Жаңалықтар
Тоқаев тағы бір мораторий жариялады |
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізді. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланған. Мораторий мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту және жекеше секторды дамытуға жағдай жасау мақсатында енгізіліп отыр. "2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін", - делінген құжатта. Оған мыналар қосылмайды: қызметін әлеуметтік салада және (немесе) елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету саласында жүзеге асыратын заңды тұлғалар; жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (біріктіру немесе қайта құру) жолымен оңтайландыру шеңберінде құрылатын заңды тұлғалар; жарғылық капиталында дауыс беретін акцияларының елу және одан да аз проценті (қатысу үлесі) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі болатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер); Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмас... |
Толығырақ... Оқылды: 298 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 04.07.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 шілде |
Америка Құрама Штаттары мемлекеттік мереке - Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Америкалықтар бұл мейрамды "Fourth of July" – "4 шілде" деп атайды. 1776 жылы 4 шілде күні АҚШ конгресі Тәуелсіздік декларациясын мақұлдаған болатын. Құжатқа конгресс президенті Джон Хэнкок пен хатшы Чарльз Томсон қол қойды. Сондай-ақ, бүгін – II Дүниежүзілік соғыс кезіндегі еврейлерге қатысты геноцидті еске алу күні. 1941 жылы 4 шілде күні фашистік Германия әскері Латвия астанасы Ригада мыңдаған еврейді сегіз синагога қамап, тірідей өртеп жіберді. Бұл күн тарихқа "хрусталь түні" ретінде енді. |
Толығырақ... Оқылды: 417 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.07.2019 |
Мамандықты дұрыс таңдадыңыз ба? Тест |
Алдымен туған күніңізге байланысты жеке кодыңызды анықтаңыз. Түрлі мамандықтобы белгілі бір санмен байланысты. Мәселен, туған күніңіз: 25.12.1983 Күні: 25=2+5=7 Айы: 12=1+2=3 Жылы: 1983=1+9+8+3=21=2+1=3 25.12.1983=(2+5)+(1+2)+(1+9+8+3)=7+3+3=13=1+3=4 4 саны – сіздің жеке кодыңыз Егер сізде екі таңбалы сан шықса, онда оларды өзара қосып, бір сан алу керек. Мәселен: 23=2+3=5 Нәтижені жеке код бойынша қараңыз 1. Қызмет саласы: Түрлі дәрежедегі бастықтар. Шығармашыл жандар. Ұйымдастырушылар. Жауапкершілік танытып, нәтижеге қол жеткізе алатын белсенді, қызу жұмыстар. Мамандықтар: Банк қызметкері, менеджер, хатшы, дәрігер, мемлекеттік қызметкер, қоғам қайраткері, зергер, әртіс, суретші. Мақсат: Өзіне сай келетін істі табу. 2. Қызмет саласы: Өзгелерге қамқорлық көрсетіп, көмек беруге байланысты мамандықтар. Қоғамдық қызмет көрсету саласы. Мамандықтар: Дәрігер, қоғамдық қызметші, өнер қайраткері, саяхатшы, ойшыл, үй ханымы, фермер, актер. Мақсат: Сезім мен қиялды дамыту. Сүйі... |
Толығырақ... Оқылды: 376 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.07.2019 |
АЛЛА КҮНӘҢДІ КЕШІРГЕНІН ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ?! |
Біз қашан да Алла Тағаланың жәрдемінен, мейірімінен үміттіміз. Біз құлшылық жасағанда Алланың разылығы үшін жасаймыз. Оны қабыл алу, алмау – тек Алла Тағаланың құзырында. Сол сияқты жасаған күнәларымыз үшін Алладан кешірім сұраймыз. Бұл да Оның қалауымен болатын нәрсе. Олбіздің күнәларымызды кешіруге Уәде беруші! Ал Алла сіздің күнәңізді кешіргенін қалай білуге болады? «Тәубе еткен адам – күнә жасамаған адаммен тең...» Жер бетінде жеті миллиард адам бар десек, әрқайсысының әртүрлі деңгейде (кішігірім, үлкен) жасаған күнәлары бар. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Егер сендер күнә істемесеңдер, Алла сендерді жоқ етіп, күнә істейтін әрі оған тәубе ететін қауымды жарататын еді» (Муслим, 2747) деген болатын. Иә, күнә жасаған жүректен Алладан кешірім сұрап, тәубеге келген жүрек жақсырақ. Аса Мейірімді Алла тәубе етушінің тәубесін әрқашан және әр уақытта қабылдайды. Сондықтан ешкім, күнәлары қандай үлк... |
Толығырақ... Оқылды: 458 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 03.07.2019 |
ДАУДЫ ДАНАЛЫҚПЕН ШЕШКЕН ДАНЫШПАН |
Ерлі-зайыптыларүнеміжанжалдасып қала береді екен. Күйеуі: - Біррет болса да сөзден тосылсаңызқайтеді? Күйеуім ғой деп, басыңызды иейін демейсіз,- депкейиді. Əйелі болса: - Неге бас иеді екем? Күні бойыбір рет те жылы сөз айтпайсыз. Көңіл аударып қарамайсыз, - деп ренжиді. - Өзіңіз үнемі уыңызды шашып отырсаңыз, қалай жақсы сөз айтайын?! Өзіңіз кінәлісіз! - дейді күйеуі. - Мен қашан уымды шашыппын? Үнемі қабағыңыздан қар жауып жүретін сіз шығарсыз, мүмкін?! – дейді әйелі. Не керек, ерлі-зайыптылардың арасындағы бұл дау осылайша жалғаса береді екен. Бір күні екеуінің айқай-шуынан әбден мезі болған көршісі келіп: - Пəлен жерде бір жақсы кісі бар. Соған барыңыздар. Сіздердің күрмеуі қиын мəселелеріңізді шешсе, сол шешіп береді, - дейді. Амалы таусылған ерлі-зайыпты сол данышпанның алдына барады. Қария əуелі күйеуінің, сосын əйелінің мұң-шағымын тыңдап, екеуіне де екі-екі парақ ақ қағаз береді де: - Мəселелеріңді шешіп беремін, тек осы қағазға бір-бірл... |
Толығырақ... Оқылды: 361 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 03.07.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 3 шілде |
Беларусьте мемлекеттік мейрам - Тәуелсіздік күні. 1996 жылы осы елдің президенті Александр Лукашенко Тәуелсіздік күнін елді фашистік Германиядан азат еткендердің құрметіне орай шілденің 3-інде атап өтуге жарлық шығарды. Жыл сайын бұл күні әскери парад ұйымдастырылады. Хакасия Республикасы ұлттық күні - "Хакас Чирі" мерекесін атап өтеді. Бұл мейрам республиканың 1992 жылдың 20 қазанындағы "Хакасия Республикасы күні туралы" заңымен бекітілген. Алжирде Тәуелсіздік күнін тойлайды. 1936 жылдан бері Ресейде жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік инспекция күні аталып келеді. Сол жылы 3 шілде күні КСРО Халық комиссарлары кеңесі автомобиль инспекциясын құру туралы ережені қабылдады. Бастапқыда құрылымның құзіретіне шопырларды даярлау мен тәрбиелеу, сондай-ақ жол-көлік апаттарымен күресу міндеттері жатқан. Алғашқы жылы МАИ-дың штатында 57 адам болыпты. Сондай-ақ, бүгін - Алтай Республикасының құрылған күні. 1991 жылы Ресей Федерациясының құрамындағы Таулы... |
Толығырақ... Оқылды: 383 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 03.07.2019 |
Алматы облысы Арыс қаласындағы жекеменшік үйлердің қалпына келуіне атсалысуда |
Жетісулықтар Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. БАҚ өкілдері алдында сөз алған облыс әкімі: «Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша еліміздің әр облысы және республикалық маңызы бар қалаларға арнайы учаскелер бөлінді. Бізге №15 учаске берілді. Ол, ауданда: 29 көше, 9 әлеуметтік, 14 коммерциялық нысан мен 854 жекеменшік тұрғын үй орналасқан. Соның ішінде 157 жекеменшік тұрғын үйді қалпына келтіру жұмысы біздің аймақтың еншісінде. Бұл үшін қазір біз жергілікті қазынадан 1 млрд. теңге бөліп, нақты жұмыс жоспарын жасап, құрылыс ауқымын анықтаудамыз. Бұл істі жүзеге асыру үшін Арыс қаласында арнайы құрылған жұмыс тобы жүр. Ал, құрылысты салуға бірнеше танымал серіктестік жұмылдырылмақ. Жұмыс бір айдың ішінде бітуі тиіс»,-деді. Сонымен қатар, Арыс қаласының 150 мектеп оқушысына бір ай бойы жер жәннаты Жетісуда тегін демалып қайтуына бар жағдай жа... |
Толығырақ... Оқылды: 378 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.07.2019 |
Құдайды қайдан іздеп жүрсің? |
Имам Байһақи хадис еңбегінде, Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген Құдси хадисте былай делінген: «Ақиқатында, Алла Тағала қиямет күні: Ей, адам баласы! Мен ауырғанда жағдайымды неге сұрап келмедің?,-дейді. Пенде: Уа, Раббым! Сенің жағдайыңды қалай сұрамақпын, Сен әлемдер Раббысы емессің бе?,-дейді. Менің пәленше құлым ауырғанын білген жоқсың ба, оның жағдайын сұрап барған жоқсың. Қал-жағдайын сұрап барсаң, Мені сол жерден табар едің,-дейді. Мұнан соң: Ей, адам баласы! Сенен тамақ сұрадым, Маған берген жоқсың,-дейді. Пенде: Уа, Раббым! Саған қалайшы тамақ бермекпін. Сен әлемдер Раббысы емессің бе?,-дейді. Хақ Тағала: Менің пәлен құлым сенен тамақ сұрады, оған ас берген жоқсың. Егер берсең, сол жерден Мені табар едің,-дейді. Мұнан кейін: Ей, адам баласы! Сенен су сұраған едім, Маған бермедің,-дейді. Пенде: Уа, Раббым! Саған қалай су бермекпін, Сен күллі әлемдер Раббысы емессің бе?,-дейді. Алла Тағала: «Менің пәленше деген құлым сенен су сұраған еді. Соған су берсең, сонын жан... |
Толығырақ... Оқылды: 396 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 02.07.2019 |
ОТБАСЫНЫҢ 7 ҚАҒИДАСЫ |
Yйленетін кезімізде отбасының 7 қағидасын жасадық: Сыйластық бірінші кезекте тұру керек. «Үйленген күннен бастап мені «сіз» дейсің» дедім. Бастапқыда «сіз» дегені құлаққа түрпідей естіліп, күлкіге көміліп қалғам. Он бес жылдан бері «сіз» деген сөз отбасымыздың татулығының тірегіне айналды. Достарымның әйелдері біреуі 5 жылдан соң, біреуі 8 жылдан соң, біреуі 10 жылдан кейін күйеулерін «сіз» дей бастады. Анасы әкесін «сіз» деп сыйлап тұрса, бала да әкесін құрметтейтінін түсінді; 2. Сенің ата-анаң – менің ата-анам, менің ата-анам – сенің ата-анаң. Балдызыма ақыл айтсам, туған қарындасыма айтқандай айтам, келіншегім қайнысына ұрысса, туған інісіне ұрысқандай ұрысады; 3. Қандай сыйлы қонақ келсе де,үйімізге ішімдік кіргізбейміз; 4. Балаларымызды мектепке дейін хан сияқты сыйлаймыз, мектеп кезінде шәкірт сияқты тәрбиелейміз, мектептен соң дос сияқты сырлас боламыз, бірақ ақыл айтпаймыз; 5... |
Толығырақ... Оқылды: 488 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 02.07.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 2 шілде |
Бүгін - Дипломатиялық қызмет күні. Ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылы 1 шілде күні қол қойылған "1998 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан президенті жарлығына толықтырулар енгізу туралы" жарлығына сәйкес аталып өтеді. Сонымен бірге бүгін Халықаралық спорт журналистерінің күні тойланады. Бұл күн Халықаралық спорт баспасөз қауымдастығының бастамасымен 1995 жылдан бастап аталып өтіп келеді. Және де бүгін - Дүниежүзілік уфологтар күні. 2 шілдеде бүкіл әлемде беймәлім ұшатын нысан күні немесе уфологтар күні тойланады. Сонымен қатар бүгін Халықаралық иттер күні тойланады. Ит – жеті қазынаның бірі, адамның досы. Ақылды жануар ыммен және сөзбей айтылған 250 бұйрықты орындай алады екен. Иттердің ойлау қабілеті 2 жастағы баланыкімен бірдей. |
Толығырақ... Оқылды: 388 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 02.07.2019 |