ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісу өңірінде ветеринария саласында заманауи технологиялар енгізілуде |
Жетісу облысында 1010 ветеринар маман еңбек етуде, олардың 10-ы ветеринарлық станцияларда, ал 118-і ветеринарлық пункттерде қызмет атқарады. Бұл туралы Жетісу облысы Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Дархан Әбілбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Облыс бойынша 542 мыңнан астам ірі қара мал, 1,8 миллион қой-ешкі, 204 мың жылқы және басқа да ауыл шаруашылығы жануарлары тіркеліп, бірыңғай компьютерлік дерекқорға енгізілген. 2023 жылы аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстары 100% орындалды, оның ішінде сібір жарасы, аусыл, құтыру және басқа да ауруларға қарсы екпелер жүргізілді. Ветеринариялық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында өңірде заманауи технологиялар белсенді енгізілуде. 2023 жылдың басында Қазақстанда «Tort-Tulik» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл қосымша арқылы мал иелері өз малын тіркеп, ветеринариялық паспорт рәсімдей алады, сондай-ақ жануарларға қатысты деректерді жаңарта алады. Қазіргі уақытт... |
Толығырақ... Оқылды: 65 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024 |
Жетісу облысында адам папиломма вирусына қарсы екпе жалғасуда |
Жатыр мойны обырынан әйел адамдардың қайтыс болу дерегі жыл сайын көбейгеніне байланысты биыл адам папиломма вирусына қарсы екпе ұлттық күнтізбеге енгізілді. Қыркүйек айынан басталған вакцинация әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова және онкогинеколог дәрігер Қуаныш Ергембеков айтып берді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жатыр мойны обырларының 95%-ы АПВ-дан туындайды. Бұл аурудың алдын алудың тиімді әдісі - вакцинация. Вирусқа қарсы «Гардасил» вакцинасы 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Ол Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса есептегенде 135 елдің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізілген. Бүгінде Жетісу облысына вакцинаның 12 мың дозасы әкелінген. Ол қыз балаларға екі кезең арқылы салынады. Қазіргі уақытта екпемен 3880 қыз бала қамтылды. Вакцинациядан кейін жағымс... |
Толығырақ... Оқылды: 58 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.12.2024 |
МҰҚЫРЫ АУЫЛЫНЫҢ КЕЗЕГІ КЕЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАҒЫ, КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖАҢАДАН САЛЫНҒАН 10 ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ |
Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды баспанамен қамту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Осыған орай, аудан көлемінде 10 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Бүгін аудан әкімі Дәулет Кенжеханұлының бастауымен Мұқыры ауылының кезегі келген әлеуметтік осал топтағы, көп балалы отбасыларға жаңадан салынған 10 баспана кілті салтанатты түрде табысталып, қоныс тойы тойланды. «Бүгінгі қоныстанған баспаналарыңыз құтты болсын. Мемлекеттің осындай игі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын, іші шаттыққа толсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!»,- деді аудан әкімі Дәулет Халелов құттықтау сөзінде. Айта кетейік, бүгінде Мұқыры ауылында 10 тұрғын үй құрылысын «Көксу проект» ЖШС-гі жүргізіп, бүгінгі күні тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары аяқталды. Соңғы уақытта ауданымызда тұрғын үйлердің салынуы қуантарлық жәйт. Жалпы Көксу ауданы бойынша 2024 жылға тұрғын үй к... |
Толығырақ... Оқылды: 74 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.12.2024 |
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ КӨРСЕТЕТІН ФАКТОРЛАР» |
18.12.2024 11:00 “Koksu jastary” филиалыұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықты көрсететін факторлар» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті. Күн тәртібіне сәйкес “Koksu jastary” филиалының маманы Әлия Ерланқызы баяндама жасады. Сондай-ақ алдын алу шараларын атап өтті. Дөңгелек үстелге келген жастар арасында сұрақтар қойылып, заң аясына сүйене отырып жауап қайтарылды. Кездесудің соңын көңілді аяқтау үшін “Koksu jastary” филиалының психологі Мадина Қайратқызы «Кім жылдам?» атты тренинг өткізді. |
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 18.12.2024 |
ЖАҢА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПУНКТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ |
Құрметті аудан тұрғындары, құрметті жерлестер! Егемен еліміздің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Баршаңызға ашық аспан, шат-шадыман көңіл тілеймін. Әрбір азаматтың қажырлы еңбегінің арқасында сүйікті Отанымыз гүлденіп, көркейе берсін! Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің маңызы қашан да зор болмақ. “Толарсақтан саз кешкен” батыр бабаларымыздың қанымен, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарымен, аналарымыздың көз жасымен жеткен Тәуелсіздікті әрқашан қастерлей білуге тиіспіз. Бұл - біздің азаматтық парызымыз бен борышымыз. Көк байрағымыз лайым бейбіт аспан астында желбіреп тұрсын! Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгі болсын! Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап кеткен тәуелсіздікті көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы бір бақытымыз баянды болғай! Азат елдің тәуелсіздігі тұғырлы болсын! Бақыт Түкібаев |
Толығырақ... Оқылды: 99 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.12.2024 |
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі |
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу шараларын күшейтуді тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізімін атап өтті. Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды. Жобалар экономиканы әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру бағдарламасы шеңберінде іріктелді. Олар металлургия, химия, мұнай-химия, автокөлік, туризм, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты негізгі салаларды қамтиды. Басым бағыттардың бірі – оң нәтижелерге қол жеткізіліп отырған машина жасау саласы. Әрі қарай өсу үшін қазіргі қарқынды сақтау және өндірісті оқшаулау деңгейін дәйекті түрде арттыру маңызды. Ұзақме... |
Толығырақ... Оқылды: 127 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.12.2024 |
Цифрлық трансформация: Қазақстанда технологиялардың көмегімен тұрмыс сапасы қалай жақсарады |
Primeminister.kzсайтының редакциясы Қазақстанның 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастырады. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауында цифрландыру саласында қол жеткізілген нәтижелерді күшейтудің маңызын атап өтті. Жасанды интеллект технологияларын «Электронды үкімет» платформасына енгізу саласында жұмысты ерекше жандандыру қажет. Бүгінде БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында ілгері жетістіктерді көрсетіп отыр. Біздің еліміз 193 мемлекет арасында 24-ші орында, сондай-ақ онлайн-қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшының қатарына кіреді. Мысалы, интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті. Сонымен қатар биометриялық сәйкестендіру және QR-қолтаңба қызметтері енгізілуде, бұл электронды қызметтерді алу үдерісін едәуір жеңілдетті. 2024 жылы QR-кодтардың көмегімен 8 млн-нан астам қол қойылды, ал Digital ID жүйесі арқылы 18 мл... |
Толығырақ... Оқылды: 119 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.12.2024 |
Талдықорғанда Жетісу облысындағы алғашқы Үстел теннисі орталығы ашылды |
Жетісу облысының спорт объектілерінің қатары тағы бір жаңа нысанмен толығып, бүгін Талдықорған қаласында жеке кәсіпкердің қаражатына салынған Үстел теннисі орталығы ашылды. Бұқаралық спорт нысанының салтанатты ашылуына облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ҚР Үстел теннисі федерациясының вице-президенті Елсияр Қанағатов, Атлантадағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Мәулен Мамыров, «Қазақстан барысы» тұңғыш турнирінің жеңімпазы Ұлан Рысқұл, спорт ардагерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Орталықтың ашылуында құттықтау сөз сөйлеген Бейбіт Исабаев бұқаралық спортты дамытудағы атқарылған шараларға қысқаша тоқталып, қолданысқа беріліп отырған жаңа нысанның жастарды тәрбиелеуде үлес қосатынына сенім білдірді: - Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша», - деп атап өткен болатын. Осы орайд... |
Толығырақ... Оқылды: 125 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.12.2024 |
Жетісу облысында есірткі қылмысы 23 пайызға төмендеді |
Жыл басынан бері Жетісу облысында есірткі заттарының заңсыз айналымымен байланысты 145 құқық бұзушылық тіркелді. Оның 72-сі есірткі қылмысы ретінде жіктелген, оның ішінде 43 сату фактісі және аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаудың 12 фактісі бар. Өткен жылмен салыстырғанда есірткі қылмыстарының саны 23%-ға төмендеп, 72 жағдайға жетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Эмиль Шарменов мәлімдеді. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 692 кг есірткі тәркіленді. Оның 235 келісі марихуана, 66 келі синтетикалық есірткі және 385 келі қарасора. Екі есірткі лабораториясы таратылып, 14 адам, оның ішінде 5 кәмелетке толмағандар ұсталды. Тергеу қорытындысы бойынша сотқа 93 қылмыстық іс жіберіліп, 78 адам сотталды. Атап өтейік, облыс бойынша есепте 230 нашақор тұр, олардың басым көпшілігі 18-29 жас аралығындағы жастар. Бір жыл ішінде ста-ционарлық емдеуден 68 пациент өтті, олардың 65-і ерікті түрде жүгінген. |
Толығырақ... Оқылды: 109 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.12.2024 |
Жетісу облысында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мәселелері ерекше бақылауда |
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Жетісу облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік әкімшілендіру мамандары тауарларды кедендік рәсімдерге орналастыру кезінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі шаралар туралы айтып берді. Кедендік бақылау шеңберінде кеден органы зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері анықталған кезде тауарларды шығаруды күнтізбелік он күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Жыл басынан бері Жетісу облысында зияткерлік меншігі бар тауарларға 85 декларация тоқтатылды. Кеден бекеттері арқылы жылжытуға тырысқан негізгі сауда белгілері: «Bosch», «XCMG», «NGK», «ZEPTER», «Polaris», «Philips», «Kunlun», «Adidas», «Nike». Сыртқы экономикалық қызметтің 1 қатысушысы бойынша әкімшілік іс қозғалды және сотқа жіберілді. Мысал ретінде «Нұр жолы» кеден бекетінде жүк шиналарын алып шығ... |
Толығырақ... Оқылды: 114 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.12.2024 |