Жаңалықтар

«Хан тәңірі медиа экспедициясы» аяқталды.

Экспедиция мүшелері шыңға шыға алды ма? Қандай қиындықтарға кезікті? Осы сұрақтардың бәріне Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі жанындағы брифингте жауап берілді. Экспедиция Алматы облысы әкімдігімен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Естеріңізге сала кетсек, экспедиция құрамында қазақстандық актерлер Әнуар Нұрпейісов, Айсұлу Әзімбаева, National Geografic ұйымдастырған «Әлемнің 100 кереметі» атты халықаралық фотофестивальдің қатысушысы, фотограф Александр Кузнецов және Жетісу географиялық қауымдастығының басшысы Әнуар Демегенов тау шыңына бірнеше апта бойы шығуға талпынған. Әнуар Нұрппейісовтың айтуынша тауға шығу оңай емес. Шыңды бағындыру барысында бірнеше рет басын қатерге де тігіпті. - Хан тәңірін мен ешқашан ұмытпаймын. Себебі, бұл сапарды басқаларымен салыстыруға мүлде келмейді. «Таудан тек тау ғана күшті» деген сөзді мен толығымен растаймын. Өз басым 5500 метрлік биіктікті ғана бағындыра алды...
Толығырақ... Оқылды: 1030 Санат: СПОРТ Уақыты: 07.08.2018

ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН

Еліміз үшін ең басты құндылық – адам өмірі болса, олардың қауіпсіздігін сақтау аса маңызды жұмыс. Осы орайда, Елордамыздың 20 жылдығы қарсаңында, «100 нақты қадам - Ұлт жоспарының» 30-шы қадамы бойынша шілденің алғашқы аптасы үш бірдей ауылда учаскелік полиция пункті ашылды. Біріншісі Қабылиса, екіншісі Алғабас, үшіншісі Мұқыры ауылдық округінде. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы, аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Рамиль Гимадиев, жергілікті полиция қызметінің басшысы Батырхан Имандосов, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қажым Әдетбеков және ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты жиын барысында сөз алған Алмас Қабдулұлы «Елімізде ішкі тұрақтылықтың, тыныштықтың сақталуы - полиция қызметкерлерінің жұмысына байланысты. Олар кез келген уақытта адам өмірі мен қауіпсіздігі үшін күреседі. Елбасымыз тәртіп сақшылары туралы «Полицейлер – бұл азаматтардың құқығын және бостандығын қорғ...
Толығырақ... Оқылды: 601 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.07.2018

Антитеррористік комиссия

Жуырда, іс-шара жоспарына сәйкес Көксу ауданы әкімдігі жанындағы аудандық антитеррористік комиссия мүшелері тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру іс-шарасын өткізді. Шара барысында қауіп-қатер немесе террористік акт жасау жағдайында халықтың әрекеттері туралы алгоритм жаднамасы таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудандық ішкі саясат бөлімі.
Толығырақ... Оқылды: 806 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.07.2018

ҰБТ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Тағы бір оқу жылы аяқталып, өз мәресіне жетті. 11 жылғы білімді сарапқа салу – оқушымен қатар, ұстаздар мен ата-аналарды да толқытары анық. Дөңгелектегі тағдыр биыл да түлектердің тағдырын шешіп, үлкен өмірге қанат қақтырды. Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы еліміздің білім беру жүйесіне 2004 жылдан бастап енгізіліп келеді. Одан бері де тестілеу сынағына бірқатар өзгеріс енген. Жалпы, Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік тапсырыс төңірегінде тест тапсырмаларын жыл сайын 35 пайызға дейін жаңартып отырады. Ал, биыл ҰБТ сұрақтары 50 пайызға жаңартылды. Былтыр 80 мың сұрақ өзгертілсе, үстіміздегі жылы 120 мың сұрақ қайта жаңарудан өткен. Оның 11 пайызы функционалдық сауаттылықты анықтауға арналса, 37 пайызы тест тапсырмаларының жауабы бір немесе одан да көп нұсқамен белгіленген. Бұл сұрақтар оқушының ой-зерде қабілетіне, сондай-ақ таңдау пәнін жан-жақты түсінуге септігін тигізбек. Әлемдік стандартқа сай әзірленген. Бұл жайында баспасөз жиынында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рам...
Толығырақ... Оқылды: 595 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.07.2018

Құқық бұзушылыққа жол бермеу

Бас прокуратурамен әлеуметтік желіде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының арандату хабарламалары мен бейнероликтерінің тарағаны анықталды. Онда аталған ұйымның басшысы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын 2018 жылғы 23 маусымда митингтерге шығуға шақырады. «ДВК-ның» идеялары мен митингтерді үгіттеу үшін Әбілязовқа шетелде қазақстандық сот төрелігінен жасырынып жүрген Жанар Ахметова, Бота Джардемали және басқа адамдар көмектесуде. Олардың іс жүзіндегі мақсаты – қылмыстық қудалауды саясаттандырып, Қазақстанда ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылықтан жалтару. Жарияланған бейнероликтерді түсіру үшін Әбілязовтың ақшасына Киев қаласында жарнамалық агенттік және азияттық келбеті бар кәсіби актерлар мен модельдер жалға алынған. Негізінде олар Қазақстан Республикасының азаматтары емес. Бейнероликтердің мазмұны шындыққа жанаспайды және қазақстандық қоғамда әлеуметтік алауыздық пен араздықты тудыруға б...
Толығырақ... Оқылды: 540 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.06.2018

Халық үшін маңызды бастама

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Үндеуі миллиондаған қарапайым адамның көкейінде жүрген өзекті мәселелердің оң шешімін табуға мүмкіндік беріп отыр. Елбасы айтқандай, «Қазақстан – ортақ үйіміз» идеясы жаңаша мағынаға ие болуы тиіс. Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан игі істердің бәрі Қазақстан халқына арналады. Сондықтан, Мемлекет басшысы Парламентте жаңа әлеуметтік бастамаларын таныстырды. Бұл – әлеуметтік жаңғыруға арналған ауқымды бастама. Олар тұрғын үй алу, салықты азайту, жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігі, шағын несиелеу және елді газдандыру. Осы орайда Елбасының Үндеуін насихаттау барысында З.Тамшыбай ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Халық үшін жасалған маңызды бастама» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Еңбекші ауылдық округінің әкімі Асқар Алпысбаев, әкімшілік қызметкерлері, ауыл жастары және кітапхана оқырмандары қатысты. Кітапханашы бастаманың басты бағы...
Толығырақ... Оқылды: 536 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.06.2018

Оқырмандармен кездесу

Тарихы тереңнен бастау алатын облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттері биыл ғасыр тойын тойлағалы отыр. Қос газеттің мерейтойы қарсаңында аудан әкімдігі кіші мәжіліс залында оқырмандармен кездесу өтті. Аталмыш шараға «Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Жанәділов, облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев, «Огни Алатау» газетінің бөлім меңгерушісі Хасан Еспанов, Көксу ауданы әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков және ауданның тұрақты оқырмандары қатысты. Жиынды ашып, алғашқы сөзді алған Ұлан Әлдибекұлы 100 жасаған газеттердің тарихына көз жүгіртті. - «Облысымыздағы бұқаралық ақпарат құралдарының көшбасшысы болып тұрған қос газеттің тарихы сонау 1918 жылдан бастау алады. Үлкен өзгерістерді, қоғамдағы түбегейлі бетбұрыстарды бастан өткеріп жатқан алмағайып жыл еді, бұл «Огни Алатау» газеті 8 наурызда «Заря Свободы» болып, маусымда «Жетісу» газеті «Жетісу...
Толығырақ... Оқылды: 815 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.06.2018

Дабыл 2018

БАҚ үшін ақпарат 2018 жылғы 4 маусымда «Дабыл-2018» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары басталды. Оның мақсаты – төтенше жағдайларда күштік құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдардың арасындағы үйлестіруді арттыру. Оқу-жаттығудың барысында қабылданған бірлескен бұйрықтарға сәйкес күштік органдардың іс-қимылдарын пысықтау жоспарланған. Күштер мен құралдардың қызметтік-жауынгерлік дайындығы тексерілетін болады. Сондай-ақ, олардың бірлескен іс-қимылдарының үйлесімділігі мен реттілігі, басқару мен өзара іс-әрекеттердің ұйымдастырылу деңгейі де сыналады. Мұндай оқу-жаттығулар жоспарлы негізде жыл сайын өткізіледі. Биылғы оқу-жаттығу жиынының ерекшелігі – бірнеше күнге созылады және еліміздің барлық өңірін қамтиды. Оған автотехника мен көліктік авиация қатысады. Күштік құрылымдар әрекетінің тиімділігін Қауіпсіздік Кеңесінің инспекциясы бағалайтын болады. ПРЕСС-РЕЛИЗ 4 июня 2018 года началось командно-штабное учение «Дабыл-2018&ra...
Толығырақ... Оқылды: 485 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2018

Бас инспектормен басқосу

Жуырда Алматы облыстық әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторы бөлімінің бас инспекторы Айжан Оралбекова ауданға келіп, мекеме, бөлім басшыларымен жиналыс өткізіп, ауданның бірнеше құрылыс нысандарын аралады. Ең алдымен ауданның кіші мәжіліс залында мекеме,бөлім басшыларымен басқосқан Айжан Тұрсынқызы олардың жұмыс жоспарымен танысты. Облыстан арнайы келген бас инспектор өзінің ауданға келгендегі негізгі мақсаты проблемалық мәселелердің шешімін қарастырып, облыстық басшыларға жеткізу екенін айтты. Ал, жиналған бірнеше бөлім басшылары өз салаларының күрделі мәселелерін жеткізді. Олардың қатарында ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мәди Карбаев Алматы-Өскемен республикалық трассаның ауданға қарасты бөлігінің құрылысын қозғады. 2013 жылы басталған аталмыш жолдың құрылысы әлі күнге дейін бітпеген, бұған қоса, құрылысқа жауапты компания басшылығы жоспар бойынша былтырғы жылы аяқталуы тиіс болатын. Осылайша, Мәди Мырзатайұлы 5 жылға созылған республикалық...
Толығырақ... Оқылды: 657 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2018

«АДАЛ ЖОЛ» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Бүгінде төрткүл дүниені толғандырып, бүкіл әлемнің назарын аударып отырған басты мәселенің бірі – жең ұшынан жалғасқан жемқорлық екені белгілі. Адамзат қауымы көне дәуірден бері арыла алмай келе жатқан бұл жағымсыз құбылыстың қоғамға тигізер қаупі қай кезеңде де қомақты болған. Көп ғасырлық күрделі шежіреге ой жүгіртсек, осы індеттің кесірінен көптеген айбынды хандықтар мен алып мемлекеттердің іргесі сөгіліп, шаңырағы шайқалған. Бектері азып, бірлігі тозып, бейбіт қоғамының берекесі қашқан. Бұл әрине, біз үшін өткен заманнан жеткен тарихтың ащы сабағы болуы тиіс. «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады», - дейді бабалар нақылы. Осынау ұлы қағиданы қашан да қаперінде мықты ұстаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген басшылығының арқасында егемендіктің алғашқы күнінен бастап елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты жолға қойылып, жүйелі түрде жүргізіліп, жүзеге асып келеді. Әсіресе, соңғы жылдары елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті к...
Толығырақ... Оқылды: 599 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.05.2018
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.