ЖАҢАЛЫҚТАР
Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі |
Толығырақ... Оқылды: 90 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2025 |
Жетісу облысында Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды |
Биыл Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен талантты әрі прогрессивті жастарды мемлекеттік басқару жүйесіне тарту мақсатында Президенттік жастар кадрлық резервіне төртінші іріктеу басталады. Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады және мемлекеттік билік органдарында жұмыс істеуге қабілетті үздік мамандарды анықтауға бағытталған. Ағымдағы кезеңнің ерекшелігі – үміткерлерді салалық бағыттар бойынша пропорционалды түрде іріктеу. Бұл үміткерлердің өз кәсіби саласы шеңберінде бәсекеге түсуіне мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметтің әртүрлі секторларының қажеттіліктерін дәлірек қанағаттандыруға жол ашады. Іріктеуге 60 мыңнан астам адам қатысуға ниет білдірді. Соңғы 4 жылда олардың ішінен 400 адам резервке қабылданды. Бүгінгі таңда олардың 80%-дан астамы (318 үміткер) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда маңызды қызметтер атқаруда. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар өзгеріссіз қалды: үміткердің жасы 35-тен аспауы тиіс, жоғары білімінің, кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі... |
Толығырақ... Оқылды: 83 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2025 |
Жетісу облысында жұмыссыз ауыл жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды |
Аталған жоба облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып отыр. 2023 жылдан бері іске асып келе жатқан грант бағдарламасы биыл жаңа бағытта жүзеге аспақ. 2025 жылы жоба аясында ауыл шаруашылығы саласындағы бастамаларға ерекше назар аударылып, жұмыссыз жастардың өз кәсібін бастауына жан-жақты қолдау көрсетілмек. Грант сомасы – 3 миллион теңге. Қаржылай көмек ауылдық жерде тұратын жастарға өз бизнесін бастап, ауыл экономикасын дамытуға мүмкіндік береді. Өтінімдер 2025 жылғы 15 шілдеге дейін қабылданады. Қатысу үшін үміткерлер 18 бен 34 жас аралығында болуы, Жетісу облысында тұрақты тұруы және ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Гранттар ауыл шаруашылығының түрлі бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, мал және балық өсіру, өсімдік шаруашылығы, сүт өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, қолөнер мен шағын өндіріс, сондай-ақ агро- және экотуризм саласындағы жобаларға қолдау көрсетіледі. Конкурсқа өтінімдер мемлекеттік немесе орыс тіл... |
Толығырақ... Оқылды: 68 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2025 |
Тыйым салынған жерде шомылғандарға айыппұл салынады |
Жетісу облысында шомылуға арналған 3 ресми демалыс орны белгіленген. Олар Талдықорған қаласының қалалық жағажайы, Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауы. Аталған үш орыннан бөлек, басқа су айдындарында шомылуға тыйым салынған. Су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Құқық қорғау органдары, Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдар және еріктілермен бірлескен рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. 2024 жылғы шомылу маусымында облыс су айдындарында адамдардың қаза болуына байланысты 5 оқиға тіркелді. 2025 жылғы шомылу маусымына дайындық шеңберінде тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. |
Толығырақ... Оқылды: 68 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.05.2025 |
Жетісу облысында өрт қауіпті кезеңде тиімді әрекет ету үшін 484 млн теңге бөлінді |
Жетісу облысында өрт қауіпті кезеңді өту мәселелері Төтенше жағдайлар департаментінің тұрақты бақылауында. Табиғи өрттердің алдын алу және олардың туындау қаупін азайту мақсатында бірқатар кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Департаменттің өңірлік күштері мен техникалары нақтыланып, 3098 адам және 529 бірлік техника дайындыққа келтірілді. Елді мекендерде 115 ерікті өртке қарсы құралым және 49 өрт сөндіру бекеті жұмыс істеуде. Құрамында ТЖД, жергілікті полиция қызметі, жергілікті атқарушы органдар және орман шаруашылығы өкілдері бар 22 мобильді топ 243 рейдтік іс-шара өткізді. Нәтижесінде, 59 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 37 ескерту, 22 айыппұл жалпы сомасы 727 420 теңге болды. Өрт қауіпті кезеңде тиімді әрекет ету үшін жергілікті бюджеттен 484 млн теңге бөлінді. Бұл техникалық жарақтандыру көрсеткішін 82 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Департамент 13 дронмен жабдықталған. Өрттерді ерте анықтау үшін теңгеріміндегі 4 бейнебақылау к... |
Толығырақ... Оқылды: 67 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.05.2025 |
«Қанаттылар» инклюзивті театрының гастрольдік сапармен Талдықорғада |
Астана қаласы әкімдігінің «Қанаттылар» инклюзивті театры Талдықорған қаласына гастрольдік сапармен келді. Театр репертуарындағы ерекше әрі мағыналы қойылымдар көрермендерге ұсынылады. Гастрольдік бағдарлама аясында: Ермаханова Ақботаның «Екі тағдыр – бір өмір» автобиографиялық драмасы, Әлібек Файзуллиннің «Үй таңдаған лақ» ертегісі және Серік Жүзбайдың «Өмір-ғайып» мелодрамасы сахналанады. Қойылымдар Талдықорған қаласындағы Бикен Римова атындағы қазақ драма театры сахнасында өтеді. «Қанаттылар» театрының мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар талантты жандарды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, қоғамдағы инклюзивті мәдениетті нығайту. Театр сахнасындағы әр қойылым өмірдің мәні, адам тағдыры, таңдау еркіндігі секілді терең философиялық мәселелерді көтереді. Гастрольдік сапардың басты мұраты – өнер арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы орнын айшықтап, олардың өмірге және өнерге деген құш... |
Толығырақ... Оқылды: 62 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.05.2025 |
Астанада қазақстандық өндірушілердің «Ulttyq ónim» атты ірі көрмесі өткізіледі |
Ертең, 16 мамырда, Астанада EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің жылсайынғы VIII «Ulttyq ónim» көрмесі басталады. Іс-шара 18 мамырға дейін жалғасады. Қазақстанның барлық өңірінен350өндіруші өз өнімін ұсынады. Елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстанда Үкіметтің қолдауымен «Даму» қорының бағдарламалары арқылы өндірілген тауарлардың алуан түрімен танысып, сатып ала алады. Көрмеде тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібінен бастап, машина жасау, жабдық, зергерлік бұйымға дейінгі түрлі өнім ұсынылады. Олардың ішінде «Гормолзавод» танымал бренді, «Аq Dam» ұлттық тәттісі, Galamilk, Altay Outwear белсенді демалыс пен туризмге арналған киім мен жабдық, «Balausa Jewelry» зергерлік бұйымы, «Қайнар АКБ» ЖШС аккумуляторлық батарея өндіруші, толықтай қазақстандық брендпен әзірленіп, жиналған алғашқы ирригациялық машина өндіруші «Su bereke», «Аврора» дезинфекциялық, косметикалық және... |
Толығырақ... Оқылды: 58 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.05.2025 |
Құрметті, Жетісу облысының тұрғындары, 2025 жылғы 15 мамыр «Халықаралық отбасы күні» – мен 15 маусым күндері аралығында жыл сайынғы «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды. |
Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттауға, Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауға бағытталған. Конкурсқа мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) Жетісу облысының отбасылары қатыса алады. Толық ақпаратты аудандық, қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінен алуға болады. #Otbasym2025 |
Толығырақ... Оқылды: 70 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.05.2025 |
Бүгін – Отбасы күні! |
Біздің шаңырақ көтергенімізге *10 жыл* толып отыр. Осы он жыл ішінде қуаныш пен сынақты бірге еңсерген *8 жаннан құралған отбасымыз* – біздің ең үлкен байлығымыз! 10 жылдық тарихы бар шаңырағымызды бейнелесек – бұл өз алдына бір *кіші мемлекет*. Түтіні түзу ұшқан, керегесі кең, терезесі тең отбасы болсын! Бірлік пен береке, татулық пен сүйіспеншілік әрдайым төрімізден табылсын! |
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.05.2025 |
2025 жылдың басынан бері 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді |
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам қамтылды. Бүгінде ерекше қажеттіліктері бар 108,9 мың адам жұмыспен қамтылған (28,9%). 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 737,4 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санының 3,7%-ын құрайды, олардың 376,7 мыңы еңбекке қабілетті жаста. ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс істейтіндердің жалпы санының 2-ден 4% - на дейінгі мөлшерде жұмыс орындарына квота белгілейді. Осы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша квота бойынша 4,8 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылады. Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша тұрақты жұмыс орындарына 874 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 191... |
Толығырақ... Оқылды: 60 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 13.05.2025 |