ӘЛЕУМЕТ

Жетісудың жеті өзенін білесіз бе?

Алматы облысының ішкі туристтік әлеуетті көтеру және киелі Жетісу өзендерін кеңінен таныту, дәріптеу мақсатында, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы және «Жетісу географиялық қауымдастығы» бірлесе отырып, «Жетісудың 7 өзені» байқауын жариялайды. Ол үшін әлеуметтік желідегі инстаграм @visitzhetysukz парақшасына жазылуыңыз шарт. Жеке парақшаңызда Жетісу жерінің 7 өзенінің бірінде суретке түсіп, жеті өзеннің атаулары мен орналасқан жерлерін белгілеу қажет, сондай ақ жүктелген сурет астына #zhetysurivers, #7river хештегін қалдыру қажет. Байқау 2019 жылдың 1-ші тамызына дейін жалғасады. Байқау жеңімпазына, яғни: 1-орын – Дрон DJI Phantom 3 SE; 2-орын – Фонарь NITECORE TM16 3-орын – Бинокль Bresser National Geographic 10x42 WP⠀сияқты бағалы сыйлыққа ие болады.
Толығырақ... Оқылды: 376 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.07.2019

Иесіз иттерді бақылау

Ит пен мысыққа да баспана қажет. Адам құқықтарын қорғау қоғамның мүшелері мен зооклубы қоғам мүшелері бірлестігінің еріктілері панасыз жануарлардың проблемаларын көтерді. Олардың айтуынша қазір өңірде панасыз жануарлар көбейіп барады. Биылдың өзінде жыл басынан бері 4 мыңға жуық ит ауланыпты. Статистикаға сүйенсек облыста жыл сайын шамамен 30 мың жануар жойылады екен. Бұл мәселені тек вольерлер салумен шешуге болады екен. Осы мәселе бойынша биылғы жылы облыстық бюджеттен 93 миллион 36 мың теңге қаражат бөлінген. Оның 58,4 пайызы игерілді. Бөлінген қаражатқа жыл соңына дейін вольерлер салынып, жұмыстар жасалынбақ. «Қазір аймақта мұндай келеңсіздіктердің алдын алып, жануарлардың адам денсаулығына зиян келтіруінен сақтану үшін түрлі шаралар қабылдануда. Нақтырақ айтсақ, қаңғыбас жануарлар алдымен ауланып, әлеуметтік желі арқылы суреттері жарияланады. Осыдан соң біренеше күн ішінде олардың иесі табылмаған жағдайда көзі жойылады. Бүгінгі күнге дейін шаһарда 1923 ит, 164 мысық ауланып...
Толығырақ... Оқылды: 301 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.07.2019

МЕРЕКЕ КҮНІНДЕГІ ҚУАНЫШ

Жыл сайын халқымыз шілде айының бірінші жексенбі күні "Ұлттық домбыра күнін" атап өтеді. Осы мерекеге орай Қазақстан халқы Ассамблеясы республика көлемінде "Қасиетті домбыра" атты акция ұйымдастырған болатын. Бұл айтулы күннің маңыздылығын ұғындырған ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде бұл бастама "Рухани жаңғырудың" негізінде өтетінін айтты. - "Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз болуға тиіс. «Өнер – ұлт келбеті» дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық – домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы – қайталанбас асыл дүние. Сондықтан, мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу – қажетті әрі дұрыс бастама. Себебі, қазіргі жаппай жаһандану уақытында халқымызға тән бірегей құндылықтарды жаңғырта беруіміз қажет,...
Толығырақ... Оқылды: 373 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.07.2019

ЖАУАПТЫ ЖОБА - "ҚҰТТЫ МЕКЕН"

Бәрімізге белгілі, Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның XVIII съезінде «Құтты мекен» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Бұл жобаның басты мақсаты - жергілікті жерлерде инфрақұрлымды нығайту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, газ, су құбыры, электрмен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуді және моноқалаларды дамыту жұмыстарын жалғастыру екені аян. Осы жоба аясында біз көтергелі отырған бірқатар мәселелер бар. Көксу ауданының "Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің" 2019 жылдың бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарын саралап, жасалынған жолдар бойынша талдау жасадық. Жалпы аудан жолдарына күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға ағымдағы жылы 383 776 мың теңге қаражат бөлінді. Атап айтсақ, Балпық би ауылындағы Амангелді көшесіне күрделі жөндеу жұмысын ұйымдастыруға 99 888 мың теңге, Амангелді көшесі бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаз болып «Гор Дор Строй&raq...
Толығырақ... Оқылды: 618 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.07.2019

Талдықорғанда "Печа куча" форматында конференция өтті

Еліміздің қалалары Елордаға қарап бой түзейді. Бас қаладағы бастамалар басқа аймақтарда да қолға алынып жатыр. Соның бірі келешекте Талдықорғанда жаңа сипатпен жүзеге аспақ. Бұл мәселе Жастар саябағында "Печа куча" форматында өткен конференцияда талқыланды. Онда әр аймақтан келген спикерлер өздерінің ауқымды жобаларын таныстырды. Ал, "Алматы байк" компаниясының өкілі Әнуар Жүсіпов велоспортты дамыту бойынша тың жобасын көпшілік назарына ұсынды. Егер ол жүзеге асатын болса, арнайы веложолдар мен велотұрақтар салынбақ. Осылайша адамдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау көзделген. Сонымен қатар, бұл жоба экологиялық ахуалды да жақсартуға сеп болады. Жобаның жүзеге асуына қанша ақша кететінін айта алмаймын. Бірақ, Талдықорған үшін көп қаржы қажет емес. Веложобаны жүзеге асырған дұрыс. Себебі, экологиялық жағынан тиімді және адам денсаулығы үшін де пайдалы,-деді "Аlmaty bike" компаниясының өкілі Әнуар Жүсіпов. Жүз сексен мың халқымыз 5 жылда жарты...
Толығырақ... Оқылды: 359 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.07.2019

Қаратал ауданында 100 отбасыға пәтер кілті табысталды

Бүгін Елорда күні қарсаңында Үштөбе қаласы Шаңырак шағын ауданында жəне Акын Сара көшелерінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы қатысып, 100 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Облыстық бюджеттен бөлінген 200 млн теңге қаржыға Шаңырак шағын ауданындағы қырық пәтерлі тұрғын үй сатып алынған. Сондай-ақ 2018 жылдың 15 наурызында Үштөбе қаласындағы Акын Сара көшесіндегі 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, биыл құрылысы толықтай аяқталды. Аталған үй аудан бойынша кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға берілді. «Мереке қарсаңында қоныстанғалы отырған баспаналарыңыз құтты болсын. Мемлекеттің осындай игі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деді облыс әкімі. Жаңа пәтерге жайғасқандардың басым көпшілігін көп балалы және мүгедек балалары бар отбасылар құрайды. Пәтер кілтін иеленгендер облыс, аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, алғыстарын...
Толығырақ... Оқылды: 412 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.07.2019

"DariКz" мобильді қосымшасының тиімділігі

Шілде айынан бастап дәрі-дәрмектер дәрігердің рецебінсіз сатылмайды. Яғни, құрамында психотроптық және есірткі қоспасы анықталған дәрілік заттар мүлдем берілмейді. Егер бұл талап орындалмаған жағдайда дәріхана қызметкерлері жауапкершілікке тартылады. Бұл жөнінде облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері баспасөз мәслихатында айтты. Жалпы, Қазақстанда 8 мыңға жуық дәрілік зат тіркелген. Заңнамаға сәйкес 6 мыңнан аса дәрі қатаң дәрігер рецепті бойынша ғана беріледі. Ал, дәрумендерге, ерітінділер мен шөп қоспасынан дайындалған өнімдерге шектеу жоқ. Жиында "DariКz" мобильді қосымшасының тиімділігі де түсіндірілді. Онда учаскелік дәрігердің нұсқаулығы, рецептік дәрілер мен басқа да мәліметтер енгізілген. Сол арқылы дәріханадан дәрі-дәрмек те алуға болады. Осы жүйе бойынша, мамандар препараттардың заңсыз сатылуының алдын алмақ. Қазіргі уақытта дәрілік заттарды сату мәселесі 2009 жылғы ҚР «Халық денсаулығ...
Толығырақ... Оқылды: 372 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.07.2019

Талдықорғанда ауыл әйелдерінің форумы өтті

Жетісулық іскер қыз-келіншектер Талдықорғанда басқосты. "Облыстық ауыл әйелдерінің" форумына әр аймақтан кәсіпкерліктің тұтқасын ұстап жүрген жандар келді. 200-ден аса қатысушы түрлі сала бойынша пікір алмасты. Жетістікке жетудің құпиясы, бизнесті басқару мен отбасы құндылықтарын талқылады. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев те қатысып, өңірдегі кәсіпкерлік әлеуетін таныстырды. Қазір облыста 122 000 шағын және орта бизнес субъектісі болса, соның тең жарымын қыз-келіншектер басқарып отыр. Басқосуда табысты еңбек етіп жүрген бірқатары өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ қаржы ұйымдары кәсіпкерлерге арналған бағдарламаларын таныстырды. Жиында алғаш сөз алған облыс әкімінің орынбасары Ақан Жылқышыбайұлы: «Құрметті форумға қатысушылар, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың атынан сіздерге қош келіпсіздер деймін. Жиын жұмысына сәттілік тілеймін. Өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамыту тиімді жүргізілуде. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін кешенді Жол картасы...
Толығырақ... Оқылды: 447 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.07.2019

Алматы облысында «Жетісудың жеті батыры» анықталды

Ержүректік пен ерлік, батырлық пен қайсарлық тек соғыс сағатында ғана сомдалмайды. Күнделікті өмірдің кез келген сын сәттерінде басын қатерге тігіп, ерлік көрсеткен жандар осы қасиеттері арқылы талай жүректерге от тастап, намысын найзағайдай ойнатады, рухты оятады. Жетісу жерінде батыр азаматтарымыз жетерлік. Алайда есімдері елге танымал болмай, ұмыт қалғандары қаншама. Сол есімдерді жаңғырту, танымал ету, ерліктерін білу мақсатында «Жетісудың жеті батыры» атты жобасы бастау алып, алғашқы жеті батыры да белгілі болды. Жаңа жоба белгілі журналист, блогер Сандуғаш Дүйсенованың идеясы. Бүгінде ол «Пятый регион» атты қоғамдық бірлестік құрып, қайырлы істерді насихаттауға ден қойған. «Бұл күнде қайсарлық танытатын азаматтар кемде-кем. Бірақ, көпке топырақ шашуға да болмайды. Өз өмірін ойланбастан басқа азамат үшін қиып, қол ұшын созатындар да жетерлік. Тіпті, өмірден озғандарда қаншама. Сондай игі істерді атқарған азаматтарымыздың ерен еңбектерін жаңғы...
Толығырақ... Оқылды: 403 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.07.2019

БІЗ АРЫСПЕН БІРГЕМІЗ...

«Апат айтып келмейді» деп жатамыз... шынымен де, өткен аптадағы Түркістан өңірінің Арыс қаласында болған алапатты апат бүкіл елді дүрліктірді. Ел аман, жұрт тынышта орын алған бұл жойқын жарылыс барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды. «Оттың ісі – қуырмақ» демекші, қаншама адам үй-жайларын тастап, қашуға мәжбүр болды. Баспанасыз қалған жандарды көршілес Шымкент қаласына уақытша қоныстандырды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев апат болған түні арыстықтарға келіп, оқыс оқиғаның мән-жайымен танысты. Қауіпсіз жерге көшірілген халықты ыстық тамақпен, дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етуді, барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Бір сөзбен айтқанда, шырғалаңға түскен тұрғындардың шертер күйі – шығар мұңына назар аударды. Зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау жасалатындығын айтты. Бұл дегеніміз – елдің қамын ойлаған жанашыр басшысының мәрттігі. Арыстықтардың иығына түс¬кен ауыртпалық барша елдің басын бірік...
Толығырақ... Оқылды: 423 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.07.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.