Жаңалықтар

Кісілігі мен кішілігі – таудай дәрігер

...Пенде болған соң, ауырмай тұрмайсың. Жаның қысылып, тынысың тарылғанда, ауруға араша тұрар ақ желеңді абзал жандарды іздейтінің де өтірік емес. Қазіргі: «Сананы – тұрмыс билеген» қым-қуыт заманда, көптеген адами құндылықтар, күнделікті түйткіл- тіршіліктің тасасында қалып қоятыны өкінішті. Жақынына жақсылық жасамақ түгілі, сырқаттанып қалсаң, хал сұрауға жарамайтын дос- жаранды да, беймаза көңіліңді аулап, рух берер жақсы сөзін қимайтын ағайынды да кездестіріп жүрміз... Жақсы адамның – жақсы атын атауға да қиналамыз, мақтап- мадақтауға, марапаттауға да қимаймыз... Ащы да болса – шындық!!! Ондай қайырымсыз жекжаттардың қасында, алдына: «сіркең су көтермей» жаның қиналып барғанда, жайдары қабағымен қарсы алып, бір- екі ауыз жылы сөзімен жаныңды жадыратып, ауруыңды ұмыттырып жіберетін дәрігерлердің барына шүкіршілік жасайсың. Іштей, өмірде әлі де «жақсы адамдар» бар екен ғой деп, бір сәт ойланып, қуанып, марқайып қаласың... Сон...
Толығырақ... Оқылды: 1092 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

Еліміз үшін аянбай еңбек етіп, өзінің адалдығымен, парасаттылығымен ел есінде жүрген тұлғаларымыздың ғибратты ғұмырын жастарға үлгі – өнеге ету халқымыздың бір үлкен дәстүрі. Осындай тұлғалы аналарымыздың бірі – Еңбек ері болыпсың, Есіткем сенің атыңды. Құттықтаймын сені қуанып, Құп ал, құрбым, хатымды-деп қазақтың тарлан ақыны Ж.Молдағалиев «Мәмиләға сәлем хат» атты өлеңінде жырлаған, ауданымыздың, ауылымыздың мақтанышы Социалистік Еңбек Ері Мәмилә Әлімбаева дер едік. Биыл, осы қазақтың аяулы қызының туғанына 105 жыл толып отыр. Қазақ тарихындағы абыз, батыр аналарымыздың ұлағатынан нәр алған Мәмилә Әлімбаева апамыздың есімі қазақтың танымал еңбек ардагерлерінің арасынан ойып тұрып орын алған тарихи тұлға десек те болады. Мәмилә апамыз бойына табиғат дарытқан еңбекқорлық, төзімділік пен қайсарлықтың арқасында шыңдалып, алдынан шыққан қиындықтарды жеңіп, бейнет жүгін еңсере білді. Даралық негізін қарапайым ғана адамдық парасаттан іздеп, тағдырының таңдауына...
Толығырақ... Оқылды: 874 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 03.09.2021

БАЛАЛАРҒА ӘЛІППЕ ТАБЫСТАЛДЫ

Аудандағы білім ұяларында 1 қыркүйек алғашқы қоңырау соғылды. 1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерге әліппе табысталды. Сақтық шараларына сәйкес, мектептерде өткен арнайы жиынға 1-сынып оқушылары мен ата-аналар ғана қатысты. Олардан өзге сыныптар кабинеттерде тәрбие сағатын өткізді. Жетіжал орта мектебінде биылғы оқу жылында 185 оқушы білім алады. Оның 15-і 1-сыныптың балалары. Әліппе оқулығын мектеп директоры Әділет Нұрғалиев санитарлық талаптарды сақтай отырып арнайы табыстады. Зере Нұртаза, Жетіжал орта мектебінің 1-сынып оқушысы: -Мен мектепке келгеніме өте қуаныштымын. Әліппені берген кезде өте қатты қуандым. Енді сабақты жақсы оқимын. Дария Абек, ата-ана: -Бүгін қызымды бірінші сыныпқа әкеліп отырмын. Пандемия кезінде өздеріңіз білесіздер, балалар мектепті сондай сағынып қалды. Сондай қуаныштымын. Өзімнің қызыма да, басқа балаларға да тілерім аттаған қадамдары құтты болсын! Мектепте сақтық шаралары қатаң сақталған. Күзет қызметі жаңартылып, арнайы мамандар тартылған. Ғимарат...
Толығырақ... Оқылды: 1095 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.09.2021

ТӘУЕЛСІЗДІК - ЕЛ ТІРЕГІ

Биыл Ата Заңның қабылданғанына 26 жыл толып отыр. Конституция күнін атап өту қазақ елінің дәстүріне айналған мерекесі. Қай елдің болмасын тұрмыс-тіршілігін реттейтін заңы бар. Қазақ елі де өз отауын тіккелі елдің берекесі мен бірлігін сақтайтын заңын қабылдады. Ата Заң 1995 жылы 30 тамызда қабылданғаннан кейін оған 1998, 2007 және 2011 жылдары өзгертулер енгізіледі. Осылайша әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да нақты шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің жарқын болашағымыздың қайнар бастауына айналды. Айналасы 26 жылдың ішінде бірлігі жарасқан, өзге дамыған елдермен иық тірестіре қарыштап келе жатқан мемлекетке айналып отырмыз. Оның барлығы осы дұрыс қабылданған Ата Заңымыздың нәтижесі. Осы орайда, еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толыуына және Ата Заңы қабылданғанна 26 жыл толыуына байланысты 27 тамызда «Ертөстік» бөбек жай- балабақшасы ересек «Күншуақ» тобымызда балаларды патриоттыққа, елін, жерін, отанын с...
Толығырақ... Оқылды: 824 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 03.09.2021

Білім алу – әрбір мұсылманға парыз

Білім – ақылдылық пен парасаттылықтың белгісі. Білімді адам – жарық шам секілді. Білімсіз – қараңғы түн сияқты. Ислам дінінде адамзат баласына қоятын ең басты талап – білім алу, оқу және іздену. Ислам – білім алуды парыз деп санайтын дін. Білім жүректерді тірілтеді, көздерді ашады, ақылды оятады, жанды рахаттандырады. Білім жалғыздықта серік, адасқанда жол көрсетуші. Қасиетті Құранның адамзат баласына түсуінің басты мақсаттарының бірі де – тура діндегі жандарды білім суынан сусындауға шақыру. Құран кәрімде Алла есімі 2800 жерде және Раббы сөзі 950 рет ең көп кездеседі, олардан кейін үшінші Ілім сөзі, ол Құранда 750 рет айтылған. Құран Кәрімнің алғашқы аяты да: «Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді,» -деп, Құранның ең алғашқы аяты «оқы» деп түскен. («Алақ» сүресі,1-5 аяттар)Пайғамбарым...
Толығырақ... Оқылды: 954 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 03.09.2021

БРИФИНГ

2021 жылдың 23 тамызында Департамент басшысы С.Қабимолдаева облыстың мемлекеттік мектептеріне кешенді мониторинг жүргізу қорытындысы және жаңа оқу жылына дайындық бойынша брифинг өткізді. Мектептердің білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі, оның ішінде медициналық қызмет көрсету, тамақтану объектілерінің болуы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттік мектептерді санитариялық-гигиеналық жағдайлармен жарақтандыру, мемлекеттік мектептерде бейнебақылаудың болуы және бейнебақылау жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкестігі, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері зерделенді. Жаңа оқу жылы қарсаңында бұл ең өзекті мәселе болып табылады. Кешенді мониторинг қорытындысы осы бағыттардағы проблемалық мәселелердің бар екенін көрсетеді. Департамент мониторинг нәтижелері туралы жергілікті атқарушы органдарды уақтылы хабардар етеді. 2021 жылғы шілде-тамыз аралығында ЖАО-ға проблемаларды шешу жөнінде шаралар қабылдау үшін мектептер бойынша ахуал толық бая...
Толығырақ... Оқылды: 1342 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2021

Конституция– мемлекеттің басты тұғыры

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Ел Конституциясы – Қазақстан халқының баға жетпес байлығы, ұлт бірлігінің ұйтқысы. Бұл күн – жалпыұлттық мереке. Кемел келешектің кепілі болған Ата Заң халқымыздың қорғаны, бейбіт өмірдің береке бастауы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің Тәуелсіздік тарихы – татулық пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім шежіресі, мызғымас бірліктің жылнамасы. Байлық та, бақыт та – бірлікте»,- деп атап көрсеткен болатын. Конституция қолданысқа енген 26 жыл ішінде мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қалап, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етумен қатар ел экономикасың еселеп артуына сара жол ашып, өндіріс орындарының заман ағымына сай өсіп-өркендеуіне тың серпін берді. Шын мәнінде, халқымыздың бүгінде қол жеткізген жетістігі – Ата Заң аясында атқарылған ауқымды істердің жемісі. Мемлекет басшысы Қа...
Толығырақ... Оқылды: 1082 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.08.2021

ЖЕТІСУДЫҢ ЖАУҚАЗЫНЫ ЗЫЛИХА ТАМШЫБАЕВА ТІРІ БОЛСА, БИЫЛ 85-КЕ ТОЛАР ЕДІ

Биыл қазан айында тірі болса хан қызындай Жетісудың Зылихасы 85 жасқа толатын еді. Көңілі көгілдір көктемдей, жаны жадыраған жаздай, өмірі өнегелі, еңбегі берекелі болып, ел тарихында есімі мәңгі жазылып қалған Зылиха Жанболатқызының асыл бейнесі – халықтың жүрегінде, жадында. Жетісу өңірінің ғана емес, бүкіл қазақ елінің мақтанышына айналған Зылиха Тамшыбаеваның өмірден көшкеніне де он шақты жылдың жүзі болды. «Тау алыстаған сайын биіктей түседі» деген рас екен. Күн өткен сайын есімі аңызға айналған Зылиха Жанболатқызының бейнесі бізден алыстап биікке көтеріліп, халқына сіңірген еңбегі ел тарихының парақтарында алтын әріптермен жазылып қалды. Кемеңгер ана есімін кейінгі ұрпақ жадында сақтау үшін өңірде біраз шаруалар жасалды. Қазіргі кезде туған ауылында еңселі ескерткіші жарқырап тұр. Амангелді ауылының орта мектебіне есімі берілсе, Талдықорған қаласының бір даңғылы Зылиха атымен аталады. Бұдан бес жыл бұрын ел анасының 80 жылдық тойы Жетісу жерінде аталып, та...
Толығырақ... Оқылды: 840 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 26.08.2021

АЛАШТАРДЫҢ АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН КҮН

Әр мемлекеттің тәу етіп, тұғыр тұтатын темірқазығы-ата заңы. Ата заң- алты алаштың арманын орындаған, алдағы күнге деген сенімін бекіткен құжат. Ендеше, 30 тамыз-азат халықтың ақ арманы орындалған күн. Ширек ғасыр ел өмірінің нақты өлшеміне, татулықтың тірегіне, тұрақтылықтың негізіне айналған конституцияның құқықтық мемлекет орнықтырудағы маңызы зор. Тәуелсіздіктің мызғымас мұрасы, бағалы құндылығы саналған Ата Заңымыз ел еңсесін тіктеуге, ел іргесін бекітуге айрықша ықпалын тигізді. Сондықтан да, біз бүгінгі күнге дейін қол жеткізген жетістіктеріміз бен бағындырған биіктерімізді тек Конституциямен байланыстырамыз. Конституцияның тарихы тереңде. Дала заңынан бастау алған бұл құжат мемлекеттегі ең қымбат қазына адам және оның құқығы мен бостандығы деуімен де жанымызға жақын. Ата Занда адамның өмірі мемлекеттің негізгі байлығы саналған соң, елдегі заңнамалардың да еңалдымен азаматтардың мүддесіне бағытталып, халықтың игілгі үшін жасалатыны түсінікті. Жаңа заңдардың дайындалып, бұрынғы...
Толығырақ... Оқылды: 848 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 25.08.2021

Нар тұлға

Мен 1957-1960 жылдары Кеңес Одағының Батыры Матай Байысов атындағы Шұбар орта мектебінде оқып, онжылдықты бітірдім. Сол жылдары Нұрмолданы жүзбе-жүз көріп, ол кісі туралы халықтың айтқан мақтау сөзін, ол кісіге берген бағасын жиі еститінмін. ...1957 жылдың қоңыр күзі еді. Мен жездем Социалистік Еңбек Ері, егіс бригадирі Аппақ Мүсәпіровтің үйінде тұрып оқып жатқанмын. Ол кезде Алғабас ауылында жетіжылдық мектеп қана болатын. Ауылға екі ай қатынамаған мен 2-тоқсан аяқталған соң бір-екі күнге үйге барып қайтпақ болдым. Жездем Алматыға кетіп бара жатқан Нұрмолдаға Қызылтоғанға дейін ала кетуіне келісіп, мен ол кісінің Волга жеңіл көлігіне отырғызып жіберді. Нұрмолда аға жолда менен қалай оқып жатқанымды сұрады.Мен орыс тілі мен алгебрадан қинала үлгеріп жүргенімді, бақа ауылдардағы жеті жылдық мектепті бітіріп келгендердің ішінен бес-алты пәннен үлгермеген 7-8 оқушыны мектептен шығарғанын айттым. Ол кісі жас кезде жақсылап оқып, терең білім алу керектігін, білімді мыңды жығатынын, келеш...
Толығырақ... Оқылды: 874 Санат: ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ Уақыты: 25.08.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.