Жаңалықтар
Адамдық қасиеті – абыройлы қызметіне сай |
«Өз елі – өз Ерлерін ескермесе, Ел тегі, қайдан алар кемеңгерді?!..» Ілияс Жансүгіров. Иә, иә... бәлкім, өзі туған өлкенің, Ақсу өзеніндей адуынды да құлагер ақын – Ілияс Жансүгіров: дәл осы өлең жолдары арқылы, менің кейіпкерімді сипаттап тұрғандай қабылдағандықтан болар, осы үзіндіні сол кезде жазып бастаған очеркіме «эпиграф» етіп алған едім. ... Алғаш көрген адамға осы бір мығым денелі, темірдей тәртіппен шыныққан, бидай өңді жігіт ағасының, бір қарағанда өте қатал көрінетін сыртқы келбеті – барлай, бажайлай білгенге өз болмысының құпиясын адами, құнды қасиеттерімен, асықпай ашатынына сұхбат барысында көз жеткізгендеймін... Иә, жасыратыны жоқ, сұңғыла бабаларымыздың «Бақ бірде ауып қонса, бірде тауып қонады»,- деген тәмсілінің соңғы жолы да осы кейіпкеріме арналып айтылғандай әсер алдым. Өйткені, осындай биік тұғырдан өз орнын ойып тұрып алған, айбынды басшының айтулы жетістіктері мен бағындырған асулар... |
Толығырақ... Оқылды: 1227 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.07.2021 |
Басты назарда – бала қауіпсіздігі |
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай, білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов баяндады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, әлемде КВИ-дің 182 млн-нан астам жағдайы тіркелген. Қазақстанда 29 маусымдағы жағдай бойынша COVID – 19-ға оң нәтижемен 421 121 жағдай және 56 942 КВИ науқас тіркелді. Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бастап – «қызыл аймақта». Министрдің айтуынша, соңғы аптада коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың 39%-ға өскені байқалады. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында эпидемиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қосымша шектеу ш... |
Толығырақ... Оқылды: 1216 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.07.2021 |
Тәуелсіздік туы — асқақ |
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы - бұл халқымыздың маңдай терімен жеткен жетістіктері, сонымен бірге - жаңа тарихи сын. Осы уақыт ішінде халықтың еркін санасы қалыптасып, егемен елдің жаңа да жасампаз ұрпағы өсті. Қазақстан әлемде мәртебелі мемлекет ретінде орнықты. Әрине, бұл уақыт ішінде мақтануға тұратын, мемлекеттігімізді нығайтып, бүкіл әлемге паш етуге лайықты талай ауқымды істер жасалды. Дегенмен, Тәуелсіздік осы отыз жылмен шектелмейді. Оған жетудің тарихы, қазағымыздың көрген қасіреті бір жағында тұрса, екінші жағында елдігімізді, егемендігімізді сақтап, оны келешек ұрпақ үшін нығайту ісінің тұрғаны сөзсіз.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Тәуелсіздіктің қадірі мен құндылығын, оны сақтаудағы бағдар-белестерді айқындап берді.Президент мемлекетіміздің отыз жылда өткерген белестерді тізгіндеп, олардың әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұрғанына назар аударды. «Көреген басшы елді өсіреді... |
Толығырақ... Оқылды: 1257 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 01.07.2021 |
Ұлтымыздың ұлы перзенті |
Бөлекбаев Сағади Байұзақұлын 1964 жылдан Талдықорған облысына қарасты Мұқыры ауылына келін болып түскеннен бері білемін. Туыстық жағынан туған қайын інім. Сыйластығымыз өте жақсы еді. Қайын інім туралы естелік жазамын деп ешқашан ойлаған емеспін. Міне, өмірден өткеніне де 40 күннің жүзі болыпты. Амал не, жазуға тура келді. Неден бастарымды білмей, басым дал болып отыр. Ол жасынан досқа адал, адамгершілігі мол, кісі баласына қиянат жасай білмейтін, аса сабырлы да, салмақты, жібектей мінезімен естен кетпес тұлға. Өмірден көргені, түйгені көп, білімі де, білікті, үлкен жүректі Байұзақұлы Сағадидің әлі де тірі жүруі қажет-ақ еді ғой. Осыдан бес жыл бұрын Сәкенің 70-ке келген мерейтойын ағайын-туыс, құда-жекжат, жолдас-жора, қызметтес әріптестері болып тойладық емес пе?! Бір қарағанда, бұл да аз ғұмыр емес сияқты. Алайда, Сәкенің бергенінен, берері көп еді ғой. Әкесі Байұзақ пен анасы Әбдірахманқызы Дәкеннің көзінің ағы мен қарасындай бір тал баласы еді. Ата-анасы өте парасатты, ел жұрт... |
Толығырақ... Оқылды: 1212 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.07.2021 |
Қазақтың ұлттық аспабы- Домбыра |
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Еліміз жаңа кезеңге аяқ басты. Жыл сайынғы жолдауының үшінші жаңғыру басталғанынын жариялады. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі –саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу екенін атап айтқан. Жағымды жаңалық жүрегімізге жылы ұялап, жанымызды жадыратты. Елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып жарияланды. Жыл сайын аталып өтілетін бұл мерекенің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі орасан зор. Екі шектің бірін қатты, бірін сәл- пәл кем бұра. Нағыз қазақ –қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра! Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана: Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана. Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын Деп бір ханда шанағына құйған оның қорғасын. Жалған сөйлеп көрген емес дәл сол кездің өзінде: Апп... |
Толығырақ... Оқылды: 1232 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 01.07.2021 |
НҰРСҰЛТАН МЕН АСТАНА ЕГІЗ ҰҒЫМ |
Тәуелсіздігіміздің төл тұғыры, Алаштың асқақ айбары ару астананың төрткүл дүниені түгел таңдандырған тарихи құбылысқа айналғанына биыл 23 жыл. Астана бүгінде – жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық. Елорда көркімен де, көлемімен де, көшбасшылығымен де төрткүл дүниені мойындатты. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекеттің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н.Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бұйрық берд... |
Толығырақ... Оқылды: 1184 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.07.2021 |
Талғар және Қаратал аудандарында үнділік індет табылды |
Алматы облысында үнділік «Дельта» штаммын жұқтыру анықталды. Өңірде КВИ белгілері бар 17 мыңнан астам жағдай тіркелді. Ал, соңғы тәулікте 52 адам індетке шалдыққаны расталып отыр. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында мәлім болды. Жетісу жері эпидемиологиялық бақылау матрицасына сәйкес, облыс жасыл аймақта орналасқан. Деседе, Балқаш, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қаратал, Сарқан, Көксу, Талғар аудандары мен Текелі қаласында аурудың өсу қарқыны жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр. «Эпидемиологиялық тексеру арқылы инфекцияның ықтимал орындары анықталды. Мәселен, бір отбасы мүшелері арасында – 23,1%-ы ауруды жұқтырып алған, базарларда - 11,5%, сауда нысандарында – 15,2%, қоғамдық көлік - 11,5% және отбасылық іс-шаралар (той, құдалықтар және басқалар) – 11,5 % сырттан келген жағдайлар тіркелмеген»,-дейді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов. Облыста Талғар және Қарата... |
Толығырақ... Оқылды: 1180 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.07.2021 |
Абибеков Бауыржан Бақытұлы - аудан әкімінің 2021 жылғы 30 маусымдағы өкімімен Көксу ауданы әкімі аппараты басшысы лауазымына тағайындалды |
Абибеков Бауыржан Бақытұлы - 1987 жылы 23 маусым Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008 жылы Алматы технологиялық университетін экономика мамандығы бойынша, 2015 жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын құқықтану бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласы бойынша салық департаменті салықтық әкімшілендіру басқармасының жетекші маманы болып бастаған. 2009 жылы Алматы қаласы бойынша салық департаменті салықтық әкімшілендіру басқармасының бас маманы; 2011 жылы «Көксу ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы; 2012 жылы «Көксу ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы; 2012-2014 жылдары, Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының ішкі бақылау қызметінің бас маманы; 2014 жылы Алматы облысы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы-облыс әкімі орынбасарының көмекшісі; 2014-2016 жылдары, Алматы облысы әкімі аппаратының құжаттамамен қамт... |
Толығырақ... Оқылды: 1280 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 30.06.2021 |
Жетісудың бас шаһары әлі де қызыл аймақта |
Алматы облысында соңғы екі аптада коронавирус жұқтырудың 487 дерегі тіркелген. Өңірде вирустың өсу қарқыны 0,2% - дан 0,1% - ға дейін төмендеді. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында мәлім болды. Өткен аптада ең жоғары өсу қарқыны Балқаш - 0,2% (5ж.), Жамбыл - 0,2% (20ж.), Қаратал - 0,3% (18ж.), аудандарында байқалған. « Бір тәулік ішінде КВИ-дің 37 жағдайы тіркелді, оның жетеуі 14 жасқа дейінгі балалар, оқушылар арасында 2 жағдай анықталды. Облыс өңірлері арасында Ақсу ауданында-2, Балхаш ауданында-3, Енбекшіқазақ-3, Ескелді-1, Жамбыл–3, Іле-3, Қарасай-3, Қаратал-2, Сарқан-1, Талғар–2, Ұйғыр-1, жағдайдан, Талдықорған қаласында – 8, Текеліде -5 жағдайдан тіркелген»- деді Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев. Бүгінгі күні Алматы облысының тұрғындары арасында вакцинация жүргізілуде. Облысқа барлығы 379 475 доза вакцина келіп түскен, оның ішінде 39 500 Hayat-vax, 307 97... |
Толығырақ... Оқылды: 1235 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2021 |
ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ |
Бүгін Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, превенция және парасаттылық басқармасының басшысы А.Садықов Ескелді ауданы әкімдігінде жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өткізді. Кездесуге Ескелді ауданының әкімі Рустам Әли, әкім аппаратының басшы құрамы және ауылдық округ әкімдері қатысты. Аясында, Ескелді ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Өз кезегінде Алматы облысы бойынша Антикор басшысының бірінші орынбасары бірқатар проблемалық мәселелерді, соның ішінде ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бойынша мәселелерді атап өтті. Сонымен, Жандос Жұмабаев профилактикалық іс-шараларды өткізу бойынша жұмыстың нашар ұйымдастырылғанын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау,... |
Толығырақ... Оқылды: 1240 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2021 |