Жаңалықтар
Паспорт пен жеке куәлікті QR код арқылы төлеңіз |
Паспорт пен жеке куәлікті ресімдеу кезінде мемлекеттік бажды QR код арқылы төлеңіз Құрметті қызмет алушылар! Енді барлық ХҚО-ларда паспорт пен жеке куәлікті ресімдеу кезінде мемлекеттік бажды кассаға жүгінбей, QR код арқылы төлеуге болады Жеке куәлік үшін мемлекеттік баж мөлшері 584 тг, паспорт үшін – 23 336 тг құрайды. Азаматтарға арналған үкімет QR арқылы төлем жасау мүмкіндігін 2020 жылдың қараша айында енгізді. Бүгінде клиенттер 146 Мемлекеттік қызмет түрін осы тәсіл арқылы төлей алады. Айта кетейік, мемлекеттік тізілімдегі 690 қызметтің 662 қызмет түрі корпорация арқылы көрсетіледі. * төлем Homebank және Kaspi.kz қосымшалары арқылы қолжетімді Ответить всем Ответить Переслать |
Толығырақ... Оқылды: 1004 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.10.2021 |
Тұғыры биік-Туған ел |
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Тұғыры биік-Туған ел” атты онлайн көнцерт өтті. |
Толығырақ... Оқылды: 1101 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 14.10.2021 |
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР-ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМЫЗ |
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназия оқушылары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты акцияға қатысты. Акция аясында сынып сағаттар, суреттер көрмесі безендірілді. Оқушылар Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздерінің пайда болу тарихы және оның қоғамның саяси өміріндегі маңызы мен рөлімен танысты. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас нышандары. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді», - деп атап өткен болатын. «Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтанышымыз» тақырыбы аясында өткен шаралар барысында мемлекеттік рәміздердің әрбір элементі мен тарихи маңыздылығы, философиялық мәні туралы дәйекті түрде мәлімет берілді. Ұлжан Әдібаева, Қ.Қ.Жалайыр... |
Толығырақ... Оқылды: 1706 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021 |
Депутаттар құрылыс нысандарын аралады |
Бүгінде елімізде баспана мәселесі өте өзекті. Баспаналы болғысы келетін адамдардың саны жылдан-жылға артуда. Мемлекет тарапынан бұл түйткілді шешу үшін қажетті бағдарламалар қабылданып, тиісті шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Мемлекет халықты, оның ішінде осал топты, жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Ауданымызда бұл бағытта жұмыс жүргізілуде. Соңғы жылдары аудан аумағындағы бес қабатты тұрғын үйлер, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер ел игілігіне пайдалануға берілсе, биыл бірқатар әлеуметтік нысан бой көтермек. Олардың қатарында мектеп те, тұрғын үй де бар. Ауданда құрылыс жұмыстары қалай жүріп жатыр? Жұмыстың сапасы қандай? Осыны білу мақсатында аудандық мәслихаттың хатшысы Әлдибек Досымбеков, Ғалым Байжұманов, Қалибек Алпысбаев, Курбан Гаджиев және облыстық мәслихат депутаты Секенбай Шеңгелбаев құрылыс нысандарын аралап көрді. Балпық би ауылындағы бес қабатты 60 және 20 пәтерлі тұрғын үйдің, Талапты ауылындағы шағын футбол а... |
Толығырақ... Оқылды: 1641 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021 |
Қарттарым-асыл қазына |
«Даламның иісі бұрқырап», Қарттарым, аман – сау жүрші!» - деп ақындар жырлағандай Мұсабек ауылдық округінің әкімдігі мен ауыл ақсақалдар ұйымының ұйымдастыруымен Мұсабек ауылының «Нұрлан» кафесінде қарттар күніне арналған дастархан жайылып, осы округке қарасты ауылдардың аяулы ата – әжелеріне арнайы құрмет көрсетілді. Мәңгі өмір жоқ, бірақ мәнді өмір бар – демекші, үйде немере – шөберелерінің қасынан шықпай отырған ата – әжелеріміз өздерінің қазақи дәстүр – салтымен бір – бірімен шүйіркелесіп, жиналған жұрт отырысының сәнін кіргізді. Алғашқы сөз алған Мұсабек ауылдық округіне жаңадан әкім болып сайланған Тантыбай Ербол, ауылының ата – әжелерінің өмірдегі ең қымбатты жандар екенін, жастар тәрбиесіндегі көрсететін ықпалының ерекше екенін айта келе, ұзақ ғұмыр тілейтінің айтып құттықтады. Сонымен бірге осы іс – шараны өткізуге демеушілік көрсеткен кафе иесі Өзенбаев Дүйсенбайға, шаруа қожалықтарының иелері... |
Толығырақ... Оқылды: 1559 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021 |
Ұстаздар ұлықталды |
Елдің дамуы оның білім беру жүйесі арқылы бағаланатын болады», деген сөз жайдан-жай айтылмаса керек. Себебі мемлекеттің мерейін өсіріп, мәртебесін арттыратын адам болса, сол адамды маман қылып шығаратын, шынықтыратын мектеп. Білім мен тәрбиенің тал бесігі. Осы бесікті тербетіп, ақылын аямайтын, шәкіртін аялайтын ұстаздар десек жалған болмас. Күні кеше аудандық Мәдениет үйінің төрінде еңбегі еленген үздік ұстаздарды Жамбыл Бейсенбай марапаттады. Ұлтқа мақтаныш, ұжымға сыйлы болып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде талмай талпынып жүрген ұстаздар қауымын марапаттау рәсімінде аудан әкімінің су жаңа орынбасары өзі де ақтарыла сөйлеп, ағынан жарылды. «Мұғалім – ұлы мамандық иесі. «Ұстаз» деген ұғымда ұлылық та, жылылық та бар. Өйткені алдарыңызға тарыдай болып келген бала таудай азамат болып шығады. Бүгінгі таңда білім беру саласының алдында Мемлекет басшысының тапсыруымен жаңа да жауапты міндеттер тұр. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Ұстазға құр... |
Толығырақ... Оқылды: 1562 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021 |
Өнегелі отбасы - мемлекет тірегі |
«Білім — біліктілікке жеткізер баспалдақ, Ал біліктілік — сол білімді іске асыра білу дағдысы» А.Байтұрсынов Мектеп... Шәкірт...Ұстаз... Осы үш сөз бір арнаға тоғысқандай. Бұл қаламның басы мен ұшы сияқты, егіз жүретін түсінік. Мектеп пен шәкірт... Ал, осы екі ұғымға жан бітіретін құдірет иесі әрине, – ұстаз. «Мектеп – білім тірегі, ұстаз оның жүрегі» деген тіркес осы сөздерімнің мәнін ұқтырғандай. Ұстазды ақылдылық пен көрегенділіктің бейнесі деп білемін. Ұстаз – зор тұлға ол күннің құдіретті сәулесі іспеттес. Барша шәкірттің тұла бойына білімінің биігін сыйлай отырып, қаншама жанның жүрегінен орын алатын, өз өмірін өзгенің болашағына арнайтын ақылдың тозбайтұғын асылы. Бойындағы бар білімі мен ақылы, арман мен мақсаттарын орындай жүріп, шәкірт жүрегінде мәңгі сақталатын бейне де осы – ұстаздікі. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін, ең бастысы жауапкершілігі жоғары мамандықтардың бірі ұстаз болу екені ақиқат. Өйт... |
Толығырақ... Оқылды: 1593 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021 |
Төскейді төлге толтырып |
Бейбіт қоғамда бейнетшіл пендеге қандай кәсіппен айналысамын десе де қолайлы жағдай жасалған. Тек ниет пен тәуекел керек. Қайшы алып шаш қисаңыз да, қамшы алып төрт түлік соңына түссеңіз де, дүкен ашып саудамен айналысамын десеңіз де, ешкім бетіңізден қақпайды. Керісінше, мемлекет тиімді жобалар ұсынып, несие беруде. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ауылда іске асырылатын кәсіптің барлық түріне төмен пайызбен несие береді. Несиелендіру мерзімі 6,5 жылға дейін. Кәсіп бастағандарға жеңілдік мерзімі қарастырылған. Кепілдікке ауылдық жерлердегі мүлкін де қоюға болады. Бір сөзбен айтқанда, несие алудың шарттары жеңіл, талаптары қиын емес. Ауыл тұрғындарының кәсіппен айналысуына мемлекет барынша қолдау көрсетеді. Ауданымызда мемлекеттің қолдауы арқылы өз істерін ашқан бірқатар кәсіпкерлер бар. Мәселен, 2020 жылы-174 млн 600 мың несиені 48 адам алса, 2020 жылдың он айында 61 адамға-193 млн 950 мың теңге берілген. Мамандардың айтуынша жыл соңына дейін тағы 50 млн теңге қаражат кәсіп а... |
Толығырақ... Оқылды: 1363 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021 |
Абзал азамат, жігіттің төресі еді |
Қамшының сабындай ғана, қызығы мен шыжығы қатар жүретін өмір-ай десеңші, бір күні шорт үзілетінің баршаға мәлім. Әрине, «Тумақ бар да, өлмек бар» дейді шариғат сөзі. Бірақ, бұл сөзді жақсы адамға қарата айтқанда, қабырғаң қайысып, ортаң ойсырап, жан дүниең қайғыдан қан жылап тұрады екен. Сондай жанның бірі о дүние түгілі, өкпеге қимайтын, көзден кетсе де көңілден кетпейтін, білімді және білікті, адамгершілігі зор, қимас жан – Құдайбергенов Тыныштық ағамыз. «Су түбінде жатқан тас, Жел толқытса шығады, Ой түбінде жатқан сөз, Шер толқытса шығады» деген екен Асан қайғы бабамыз. Сол айтқандай қолыма қалам алып, естелік жазуыма себеп болғаны – ағамыздың жете алмай кеткен мерейтойы. Ортамызда болғанда Тыныштық ағамыз биыл 70 жасқа толар еді… Құдайбергенов Тыныштық ағамыз Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылында 1951 жылы 5 қазанда дүниеге келген, 1969 жылы мектеп бітіргеннен кейін Қазақтың ауылшаруашылық институын ғалым-агроном мамандығы бой... |
Толығырақ... Оқылды: 1365 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.10.2021 |
Қазақ халқының мақтанышы |
Тарихқа көз жүгіртіп қарап отырсақ, қазақтың небір қайсар қыздары, ғұндардың ел анасына айналған арулары, түріктің тұрпаты бөлек жауынгер (ханымдары), қазақтың ұранға айналған, кие қонған небір аяулы ана, апалары болыпты-ау... Елім деп емінген, жерім деп тебінген ерлермен сын сағаттарда қатар жүріп, қанатына айналған, бала туып, ұрпағын өсірген олардың да аттары тарих қойнауынан талып-талып естіліп жатады. «Атқа мінсең ей қаған, жерді көрмейсің, таққа отырсаң ей, қаған, елді көрмейсің! Атыңды жер, тағыңды ел көтеріп тұрғанын неге білмейсің?» деп сөйлеген де біздің асыл аналарымыз. Асылы, ел болмақ – Анадан! Ел өссе де – анадан, беті аулақ, өшсе де – анадан! Бір ана бар Жетісуда еңбеккер, Тәтті түбір ақ сәбиін тербеткен. Маңдай тері арна салып табысқа, Еңбегімен елдің даңқын өрлеткен» - дегендей, шоқтығы биік тұлға, ерен еңбегімен, халыққа көрсеткен адал қызметімен, қоғам, ұрпақ тәрбиесіндегі озық ұлағатымен, халқының құрметіне бөленген аб... |
Толығырақ... Оқылды: 971 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 12.10.2021 |