Жаңалықтар

Төскейді төлге толтырып

Бейбіт қоғамда бейнетшіл пендеге қандай кәсіппен айналысамын десе де қолайлы жағдай жасалған. Тек ниет пен тәуекел керек. Қайшы алып шаш қисаңыз да, қамшы алып төрт түлік соңына түссеңіз де, дүкен ашып саудамен айналысамын десеңіз де, ешкім бетіңізден қақпайды. Керісінше, мемлекет тиімді жобалар ұсынып, несие беруде. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ауылда іске асырылатын кәсіптің барлық түріне төмен пайызбен несие береді. Несиелендіру мерзімі 6,5 жылға дейін. Кәсіп бастағандарға жеңілдік мерзімі қарастырылған. Кепілдікке ауылдық жерлердегі мүлкін де қоюға болады. Бір сөзбен айтқанда, несие алудың шарттары жеңіл, талаптары қиын емес. Ауыл тұрғындарының кәсіппен айналысуына мемлекет барынша қолдау көрсетеді. Ауданымызда мемлекеттің қолдауы арқылы өз істерін ашқан бірқатар кәсіпкерлер бар. Мәселен, 2020 жылы-174 млн 600 мың несиені 48 адам алса, 2020 жылдың он айында 61 адамға-193 млн 950 мың теңге берілген. Мамандардың айтуынша жыл соңына дейін тағы 50 млн теңге қаражат кәсіп а...
Толығырақ... Оқылды: 1353 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021

Абзал азамат, жігіттің төресі еді

Қамшының сабындай ғана, қызығы мен шыжығы қатар жүретін өмір-ай десеңші, бір күні шорт үзілетінің баршаға мәлім. Әрине, «Тумақ бар да, өлмек бар» дейді шариғат сөзі. Бірақ, бұл сөзді жақсы адамға қарата айтқанда, қабырғаң қайысып, ортаң ойсырап, жан дүниең қайғыдан қан жылап тұрады екен. Сондай жанның бірі о дүние түгілі, өкпеге қимайтын, көзден кетсе де көңілден кетпейтін, білімді және білікті, адамгершілігі зор, қимас жан – Құдайбергенов Тыныштық ағамыз. «Су түбінде жатқан тас, Жел толқытса шығады, Ой түбінде жатқан сөз, Шер толқытса шығады» деген екен Асан қайғы бабамыз. Сол айтқандай қолыма қалам алып, естелік жазуыма себеп болғаны – ағамыздың жете алмай кеткен мерейтойы. Ортамызда болғанда Тыныштық ағамыз биыл 70 жасқа толар еді… Құдайбергенов Тыныштық ағамыз Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылында 1951 жылы 5 қазанда дүниеге келген, 1969 жылы мектеп бітіргеннен кейін Қазақтың ауылшаруашылық институын ғалым-агроном мамандығы бой...
Толығырақ... Оқылды: 1352 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021

Қазақ халқының мақтанышы

Тарихқа көз жүгіртіп қарап отырсақ, қазақтың небір қайсар қыздары, ғұндардың ел анасына айналған арулары, түріктің тұрпаты бөлек жауынгер (ханымдары), қазақтың ұранға айналған, кие қонған небір аяулы ана, апалары болыпты-ау... Елім деп емінген, жерім деп тебінген ерлермен сын сағаттарда қатар жүріп, қанатына айналған, бала туып, ұрпағын өсірген олардың да аттары тарих қойнауынан талып-талып естіліп жатады. «Атқа мінсең ей қаған, жерді көрмейсің, таққа отырсаң ей, қаған, елді көрмейсің! Атыңды жер, тағыңды ел көтеріп тұрғанын неге білмейсің?» деп сөйлеген де біздің асыл аналарымыз. Асылы, ел болмақ – Анадан! Ел өссе де – анадан, беті аулақ, өшсе де – анадан! Бір ана бар Жетісуда еңбеккер, Тәтті түбір ақ сәбиін тербеткен. Маңдай тері арна салып табысқа, Еңбегімен елдің даңқын өрлеткен» - дегендей, шоқтығы биік тұлға, ерен еңбегімен, халыққа көрсеткен адал қызметімен, қоғам, ұрпақ тәрбиесіндегі озық ұлағатымен, халқының құрметіне бөленген аб...
Толығырақ... Оқылды: 951 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 12.10.2021

Ұмытылмас ұлы тұлға Зылиха Тамшыбаеваға 85 жыл

Жетісу жерінің Ел анасы - Социалистік Еңбек Ері атанған Зылиха Тамшыбаева тірі болса 5 қазан 85 жасқа толушы еді. Қабырғаны қайыстырған қазаның орны толмасы анық, болған іске болаттай беріктік танытқан ұрпақтары анасын еске алып, аруағына құран бағыштады, алыс-жақын ағайындарға, ауыл қарияларына арнап ас берді. Еңбегі бағаланып, есімі берілген Зылиха Тамшыбай ауылы басқа ауылдардан ерекше. Ауылға кіре берістен ақ тазалықтың әлі де сақталғанына тәнті боласың. Зылиха Жанболатқызының кең форматта ілінген суреті мен айтқан сөздері қазір де ұрпақ санасында жаңғырып тұрғандай әсер қалдырады. Ауылдың мәдениет үйінің алдынан ашылған ескерткіші мен еңбек жолын баяндайтын қабырғадағы ақпараттар әрбір ауыл азаматын еңбекке тәрбиелеп тұрғандай. Бұл басқосу мерейтойға қарағанда сағынышпен еске алу кешіне көбірек ұқсайды. Қабырғаны қайыстырған қазаға, Ел анасының арамызда жоқтығына жұрт әлі де сенбейді. Қазан айының алтыншы жұлдызында Тәуелсіз мемлекетіміздің 30 жылдығына сәйкес келген Зылиха Там...
Толығырақ... Оқылды: 915 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 12.10.2021

Арам пайда

Асыл дініміз Исламда келген тыйым етілген дүниелердің барлығында адам баласының жеке басы мен қоғамға зияны бар екендігі белгілі. Осындай үлкен күнә деп танылып, дініміздегі тыйым етілген істердің бірі – жемқорлық. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 188-аятында: «Араларыңдағы мал-дүниелеріңді бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың дүниелерінен бір бөлім жеу үшін билерге апармаңдар», – деп айтқан. Жемқорлық орын алған жерде жауапкершілік жоғалады, әділетсіздік орын алып, тыйым салынған нәрселерге рұқсат етіледі. Ата-бабаларымыз «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деу арқылы, ұрпағын имани қасиеттерден ажырамауға шақырып, әркез туралықта болуды насихат еткен. Жаратушымыз Алла Тағала Қасиетті Құранның «Мәида» сүресі, 42-аятында:«Олар өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер. Егер олар саған келсе, араларына үкім бер немесе олардан теріс бұрыл. Егер олардан теріс бұрылсаң да, олар саған ешбір...
Толығырақ... Оқылды: 986 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 11.10.2021

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ БАРШАҒА МІНДЕТ

Адам баласының өмірі белгілі бір кезеңдерден тұрады. Сәби кезінде әлсіз болып дүние есігін ашып, жастық шағында бойына жігер бітіп, қартайғанында қайтадан бойын әлсіздік билейді. Қасиетті Құранның «Рум» сүресінің 54-аятында Алла Тағала: «Ол сондай Алла! Сендерді әлсіз етіп жаратты, одан соң әлсіздіктен қуаттандырып, күшейтті. Одан соң күштіліктен әлсіретіп кәрілік берді. Алла нені қаласа, соны жаратады, Ол шексіз білім иесі, теңдессіз құдырет иесі», – деп айтқан. Осыған ұқсас «Ясин» сүресінің 68-аятында: «Сонымен қатар Біз кімге ұзақ ғұмыр берсек, оны жаратылысында әлсіретеміз. Олар сонда да ақылға салып ойланбай ма?», – деген. Бұл аяттар шынымен де, біздерді ойлануға шақырады. Қазір бойында жігері тасыған жас адам ертең қартайып, өзі де жәрдемге мұқтаж болады. Кімде-кім жастығында үлкендерге құрмет көрсетсе, ертең қартайғанда өзі де сол құрметті көретін болады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):...
Толығырақ... Оқылды: 963 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 11.10.2021

Тәуелсіздік-тұғырым

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтекше ауылдық мәдениет үйінде “Тәуелсіздік-тұғырым” атты онлайн концерт өткізілді.
Толығырақ... Оқылды: 1083 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2021

QR арқылы төлем жасау мүмкіндігі

ХҚО-ларда төлқұжат пен жеке куәлікті ресімдеген клиенттер мемлекеттік бажды QR кодтың көмегімен төлей алады. Азаматтарға арналған үкімет ҚР ІІМ-мен бірлесіп, көші-қон қызметі операторында отырып-ақ, төлем жасау мүмкіндігін іске асырды. Бүгінгі таңда бұл мүмкіндікті ҚР барлық тұрғындары пайдалана алады. Клиент төлқұжат пен жеке куәлікті ресімдеуге өтініштер қабылдайтын көші-қон қызметі операторына жүгінген сәтте, кассаға бармай-ақ бірден Homebank немесе Kaspi банк қосымшаларының QR төлем жасау жүйесі арқылы баж алымын төлей алады. Санаулы секунд ішінде төлеу – әрбір екінші қазақстандыққа қолжетімді цифрлық мүмкіндік.Бұдан бұрын QR кодпен жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, кондоминиум объектілері бойынша қызметтерді және жер қатынастары саласындағы басқа да мемлекеттік қызметтерді төлеуге болатын. Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері 584 тг, паспорт үшін – 23 336 тг құрайды. Азаматтарға арналған үкімет QR арқылы төлем...
Толығырақ... Оқылды: 1411 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021

SMS-хабарламалар жолдайтын жаңа сервис

Біз тұрғын үй иелеріне тіркелген азаматтар мен тіркеуден шығарылған тұрғындар туралы SMS-хабарламалар жолдайтын жаңа сервисті енгіздік. Енді азаматтар ХҚО арқылы тіркелген кезде тұрғын үй иесі өз телефонына тіркелген адамның деректері көрсетілген хабарлама алады. Егер баспана иесі үйінде тұратын адамды тіркеуден шығарғысы келсе, екінші тарапқа да тіркеуден шығарылғаны туралы хабарлама барады. Аталған жаңа сервис ақылы түрде тіркеуді ұсынатын делдалдарға қарсы күресте көмектеседі Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін тұрғын үй иесі мен тіркелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек.
Толығырақ... Оқылды: 1391 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021

Жәрдемақыны ХҚО арқылы рәсімдеу

Баланың туылуына және бір жасқа толғанына дейінгі күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны ресімдегісі келетін қазақстандықтар енді тұрғылықты жеріне қарамастан, еліміздің кез келген ХҚО-ға жүгіне алады. Бұрын тұрақты тіркеудің болуы және тіркелген жері бойынша ХҚО-ға жүгіну – әлеуметтік төлемдерді ресімдеудің басты талаптарының бірі болған. Жәрдемақыны ХҚО арқылы рәсімдеу үшін жеке куәлік, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, неке куәлігі, банк шоты туралы анықтама қажет.
Толығырақ... Оқылды: 1364 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.10.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.