Жаңалықтар
Жетісу облысында іске асқан әлеуметтік жобалардың қорытындысы жарияланды |
«Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде төрт әлеуметтік жобаны іске асырды. Бірлестік өкілдері Бақыт Қалиева мен Дархан Асқанбаевтың жұмыс қорытындылары туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім болды. Атап айтсақ, «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға көмек көрсету» басым бағыты бойынша «QOLDAU» әлеуметтік бейімдеу орталығы әлеуметтік жобасы жүзеге асты. Жоба аясында бейімдеу орталығы ашылып, облыс көлемінде пробация есебінде тұрған барлығы 120 адамға заңгерлік және психологиялық кеңес беріліп, 50 пробация есебінде тұрған азаматтар Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде оқыту курсынан өтіп, сертификат иеленді. Қаржы пирамидалары мен құмар ойындарының алдын алу бағыты бойынша «Jetisu.NET» қаржылық сауаттылық орталығы әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Облыс аумағында тәжірибелі мамандарды шақыра отырып лудома... |
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.12.2024 |
Көксу ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы оң қарқынмен жүріп жатыр |
Көксу ауданында ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және құрылыс салаларында жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. 15 қыркүйектен бастап Көксу қант зауыты 2186 гектар алқаптан жиналған 210,7 мың тонна қант қызылшасын қабылдады. 2025 жылы егіс алқаптарының көлемі 2900 гектарға дейін ұлғаяды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жарлыөзек және Мұқыры ауылдарында көше шамдары орнатылды, төрт ауылда фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы жүргізілуде. Қаратал ауылында 120 орындық мектеп пен шағын орталықтың құрылысы жүріп жатыр, сондай-ақ балабақша қайта жөнделуде. Балпық би ауылында құны 807 миллион теңге болатын 60 пәтерлі үйдің құрылысы басталды. 2025 жылға қарай ауданның 26 елді мекені толық газдандырылады деп жоспарлануда. Жеке инвесторлар есебінен әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға арналған 50 жеке тұрғын үй салынып жатыр. Мемлекет тарапынан Балпық би ауылында 13 үй және Жарлыөзекте 4 үй сатып алынды, ал Мұқырыда 10 жаңа үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі уақ... |
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.11.2024 |
Инфрақұрылым маңызды құрал |
Инфрақұрылым кез келген елдің немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болып табылады. Қазіргі уақытта инфрақұрылымдық мәселелердің өзектілігі күн санап артып келеді. Бұл мәселені шешу тек экономикалық дамуды жеделдетіп қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға да ықпал етеді. Мәселен, Жолдар және көлік инфрақұрылымы: Жолдардың сапасыздығы – өңірлер арасындағы логистикалық байланыстардың нашарлауына, ауылдық жерлердің оқшаулануына және көлік қозғалысының қауіпсіздігінің төмендеуіне алып келеді. Осы мәселені шешу үшін жолдарды жөндеу және жаңа жолдар салу басымдыққа ие болуы тиіс. Ауызсу мәселесі: Кейбір аудандарда таза ауызсуға қолжетімділіктің шектеулі болуы халық денсаулығына кері әсерін тигізуде. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде су құбыры желілерін жаңарту және ауызсумен қамтамасыз ету жүйелерін құру – инфрақұрылымдық дамудың ажырамас бөлігі. Энергетикалық инфрақұрылым: Қазіргі заманғы энергия көздеріне қолжетімділіксіз өңірлердің дамуы б... |
Толығырақ... Оқылды: 70 Санат: ЖАСТАР БОЛАШАҒЫМЫЗ Уақыты: 27.11.2024 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігі |
Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді. Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау. Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын. ???? Глава государства Касым-Жомарт Токаев дал поручение Премьер-министру, Руководителю Администрации Президента, руководителям всех силовых ведомств и акимам принять срочные меры по обеспечению безопасности основных военных и гражданских объектов в связи с эскалацией ситуации вокруг Украины. Председатели палат Парламента Казахстана поставлены в известность о принимаемых мерах. Положение дел в стране находится на личном контроле у Президента. Для нашего государства главная стратегическая цель – сохранение стабильности, спокойствия, законности и порядка. Казахстан неоднократно выступал за р... |
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.11.2024 |
Жетісу облысындағы жастар арасында нашақорлыққа қарсы іс-шаралар кешені ұйымдастырылуда |
Жастардың бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қадірлеу, ұлттық құндылықтарды дамытудың маңызы артып келеді. Өйткені әлеуметтік желілерден алынған, сүзгіден өтпеген ақпараттардың шамадан тыс көптігі өскелең ұрпаққа оң әсерімен қатар қауіп-қатер де төндіріп отырғаны жасырын емес. Сондай жағымсыз әдеттердің бірі - нашақорлық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында есірткі қылмысын еліміздегі өзекті мәселелердің бірі ретінде атап өтіп, әсіресе оның жастар арасында белең алуына қарсы күрес жүргізіп, жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Осы мақсатта 2024 жылдың 11-18 қараша күндері аралығында «Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен облыстың 8 аудан 2 қаласында мектептерде оқитын жоғары сынып оқушыларыменақпараттық кездесулер ұйымдастырылды. Онда балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік пен ескірткі қолданудың жастардың... |
Толығырақ... Оқылды: 49 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2024 |
ЖЕТІСУДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ КЕЛІСІМІНСІЗ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫН ҚҰРУ КЕЗІНДЕ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ |
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттің кәсіпкерлік ортада болуының орындылығын анықтау мақсатында талдау жүргізді. Осы талдауды жүргізу барысында «Жетісу облысы білім басқармасының Кербұлақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылындағы «Балдәурен» балалар шығармашылық орталығы» МКҚК (бұдан әрі - Кәсіпорын) монополияға қарсы органнан Кәсіпорынды құруға келісім алмағандығы анықталды. Осыған байланысты Департамент Кәсіпорынға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарды. Қазіргі уақытта Департаменттің нұсқамасы орындалды. Анықтама* ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 192 - бабының 4-тармағына сәйкес, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыз... |
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.11.2024 |
Алаяқтық құрбаны болмаңыз – қырағы болыңыз! |
Өңірдегі интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларымен Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастыру бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Бауыржан Текесбай Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте таныстырды. Қазіргі таңда алаяқтық мүлікке бағытталған ең көп таралған қылмыстардың бірі болып табылады. Спикер атап өткендей, интернет-алаяқтық, мобильді төлемдерді бұзу және жалған банктік карталарды қолдану арқылы ақша ұрлау – кең тараған қылмыс түрлеріне айналды. Қылмыскерлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, клиенттердің деректеріне қол жеткізу және ақшалай қаражатты басқа шоттарға аударту мақсатында әртүрлі айла-тәсілдер қолдануда. «Мысал ретінде алаяқтар күдікті операциялар туралы хабарлап, қаражатты «сақтандыру шотына» аударуды ұсынады. Сонымен қатар, олар инвестициялық жобалар, спорттық ойындар және қайырымдылық бастамалары арқылы азаматтарды адастыруда. Мұндай әрекеттерден көптеген адамдар за... |
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.11.2024 |
Жетісу облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту |
Облыс аумағында 1046 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде стадиондар, спорт сарайлары, бассейндер, теннис корттары және шаңғы базалары бар. Ауылдық жерлерде 700 елді мекен спорт нысандарын қолдануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Дидар Орынтай айтты. Спорт залдарының тапшылығын жою үшін 9 жаңа нысанның құрылысына 3,7 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ, Талдықорған қаласындағы Орталық стадионның қайта жөндеу жұмыстары аяқталып, бірнеше ауданда спорт кешендері мен волейбол орталығы салынды. Ұлттық спорт түрлері мен инклюзивті бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінуде: мүмкіндігі шектеулі жандардың 13,3%-ы спортпен белсенді айналысады. «2025 жылға арналған жоспарларға Текелі қаласындағы шаңғы-биатлон кешені мен ауылдық аймақтардағы спорттық нысандардың құрылысы кіреді. Жас спортшыларды қолдау бағдарламалары жүзеге асырылуда», – деп атап өтті спикер. |
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.11.2024 |
Жетісу аумағында жолдардағы қауіпсіздікті арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде |
Жыл басынан бері 49 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Алайда осы шараларға қарамастан, жыл басынан бері 596 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 120 адам қайтыс болып, 876 адам жарақат алды. Ең қауіпті жол «Алматы-Өскемен» автожолында өткен жылмен салыстырғанда қаза тапқандар саны 11-ден 16-ға дейін өсті. Жетісу облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайсар Мұхметовтің айтуынша, алдағы уақытта полиция жасырын патрульдеу жұмыстарын бастайды. Осы мақсатта келесі аптадан бастап кезекшілікке шығатын үш автомобиль дайындалуда. Жасырын патрульдік автомобильдерді алдыңғы және артқы көк нөмірлерден тануға болады, олардың төбесінде жарық сигналдары мен «Полиция» логотипі болмайды. |
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.11.2024 |
Жетісу облысында қант қызылшасын жинау науқаны қарқынды жүргізілуде |
Жетісу облысында қант қызылшасын жинау науқаны қарқынды жүргізілуде, жедел штаб күнделікті өңірде қабылданып жатқан қант қызылшасы көлемін назарда ұстап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бахтияр Шампиков мәлімдеді. Қазіргі уақытта 13,7 мың гектар қант қызылшасы алқабының 10,9 мың гектары жиналып, одан 526 мың тонна өнім алынды. Гектар өнімділігі 484,5 центнерден айналды, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары және өңірдегі аграрлық сектордың тиімді жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Жиналған өнімді өңдеу үшін облыстың екі негізгі қант зауытына – Көксу және Ақсу зауыттарына жеткізілуде. Бүгінгі күнге дейін зауыттарға 421,3 мың тонна өнім жеткізілді, оның ішінде: Көксу қант зауыты – 200,6 мың тонна, Ақсу қант зауыты – 220,7 мың тонна қабылдады. Өнімді қабылдау және өңдеуге байланысты логистиканы үздіксіз ұйымдастыру және жедел шешімдер қабылдау мақсатында өңірде... |
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.11.2024 |