Жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы инфляция

Сәуірде тұтыну бағаларының индексі айлық мәнде 0,9% құрады, тиісінше көрсеткіш наурыз деңгейінде сақталды. Индекс құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 1,3%-ға, азық-түлік тауарлары – 0,9%-ға, ақылы қызметтер – 0,4%-ға өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде сәуірде бағаның ең жоғары өсімі дизель отынына – 16,1%, бензинге – 9,7% болды. Наурыз айымен салыстырғанда жуу және тазалау құралдары 1,4%, жеке гигиена құралдары 1,1%, ыдыс-аяқ 1%, тұрмыстық техника 0,9% өсті. Азық-түлік тауарлары арасында жеміс пен көкөніс бағасы едәуір өскен, сәуірде қырыққабат 4,7%, қызанақ 4,1%, жүзім 3%, алма 2,6%, алмұрт 2,4% қымбаттаған. Бағаның өсуі күрішке – 2,7%, салқындатылған сусындарға – 2,5%, рожкилерге, ультрапастерленген сүтке – әрқайсысы 2,4%-дан, салқындатылған балыққа – 2,2%, пастерленген сүт, макарон өнімдеріне – әрқайсысы 2,1%-дан байқалды. Бұл ретте қияр – 11,4%, қарақұмық жармасы – 3,7%, күнбағыс...
Толығырақ... Оқылды: 176 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.05.2023

әл-Фараби атындағы Қазұу - еліміздің таңдаулы университеті

Иә, адамның қайтып келмес ең қызықты шағының бірі бұл- студенттік шағы. 2022-ші жылы «әл-Фараби» атындағы ҚАЗҰУ-нің студенті атандым. Бұл менің өмірімдегі ең үлкен бақытқа толы, қызықты кездерімнің бірі. Өзім қалаған мамандықта оқу - бұл бала арманымның жетістігі деп білемін. Біз универде тек білім алып қана қоймай бос уақытымызда активистикамен айналысамыз. Мысалы мен активист ретінде Сенат ұйымындамын. Жалпы ұйымға келгелі бері өзіме көптеген достар жаңа орта таптым. Ұйыммен бірге көптеген проекттер ұйымдастырдық соның бірі 1-ші семестрдегі «Бункер» проектісі болды проекттен кейін алған әсеріміз өте керемет болды жәнеде түрлі мерекелік іс-шара, тимбилдингтерге қатыстық мысалы: Шет-мерке, мерекелік Жаңа-жыл, Санта барбара, 8-наурыз және басқада көптеген іс-шараларға қатыстық.Студенттік өмірдің тағы бір ерекшелігі ол жатақханада тұруың. Жатақханада мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген көптеген өзім сияқты арман қуалап келген адамдармен танысып үлгердім. Жа...
Толығырақ... Оқылды: 124 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 13.04.2023

Әділет жолында әрекет керек

Жаңару мен жаңғыру жолына түскен Қазақстанның бүгінгі даму беталысы бәрімізді ойландырады. Әлемдік ахуал әрі-сәрі болып тұрған кезеңде батыл қадамдарға көшкен еліміз сүрініп кетпесе, жаһандық толқуларға ілініп кетпесе дейсің. Дегенмен, Мемлекет басшысы ұсынған ауқымды саяси реформалардың рет-ретімен жүзеге асып жатқанын көріп, күдіктен гөрі үміт пен сенімнің салмағы басым түседі. Зулап өтіп бара жатқан уақыт, нақтылай айтсақ, өткен бір жылдың бедері Қазақ елінің саяси жүйесіне айқын із қалдырды. Саяси жаңғыру стратегиясының ілкімді жобалары іске асты. Сын-қатерден секем алып қалған халықтың көңілі жайланды. Бүкіл халықтың қолдауымен айбыны асқақ Ата заңымызға өміршең өзгертулер енгізілді. Негізгі заң аясында Президент өз өкілеттігін азайтты. Саяси және экономикалық қызметтің монополиялануы елдік пен бірліктің, тұтастық пен тұрақтылықтың еңсесін езгендіктен, ел басқарған адамның жақын туыстары саяси мемлекеттік қызметші, тіпті квазимемлекеттік секторда тізгін ұстай алмайтыны заңмен...
Толығырақ... Оқылды: 97 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.04.2023

Бензин мен дизель бағасының өсуі: жанармай нарығын тұрақтандыру үшін қажетті қадам

«Бағадағы айырмашылық мәселесін қазір қолға алмасақ, алдағы уақытта біз үлкен тапшылықтың куәгері боламыз. Бұдан басқа, экономикалық маңызды саланы дамыту мүмкіндігінен айрылып, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне де әсер етеді», - деп қорытындылады Энергетика министрі Болат Ақшолақов
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.04.2023

Бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет

Ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы бағадағы айырмашылықты төмендету қажет. Бұл қиын, бірақ қажет шешімге бару керекпіз, оны мойындау керек – бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет, оның ішінде: АИ-92 и АИ-93 маркалы бензинге бағаны литріне 182-187 теңгеден 205 теңге қылу (өңірге байланысты), өсім – 11%; дизель отынының бағасын литріне – 295 теңгеге, орташа есеппен өсім – 20%. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін болып тұр. Осындай бұйрықтың жобасы бүгін жарияланатын болады, - деп хабарлады Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Толығырақ... Оқылды: 47 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.04.2023

Қанша жанармай өндірсек те, барлық сұранысты қамтамасыз ете алмаймыз

Энергетика министрлігінің басшысы Б.Ақшолақов мыналарды қысқаша қорытындылады: Ағымдағы төмен бағаларды сақтап отырсақ, біз қанша жанармай өндірсек те, барлық сұранысты қамтамасыз ете алмаймыз, бұл бір. Екінші – бағалар арасындағы айтарлықтай айырмашылыққа байланысты көрші елдерге «ағын» жалғаса береді, оның көлемі арта түседі. Ешқандай шектеулер күтілген нәтиже бермейтіні анық. Үшінші, жанармай бағасындағы диспропорция «көлеңкелі» нарықты дамытып, ұлттық экономикаға/мүддеге кері әсерін тигізеді. Төртінші, жанармайға төмен бағаның сақталуы мұнай-газ саласына инвестиция тарту, оны дамытуға, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, ресурстық базаны толықтыруға мүмкіндік бермей отыр.
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.04.2023

Ақшолақов Қазақстандағы ЖЖМ ішкі нарығындағы ахуал туралы

ҚР Энергетика министрі отын тапшылығын төмендету үшін Қазақстандағы ЖЖМ бағасын реттеу шараларын атап өтті: жанармайды темір жол және көлікпен шығаруға тиым салынды; ресурс иелеріне жанармайды тікелей жанармай станцияларына сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданды; мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату кезіндегі өнімсіз делдалдар алынып тасталды. Бұдан басқа, өткен жылдың тамыз айында біз тапшылықты азайту үшін сараланған баға (450 тг.) және лимиттер (300 литрге дейін) енгіздік. Бірақ барлық шектеулерге қарамастан, «көлеңкелі экспорт» арқылы отынды шығару мүмкіндіктері табылды. Осыған байланысты, тапшылықты болдырмау үшін Біз шұғыл түрде қымбат импорттық отынды сатып алуға мәжбүр болып отырдық, - деп атап өтті Энергетика министрі.
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.04.2023

Дизель тапшылығын қайта көрдік

ҚР Энергетика министрінің айтуынша көрші елдердегі баға күрт көтерілген кезде, біз дизель өндіру көлемін арттырсақ та, күз айларында оның тапшылығын қайта көрдік. Осы жылы да бағадағы айырмашылық сақталып отыр. Нәтижесінде өткен жылғы наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15%-ға артқанын көріп отырмыз. Бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін. Алдыңғы жылдары тапшылықты өндіру көлемін арттыру арқылы жауып отырсақ, қазір отандық мұнай зауыттары максимальді режимде жұмыс жасап тұр. Алдағы 6 жылда дизель көлемін бірнеше есе арттыратын мүмкіндік жоқ (Шымкент зауытын кеңейткенше). Аталған себептерге байланысты Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып, өз ұлттық мүддесіне зияны тиіп жатыр деп айтуға толық негіз бар, - деп атап өтті Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.04.2023

Қазақстандық дизель: шетелде қайта сатудан түскен маржа 120%-ға дейін жетеді

Қазақстандық дизель отынын түрлі жолдарды пайдаланып, шетелге сатудан түсетін пайда 50 %-дан 120 %-ға дейін жетеді, жалпы пайда жылына шамамен 140 млн. АҚШ доллары. Болат Ақшолақов атап өткендей, Көрші елдердегі жағдай Қазақстанның ішкі нарығына да әсер етіп отырады. Мысалы, өткен жылдың наурызында Ресейдегі бөлшек саудадағы дизель отынының бағасы Қазақстандағы бағамен теңесіп, арзандаған болатын. Нәтижесінде біз Ресеймен шекаралас жанармай станцияларында отынды сату көлемі азайғанын байқадық, демек Қазақстаннан жанармай шығару экономикалық тиімсіз болды.
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.04.2023

Нарықтағы дизельге сұраныстың тұрақты өсу себебінің негізгі факторы

Нарықтағы дизельге сұраныстың тұрақты өсу себебінің негізгі факторы транзиттік көлік ағыны, бұдан басқа Қазақстаннан шетелге сұр схема бойынша алып кетіп жатқан экспорт. Өткен жылы мамандардың есептеуінше шетелдік транзиттік көлік тұтынған дизель көлемі шамамен 150 мың тоннаны құрады, бұдан басқа сұр экспортпен кеткен отынның көлемі шамамен 200 мың тонна («IHS Markit» есебі бойынша). ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша Қазақстанда дизель отыны тапшылығының басты себебі бағадағы диспропорция. Отандық отын бағасы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Қазақстан – әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарында. Мысал үшін, Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, біздегі нарық бағасынан 45%-ға қымбат. Қырғызстандағы баға 64%-ға жоғары, яғни литріне 390 теңге, Өзбекстандағы баға бізбен салыстырғанда екі есеге қымбат - литріне 480 теңге, бағамыздағы айырмашылық - 101 пайыз.
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.04.2023
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.