ӘЛЕУМЕТ
Аудан тұрғындарымен кездесті |
Бүгін «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенов Мәлік Аманбайұлы тікелей эфирде аудан тұрғындарымен кездесті. Онлайн кездесуде ауданда атқарылған ауқымды шаруалар мен алдағы уақытта жүзеге асырылуы тиіс жұмыстың жоспары жайлы айтылды. Мәлік Аманбайұлы өз сөзінде барлық саланы қамтып өтті. Мәселен, ауыз су, газдандыру, жаңадан бой көтеріп жатқан нысандар мен тұрғын үйлер, мемлекеттік бағдарлама аясында беріліп жатқан баспаналар. Тек шешімін тауып, мәселенің күрмеуін тарқататын бір дүние ол егістіктегі суармалы жерлерді суғару жүйесі. Яғни ирригация мәселесі. Бірақ алдағы уақытта міндетті түрде шешіледі делінді. Эфир кезінде Праймериз яғни ішкі іріктеу жөнінде де айтылды. Індетке байланысты пандемияның өршіп тұрған шағында партия тарапынан көрсетілген көмек жайында да тілге тиек етілді. |
Толығырақ... Оқылды: 313 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.11.2020 |
ШАРУАШЫЛЫҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ |
Ағымдағы жылдың 17-ші қарашасында «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов Зылиха Тамшыбай ауылындағы "Еңбекші" ЖШС-нің ұжымымен жүйелік кестеге сәйкес кездесті. "Еңбекші" ЖШС-гі ауыл шаруашылық дақылдарымен айналысады. Бүгінде шаруашылықты Қанат Тоқсанбайұлы басқарып отыр. Тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған шаруашылықтың ауылға тигізіп жатқан пайдасы мол. Нақтысын айтсақ, биылғы жиын-теріннің нәтижесі жоспарға сай деуге болады. Мәселен, 1 гектар жерге егілген қант қызылшасынан 35 тонна, жүгеріден 8 тонна, ал майбұршақтан 2,8 тонна өнім алған. Ал егістік жердің жалпы көлемі 400 гектарды құрайды. Кездесу барысында Мәлік Аманбайұлы шаруашылықта жүріп жатқан жұмыстың мән-жайымен танысып қана қоймай, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың да жай-жапсарын біліп қайтты. Шаруашылықтағы қызметкерлердің айтуы бойынша жүйелі жұмыстың жақсы нәтиже көрсетуі тікелей ұжымға байланысты. Ал бұл ұжым өте ұйымшыл әрі еңбекқ... |
Толығырақ... Оқылды: 300 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.11.2020 |
«Тәуелсіздікке тарту» |
Алматы облысында "Тәуелсіздікке тарту" акциясының аясында 30 маңызды нысандар іске қосылып, іс-шаралар жүзеге асады. Елбасының тапсырмаларын іске асыру мақсатында Тәуелсіздік жылдары үлкен жұмыс атқарылды. Нұрсұлтан Әбішұлы бейбітшілік пен қоғамдық келісім қамтамасыз етілген, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи мемлекет құруға үлкен мән берді. Еліміздің басты мерекелерінің қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ақыл, ғылым, білім мен еңбектің уақыты келгенін атап өтті. Келесі жылы біздің Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Биылғы жылы экономикалық және саяси реформалар, цифрландыру, адам құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға негізделген шараларға басым назар аударылды. Дүниежүзілік "COVID-19" пандемиясына байланысты ағымдағы жыл оңай болған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес Үкімет халықты қорғау және бизнесті қолдау бойынша уақтылы шаралар қабылдады. Ос... |
Толығырақ... Оқылды: 303 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2020 |
Как оформить пособие для многодетной семьи. |
Оформлять пособие необходимо через ЦОН, мы подготовили для вас алгоритм действий: |
Толығырақ... Оқылды: 371 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.11.2020 |
Көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау |
Көпбалалы отбасы атандыңыз ба? Онда ең алдымен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны рәсімдеуге асығыңыз. Ал біз, бүгінгі парақшамыздың #oqy&toqy айдарында, жәрдемақыны рәсімдеудің жолын көрсететін боламыз. Аталмыш жәрдемақы тек ХҚО арқылы рәсімделеді☝️ |
Толығырақ... Оқылды: 326 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.11.2020 |
Алматы облысында карантин режимі өзгертілді |
Шығыс Қазақстан облысымен шекаралас облыс аумағына санитарлық бекет орнатылды. Өңірге кіріп-шығатын азаматтарға сауалнама мен медициналық тексеріс жүргізілуде. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев мәлімдеді. Оның айтуынша, бекеттерге жұмылдырылған қызметкерлер жеке қорғану құралдарымен тамақтану және жылыту пунктімен қамтамасыз етілген. «Бүгінгі күні Алматы облысында коронавирус инфекциясының 5237 жағдайы тіркелді. Ал соңғы тәулікте облысымызда COVID-19 пневмониясының 13 жағдайы тіркелді. Өсу қарқыны 0,2% құрады. Осыған байланысты №31 қаулы бойынша карантин режимі өзгертілді»,– деді Асхат Чарапиев. Енді Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, өңірде сыйымдылығы 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы тоқтады. Ойын сауық, спорттық іс шараларды (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар) өткізуге және адамдар көп жиналатын өзге де іс шарал... |
Толығырақ... Оқылды: 334 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.11.2020 |
Республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері Алматы облысының активімен кездесті |
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы, агенттік жанындағы Республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб төрағасы Ырза Тұрсынзада және Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыс активімен кездесу өткізді, деп хабарлайды "JETISÝ MEDIA". Жиында Агенттіктің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер туралы кеңінен шолу жасады. Сол сияқты Алматы облысының сервистік әкімдік, ашық бюджеттің интерактивті картасы, Open space форматында жұмыс істеу бағыттарындағы аяқ алысы туралы қысқаша айтып өтті. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру қажеттігін айтты. Сол сияқты Агенттіктің Ақпараттық-ағартушылық штабының төрайымы Ырза Тұрсынзада сөз алып, жемқорлық дертінің алдын алу, азаматтық ұстанымның рөлі, отаншылдық қасиетті шыңдау жайлы сөз қозғады. Жиын соңында облыс әкімі Аманды... |
Толығырақ... Оқылды: 336 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.11.2020 |
Дрон жарысы: Жетісуда коптердің үздік ұшқыштары бақ сынасты |
Қазақстанда алғаш рет «JETISÝ Эрон дрон» республикалық дрон жарысы өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 25 команда қатысты, деп хабарлайды «JETISÝ Media». Жарысты ұйымдастыруды қолға алған Алматы облысының "Рухани жаңғыру" өңірлік жобалау орталығы. Ал жобаның басты мақсаты Жетісудың киелі жерлерін насихаттау арқылы ішкі туризмді дамытуға жәрдемдесу мен жастардың ақпараттық және цифрлық технологиялар саласындағы шеберлігін шыңдау, цифрлық сауаттылығын арттыру әрі Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістіктегі имиджін қалыптастыру. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 2017 жылдан бері «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы атқарылды. Жоба аясында Алматы облысында арнайы комиссия ұйымдастырылып, тізімге түспеген 500-ге жуық қасиетті нысанды анықтады. Соның 50-ден астамы республикалық комиссияның талқысанан өтіп, Қазақстандағы жалпыұлттық және жергілікті маңызы бар нысандарғ... |
Толығырақ... Оқылды: 323 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.11.2020 |
2020 жылдың қараша айында медициналық сақтандыру қорына түскен жарналар 1,36 млрд. теңгені құрады |
2020 жылдың қыркүйек айында Алматы облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 1,36 млрд.теңгені құрады. Республика бойынша қараша айында түскен жарналар сомасы (2020 жылғы 01-31 қазан аралығында) 22,7 млрд.теңгені құрады. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев атап өткендей, қыркүйек айында Алматы облысы бойынша 806,3 млн.теңге жұмыс берушілердің аударымдары және 557,7 млн. теңге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен тұлғалардың жарнасы болып саналады. МӘМС-ке келіп түскен барлық қаражат, сенімгерлік басқару шарты бойынша Ұлттық банкте сақталады және кейіннен МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді төлеуге жіберіледі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы |
Толығырақ... Оқылды: 312 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.11.2020 |
Қашықтықтан оқыту шеңберінде оқу платформаларының тиімділігі |
Әлемді дендеген індет еліміздің білім саласына да өзіндік өзгерістер алып келді. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің шұғыл әрекет етуімен оқу мен тәрбие алу процесі қашықтықтан оқытуға көшірілді. Алғашқы кезеңде аталған үрдіс көптеген қиындықтар мен түсініспеушілік туғызғаны рас. Себебі, тез арада шұғыл шешім қабылдап, балалардың денсаулығына қауіп келмеуі үшін әрекет етумен қатар, білім алу үрдісін де тоқтатпау керек болды. Бұл індет бүкіл әлемге тарағандықтан, көптеген мемлекеттер қашықтықтан білім беруге көшті. Қазіргі кезде сандық технологиялар күн сайын қарқынды дамып келеді. Мұны біз дұрыс қабылдап, заман талабынан қалмай қадам басып, мейлінше пайдалы жағын өзімізге қабылдап, мүмкіндіктерді толық пайдалануымыз керек. Біз сан түрлі себептер іздеп тартынғанмен, ғаламдану үрдісінен біз шет қала алмаймыз. Ал, дамып бара жатқан үрдістен шығып қалу - тоқырауға ұшырататындығымен және ол үрдісті қуып жету мүмкін еместігімен қауіпті. Қашықтықтан оқыту – о... |
Толығырақ... Оқылды: 637 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.11.2020 |