ӘЛЕУМЕТ
Еңбегі біз үшін орасан зор |
Лабасы ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы Айгуль Новасбаева. Елбасымыз өзінің халқына және әлемдік қауымдастыққа сіңірген тарихи қызметі,еңбегі біз үшін орасан зор Тұңғыш Президентіміздің ұлы есімі мәңгілік жүрегімізде. Қазақстан Республикасының Астанасын елбасымыздын есіміне өзгерткені мен үшін қуанышты жаңалық. Себебі Елбасымыздың халқына сіңірген еңбегі орасан зор бұл халықтың және жастардың бойына тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелейді. Астанамыз "Нұрсұлтан" қаласы болғанына қуанышпен қараймын. Еліміз тұғырлы Қазақстанымыз жайнай берсін! |
Толығырақ... Оқылды: 486 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.03.2019 |
Еліміздің дамуы Елбасымыздың арқасы |
Алматы облысы мәслихатының депутаты, Көксу ауданының "Құрметті азаматы" Секенбай Шеңгелбаев: "Қазақстандық және ел жанашыры ретінде біздің тұңғыш президентімізге, ең алдымен, тәуелсіз мемлекет қалыптастырғаны үшін алғыс айтамын. Біздің өз туымыз, елтаңбамыз бен әнұранымыз бар. Біздің мақтан тұтатын және жақсы көретін көпұлтты Қазақстанымыз бар. "Барлығы үшін рахмет, Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге зор денсаулық, ал біздің жас елімізге гүлдену мен әл-ауқат тілеймін" |
Толығырақ... Оқылды: 469 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019 |
МАҢДАЙҒА БІТКЕН ШОҚЖҰЛДЫЗ |
ҚИСМЕТОВ АЗАМАТ, аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы: «Елбасы: «Мен – өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты – Тәуелсіз мемлекет құрудың басында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңе жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да бір тәуекелге барамын»,- деген болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы біздің маңдайымызға біткен шоқжұлдыз сияқты. Елімізді үлкен аренаға шығару – ол тек дара, дана адамның ғана қолынан келетін іс. Елбасының әр жыл сайынғы Жолдаулары мен бастамалары біздер үшін жол көрсетер бағдаршам іспетті. Елбасына алғысымыз шексіз». |
Толығырақ... Оқылды: 608 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019 |
ҚАЗАҚ ЕЛІ ҮШІН ЕРЕКШЕ ТҰЛҒА |
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев билікте отырған 30 жыл ішінде Қазақстан экономикасы мұнай мен газға бай ресурсының арқасында жоғары қарқынмен дамуда үлкен үлес қосты. Еліміз үнемі даму үстінде, әрі таңғалдырарлықтай жетістіктерге жетті. Қазақстанның әлі талай асуларды бағындырып, дамуы тиіс биік шыңдардан көрінетініне көзім анық жетеді. Қазақ елі үшін Нұрсұлтан Әбішұлы ерекше тұлға . Менің ойымша, Қазақстан тек Орта Азияға емес, бүкіл әлемге айтарлықтай ықпалы тиетін елге айналады. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қарасам, болашақта тамаша елде өмір сүретінімізге кәміл сенемін. 20 наурыз еліміз үшін айтулы дата. Себебі, Тұңғыш Президентіміз өз өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев – Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлегі, ғылым докторы. Ағылшын және қытай тілдерін еркін меңгерген. Басшылық лауазымдарда қызмет етіп, мол тәжірибе жинаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Бұл – оның дипломат рет... |
Толығырақ... Оқылды: 432 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019 |
Ұлы тұлғаның ұлы істері |
Ағымдағы жылдың 19 наурызы күні елімізді 30 жылға жуық басқарған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мерзімінен бұрын отставкаға кетті. Бұл жағдай Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемде үлкен орын алған саяси жағдай болды. Іштей қимаймыз. Рас! Бірақ Елбасының бұл шешімінің өзі айтқандай оңай болмағандығын да жақсы түсінеміз.Ол қазақ халқы үшін Тұңғыш Президент қана емес, ол қазақ мемлекетінің негізін қалаушы. Тұңғыш Президентіміз өкілеттік мерзімінде өте үлкен, сапалы маңызға толы еңбек атқарды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев– әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды. Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» және «Назарбаев моделі» деп баға береді. Еліміз егемендігін алып, өз... |
Толығырақ... Оқылды: 442 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019 |
Елбасының ерен еңбегі |
БЕЙСЕНОВ МӘЛІК АМАНБАЙҰЛЫ: «Дүние есігін жаңа ашқан сәби ана сүтінен қуат, ана тілінен нәр алып өссе, біздің мемлекетіміз тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтан қуат алды. Елбасы Отаның тыныш, бейбіт ел болып, берекесі тасып, әлемге үлгі болу үшін жанын сарп қылып, еңбек етті. Қазір қарап тұрсақ, өзге алпауыт мемлекеттермен тереземіз тең. «Бақ тағатты ерге ғана тұрмақ» дегендей, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш заман, соны тілеп, бірлік үшін ерінбей еңбек еткен, ырыс-ынтымақты қадірлеген елге ғана келмек, сонда ғана тұрақтап қалмақ. Ал, осы ырыс-ынтымақ Елбасының арқасы. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бұл күнде Қазақстан халықаралық саяси үнқатысудың бейбіт отанына, алтын көпіріне айналды. Халқымыздың қанындағы көп асыл қасиеттің бірі ақ көңілімен дос құшағын айқара аша білуі. Соның арқасында қаншама ұлт өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Елбасы сөзімен айтсақ, әр республиканың ұлттар достығы... |
Толығырақ... Оқылды: 515 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019 |
Үндеуге қолдау |
Аудандық мәслихаттың хатшысы Әлдибек Досымбеков: "19 наурыз - қазақтың тарихындағы алтын әріптермен жазылған күн болып қалмақ. Мемлекет басшысы 19 жылдың 19 наурызында Астана уақыты сағат 19:00-де лауазымын тоқтатты. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «өкілеттілігімді тоқтатамын» дегені әрине баршамыздың көңілімізге кірбің түсірді. Дегенмен, Елбасының өкілеттігін тоқтату туралы шешімі Елбасына деген құрметті арттыра түскендей. Іштей қимаймыз. Рас! Бірақ Елбасының бұл шешімінің өзі айтқандай оңай болмағандығын да жақсы түсінеміз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - біздің бірінші тұңғыш Елбасымыз! ҚР Сенат басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевқа салиқалы сындарлы саяси жол болсын дейміз! Әлі талай сараптама жасалар! Бірақ ең бастысы еліміздің бірлігі, ынтымағы арта берсін! Ең маңызды айта кетерім, әрбір адам бұл талқылауға белсенді қатысып, өзінің пікірін білдірсе, бұл қоғамдағы азаматтық сезімнің артқандығының белгісі". |
Толығырақ... Оқылды: 547 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.03.2019 |
Мемлекеттік жәрдемақы кімдерге берілмек? |
Елбасының 27 ақпанда “Нұр Отан” партиясының 18- кезекті съезінде берген тапсырмасы бойынша, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілетін жәрдемақының көлемін ұлғайту жөнінде аудан бойынша түсіндіру жұмыстары басталды. Осыған орай, ауылдық округтерде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айгүл Шаяхметова мен аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Руслан Байменов Айнабұлақ, Алғабас және Мұқыры ауылдарын аралады. Әлеуметтік көмек алу үшін жалғыз төлқұжат жеткілікті. Тұрғылықты жерінде тіркеліп, арнайы комиссияның тексерісінен өткен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар жәрдемақыға ие бола алады. Алайда отбасылық табыс мұқият есептеледі. Мәселен, жанұяда жұмыс істеп отырған адамдардың табысына ауылдық жерде мал асырап отырған отбасылардың мал саны түгел есептеліп қосылады. Осы аталған табыс көздерінің қосындысын сол жанұядағы адамдардың санына шаққанда белгіленген 20789 теңгеден аспауы керек. Ескере кететін... |
Толығырақ... Оқылды: 417 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.03.2019 |
Әлеуметтік салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі |
Әлеуметтік салада қызмет көрсету жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланып, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі шараларды одан әрі күшейту мемлекеттік мекемелердің негізгі міндетіне айналды. Ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні Балпық би ауылының орталығында аудан тұрғындарына әдістемелік кеңес беру, көмек көрсету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуды насихаттау мақсатында «Әлеуметтік салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі» өтті. Көксу ауданының білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімі, жұмыспен қамту орталығы және аудандық орталық емхана мамандары мен басшылары іс-шараға белсенді түрде қатысып, аудан тұрғындарының сұрақтарына жауаптарын беріп, мемлекеттік қызмет алу бойынша тиісті кеңестерін берді. Жәрме... |
Толығырақ... Оқылды: 429 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.02.2019 |
Алматы облысында ішкі аудиторлық іс-шаралар қорытындыланып, қаржылық есептілікке аудит жүргізу өзгерістері туралы айтылды |
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Азамат Мұсабек аталған департаменттің 2018 жылдың аудиторлық іс-шараларын қорытындылады. Баспасөз конференциясы барысында 356 аудиторлық іс – шаралар өткізілгенін, оның ішінде 336-ы жоспардан тыс тексеру болса, 20-ы жоспарлы түрде өткен. Азамат Мұсабектің айтуынша, өткен жылы тексеру нәтижесінде орын алған заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 70 872 910,4 мың теңгені құраған, оның ішінде 19 713 275,4 мың теңгесі қаржылық бұзушылықтар және 51 159 635,0 мың теңге процедуралық бұзушылықтар болып шыққан. «Бюджетке қайтару, қалпына келтіру, есепке алу, қайтару бойынша анықталған 19 761 916,4 мың теңгенің, 19 666 294,8 мың теңге бюджетке қайтарылды және қалпына келтірілді (бұл 99,5 % құрайды)» -, дейді ол. Аудит жүргізілген мемлекеттік сатып алудың жалпы сомасы 49 913 768,6 мың теңгенің ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заң бұзу... |
Толығырақ... Оқылды: 557 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.02.2019 |