ӘЛЕУМЕТ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ - БАСТЫ БАҒЫТ |
Экономиканың маңызды саласы ретінде еліміз ауылшаруашылығын дамытуға баса назар аударып отыр. Оның ішінде мал шаруашылығының орны бөлек. Осы бағытта мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, қаржылай көмек беру де қолға алынғаны белгілі. Осы мақсатта, 29 шілде күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында шаруаларға арналған жиын өтті. Бұл жиынға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Алматы облысы бойынша филиалы кредиттік бөлімінің басшысы Шара Сүлейменова арнайы шақырылды. Одан бөлек, аудан әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кененбаев, аудандық ауылшаруашылығы бөлімі мен кәсіпкерлік бөлім, округ әкімдері мен ауылдағы мал шаруашылығымен айналысатын шарулар қатысты. Ауыл десе, екінші деңгейлі банктердің басым көпшілігі несие беруден бастарын ала қашатын. Ал, Шара Шажабайқызы өздерінің бөлімдері арқылы қорықпай несие алып, бастар ісіңді әрмен қарай дөңгелетіп әкетуге болатын айтты: - Өздеріңізге белгілі, мемлекет әр жыл сайын 600 млрд. қаражатты осы ауылшаруашылығы саласына бөледі. Оның... |
Толығырақ... Оқылды: 457 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.08.2019 |
Есеп беру кездесуі өтті |
2019 жылдың 31 шілде күні аудандық Мәдениет үйінде Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Мұрат Жәлелұлы Ұрұмхановтың қатысуымен Көксу АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі Рамиль Раифұлы Гимадиевтің аудан халқының алдында есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге облыстық полиция департаменті штабының бастығы, полиция подполковнигі Людмила Теряева, облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ерғали Абілғазинов, облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы, полиция полковнигі Марат Күштібаев, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрдаулет Кененбаев және аудан тұрғындары қатысты. Кездесудің мақсаты – аудан халқының алдында ПБ-нің бастығы, полиция подполковнигі Рамиль Гимадиевтің халық алдында есеп беріп, туындаған өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастыру. – Жалпы аудандағы қылмыстық ахуал тұрақты және үнемі бақылауда. Ағымдағы жылдың 6 айлық қорытындысы бойын... |
Толығырақ... Оқылды: 432 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.08.2019 |
Көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар азаматтардың қарызы кешіріледі |
Мемлекет көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар азаматтардың 300 мың теңгеге дейінгі несиесін өтейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында ұлттық банк мамандары баяндады. Президенттік науқан кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақтастық негізінде Елбасының Стратегиясын жүзеге асыру ісін жалғастыруға, соның ішінде аса өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге уәде берді. Бүгінде еліміздегі әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтар (көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айрылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар) түрлі себеппен қиын жағдайға тап болып, өз аттарына алған несиелік міндеттемелерін орындай алмай отыр. Көмек кімдерге және қандай жағдайларда көрсетіледі? Сонымен, бұл жарлықта айтылған "әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтар" деген кімдер? Олар - көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айрылған отбасылар, атаулы әлеуме... |
Толығырақ... Оқылды: 283 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.08.2019 |
«Қорғау» жобасы өз жұмысын бастады |
Қазақстанда «Қорғау» жобасы басталды. Жоба -азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қолжетімді және тегін инфрақұрылым құруға бағытталған, сондай-ақ 200-ден астам өзекті бағыттар бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау алгоритмдері бар арнайы сайт пен мобильді қосымшаны әзірлеуді болжайды. Жобаның негізгі мақсаты-қиын өмірлік жағдайда жүрген халықтың құқықтық білім деңгейін арттыру. Жобаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Алматы облысының барлық қалалары мен аудан орталықтарында 20 заң консультациясы бөлімдері қызмет атқаратын болады, онда барлық азаматтар құқықтарын қорғау бойынша тегін құқықтық қолдау ала алады. Сонымен қатар, жобада заң факультетінің студенттеріне тәжірибелік тағылымдамалар ұйымдастыру, әлеуметтік заңгерлердің қауымдастығын құру, «Сөйле!» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, отбасы мен некенің оң бейнесін қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шара... |
Толығырақ... Оқылды: 293 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.08.2019 |
Талдықорғанда электронды қолтаңбаның тиімділігі түсіндірілді |
Қазақстан Республикасының Бас прократурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық филиалына, жыл басынан бері соттықты жою орталығынан 2740 анықтама келіп түскен. Мамандардың айтуынша, азаматтардың басым бөлігі шет елге шығу үшін, сотталмағандығы туралы анықтаманы сұратады. Бұл жөнінде аталған басқарма өкілдері өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты. Басқосуда электронды үкімет порталын қолданудың жолдары мен артықшылықтарын түсіндірді. 4 мемлекеттік қызметтің 3 түрін «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы алу мүмкіндігі, яғни Қазақстан Республиканың кез келген тұрғыны үйден шықпай-ақ, онлайн түрінде қызметке тапсырыс бере алады, тек электронды-цифрлы қолтаңба арқылы, бұл мемлекеттік органдар бойынша жүру уақытын айтарлықтай қысқартады және көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасын арттырады. Бұл біріншіден, пайдаланушылар уақытын үнемдесе, ал, екіншіден өте қолайлы, - дейді мамандар. Бүгінгі кү... |
Толығырақ... Оқылды: 382 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.07.2019 |
КОРЕЙ ДИАСПОРАСЫ КЕҢПЕЙІЛ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА АЛҒЫС АЙТТЫ |
Бүгін Қаратал ауданының Бастөбе жотасының бөктерінде барша жер аударып келген кәріс ұлтының алғысын білдіретін «Қазақ халқына мың алғыс» атты монументтің жанында Қазақстан және Оңтүстік Корея Республикаларының арасындағы дипломатиялық, стратегиялық әріптестіктің орнатылуының 10 жылдығына арналған митингі болып өтті. Осынау іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бескемпиров Серикжан Ислямұлы, ҚР мәжіліс депутаты Ким Роман Ухенович, аудан әкімі Қайрат Найманбайұлы , Корея Республикасының бас консулы Ким Хынг Су , Қазақстандағы Кәрістер қауымдастығының президенті Сергей Огай және этно-мәдени бірлестік мүшелері, аналар кеңестерінің төрағалары мен аудан жұртшылығы қатысты. Көпшілік тарихқа тағзым, өткенге құрмет ретінде монументке гүл шоқтарын қойды. Салтанатты ашылуда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бескемпиров Серикжан Ислямұлы «-Құрметті қараталдықтар! Құрметті қонақтар! Зұлматты 1937 жылдары зорлықпен жер аударылған мыңдаған халықтарға құтты қоныс болып, сүйікті ота... |
Толығырақ... Оқылды: 312 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.07.2019 |
Алматы облысында 46 адам судан құтқарылды |
Дәл қазір Алматы облысында шомылу маусымы қызған шақ. Сондықтан құтқарушылар жұмысының да қарбалас кезі. Алматы облысында шомылу маусымы басталғалы құтқарушылар 46 адамды құтқарып алған. Арнайы жасақ қызметкерлері жұмысын қаншалықты тиянақты істегенімен, суға түсу ережелерін сақтамайтындар жетерлік. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері баспасөз мәслихаты барысында баяндады. Айтуларынша, күні-кеше Қапшағай су қоймасында екі жасөспірім суға кетсе, Іле ауданында 2007 жылы туылған бала суға кетіп, жан тапсырған. Судағы мұндай оқыс жағдайлар жиі қайталанады, себебі, адамдар судағы қауіпсіздік ережесін елемейді дейді мамандар. -2019 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша облыстың су айдындарында шомылу маусымы кезінде 24 адам суға батып кетті, оның ішінде 9 бала құтқару бөлімшелерінің жеке құрамымен 46 адам құтқарылды. Судағы оқиғалардың негізгі алаңдаушылығын Қапшағай су қоймасы туғызады, себебі оған республикамыздың ірі мегаполисі Алматы қаласының жақын орналысуы және дем... |
Толығырақ... Оқылды: 303 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.07.2019 |
Менингит |
Менингококк жұқпасы – түрлі клиникалық көріністермен сипатталатын жіті бактериалды инфекциялық ауру. Сырқаттанушылықтың бірнеше түрлері бар. Менингиттер – серозды және іріңді, қоздырғыш түрлері бойынша вирусты және бактериалды болып бөлінеді. Бұл жұқпаны тудырушы микроб – Neіsserіa menіngіtіdіs деп аталады. Инфекция көзі ауру адам немесе бактерия тасымалдаушылар болып табылады. Бактерия тасымалдаушылар өздері ауырмайды, айналасындағыларға ауруды жұқтырады. Жұқпаның берілу жолы – ауа тамшылы, ауру жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде таралады. Микроб сау адамның ағзасына науқаспен немесе тасымалдаушымен бірге ұзақ уақыт қарым-қатынаста болғанда тыныс жолдарының шырышты қабаты арқылы енеді. Жұққан сәттен бастап 1-10 күн аралығында сырқат пайда болады. Ол айналасындағы адамдарға алғашқы күннен бастап-ақ қауіпті. Сырқаттанушылықты қабылдағыштық өте жоғары. Менингит жұқпаларының белгілері: дене қызуының көтерілуі, бастың қатты ауруы, мұрны біту, жүрек айну, құсу, мойы... |
Толығырақ... Оқылды: 449 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2019 |
«ХАЛЫҚҚА КӨМЕК» - САУАПТЫ ІС |
Ағымдағы жылдың 20-шы ақпанынан бастап, «Nur Otan» партиясының өңірдегі барлық филиалдары «Халыққа Көмек» акциясы іске асыруды қолға алды. Осы науқан барысында жергілікті атқарушы органдар өкілдері қоғамдық қабылдау өткізіп, әлеуметтік жағдайлары төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуде. Елбасы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа әлеуметтік саясатты жариялады. «Көпбалалы, толық емес және аз қамтылған отбасыларды, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін қолдау, денсаулық сақтау саласын дамыту, бизнесті және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, жергілікті жолдар желісін жөндеу, салу және кеңейту әлеуметтік доктринаның негізі болып табылады. Енді біз қоғамдық бақылаудың жаңа пәрменді тетіктерін әзірлеуіміз керек» - деген болатын. Атаулы жоба бойынша аудан көлемінде де жұмыстар жандана бастады. Атап айтсақ, Т.Исабаев көшесінің тұрғыны, 4 баланың анасы Нәзира Турдиеваға аудандық мәслихаттың депута... |
Толығырақ... Оқылды: 586 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2019 |
ЕКІ АЙ БҰРЫН АНАСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН 6 БҮЛДІРШІНДЕР ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ |
Елімізде жомарт жандар аз емес. Алматы облысы Еңбекшіқаақ ауданы, Түрген ауылында осыдан 2 ай бұрын анасынан айырылған 6 бүлдіршіннің жан-айқайына бей-жай қарамаған Республикамыздың жомарт жандардың бірі Эльмира Ешниязованың бастамасымен, қайырымды жандардың қолдауымен, Жумадилов Мурат ағаның отбасына күні кеше ғана Жаңашар ауылдық округінде 5 бөлмелі үйді сыйға тартты. Бала-шағасымен жаңа үйге қоныс аударған әке «Барша халқыма алғысым шексіз, Түрген а/о аппаратына жұбайымның қайтыс болған күнінен бастап қолдап жүргендеріне, алғашқы көмек көрсеткендеріне, Эльмира ханымның бастамасымен басталған жүйелі жұмысқа ризашылығымды білдіремін. Бала-шағасының қызығын көріп, көп жасасын» деп ағынан жарылды ағамыз! Басына түскен қиындықты елі боп көтергеніне Мұрат Бұланбайұлының қуанышында шек жоқ. Көпбалалы Жумадиловтар отбасы бұған дейін Түрген ауылындағы 2 бөлмелі жұпыны үйді 15 мың теңгеге жалға алып келген болатын. Қайғысына ортақ болған ауылдық округ әкімшілігі, ауылдың ізгі... |
Толығырақ... Оқылды: 301 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2019 |