ӘЛЕУМЕТ

«Лидер.кз» еріктілер тобы үлкен істер атқаруда

Алматы облысында «Лидер.кз» еріктілер тобы құрылған болатын. Екі жыл уақыт ішінде өздерінің ерліктерін еш жерде жария қылмай, көмекке мұқтаж жандарға кез келген уақытта қол ұшын созып жатады. Атқарылған жұмыстары елеусіз қалмай, халыққа үлгі ету мақсатында белгілі журналист Алия Ахмедиева мен блогер әрі журналист Сандуғаш Дүйсенованың идеясымен еріктілер тобын марапаттау рәсімі өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. «Қазіргі таңда біздің еріктілер үлкен жұмыс атқаруда. «Лидер.кз» бірлестігінде 160-тан астам еріктілер бар. Алайда бірлестікте екі жылдан астам уақыт жұмыс істеп жүрген азаматтарды ақылдаса отырып іріктеп алдық. Бұл шараның бастамасы. Жұмысын жандандырып, белсенділік танытатын әр ерікті елеусіз қалмайды. Және осы бірлестікке мүшелік еткісі келетін азаматтарды қатарға қосылуға шақырамыз»,-деді марапаттау рәсімінің ұйымдастырушысы Сандуғаш Дүйсенова. Айта кету керек, марапа...
Толығырақ... Оқылды: 299 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.07.2019

Бақытты отбасы – ұлттық жоба

Партиялық жобаның басты мақсаты – Қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Жобаның негізгі міндеттері - отбасы мен балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық шараларды нығайту, отбасы мен балалардың құқықтарының қорғалуын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту, балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу. «Бақытты отбасы» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында Алматы облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Баталов жол картасын бекіткен болатын. Осы орайда ағымдағы жылдың 15 шілде күні «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру мақсатында ауданда құрылған жұмысшы топ мүшелері бекітілген жол картасындағы 2 бөлім, 2.3 тармақ, 4 тармақшасындағы «Балаларға арналған қауіпсіз және жайлы инфраструктура» акциясы аясында Көксу ауданы бойынша бірқатар мектепке дейінгі мекемелерге мониторинг...
Толығырақ... Оқылды: 442 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.07.2019

ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА

Мемлекет басымдылық берген «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы елді мекендердегі маман тапшылығын шешуге сеп болуда. Ауылдық аймақтағы сұранысқа байланысты медицина, білім беру және мәдениет саласына білікті, білімді жас мамандар келуде. Олар бүгінде ауылды көркейтуге өз үлестерін қосуда. Еліміз еркіндік алғалы бері, елді дамыту үшін түрлі бағдарламалар орын алып, ғарыштап дамуына қарқынды қадамдар жасалуда. Соның бірі – «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық жердегі кадр тапшылығын бір жолға қоюға бағытталған. Сондай-ақ, жұмыс іздеген жастарға да қолайлы болып отыр. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Қазір жұмысты қаладан емес, ауылдан іздеу керек. Бізді асырайтын ауыл. Қаланы асырай алуы үшін жеке шаруаларды, ауыл тұрғындарын шағын шаруа қожалықтарын, қайта қауымдастырып, біріктіру қажет» – деп ашық та, анық айтқан болатын. Ауылға келген жас мамандарға ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме жәрдемақ...
Толығырақ... Оқылды: 388 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.07.2019

Талдықорғанда мемлекеттік қызметкерлер арасында караоке байқауы өтті

Тың бастаманы Алматы облысының ішкі саясат басқармасы мен Кірістер департаменті ұйымдастырды. Дала дауысы деп аталатын байқау өңірде алғаш рет өткізіліп отыр. Қалалық мәдениет және демалыс паркінде өткен тартысты сайысқа облыстың әр аймағынан 28 қатысушы келіп, қатысқан. Ашық аспан астындағы караоке батл еркін форматта өтті. Әнге жаны құмар тұрғындар ән салып, мәз-мейрам болды, өзгелерге де көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қатысушыларға өнер саласында жүрген аға буын өкілдері қазылық етті. Озып шыққан әуесқой «әншілерге» бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Айта кету керек, мемлекеттік қызметшілер арасында осыған дейін әртүрлі спорт түрлерінен және интелектуалды ойын түрінен жарыстар ұйымдастырылған.
Толығырақ... Оқылды: 310 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.07.2019

КЕЛІНДІ "КЕЛСАП" ҚЫЛАТЫН ЕНЕ МЕ НЕМЕСЕ ЕНЕ МЕН КЕЛІН АРАСЫ

"Келін" мен "ене" тақырыбы қай уақытта да өте өзекті болып келеді. Неліктен бұл тақырып күн тәртібінен түспей келеді? Ықылым замандардағы ене мен келіннің арасы қандай болған? Енені неге "кенеге" теңейміз? Бүгінгі таңда жас бойжеткендер неге ата-енесімен тұрғысы келмейді? Жаза берсек, көкейде жүрген сұрақ көп. Шынымен де, келінді "келсап" қылатын ене ме? Алдымен "келсап" сөзінің мағынасын ашып алсақ. Негізінен, келі-келсап - ол дәнді қауызынан арылту және ұнтақтауға арналып қатты ағаштан (кейде тастан қашалып) жасалған аспап. Қазақ халқы келі-келсаппен тарыны, бидайды, т.б. дәнді дақылдарды түйіп, жент, жарма, талқан дайындаған. Сонда келсап болып тұрған келіннің өзі ме әлде сөзі ме? Әрбір қыз баласы өмірде өз сыңарын тауып, тұрмысқа шығары айдан анық. Әйел бақытын сезіну - ол баға жетпес байлық. Одан әрмен, ана атанып, бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырғанға не жетсін, шіркін! Бірақ, қазіргі заманның қыздары осы бір жауапты қадамға...
Толығырақ... Оқылды: 1560 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019

Журналистер арасында «Самғау 2019» байқауы жарияланды

Алматы облысы әкімінің журналистер арасындағы «Самғау» байқауы биыл да ұйымдастырылады. Байқауға жаңа номинациялар қосылып, жүлде қоры да еселенді. Бұл туралы Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында баяндады. Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы Алматы облысының дамуына ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара болып саналады. Байқауға Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын, өзекті мәселелерді жазатын, көрсететін аймақтық газеттердің, телерадиокомпаниялардың редакциялары, шығармашылық бірлестіктер мен ақпараттық агенттіктер, штаттағы немесе штаттан тыс авторлары қатыса алады. Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі: 1. « Жылдың үздік журналисті» (ақпараттық мақала); 2. «Жылдың үздік тележурналисті» (жаңалық сюжет); 3. «Жылдың үздік оператор...
Толығырақ... Оқылды: 387 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019

Алматы облысының Құрметті азаматы еңбек демалысына шықты

Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасардың «Жетісу – жүрегімде» атты шығармашылық кеші өтті. Шығармашылық шара жарты ғасырдан астам уақыт «Хабар» телеарнасында елеулі еңбек етіп, көгілдір экран арқылы жаңалықтарға жаршы болып, Жетісу жұртының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ардагер журналист Тілеуқабыл Үсенұлының құрметті демалысқа шығуына орай ұйымдастырылған. Тілеуқабыл Үсенұлының мерейтойына орай ұйымдастырылған шығармашылық кештің шымылдығын Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы құттықтау сөзімен ашып, ізгі тілегін жеткізді. Бұқара мен билік арасындағы алтын көпірлік міндетін адал атқарған журналистке шапан жауып, халық алдындағы мәртебесін тағы бір асқақтатты. Сондай-ақ, ардагер журналистің жақында ғана жарық көрген «Хабар-аға» және оның қалжыңдары» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді. Басылымға автордың ел аузында жұрген әзіл әңгімелері мен үзеңгілес достарының, шәкіртт...
Толығырақ... Оқылды: 324 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019

Грузияны бағындырған Димаш

«Golden argo-2019» халықаралық байқауында қазақстандық жас ақын Дінмұхаммед Бекболатұлы бірінші орынды иеленді. Дінмұхаммед Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тумасы. Көлді орта мектебінің 8-ші сыныбында оқиды. Ол 27 маусым мен 3 шілде аралығында Украина, Литва, Болгария, Түркия, Армения, Азербайжан, Иран мемлекеттерінен 200-ге жуық жас өрен қатысқан байқауда бағын сынаған. Әбубәкір Қайранның "Қасқыр" атты өлеңін нақышына келтіре айтып, қазылар алқасының жоғарғы бағасын алды. Жас ақынның шығармашылығын шыңдауға анасы әрқашан қолдау көрсетеді. Ол осыған дейін "Мен де жұлдыз боламын" атты республикалық конкурсына қатысып, халықаралық ақындар жарысының лауреаты атанған. Жас ақын алдағы уақытта өзінің жеке шығармашылық кешін беруді жоспарлап жүр екен.
Толығырақ... Оқылды: 312 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019

Алматы облысында Қазақстанның заманауи өнерінің көрмесі өтті

Бүгін Талдықорған қаласының Көрме орталығында "Ұлы Дала хикаялары" атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Аталмыш шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы аясында, Алматы облысы әкімдігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Көрмеге қолынан өнер тамған 12 суретшінің 100 - ден астам туындылары қойылды. Олар: Алмагүл Меңлібаева, Сәуле Сүлейменова, Рашид Нұрекеев, Асхат Ахмедьяров, Сәуле Дүйсенбина, Әлібай Бапанов, Молдақұл Нарымбетов, Виталий Симаков, Саид Атабеков, Смаил Баялиев, Арыстанбек Шалбаев. Бұлар заманауи өнердің негізін қалаған жарқын идея мен сүбелі ойға толы азаматтар. Өнер тапқыш дарын иелерімен бірге куратор, ғылым докторы, өнертанушы Юлия Сорокина және халықаралық куратор-Лиза Ахмади шараға бірге келді. Айта кетсек, бұл Қазақстан бойынша алғаш рет ұйымдастырылып отырған ауқымды жоба. Көрмені тамашалауға қатысқан жандар ұлтымыздың бірегейлігі мен тұтастығын сақтап тұрған ұлттық на...
Толығырақ... Оқылды: 386 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019

Ауылдағы жақсы өмір кепілі – еңбек

Мамыр айында Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысовтың «алдағы уақытта қазақ елінде болашағы бұлыңғыр, шаруашылығы құлдыраған, ауыл тұрғындарының саны 50-ден аспайтын, әлеуметтік инфрақұрылымдары жоғалуға жақын ауылдар басқа жерге көшіріледі» – деген хабарламасы естіген құлаққа түрпідей тиген еді. Біреулер Үкіметтің мұнысы дұрыс, босқа бюджеттен шығын шығарып, өспейтін ауылдарға қаржы құйғанша, оларды көшіріп тыну керек – деп, Үкімет жоспарын қолдап жатса, ал екінші біреулер бұған қарсы шығып, Кеңес одағынан кейін ауылдарды ыдыратып, шаруашылықтарды шашыратып, ауыл адамдарын қалаға тентіретіп жіберген бұрынғы Қазақстан үкіметтерінің қателерін тізіп, Е.Алпысовтың айтқандары дұрыс емес, қайта ауылды көтеру керек, ауылды жаңғыртып, ауыл санын көбейту керек, ауыл дегеніміз – қазақтың алтын бесігі – деп жатыр. Осы мәселе төңірегінде тілші Сабина Қалибекованың аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлымен жүргізген сұхбатын ұсынамыз. - Біздің білуімізше, ауд...
Толығырақ... Оқылды: 423 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.