ЖАҢАЛЫҚТАР

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Отандық АЖ/ТҚҚ комплаенс-мамандардың алаяқтықпен күреске бағытталған жобасы Еуразия кеңістігінде үздік деп танылды Сочидегі (РФ) Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық олимпиада алаңында ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің қаржы институттарының комплаенс-мамандары арасында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға бағытталған үздік қаржылық анализге арналған конкурс өтті. Ауқымды жарысқа Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен келген қаржы мониторингі субъектілерінің өкілдері қатысты. Байқау ұсынылған жобаларды интерактивті талқылау форматында өткізілді. Ақшаны жылыстатуда және терроризмді қаржыландыруда «дроптар» қарсы іс-қимылдың күрделі тетіктерін қолдана отырып, үздік қаржылық анализге арналған жұмыстар және оларға қарсы күресте тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың үздік үлгісі қаралды. Дроптар-бұл заңсыз әрекеттерден қаражат жинау үшін қылмыстық схемаларға қатысаты...
Толығырақ... Оқылды: 62 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.10.2024

Отандық АЖ/ТҚҚ комплаенс-мамандардың алаяқтықпен күреске бағытталған жобасы Еуразия кеңістігінде үздік деп танылды

Сочидегі (РФ) Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық олимпиада алаңында ЕАТ-қа мүше мемлекеттердің қаржы институттарының комплаенс-мамандары арасында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылға бағытталғанүздік қаржылық анализге арналған конкурс өтті. Ауқымды жарысқа Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен келген қаржы мониторингі субъектілерінің өкілдері қатысты. Байқау ұсынылған жобаларды интерактивті талқылау форматында өткізілді. Ақшаны жылыстатуда және терроризмді қаржыландыруда «дроптар» қарсы іс-қимылдың күрделі тетіктерін қолдана отырып, үздік қаржылық анализге арналған жұмыстар және оларға қарсы күресте тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың үздік үлгісі қаралды. Дроптар-бұл заңсыз әрекеттерден қаражат жинау үшін қылмыстық схемаларға қатысатын адамдар. Қазақстаннан«ATAIX Eurasia ltd.» криптобиржа – компаниясының AML комплаенсы Айдын М...
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.10.2024

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы екенін атап өтіп, 2022 жылы референдум арқылы Конституцияға маңызды өзгерістер енгізілгеніне, соның нәтижесінде Парламенттің рөлі айтарлықтай күшейгеніне, жалпы билік институттарының жұмысын жетілдіру үшін нақты шаралар қабылданғанына назар аударды. – Онда жергілікті өкілді билікке қатысты мәселелер де бар. Атап айтсақ, облыстық мәслихат сайлауы аралас жүйе арқылы өтеді. Ал аудандық депутаттар тек қана мажоритарлық тәсілмен сайланады. Бұл қадам еліміздің демократиялық жолмен дамуына зор серпін берді деп сеніммен айта аламыз. Ауқымды реформаның нәтижесінде саяси бәсеке жандана түсті. Жаңа ережеге сай өткен сайлаудан кейін мәслихаттарға жаңа адамдар келді. Алты саяси партияның өкілдері депутат мандатына ие болды. Қазір мәслихат мүшелерінің оннан бірі ғана – парти...
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.10.2024

Қызылтас шатқалында «Таза Қазақстан» аясында экоакция өтті

Қызылтас шатқалында «Таза Қазақстан» аясында экоакция өтті. Қызылтастың бірегей петроглифтері мемлекет қорғауына алынды. 3 қазан күні Жетісу облысында бірқатар атаулы шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ,«Таза Қазақстан» экологиялықакциясыаясындабүгінТалдықорған қаласында «Қызылтас – тасбақа» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, қала әкімі Ернат Бәзіл, қоғам белсенділері, өңір жастары, эко-еріктілер, «Жасыл ел» еңбек жасақтары қатысты. Шара барысында Қызылтас аумағындағы бірегей петроглифтер жергілікті маңызы бар қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізілгендігі туралы тақта орнатылды. Осы орайда өңірдің экобелсендісі Динара Бакирова тасқа қашалған петроглифтерді тарихтан сыр шертетін ескерткіш ретінде қорғауға алғаны үшін Мемлекет басшысы мен облыс басшылығына өз алғысын білдірді. Еске салар болсақ, осының алдында облыс әкімі Бейбіт Исабаев экологтармен, қала тұрғын...
Толығырақ... Оқылды: 80 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.10.2024

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға өзгерістер енгізілді

Жетісу облысында тұтынуышлардың құқықтарын қорғау саласында өтініштер артып келеді. Мәселен, жыл басынан бері Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне 500 өтініш түсіп, оның 205 өтініші оңды шешіліп, тұтынушыларға жалпы соммасы 11 млннан астам теңге тұтынушыларға кайтарылған. Тұтынушылар шағымдарының басым бөлігі бөлшек сауда, тұрмыстық қызмет, электронды сауда салалары бойынша түскен. Статистикаға сәйкес, тұтынушылардан электрондық сауда саласына өтініштердің үлкен өсуі байқалады. Өткен жылы электрондық сауда саласындағы өтініштердің саны 63 болса, ал биыл сегіз ай ішінде 78-ге жетті. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға өзгерістер енгізілді. Заң жобасына енгізілген негізгі өзгерістер бойынша: 1) тұтынушылардың шағымдарын қараудың көп сатылы алгоритмін жеңілдету; 2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен; 3) тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі базалық қағидаттар; 4) онлайн саудада тұтынушылардың құқықта...
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.09.2024

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты қалай іске асып жатыр?

«Тарифті инвестицияға айырбастау» саясаты коммуналдық салаға инвестиция тарта отырып, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайтуды көздейді. Бағдарлама шеңберінде желілер мен жабдықтардың жоғары тозуына байланысты инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының айтуынша, халықтың осал топтарын тарифтерді көтеруден қорғау үшін тұрғын үй көмегінің тетіктері қарастырылғанын атап өтті. 2024 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша электрмен жабдықтау қызметіне орташа тарифі 1 кВт үшін 31,28 теңгеге жетті. Есепті кезеңде тарифтерді өзгертуге 43 өтінім келіп түсті, оның 13-і әртүрлі себептермен бас тартылды және кемшіліктерді жою үшін қайтарылды. 5 инвестициялық бағдарлама бекітілді. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша 6 өтінім қаралды.
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.09.2024

Жаңа үлгідегі банкноттар айналымға шығарылды

Ұлттық Банк банкноттардың жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығара бастады. Жаңа үлгі «сақ стилі» элементтеріне негізделген және Қазақстанның мұрасын көрсетеді. Шығарылым теңгені қорғау дәрежесін арттыруға және елдің мәдени құндылықтары мен тарихын дәріптеуге бағытталған. Мамандар ескі үлгідегі ақшалар біртіндеп айналымнан алынатынын айтып отыр. Осылайша, 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңге – 2024 жылдың 24 желтоқсанына дейін қатар айналымда болады. 2012 жылғы үлгідегі 10000 теңгені 2026 жылдың 28 маусымына дейін қолдануға мүмкіндік бар. Қатар айналым кезеңінде ескі үлгідегі ақшаны жаңаға айырбастаудың еш қажеттілігі жоқ. Қатар айналымның кезеңі аяқталған соң екінші деңгейлі барлық банк үш жыл ішінде, ал Ұлттық банктің филиалдары банкноттарды мерзімсіз мезгілде айырбастайды. Жалған ақша жасаудың алдын алу үшін әр 7-8 жыл сайын ақшаның дизайны өзгеріп отырады. Ескі үлгідегі банкноттар біртіндеп айналымнан алынады: 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңге – 2024 жылдың 24 желтоқ...
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.09.2024

БІР ЕЛ -БІР КІТАП

Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары насихаттау мақсатында, Көксу аудандық кітапханасында «Менің атым Қожа» тақырыбында әдеби сағат өтті. Шара барысында Б.Соқпақбаевтың өмір жолы, шығармашылығы жайлы видео, «Менің атым Қожа» фильмінің қызықты сәттерінен үзінді көрсетіліп, «Кейіпкерді тап!» видео сұрағы, «Кездейсоқ түскен сұрақ» атты сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, «Бір ел – бір кітап» акциясына ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылып, шара соңында мәдениет үйінің қызметкері Нұрболат Есілдің орындауында «Туған жер» әні орындалды.
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.09.2024

Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

◾️Бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралуда. ◾️Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. ◾️Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады. ◾️Сонымен қатар, бейінді Министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған. ◾️Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтеміз. ◾️Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өзд...
Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.09.2024

Жетісу облысында жыл басынан бері «Инватакси» қызметі 60 мыңнан астам рет қызмет көрсетті

Қайта оралу Жетісу өңірінде мүмкіндігі шектеулі жандар «Инватакси» қызметін тұрақты пайдаланады. Жыл басынан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға 60 мыңнан астам рет қызмет көрсетілген. Бүгінгі таңда облыста арнайы қызмет көрсететін 34 «Инватакси» бар,– деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Өткен жылы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасымен жергілікті бюджет есебінен 14 жаңа «Инватакси» сатып алынды. Соның нәтижесінде облыста 1 жылдың ішінде жекеменшік таксилер саны екі есеге артты. 2024 жылы 34 автокөлікпен «Инватакси» қызметін көрсету үшін 306,6 миллион теңге бөлінді, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев. Облыс аумағында «Инватакси» қызметін 8 үкіметтік емес ұйым жүзеге асырады. Оның екеуі Талдықорған қаласында. Бірі – «Ерлік» мүгедектер қоғамдық...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 23.09.2024
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.