі ағылшындардың сұлы жармасына деген сүйіспеншілігі ерекше. Бұл дәстүр біртіндеп бүкіл дүниежүзіне таралды, жыл сайын 11 қазанда түрлі елдердің дәмханалары мен мейрамханаларында дәнді дақылдардан дәмді тағам пісіріледі. Осы күні ботқа пісіруден турнирлер мен чемпионаттар ұйымдастырылады, онда тәжірибелі аспаздар жарысқа түседі. Ирландия, Шотландия, Эстония, Франция және АҚШ-та бидай өнімдеріне арналған тақырыптық викториналар өткізіледі, онда ән, өлең және мақал-мәтелді қаншалықты жақсы білетініңіз белгілі болады. Ботқа күні— дәстүрлі орыс тағамымен байланысты рәсімдердің бар екенін еске түсіретін керемет мүмкіндік. Біздің ата-бабаларымыз астық жинау науқанының аяқталғанын жәрмеңкелермен, мерекелер және халықтық фестивальдермен атап өткен. Астық жинап, қамбаны дәнді дақылдармен толтырғаннан кейін шаруалар ботқа, қой және шошқа еті, балық, жұмыртқа, саңырауқұлақ және жемі... |
Толығырақ... Оқылды: 292 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 11.10.2019 |
Қарасай батырға еңселі ескеркіш қойылды |
Қарасай ауданының 90 жылдығын мерекелеу аясында Қаскелең қаласындағы орталық алаңға даңқты Қарасай батырдың 11 метрлік еңселі ескерткіші тұрғызылды. Ескерткіш жергілікті меценаттар мен кәсіпкерлердің қолдауымен жасалды. Оның ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов қатысты. Аудан тұрғындары мен қонақтарын құттықтаған облыс әкімі А. Баталов: - Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты бағдарламалық мақаласы шеңберінде облыста тарихи құндылықтарымызды сақтауға, ұлы тұлғаларымыздың есімін құрметтеуге бағытталған ауқымды шаралар атқарылуда. Бүгін, міне, Қарасай ауданының 90 жылдығына орай аты аңызға айналған қаһарман Қарасай батырға арнап ескерткіш ашып отырмыз. Бұл кейінгі жастарды елжандылыққа тәбиелеуге қосылған үлкен үлес деп білеміз, - деді өз сөзінде. Мұнан соң олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіров және аудан тұрғындары мен қонақтары мерейлі мерекемен көпшілікті құттықтап, ауданда жасалып жатқан игі істерді, соның ішінде Қара... |
Толығырақ... Оқылды: 403 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.10.2019 |
Алматы облысында «Орбұлақ» шайқасының тарихи клубы құрылды |
Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасы халықтың тарихи санасын жаңғырту үшін өте маңызды. ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» жалпы ұлттық клубын құру ұсынылған. Осы мақсатта Талдықорған қаласындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жанынан «Орбұлақ шайқасының тарихи клубы» құрылды. Клуб мақсаты-халқымыздың көп ғасырлық мәдени-тарихи мұрасын жандандыруға және тарихымызға деген жағымды көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Жалпы ұлттық клубы түрлі фестивальдер өткізу, тарихи естелікті сақтауға жаңа серпін бермек. Сонымен қатар, тарихшылар, археологтар, қолөнершілер, реконструкторлар мен түрлі қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыстар жүргізеді. Клубтың алғашқы отырысына зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен жас мамандар қатысты. Жиында алғаш болып сөз алған «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін «Орбұлақ» шайқасының отандық... |
Толығырақ... Оқылды: 289 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.10.2019 |
ӘМСҚ КеАҚ Алматы облысы бойынша филиалының медициналық қызметтер сапасына мониторинг жүргізу бөлімінің 2019 жылдың 9 айының жұмысы |
2019 жылдың басынан бастап бөлім мамандары келісімшарттық міндеттемелер аясында медициналық ұйымдарға бару арқылы тұрақты негізде мониторинг жүргізіп келеді, медициналық қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Алматы облысында қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту түрі бойынша мониторинг жүргізілді. Мүгедектердің жағдайын жақсарту Қазақстан Республикасының әлеуметтік қызметі үшін ерекше маңызға ие.(«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Халық денсаулығы және 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 52-бабының 4-тармағы). денсаулық сақтау жүйесі »). Денсаулықты жақсарту, әлеуметтендіру және созылмалы патологиясы бар науқастарға, ауыр жарақат пен операция жасатқан науқастарға, мүгедектерге пайдалы өмірге оралу мақсатында қалпына келтіру қызметтерін ұсы... |
Толығырақ... Оқылды: 352 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.10.2019 |
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК НӘТИЖЕЛЕРІ |
Толығырақ... Оқылды: 490 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.10.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 10 қазан |
Бүгін, 10 қазан әлеуметтік желілерсіз өмірін елестете алмайтындар үшін өте маңызды күн. Неліктен? Өйткені 2006 жылы осы күні "ВКонтакте" пайда болды. Қазіргі уақытта бұл әлеуметтік желі Ресейде өте танымал. Бұл платформа үшін оның негізін қалаушы Павел Дуровқа алғыс айту керек. Егер "ВКонтакте" тарихын еске түсірсек, ол бастапқыда сол кездегі интернеттің бүкіл ресейлік сегментін қамтитын "Одноклассники" желісіне едәуір ыңғайлы балама ретінде пайда болды. Айта кетейік, Павел Дуровтың желісі өзінің негізгі бәсекелесін бір-екі жылдан кейін-ақ басып озып, 2009 жылы Ресейдегі желі лидеріне айналды. "ВКонтактенің" аудиториясы одан әрі кеңейіп келе жатқанын айта кету керек, қазір әлеуметтік желі шетелде де кеңінен танымал. Сондай-ақ, 10 қазанда ресми болмаса да, өте жағымды мереке – Жапырақ сусылдату күні аталып өтеді. Қалай дегенде де аулада күз, бұл күні сіз үйіңізден шығып, жұмысқа барар жолда немесе түскі үзіліс кезінде "жапырақ су... |
Толығырақ... Оқылды: 391 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 10.10.2019 |
Брифинг өткізілді |
2019 жылдың 8 қазан күні аудандық төтенше жағдайлар бөлімі от жағу маусымы кезеңі бойынша брифинг өткізді. Аудан аумағында 2019 жылдың 9 айында 27 өрт жағдайы тіркелген. Оның ішінде 4 өрт жағдайы тұрғын секторда орын алған. Төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында үй секторларында өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі айлықты өткізіп тұрады. Оның негізгі мақсаты – азаматтардың меншігін, жеке мүліктерін және өмірін өрттен, улы газдан уланудың алдын алу болып табылады. Айлықты өткізу кезінде Балпық би ауылының №8 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп аудан аумағында орналасқан 1154 тұрғын үй араланып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізу барысында 2308 адамға тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелері үйретілді. Аудандық ТЖБ қызметкерлерімен Көксу ауданының «Халыққа қызмет көрсету орталығының» қызметкерлері арқылы 400 дана жадынамалар таратылды. Қазіргі таңда тұрғын секторда адам өліміне әкелетін өрттер көбейіп келеді. Олардың негізгі себептері: пештерді пайдалану кезінде өрт қауіп... |
Толығырақ... Оқылды: 378 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2019 |
Талдықорғанда «Жылдың үздік мұғаліміне» автокөлік кілті тапсырылды |
Талдықорған қаласындағы Б. Римова атындағы облыстық драма театрында мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай «Ұстаз аты –ұлы, әрі мәңгілік » атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға облысымыздың аудандары мен қалаларының білім саласының басшылары, мұғалімдер, оқу орындарының оқытушылары қатысты. Аймақ басшысының атынан облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов жиналғандарды құттықтап сөз сөйледі. — Қадірменді білім саласының қызметкерлері! Мұғалімдер күні – орны бөлек, дәрежесі биік мереке. Барша ұстаздарды төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Елбасы Н.Назарбаев білімнің сапасын, мектептің жай-күйін, мұғалімнің жағдайын назардан тыс қалдырған жоқ. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде елімізде жаңартылған білім жүйесі, мықты материалдық-техникалық база, білікті кадрлар қатары қалыптасып үлгерді. «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылдау қажет деп ұйғарды. Қазір де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кеме... |
Толығырақ... Оқылды: 398 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2019 |
ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ |
Өздеріңізге белгілі аудан әкімі Алмас Қабдулұлы өңірімізде атқарылып жатқан барлық жұмыстарды, ауданның тыныс-тіршілігін назардан тыс қалдырмай күн сайын жеке аралап бақылауында ұстап келеді. Күні кеше ғана өңір басшысы бір күндік жұмыс күнін, аудандағы құрылыс алаңдары мен бірқатар нысандардың жұмысымен танысуға арнады. Жауапты сала жетекшілерімен бірге Т.Исабаев көшесіндегі Елбасының «Құтты мекен» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 50 және 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысын бақылап қайтты. Нысандарды аралау барысында аудан әкімі жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысының және жолдардың орташа жөнделуіне баса назар аударып, тиісті сала мамандарына тапсырма берді. Ескере кетсек, бұл 50 пәтерлі үйдің құрылысы 15-ші сәуірден басталған. Күрделі жұмыстары толығымен аяқталып, бүгінгі күні есік пен терезелері салынуда. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сомасы 465 миллион 950 мың теңгені құрайды. Желтоқсан айының 16 жұлдызы мерекеге орай тапсыру көзделіп отыр. Ал, 20 пәтерлі үй... |
Толығырақ... Оқылды: 306 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.10.2019 |