ӘЛЕУМЕТ

#Сайлау #19наурыз #ӨзТаңдауыңдыЖаса

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында өтіп жатқан саяси науқанға ауданымыздағы Дәнеш Рақышев атындағы халық театрының ұжымы ұлттық үлгіде қатысып, аудан тұрғындарына әр адамның таңдауы маңызды екенін айтып өтті. #Сайлау #19наурыз #ӨзТаңдауыңдыЖаса
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

ҮШТӨБЕДЕ ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ САЙЛАУШЫЛАРДЫ ТЕГІН ТАСЫМАЛДАУДА

Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында «Алло такси» қызметінің жүргізушілері жолаушыларды тегін тасымалдауда. Ауданда мұндай игілікті іс саяси науқандарда тұрақты ұйымдастырылады. Ақысыз қызмет көрсетіп жүрген такси жүргізушілері бүгінгі өтіп жатқан саяси науқан ел азаматтары үшін маңызды екенін айтып, қала тұрғындарының барынша сайлауда дауыс бергендерін қалайды. «Саяси науқандарда такси қарапайым халықты тегін тасымалдайды. Жол бойында тұрған адамдарды алып кетіп жатқан жомарт жандарға алғысымызды білдіреміз», - дейді қала тұрғыны Жадыра Ахметова. Таңмен таласып, тұрғындарды сайлау учаскелеріне тегін тасымалдаған «Алло» такси қызметі 1 сағат ішінде 50-ден астам тапсырыс қабылдады.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

Жетісу облысында бір отбасының 12 мүшесі дауыс берді

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылының Рысқұловтар әулеті бүгін түгелдей өз таңдауларын жасаған. Келіні, күйеу балаларымен немерелерін ерте келген 88 жастағы қария бүгінгі күннің ерекшелішін атап өтті. «Біздің отбасы осындай сайлауларда ешқашан қалыс қалмаған. Әркез балаларыма дауыстың маңыздылығын айтып отырамын», - деді әулет басшысы.
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

БАЛЫҚШЫЛАР ОТБАСЫ ДАУЫС БЕРДІ.

Алакөл ауданы, Қамысқала ауылдық округінің тұрғындары Ариновтар әулеті жолдасы Аринов Мұхамедияр мен Аринова Қайынжамалдың балалары және немерелері ата кәсібіне айналған балық шаруашылығымен айналысып келеді. Балықшылар әулеті сайлауда өз учаскілеріне барып, таңдауларын жасап, дауыс берді. Отбасы мүшелері осыған дейін 6 рет сайлауға қатысып, өз белсенділіктерін танытуда. Президент Жолдауындағы саяси реформаларды қолдап, елімізде әділетті қоғам орнату үшін қабылданған шараларға ыстық ықыласын білдіре отырып: «Дауыс беру- әр адамның азаматтық борышы. Біз отбасымызбен таңертен ерте сайлау учаскесіне барып, ел болашағы үшін дауыс береміз. Біз үшін сайлау- дамудың тұрақтылығы. Әрқашан оң дамуды қолдаймыз. Өз дауысымызды лайықты кандидаттар мен партияларға бердік.»- деді.
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

Роженицы активно голосуют на выборах в Коксуском районе

Избирательный участок организовали и в родильном доме села Балпык би. С раннего утра здесь веет патриотизмом. Роженицы одни за другим спешили отдать голоса за своего фаворита. День выборов в стенах роддома встретила и Ажар Ердембекова. Новоиспеченная мама родила своего первенца два дня назад. - Прежде всего я голосую за будущее своего ребенка. Я верю в будущее нашей страны. Никогда не думала, что в столь важный день для страны я буду в роддоме. Спасибо, что и позаботились и о нас, роженицах. Участвовать в выборах я считаю своим гражданским долгом, - говорит она.
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

Көпбалалы отбасы үшем ұлдарымен бірге келіп дауыс берді

Алдабергенов ауылында тұратын Имангабуловтар отбасы № 110 сайлау учаскесіне үшем ұлдарымен бірге келіп, дауыс берді. Бес баланың анасы Маржан Имангабулова бірде-бір сайлаудан қалып көрген жоқпын дегенді алға тартады. Тіпті балаларын да белсенді болуға үндеп, оларға үлгі көрсетіп келеді. Бүгінде сайлау учаскесіне екі жастан асқан үшем ұлдарын – Ернұр, Бекнұр, Алинұрмен бірге келіпті. «Сайлау учаскесіне ерте келіп, өз таңдауымызды жасадық. Осындай шешуші сәттен қалыс қалмай саяси науқанға қатысуға тиістіміз. Өйткені, мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға жиі көңіл бөлінеді. Балаларымыздың болашағы жарқын болсын деген ниетпен таңдау жасадық», - дейді ауыл тұрғыны Маржан.
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

Қолөнерші отбасы дауыс берді

Қазақтың қолөнері – ұлттық мәдениетті насихаттайтын, байырғы, әрі құнды салалардың бірі болып табылады. Бүгінде осы ұлттық болмысты сақтап, дәстүрімізді дәріптеп, рухани жаңғыру жолында талмай еңбек етіп жүргендердің бірі – Шәмен әулеті. «Отбасымызбен сайлауға белсене қатысамыз деп нақты шешім қабылдадық. Мұнда барлық жағдай жасалған, әуезді ән, үлкенді сыйлап кішіге ізет көрсету сияқты әдептіліктің барлығы сақтауға тырысып жатыр. Әркім өз таңдауын жасауда» - деді шеберші. Отбасының отағасы – Жұманұр ағамыз қолөнер жолы оңай еместігін айтып, еш қиындыққа қарамай еңбек етумен қатар, өзінің ұл-қыздарын және шәкірттерін да өнерге баулып келеді. «Бізге қол өнер әкемізден дарыған. Әкеміз ағаштан түрлі бұйымдар жасауды үйреткен, оның осы ісін қазір жалғастырып келеміз. Қазақтың өнерін дәріптеп, ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде жеткізу ғана мақсатымыз бар» - деді ол. Он саусағынан өнер тамған отбасы мүшелерінің қай-қайсысы болсын ұлттық өнерді ж...
Толығырақ... Оқылды: 57 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

Задержанный в ИВС:

В день выборов в Коксуском районе люди, находящиеся в изоляторе временного содержания, также получили возможность проголосовать на парламентских выборах. Одним из них является 36 летний житель села Мукры. Он по решению суда был помещен в ИВС на 20 суток за вождение автомобиля в нетрезвом состоянии. Так получилось, что в день выборов он был изолирован. Поэтому мужчине дали возможность сделать свой выбор прямо в изоляторе. - Сегодня один из важных дней в жизни казахстанцев. Мы голосуем за будущее. Я свой выбор сделал. И в его правильности я не сомневаюсь. Главное, чтобы выбранные депутаты работали во благо нас, простого народа, защищали наши интересы и ликвидировали несправедливость. Спасибо, что дали возможность сделать свой выбор! - поделился он.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

Сексеннің сеңгіріне шыққан Сарқандық Мұхаммедбек ақсақал таңдауын жасады.

Сексеннің сеңгіріне шыққан Сарқандық Мұхаммедбек ақсақал таңдауын жасады. Ақсақал Сарқан қаласындағы № 349 сайлау участкесінде, отбасымен келіп таңдауларын жасады. #ЕлҮшінТаңдау #ӨзКандидатыңдыТаңда #Сайлауғабарамын #ЖетісуСайлау
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023

Бүгінгі саяси додадан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға келген әрбір жанға наурыз көже ұсынылды.

Бүгінгі саяси додадан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасауға келген әрбір жанға наурыз көже ұсынылды. Қараталдық еріктілер көктемгі жаңару мерекесі қарсаңында болған сайлау науқанында үлкен мән барын айтты, деп хабарлайдыEgemen.kz. Көпшілік бір-бірін мерекелерімен құттықтап, жуық арада «Көрісу күні» өткенін, алда әз-Наурыз мейрамы екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ аудан халқы барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірігіп, жұдырықтай жұмылса, еліміздің өркендей түсеріне сенім білдірді. Сайлау учаскелерінде аудан өнерпаздары өз өнерлерін паш етіп, барша халыққа ерекше көңіл күй сыйлап жатыр. Күмбірлеген күй, әсем ән, әдемі жыр, бәрі-бәрі халыққа арналды. Көпшілік өз таңдауларын жасағаннан кейін, үйлеріне асықпастан әншілердің өнерлерін тамашалады. Олар сайлауда өз дауыстарын бергендері арқылы болашағымызға ықпал еткендеріне сенімді. Наурыз көжеден ауыз тиген жастар жағы үлкендерден көженің дайындалу жолын сұрастырып, пайдалы мағлұматқа қанығып қайтты.
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.03.2023
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.