ӘЛЕУМЕТ

Комиссия отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 22 шілде күні аудан әкімшілігінің кіші мәжіліс залында комиссия отырысы өтті. Отырысты жүргізген аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков, ауылдық округ әкімдері және мекеме, бөлім басшылары қатысты. Комиссия отырысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру бойынша 2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қаралды. Бүгінгі таңда Көксу ауданы әкімдігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда нақты жұмыстар жоспарға сай атқарылуда, 2019 жылға жалпы 13 жоба, атап айтқанда: «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша – 10 жоба, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша – 1 жоба, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша – 2 жоба. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауда жоспарға сәйкес 70 шара және жоспардан тыс 24 шара, барлық жерде 2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша барлық кіші ба...
Толығырақ... Оқылды: 469 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2019

ІSKERLІK KEZDESÝ

Ағымдағы жылдың 22 шілде күні Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров келіп, ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Ең бірінші ат басын қант зауытына бұрды. Кәсіпорын басшысы Алтынбек Абатов: «2015 жылы Көксу қант зауыты 4 млрд теңгеге қайта жөнделіп, іске қосылды. 2017 жылы 1,5 млрд теңге сомаға зауытты жаңғырту жүргізіліп, шетелдік өндірістің жоғары өнімді жаңа жабдықтары орнатылды. 2 бұрғы төсейтін машиналар сатып алынып, 3 га кагат алаңы асфальтталды. Қазіргі таңда зауыт тәулігіне 2 мың тонна шикізат өңдеп, 260 тонна дайын өнім өндіреді. Жылдық қуаты жылына 180 мың тонна шикізат шығарады. Жұмысшылардың саны 450 адам. Негізгі шикізат жеткізушілер Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу аудандарының, Талдықорған, Қапшағай қалаларының қызылша шаруашылықтары», - деп қысқаша айтып өтті. Бағдат Сайланбайұлы «Уыз Май Industry» ЖШС жұмысымен танысты. Зауыттың атқарушы директоры Ербол Тоқтағұлов өз сөзінде: &la...
Толығырақ... Оқылды: 379 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2019

QOǴAMDYQ QABYLDAÝ ÓTTI

«Жетісу – адалдық алаңы» жобасының мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету бағытында сыбайлас жемқорлықты азайту, халықтың билік органдарына деген сенімін арттыру. Бүгінде бұл кеңсе қызметкерлері әр өңірлерге барып, халықтың әл-ахуалымен танысып, мұқтаж жандарға көмек қолын созуда. Өткен аптада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің» басқарма басшысы Данияр Тұрғанбаев бастаған топ Көксу ауданына келіп, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрдәулет Кененбаев пен тиісті мекеме басшылары қатысты. Алғашқы сұрақ, жарық шамдарына байланысты қойылды. Балпық би ауылының тұрғыны Мырзабек көшесіне жарық орнатып беруін сұрады. Бұл сауалға «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Айдос Көкетаев жауап берді: - Биылғы жылға аудан орталығындағы 5 аулаға көше шамдарын орнат...
Толығырақ... Оқылды: 457 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.07.2019

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды

Биыл жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы еліміз бойынша бір ай бұрын ерте басталды. Оған себеп, ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес көмекке мұқтаж отбасы балалары барынша ерте қамтылуы тиіс. Осыған байланысты облыс әкімінің 5-шілдеден бастап "Мектепке жол" акциясын өткізу туралы өкімі шығарылды. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова баспасөз-мәслихатында өткен жиында айтты. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу. Игі шара барысында көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, киім-кешек, мектеп керек-жарақтарымен және кеңсе тауарларымен толық қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күнде жетісулық 770 оқушыға 9 млн көлемінде демеушілер тарапынан көмек көрсетілді. Басқарма өкілдерінің айтуынша, жыл сайын шараның ауқымы кеңейіп, тұрақты...
Толығырақ... Оқылды: 355 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.07.2019

«Бес сұрақ» айдары

Менің жалақы мөлшерім аса көп емес, демек БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлемеуіме болады ма? Жоқ. ҚР барлық азаматтары ай сайынғы зейнетақы жарналарын төлеп, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға міндетті. Зейнетақы жарналарының жиілігі жинақ көлеміне ғана байланысты емес, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі өтілге де байланысты. Жүйедегі өтіл базалық зейнетақыға тікелей әсер етеді. Зейнетке шығуға әлі уақыт бар болса да, банктерден несие алған кезде ай сайынғы зейнетақы жарналары маңызды көрсеткіш болып табылады. Бұл сіз үшін жүйеге белсенді қатысудың тағы бір ынталандырушы көрінісі. Қазақстан Республикасның «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Занының 24 бабында тек белгілі санаттағы тұлғалардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылатыны туралы жазылған: 1) Заңның11-бабының1-тармағынасәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар (еркектер 63 жасқа толғанда, әйелде...
Толығырақ... Оқылды: 426 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.07.2019

МҚІА мемлекеттік органдарда қызметшілердің еңбегі бойынша жылжуын қатаң қадағалайтын болады

Өткен жылдың статистикасы жоғары тұрған лауазымдарға орналасуға арналған ішкі конкурстарда мемлекеттік қызметшілердің белсенділігінің төмендігін көрсетеді. МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова Агенттіктің кеңейтілген кеңесінде сөз сөйлеу барысында аталған жағдайдың себебінің бірі - адамдардың осы байқаулардағы іріктеудің әділдігіне сенімсіздігінен туындап отырғандығын атап өтті. «Жеткілікті құқықтық реттемелеуге қарамастан, меритократия қағидаттары іс жүзінде толық көлемде сақталмауда. Жергілікті жерлердегі ахуалға, егжей-тегжейлі талдау жасауды және аталған тәжірибені жою бойынша пәрменді қабылдауды сұраймын. Қазақстандықтар меритократия қағидаттарының шын мәнінде жұмыс жасайтындығын көруі керек», - деді ол. Осы мәселені шешу ретінде «E-kyzmet» жүйесі арқылы кадрлық тағайындауларға мониторинг жүргізу ұсынылды. Бұл үшін осы жүйені мемлекеттік органдарда ықпалдастыруды аяқтау және оны жетілдіру қажет, бұл кадрлық тағайындауларға толық мониторинг жүргізуге мүмкі...
Толығырақ... Оқылды: 348 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.07.2019

Жетісу жасырған жақұт мекен немесе туристік жаңа карта

«Отанымның орнығып кең төріне, Айналасын ақ таулар көмкеруде. Жаралғандай Жетісу ертегіден, Еркелейді Жетісу ерке күнге...» Мұз балақ ақын Мұқағали Сүлейменұлы Дархан даласының жеті қырында гүрілдей аққан өзенінде бал дәмі бар, қара топырағында кешегі тарихтың ізі бар, белдерінде көк аспанмен таласқан заңғар таулары бар киелі Жетісу мекені жер жаннаты емей немене? Осынау киелі мекенің тамаша табиғатына тек қазақ елі ғана емес бүкіл әлем тамсанады десек артық айтқанымыз емес. Айдынды Алакөлі, бір өзіне жылдың төрт мезгілін жабынған Іле-Алауы, сұлулығына көз тоймайтын Көлсай шатқалдары, көркі көз арбаған таңғажайып Шарын шатқалдары және Балқаш көлінен басқа бұл жақұт мекен өз құшағына тағы нені жасырды. Сіз бен біз білмейтін өңірдің тағы бір он тамашасын талдап, картасын сызып көрейік. Ешкіөлмес тау жотасындағы петроглифтер - Алматы облысы, Ескелді ауданы, Ешкіөлмес тау жотасында сақталған тарихи байлық. Таудағы жартас беттері, шың басы мен шатқалдарда тас беті...
Толығырақ... Оқылды: 751 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.07.2019

Алакөлге жарты миллионға жуық турист келді

Табиғаты тамсандырған Жетісу өңірінің ең көрікті мекендерінің бірі – ақ айдынды Алакөл жері. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Соынмен қатар әлемдік Қызыл кітапқа енген реликті шағаланы тек осы маңнан кездестіре аласыз. «Өткен жылы ауданда туризм саласы бойынша 214 демалыс орнында 1 млн 19 мың адам демалып, оларға 5 млрд.811 млн теңгенің қызметі көрсетілді. Биылғы жылдың жаз маусымындағы 1 шілдеге дейінгі көрсеткішке сүйенетін болсақ, 393 мың 500 адамға 2 млрд 361 млн теңгеге қызмет көрсетілген. Жазғы демалыс маусымының қызықты мезгілі енді басталғанын ескерсек, бұл сан алдағы уақытта еселене түсері анық», – дейді Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев. Расында, Алакөл аумағы орналасу жағынан туризмнің барлық түрін қамтиды. Сондықтан көптеген турист Алакөлдің емдік суына шомылу үшін және тартымды демалыс ұйымдастыру үшін ағылады. 2018 жылы Алакөл ауданы аумағындағы...
Толығырақ... Оқылды: 315 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.07.2019

«Жетісу - адалдық алаңы»

Мемлекеттік органдар басшыларының ашықтығы мен қолжетімділігі – азаматтардың сенімділігінің кепілі. Және бұл қағиданы барлығы ұстануға тиіс. Осыған байланысты, жобаның жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары А. Әбдуалиев «Жетісу –адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің алаңында тұрақты негізде азаматтарды қабылдайды. Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде облыс тұрғындарымен кезекті кездесу өтті. Онда болған қабылдауда: кітаптар шығару, мүгедектерге арналған инклюзивтік телевидениені іске қосу, қазақ эпосының батырлары (Алпамыс батыр, Қорқыт ата, Ертарғын) туралы анимациялық жобаларды іске қосу туралы және тарихи қайраткерлерге ескерткіш орнату, әкім гранттары және қуыршақ театрын ашу мәселелері қозғалды. Әрбір мәселе бойынша тиісті шаралар атқарылуы жоспарда бар. Сонымен қатар, алдағы уақытта кесте бойынша облыстық басқармаларының басшылары мен қала және ауылдық округ әкімдері облыс тұрғындарына қабылдау жүргізеді. Құрметті Алматы облысының тұрғындары Сіздер «Жеті...
Толығырақ... Оқылды: 350 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.07.2019

Мемлекттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тарту он есеге қысқарды

Биылғы жыл басынан бері Жетісу өңіріндегі облыстық жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдерімен 332 алдын алу және түсіндіру іс-шаралары өткізілген. Сонымен бірге мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 623 жеке консультативті көмек көрсетіліп, заңдық кеңес алуға келген 513 азамат арнайы жеке қабылдауда болған. Бұл туралы Талдықорған қаласында «Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі уәкіл институты» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. БАҚ өкілдері алдында сөз алған Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Талғат Өмірәлиев: «Әдеп жөніндегі уәкілдің институты Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12 – қадамында анық атап көрсетілген. Бағдарламаны жүзеге асырудағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы әдеп кодексі бойынша заң бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ өздерінің функцияларының шеңберінде мемлекетті...
Толығырақ... Оқылды: 322 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.07.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.