АУДАН ТЫНЫСЫ
Бірлік бар жерде тірлік бар |
Бүгінде бәріміз коронавирустың жаһандық пандемияға ұласқанына куә болып отырмыз. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2020 жылғы 16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай енгізілді. Карантинді енгізу халықтың денсаулығын қорғау және вирустың одан әрі таралуына жол бермеу жөніндегі шара болып табылады. Президент татулық пен тұтастықтың арқасында кез - келген қиындықтан шығуға болатынын айтты. Мұндай шара елімізде тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет қабылданып отыр. Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде. Өкінішке орай, осы жағдай біздің елімізде де тіркелді. Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауы үшін атсалысса, жеке гигиенаны сақтап, негізсіз көшеге шықпай, адам шоғырланып жатқан орындарға бармай барынша сабыр сақтап, темірдей тәртіпке бағынса, қауіпті вирустың таралуына жол бермейміз. Халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Осындай ауыр кезеңде мен барлықтар... |
Толығырақ... Оқылды: 284 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 02.04.2020 |
Отандастарыма |
Ақ халатты абзал жанды қарындас, Халқыңызбен болдыңыздар тағдырлас. Алғы шепте сап түзеп бір қатарда, Сақшы, əскермен іс атқардың қарбалас. Орындап жүр адалдықпен міндетін, Демалыссыз жүресіздер күн мен түн. Шекараның əскері секілдісіз, Енгізбеуге тырысып тəжі індетін. Оңай емес еңбегі тілшілердің, Жылы сөзбен күш берген емшілерім. Халқына еңбек еткен бар ағайын, Алғысыңды арқалап жүрші бəрің. Отандастар саналы ойыңыз бар, Сабырмен үйден шықпай қойыңыздар. Шақырмаған қонақты шығарған соң, Əлі көп біз тойлайтын тойымыз бар. Сол күнге жету үшін шыдаңыздар, Шыдамасақ келеді анық ызғар. Басынан не өтпеген бұл қазағым, Тілегім бəрін жеңіп шығыңыздар. Саны аз бар қазағым жалғызымсың, Алдағы ғой сен көретін бар қызығың. Тəңірім оң көзіңмен бізге қарап, Жасын ұзақ ете гөр ұл қызымның. Сақтанғанды Алламыз сақтайды екен, Сондықтан сақ болайық істен бөтен. Игі істердің куәсі бола берсін, Туған жер қасиетті ата мекен. Дұрыс болар тереңіне бойласаң, Қиын б... |
Толығырақ... Оқылды: 337 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 31.03.2020 |
Отырыс өтті |
Отырыста аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, партия филиалының жанындағы жемқорлыққа қарсы іс -қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Ғалым Байжұманов және аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Дәлелхан Жәніш , аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Айгүл Шаяхметова , аудандық филиал қызметкерлері және жастар қатысты. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Таңшолпан Түліпбаева хабарлама жасап, мәселенің жағдайын айтты. Ол өз сөзінде «Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр.Өткен жылы кешенді жоспарға сәйкес 1850 адамды бағдарламаға қатыстыру жоспарланған болатын. 3061 адам қамтылды ,оның 947–сі ж... |
Толығырақ... Оқылды: 329 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 19.03.2020 |
БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛДІҢ МЕРЕКЕСІ |
Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік шара өткен ғасырда қазақ жеріне қоныс аударылған жүздеген этностарды өз бауырына басып, бір үзім нанын тең бөліскен қазақ халқының дархандығын, Алғыс айту күнінің мән-маңызын аша түсуге арналды. Осынау мерекенің тарихи, саяси һәм тәрбиелік мәні тереңде жатқанын айтып, барша өңір тұрғындарын айтулы күнмен құттықтаған аудан әкімі Алмас Әділ жыл сайын көктем мезгілінің осындай игілікті мейраммен басталатынына қуанышты екенін жеткізді. - Бүгінгі салтанатты бас қосу өте зор маңызға ие.Ең бастысы Ұлыстың ұлы күні саналатын әз наурыз мейрамының бастауында Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойымен Алғыс айту күні мерекесін мерекелеп отырғанымыз ұлттар достығының жарқын бейнесінің бір көрінісі. Бұл күн - Қазақстан халқы біздер үшін - сонау өткен қиын қыстау замандарда қазақ жеріне зорлықпен қоныс аударылған түрлі ұлт өкілдерінің басына түскен ауыртпашылықты бірге бөлі... |
Толығырақ... Оқылды: 300 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 06.03.2020 |
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ АЙТУЛЫ КЕЗДЕСУ |
Ақпан айының жиырма жетінші жұлдызында аудан орталығына «Nur Otan» партиясы орталық аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Арыстанғали Сансызбаев келіп, аудан ахуалымен танысты. Алдыменен, «Уыз Май Іndustry» заводына атбасын бұрды. Завод басшысы Ербол Тоқтағұлов мұндағы жұмыс қарқынымен таныстырып, бірнеше қойманы аралады. Жымық және тағы да өзге өнімдердің дайындалу қарқынын да тамашалады. Артынша аудандық орталық емханаға барды. Ондағы жаңа бағдар бойынша жасалынып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Кейіннен «Nur Otan» партиясының ғимаратында жиын өткізді. Аталмыш жиынға аудан мәслихатының хатшысы Әлдибек Досымбеков, аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері, тиісті бөлім, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. «Nur Otan» партиясын қайта жаңғыру шеңберінде Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмаларының орындалу барысын, сондай-ақ, «Сенім.Диалог. Болашаққа нық қадам «N... |
Толығырақ... Оқылды: 364 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.02.2020 |
Масленица – қысты шығарып салу мейрамы |
Масленица – орыс халқының ең сүйікті мейрамдарының бірі, ең көңілдісі, ең сауықшылы. Барлығы асыға күткенмасленица – қысты шығарып салу мейрамы көктемнің қарсаңында, ағымдағы жылдың 26 ақпанында Мұқаншы ауылдық округінде тойланды.Мейрамның мақсаты –орыс халқының дәстүрлерімен таныстыру, сөздік қорын байыту, қонақжайлыққа үйрету, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу және ойын-сауықпен көңіл көтеру. Алғашқы құттықтау сөздерін алған Мұқаншы ауылдық округінің әкімі Өмірәлинов Бақытжан Кендербекұлы мен аудандық маслихат депутаты Кан Инна Терентьевна халыққа табысты, тату-тәтті жыл тіледі. Мейрам орыс халық билерімен, частушкалармен тамаша өтті. «Құймақ-қар бүршігі», «Кім жылдам» атты орыс халық конкурстары мен арқан тартыс, сыпырғышпен хоккей ұлттық ойындарынан жарыс өткізіліп, жеңіскерлер жүлделермен марапатталды. Жиналған жұрт құймақтан, каравай нанынан, басқа ұлттардың тағамдарынан дәм татты. Кішкентай қонақтар ат жегілген шанаға жарыса отырып,... |
Толығырақ... Оқылды: 358 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 27.02.2020 |
Ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі |
20 ақпан күні Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында 2019 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстары мен 2020 жылға арналған жоспармен бөлісу мақсатында аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбековтың төрағалық етуімен брифинг өтті. Аталмыш жиынға бөлім, мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Алғашқы болып сөз алған Ұлан Әлдибекұлы жоба бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Қайырлы күн, құрметті жерлестер! Көксу ауданы бойынша 2019 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 13 жоба мен 180 іс-шара жүзеге асырылды. Аудан бойынша бағдарлама шеңберінде 2019 жылы 11 мың-ға жуық адамның қатысуымен 13 жоба мен 180 іс-шара ұйымдастырылды. «Туған жер» арнайы жобасы аясында 2019 жылы аудан меценаттары мен демеушілерінің қолдауымен 6 жоба іске асырылды.Оның ішінде меценаттардың қолдауымен Балпық би ауылында шағын футбол алаңы салынып, қолданысқа берілді, жоба құны 9 млн теңге. Алғабас... |
Толығырақ... Оқылды: 325 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 21.02.2020 |
«MOVEMENT DANCE BATTLE» |
Балпық би ауылы аудандық мәдениет үйінде «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ерікті жастар арасында «MOVEMENT DANCE BATTLE» заманауи би жарысы өтті. Жастардың заманауи би өнеріне деген қызығушылығын дамытып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруды мақсат еткен шараға аудан мектептерінен құралған бірнеше топтар қатысып, А және В тобы болып 2 топқа бөлінді. Жарыс 5 балдық бағамен бағаланып, ІІІ кезеңнен тұрды. Ақтық сайысқа 4 топ жолдама алды. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге Б. Құндақбаева атындағы орта мектептің «ВИЖУАЛС» тобы, І орынды Бақтыбай ауылы «БРАЗЕРС» тобы, ІІ орынды Қ.Жалайыри атындағы мектеп-гимназиясы иеленсе, ІІІ орынға Құрманов орта мектебі ие болды. өз тілшіміз |
Толығырақ... Оқылды: 313 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 21.02.2020 |
12 жыл халықпен біргеміз! |
Халыққа қызмет көрсету орталығының ашылуы - еліміздегі саяси интеграцияның нышаны. Мемлекеттің даму сатысы жоғарылаған сайын халықтың сұранысы да арта түспек. Демек, халықтың құжат мәселесін реттеуде орталықтардың ашылуы - заңды құбылыс. Орталық өз жұмысын Конституциялық нормалар мен нарықтық қоғам талаптарына сай, азаматтарға қолайлы негізде жүргізіп келеді. Бұл нысанның әлеумет үшін маңызы зор. Себебі, бұрын бір анықтама алу үшін бітпейтін кезек пен түрлі кабинеттер, ең құндысы алтын уақытын сарп ететін халық бүгінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» деп аталатын осы мекеме арқылы барлық құжаттарын бір демде реттеу мәселесі жолға қойылған. Көпшілік «бір терезе» деп атаған бұл мекеменің ғимараты жаңа типтік жобамен жабдықталып, келген әрбір тұтынушы үшін толық жағдай жасалынып, жұмыс жүйесі жақсы ұйымдастырылған. Тағы бір айта кетерлігі, мұндағы қызметкерлер өз істерінің білікті мамандары, қай істе де алдыңғы лектен көрініп, аудандағы қоғамдық жұмыстарда да бе... |
Толығырақ... Оқылды: 336 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 21.02.2020 |
МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ ЗАҢ ҚОРҒАУЫНДА |
Барша адамзат дамуының шамшырақ тұлғасы және ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысы – ұстаз. «Алты алаштың ардақтылары бас қосса, төрдегі орын – мұғалімдікі» деген алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаевтың қанатты сөзін қаперге алмайтын қоғамға «Педагог мәртебесі туралы» Заң керек-ақ. Мұғалім мәртебесі баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан тақырыптардың біріне айналды. Міне, сондықтан да шығар, Елбасының бастамасымен қоғамның жіті талқылауынан өткен «Педагог мәртебесі туралы» Заң Парламент қарауына түсіп, білім саласының мамандарын ғана емес, күллі халықты жақсылықтан үміттендіріп отыр. Өйткені заңның аты – заң. Ол ұстаздар қауымына әрі қорған, әрі ынталандыру болмақ. Рухани тұлғаларымыздан Жүсіп Баласағұни: «Ізгі атымен ғана ер алғысқа бөленеді» десе, Махмұд Қашқари: «Ізгі ердің сүйегі шіріп кетсе де, аты өшпейді» деп жазады. Осы ізгіліктің бәрі – ұстаз болмысынан, ұстаз біліг... |
Толығырақ... Оқылды: 834 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 21.02.2020 |