Жаңалықтар
АЭС қолдаушылардың қатары тұрақты өсуде – үш сауалнаманың нәтижесі |
Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті жанындағы Қазақстанныңстратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша«Демократия институты» ҒЗҚ ҚБ2024 жылдың 13-26 қыркүйекаралығында телефон арқылы сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 1200 респондент қатысты. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының респонденттері қатысты. Жалпы респонденттердің басым бөлігі – 72,9%-ы атом электр станциясын салу идеясын қолдайды. «Қазақстанда АЭС салу идеясына көзқарасыңыз қандай?» деген сұраққа респонденттердің шамамен үштен екісі оң көзқарас білдірді. Алдында жарияланған сауалнама қорытындыларымен салыстырғанда, бұл қазіргі уақытта ең жоғары көрсеткіш. Бірінші сауалнама қорытындыларымен салыстырғанда, АЭС құрылысын қолдаушылардың үлесі 19,8 пайыздық тармаққа, екіншісімен салыстырғанда 12,7 пайыздық тармаққа өсті. Ағымдағы үрдісті ескерсек, атом электр станциясын қолдаушылардың саны сайлау күніне қарай ода... |
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 30.09.2024 |
АЭС құрылысының экономикаға әсері қандай? |
Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Жақында осыған қатысты референдум да өтеді. АЭС құрылысының егеменді еліміздің экномикасының дамуына қалай әсер ететіні жөнінде экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті Ғалымжан Есқараұлы түсіндіріп берді, деп хабарлайдыEl.kzақпарат агенттігі. Экономистің айтуынша, бүгінде Қазақстанда АЭС-тің орналасу аймағы ретінде Абай облысындағы Курчатов қаласы және Алматы облысындағы Үлкен ауылы таңдалған. 2035 жылға қарай ел экономикасы мен халықтың қосымша электро энергетикалық сұранысы 18 ГВт-тан астам жаңа буынды қажет етеді. Яғни, ол уақытқа дейін қолданыстағы электро станциялардың генерациясы тек 135 млрд.КВт сағат құрайтын болса, қазіргі таңда тұтыну мөлшері 152,4 млрд.КВт сағатты құрап отыр. Бұл – ағымдағы энергия көздері болжамдалған мөлшерден бөлек, тіпті қазіргі жүктемелерді толықтай қамтамасыз ете алмайды, &n... |
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 30.09.2024 |
Қазақстан халқына Жолдауы |
⚜Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша, штаб мүшелері халыққа үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді. |
Толығырақ... Оқылды: 74 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.09.2024 |
Қазақстан жарқын болашақтан үмітті. |
Бастапқыда бұл АЭС туралы айтқан кезде денем тітіркеніп шыға келеін. Қазір басқаша өкенде жиналыста "АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. Кейінгі кездері жаңартылатын әрі баламалы қуат көздерін дамытуға нақты бағыт алдық. Еліміз жалпы энергия теңгерімі құрылымындағы жаңартылатын қуат көздерінің сапалы өсімін 3%-ға жеткізді. Осыған дейін бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 10%-ға дейін өсіруді мақсат еттік. Енді Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңартылатын қуат көздерінің үлесін 15%-ға дейін жеткізбекпіз. Сол себепті, АЭС құрылысының ел дамуына мультипликативті әсерін толық ұғынуымыз қажет" деп сауаттылардың бірі айтқан болатын. Содан бері қолдаймын. Гулмира Курмангалиева |
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 30.09.2024 |
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға өзгерістер енгізілді |
Жетісу облысында тұтынуышлардың құқықтарын қорғау саласында өтініштер артып келеді. Мәселен, жыл басынан бері Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне 500 өтініш түсіп, оның 205 өтініші оңды шешіліп, тұтынушыларға жалпы соммасы 11 млннан астам теңге тұтынушыларға кайтарылған. Тұтынушылар шағымдарының басым бөлігі бөлшек сауда, тұрмыстық қызмет, электронды сауда салалары бойынша түскен. Статистикаға сәйкес, тұтынушылардан электрондық сауда саласына өтініштердің үлкен өсуі байқалады. Өткен жылы электрондық сауда саласындағы өтініштердің саны 63 болса, ал биыл сегіз ай ішінде 78-ге жетті. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға өзгерістер енгізілді. Заң жобасына енгізілген негізгі өзгерістер бойынша: 1) тұтынушылардың шағымдарын қараудың көп сатылы алгоритмін жеңілдету; 2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен; 3) тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі базалық қағидаттар; 4) онлайн саудада тұтынушылардың құқықта... |
Толығырақ... Оқылды: 42 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.09.2024 |
30 қыркүйек |
⚜ Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні " AMANAT " партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы Бейсенов Мәлік Аманбайұлы, аудандық ақсақалдар алқасының мүшесі, қоғам қайраткері Байгабулов Сейлхан Мәденұлы және Н.Алдабергенов атындағы орта мектебінің ұжымына, АЭС құрылысын салуды қолдау жөніндегі насихаттау жұмыстары жүргізілді. |
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.09.2024 |
«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты қалай іске асып жатыр? |
«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты коммуналдық салаға инвестиция тарта отырып, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайтуды көздейді. Бағдарлама шеңберінде желілер мен жабдықтардың жоғары тозуына байланысты инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының айтуынша, халықтың осал топтарын тарифтерді көтеруден қорғау үшін тұрғын үй көмегінің тетіктері қарастырылғанын атап өтті. 2024 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша электрмен жабдықтау қызметіне орташа тарифі 1 кВт үшін 31,28 теңгеге жетті. Есепті кезеңде тарифтерді өзгертуге 43 өтінім келіп түсті, оның 13-і әртүрлі себептермен бас тартылды және кемшіліктерді жою үшін қайтарылды. 5 инвестициялық бағдарлама бекітілді. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша 6 өтінім қаралды. |
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.09.2024 |
Жаңа үлгідегі банкноттар айналымға шығарылды |
Ұлттық Банк банкноттардың жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығара бастады. Жаңа үлгі «сақ стилі» элементтеріне негізделген және Қазақстанның мұрасын көрсетеді. Шығарылым теңгені қорғау дәрежесін арттыруға және елдің мәдени құндылықтары мен тарихын дәріптеуге бағытталған. Мамандар ескі үлгідегі ақшалар біртіндеп айналымнан алынатынын айтып отыр. Осылайша, 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңге – 2024 жылдың 24 желтоқсанына дейін қатар айналымда болады. 2012 жылғы үлгідегі 10000 теңгені 2026 жылдың 28 маусымына дейін қолдануға мүмкіндік бар. Қатар айналым кезеңінде ескі үлгідегі ақшаны жаңаға айырбастаудың еш қажеттілігі жоқ. Қатар айналымның кезеңі аяқталған соң екінші деңгейлі барлық банк үш жыл ішінде, ал Ұлттық банктің филиалдары банкноттарды мерзімсіз мезгілде айырбастайды. Жалған ақша жасаудың алдын алу үшін әр 7-8 жыл сайын ақшаның дизайны өзгеріп отырады. Ескі үлгідегі банкноттар біртіндеп айналымнан алынады: 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңге – 2024 жылдың 24 желтоқ... |
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.09.2024 |
Жетісуда «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр |
Жетісу облысында 16 қыркүйек пен 1 қараша аралығында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Ол жедел жағдайды жақсартуға, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қон деректерінің жолын кесуге және басқа да заңсыз әрекеттерді анықтауға бағытталған. Учаскелік полиция инспекторлары өздері қызмет көрсететін объектінің криминогендік жағдайын зерделеу үшін аула және пәтерлерді аралайды. Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері учаскелік инспекторлар 28 мыңға жуық үй жайларды аралап шықты. Жалпы шара басталғаннан бері 2306 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде ҚР аумағында тіркеусіз тұрғаны үшін 619 адам, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекетпен 30 азамат, өзге де бұзақылық жасағаны үшін 1353 азамат және мас күйінде қоғамдық орынға шыққаны үшін 116 азамат жауапқа тартылды. |
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 30.09.2024 |
Болашаққа бір қадам |
КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ. Бүгін мектеп ұжымымен АЭС салудың маңызы мен артықшылығы талқыланды. Іс-шараға аудандық халықтық штабтың мүшелері қатысты. Мектеп ұжымы АЭС салу бойынша өз пікірлерін ортаға салып, сауалдарын қойды. Халықтық штаб мүшелеріне түсіндіру жұмыс жүргізгендері үшін өз алғыстарын білдірді. Айта кетсек, атом энергетикасы әлемдегі ең тәртіпті сала болып табылады, себебі қателік құны өте жоғары. Атом электр станцияларын жобалау және салу кезінде техникалық МАГАТЭ (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) секілді беделді халықаралық ұйым бақылайды, бұл қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады. Бұл ұйым 67 жылдың ішінде сыбайлас жемқорлық жанжалдарында байқалмаған. Атом электр станцияларын салу көп миллиард долларлық және ұзақ мерзімді бизнес екенін ескеру қажет, сондықтан нарық субъектілерінің беделі өте құнды. Ұжым АЭС салу мемлекетіміздің болашағы үшін қарышты қадам екенін атап өтіп, қолд... |
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ЖОЛДАУ Уақыты: 29.09.2024 |