ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысының командасы – «Асыл домбыра» жобасының үшінші маусымының жеңімпаздары

Бүгін «Асыл домбыра» тележобасының үшінші маусымының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Белгілі болғандай, 2024 жылғы қыркүйек пен желтоқсан аралығында «Хабар» арнасында өткен маусымның жеңімпазы Жетісу облысының командасы атанды. «Асыл домбыра» жобасы айтыс өнері мен қазақ халқының рухани құндылығы және мәдени мұрасының символы болып табылатын ұлттық аспап - домбыраны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған. Жоба аясында талантты ақындар мен өнерпаздар баға жетпес дәстүрлерді дәріптеп, оларды жаңа деңгейге көтеруде. Марапаттау рәсіміне дейін жеңімпаз командаға берілетін қасиетті домбыра М.Тынышбаев атындағы музейде қойылады. Ол мұражай экспозициясының бір бөлігі әрі ұлттың рухани байлығының символы болмақ.
Толығырақ... Оқылды: 161 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.02.2025

Жетісу облысында көші-қон саласында заңбұзушылықтар саны артты

2024 жылы Жетісу облысының аумағында «eQonaq» ақпараттық жүйесі арқылы 27 815 шетелдік тіркелді. Уақытша тұруға рұқсат алған 10 257 шетелдіктің басым бөлігі Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан азаматтары. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында Жетісу облысы Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ерлан Раймбеков баяндады. Облыста көші-қон заңнамасының бұзылуы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 6 282 азамат тартылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық. Оның ішінде 2 594-і шетелдіктер болса, 3 688-і Қазақстан азаматтары. Шетелдік азаматтар арасында ең жиі кездескен заңбұзушылықтар: • Қазақстанда тіркеусіз немесе құжатсыз тұру (201 шетелдік); • Көші-қон заңнамасын бұзу (2 366 шетелдік); • Шекара режимін бұзу (26 шетелдік). Жыл басынан бері шетелдіктерге қатысты 3 қылмыс тіркелді, оның ішінде Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтудің екі фактісі және заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың бір ж...
Толығырақ... Оқылды: 120 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.02.2025

2024 жылы Жетісу облысы тұтынушыларына 67 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

Өткен жылы ҚР СИМ Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне 1242 өтініш түскен. Нәтижесінде тұтынушыларға жалпы сомасы 67 001 915 теңге қайтарылды. 2024 жылы тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында 9 жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, барлық жағдайда Қазақстан Республикасының «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» Заңының талаптары бұзылғаны анықталды. Тексерістер қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сауда саласында өткен жылы 134 жоспардан тыс тексеріс өткізілді. Оның 117-сінде Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті сауда үстемесін асыру бойынша талаптарының бұзылғаны анықталды. Тексеру нәтижесінде кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша әлеуметтік және аналитикалық зерттеу жүргізілді. Зерттеудің мақсаты – тұтынушылар құқықтарын қорғау жүйесінің...
Толығырақ... Оқылды: 103 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.02.2025

Бірлік пен келісімге 30 жыл: Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралар жоспары талқыланды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары таныстырылды. Бұл туралы «Қоғамдық Келісім» КММ басшысы Еркебұлан Ақболатов мәлімдеді. Мерейтойлық жылды мерекелеу 1 наурызында, яғни, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні және Алғыс айту күнімен басталып, іс-шаралар 24 ақпан мен 2 наурыз аралығында өтеді. Атап айтсақ, Қазақстан халқы ассамблеясының XXXIV сессиясы, «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» аясындағы мерекелік іс-шаралар тізбегі жоспарланған. Аталған жоспар аясында жалпы саны 69 іс-шара ұйымдастыру жоспарлануда. Негізінен 1 наурыз - «Алғыс айту» күні, ҚХА өңірлік және республикалық сессиясы, 1 мамыр – Бірлік күніне орай «Достық дәмі» мерекелік шарасы, «Бірлік Fest» фестивалі, «Бірлік жүгірісі» марафоны, Студенттік Ассамблеялардың республикалық форумы, Ассамблея жастарының республикалық сессиясы мен слеті, «Ұлттық домбыра»...
Толығырақ... Оқылды: 149 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.01.2025

Жұмысшы мамандықтары жылы: техникалық мамандарға арналған «Наурыз жұмыскер» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланды

Үкімет Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шараларын қабылдауда. Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Отбасы Банкі «Наурыз жұмыскер» жаңа бағдарламасы іске қосылғаны туралы жарияланып, жұмысшы мамандарды баспанамен қамту мәселесі шешілді. Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін қамтиды. Биыл «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтары өкілдеріне 72 млрд теңге көлемінде 2 440 несие беру жоспарланып отыр. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы 2025 жылдың 17 наурызына жоспарланған. «Наурыз жұмыскер» қазірдің өзінде белгілі «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының бір бөлігі болмақ. Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және қалған барлық санаттар үшін 9%-дық (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) мөлшерлемемен несие беріледі. Б...
Толығырақ... Оқылды: 119 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.01.2025

Талдықорғандағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Өркен» білім грантын тағайындауға үміткерлер арасында конкурс жариялағанын хабарлады

Жетісу облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қайсар Нұрбек конкурс, оқу процесінің ерекшеліктері және мектепте білім алудың артықшылықтары туралы толық ақпарат берді. Баспасөз-мәслихаты барысында 2025 жылдың 8 қаңтарынан бастап 6-сынып оқушыларынан құжаттарды қабылдау басталғаны белгілі болды. Өтінімдерді тапсыру мерзімі 11 ақпанға дейін жалғасады. Үміткерлер үшін кешенді тестілеу 27-28 наурыз күндері өтеді. • Бірінші күні жаратылыстану-математика бағыты пәндерін меңгеру қабілеттерін бағалауға арналған тестілеу өткізіледі. Пәндер: «Математика», «Сандық сипаттамалар», «Жаратылыстану». • Екінші күні қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша білім деңгейі тексеріледі. Әр күнге тест тапсыру уақыты – 120 минут. Тестілеудің нәтижелері www.nis.edu.kz сайтында жарияланады. Ақпарат соңғы тестілеу аяқталған күннен бастап 40 күнтізбел...
Толығырақ... Оқылды: 135 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.01.2025

Үкімет маусым айының соңына дейін әрбір перспективалы орта кәсіпорынмен жұмыс жоспарын әзірлейді

Үкіметке жекелеген жобаларға инвестициялар тарту бойынша «нақты проблемаларды» ғана емес, сонымен бірге ведомствоаралық үйлестіру шеңберінде артық бюрократияны жою және жекелеген процестерді қысқарту бойынша шаралар қабылдауды жалғастыру, сондай-ақ, тұтастай алғанда «елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту» міндеті жүктелді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы еліміздің бірнеше өңірінде сырттан тартылатын қаражат көлемі бірден төмендегенін атап өтті (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Павлодар, Жамбыл облыстары, ШҚО, СҚО және Алматы қаласы). Мәселен, өткен жылдың тоғыз айында тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 12,7 миллиард долларды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі салымдардан 36% — ға аз.
Толығырақ... Оқылды: 111 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.01.2025

Мемлекет басшысы Үкіметке ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін әрбір перспективалы орта кәсіпорынмен жұмыс жоспарын әзірлеп, аяқтауды тапсырды. Бұл мәселеде дамудың перспективалық бағыттарын анықтау маңызды. Мысал ретінде әлемде сұраныс үнемі өсіп

Мемлекет басшысы Үкіметке ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін әрбір перспективалы орта кәсіпорынмен жұмыс жоспарын әзірлеп, аяқтауды тапсырды. Бұл мәселеде дамудың перспективалық бағыттарын анықтау маңызды. Мысал ретінде әлемде сұраныс үнемі өсіп келе жатқан сирек кездесетін және жерасты сирек кездесетін металдарды, соның ішінде литийді өндіру және өңдеу белгіленді. Сондықтан, инвестицияларды тарту жоспары өнеркәсіптің жекелеген бағыттарын дамыту басымдықтарына сәйкес реттелуі тиіс.
Толығырақ... Оқылды: 90 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.01.2025

Балалардың игілігі – мемлекеттің басым міндеті: Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде балалардың құқығын қорғау бойынша ауқымды заңнамалық және стратегиялық шаралар жүзеге асырылады. Ел тұрғындарының үштен бір бөлігін балалар құрайды. Атап айтқанда, Қазақстанда 6,8 млн. бала бар. «Елдегі әрбір баланың бақытты және қауіпсіз балалық шағы болуы тиіс», — Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті. Қабылданған үш заңдағы маңызды бастама – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірге бейімделуі үшін тәлімгерлер институтының құрылуы. Бүгінде 330-дан астам бала тәлімгерлермен қамтылып, қажетті көмек алуда. Балалардың құқығын қорғаудағы негізігі шаралардың бірі – балаларға қатысты құқықбұзушылық үшін жаза қатаңдатылып, кәмелетке толмағандарға жәбір көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейту мақсатында балаларды қоғамдық көліктерден түсіріп кетуге тыйым салынды. 2025 жылдан бастап мектептер мен колледждерде республикалық бірыңғай «111&raq...
Толығырақ... Оқылды: 93 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.01.2025

2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды

«Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс. Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты», — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. 2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланың жыл сайынғы жеткіліксіз қаржыландыру мәселесі шешілді. Көктемгі егіс, егін жинау жұмыстарына және ауыл шаруашылық техникасының лизингіне қомақты қаражат бөлінді. Алғаш рет жеңілдетілген несиелендіру көлемі жылдық 5%-бен 580 млрд теңгеге дейін жеткізілді, ал өткен жылдары бұл көлем 160 млрд теңгеден аспады. Қабылданған шаралар фермерлерге барлық қажетті агротехникалық шараларды толық көлемде өткізуге мүмкіндік берді. Пайдаланатын элиталық тұқымдардың үлесі 7,1%-дан 9%-ға дейін өсті. Қарыз алушылардың 90%-ын шағын және орта шаруашылықтар құрайды. Олар дамуға қажетті ресурстарға ие болды. Нәтижесінде 2024 жылы Қазақст...
Толығырақ... Оқылды: 61 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.01.2025
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.