Жаңалықтар
25 қазан - Республика күні |
Құрметті Көксу ауданының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Тәуелсіздігіміздің бастауы болған ұлы күн, ұлттық мереке – Республика күнімен Көксу ауданы әкімдігінің атынан шын жүректен құттықтаймын! 25 қазан – қазақ халқы үшін тарихи күн. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болды. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын бұл күн қазақ халқының мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы, ата-бабаларымыз аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған күн. Тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры саналатын Республика күнінің маңызы зор. Халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке. Сондықтан да біз үшін бұл мереке егемен ел болып ірге қалауымыздың белгісіне айналған тарихи күнді, ұлттық рухымыздың қайта түлеген сәтін еске салатын ерекше сипатқа ие. Елдің даму көшінде Көксулықтардың да өзіндік орны бар. Аудан тұрғындарының ерен еңбектерінің нәтижесінде өңіріміздің... |
Толығырақ... Оқылды: 88 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.10.2024 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: алдын алу жұмыстары өз нәтижесін беруде |
Жетісу облысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасын іске асыру шаралары жүріп жатыр. Осы бағытта халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге және өңір тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді оңтайландыру жүйесі жолға қойылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы бойынша толыққанды мәлімет берді. Департамент басшысы Саян Қылышұлының айтуынша, тәуекел картасында құрылыс, денсаулық, білім, экология, жолдар мен инфрақұрылым, әлеуметтік сала, спорт, бизнес, апатты және тозығы жеткен тұрғын үй саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Аталған 9 саланың бүгінде 6-ы қамтылды. Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша «Бизнеске жол» жобасы аясында 207 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Мемлекеттік сатып алу мониторингінде жыл басынан бері 957 млн. теңге үнемделді. ҚР ӘҚБтК-нің 173 және 680-баптары бойынша 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ендігі кезект... |
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.10.2024 |
Жетісудың жиырма жылдай орталықтандырылған суы болмаған елді мекеніне ауыз су жүйесі тартылды |
Жетісу облысының Көктал ауылындағы жаңа көшелерге ауыз су құбыры тартылып жатыр. Құрылыс жұмыстары қараша айында толық аяқталады. Бұл мәселені көкталдық жаңа шағын аудан тұрғындары жиырма жылға жуық уақыттан бері көтеріп келе жатқан. Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың тапсырмасына сәйкес бұл мәселе биыл шешімін тапты,- деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Панфилов ауданының Көктал ауылында 10 мыңнан астам адам тұрады. Осы ауылдың шетінен берілген жер учаскелеріне 2006 жылдан бастап үйлер салынып, жаңа шағын ауданға тұрғындар қоныстана бастаған болатын. - Жалпы Көкталдың өзінде инженерлік жүйелер бар болғанымен, жаңа көшелерге электр және су жүйелері жүргізілмеген еді. Ауыл тұрғындарының сұрауына орай өткен жылы электр желісі тартылды, ал биыл ауыз су жүйесі жасалуда, - дейді Көктал ауылдық округінің әкімі Батырбай Қадырбаев. Атап айтқанда, ауылдағы жаңа шағын аудан үшін 320 метрден 2 скважина қазылып, 2 резервуар қойылды, 2-ші көтеру станциясы орнатылды. Жалпы... |
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.10.2024 |
АУДАНЫМЫЗДА ГАЗДАНДЫРУ ҚАРҚЫНЫ ЖЫЛДАН – ЖЫЛҒА АРТЫП КЕЛЕДІ. |
Бүгін Көксу ауданы әкімі Дәулет Кенжеханұлының бастауымен Жарлыөзек ауылдық округіне қарасты Жарлыөзек, Бозтоған және Мұқаншы ауылдарының тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты күн болды, себебі газдандыру жұмыстары бүгінгі күні толық аяқталды. Ауыл тұрғындарын газдандыру шарасы салтанатты түрде аталып өтті. Қазіргі таңда ауданда газдандыруға жататын 26 елді мекеннің 16 ауылы газдандырылды. Бозтоған ауылының Құрылыс жұмыстарына жауапты ТОО «ST.LTD», Жарлыөзек ауылының»Алматы Production Construction & Invest» ЖШС-гі, Мұқаншы ауылының ТОО «Дос Строй Проект» өз жұмыстарын уақытылы орындап шықты. Бозтоған ауылында жалпы ұзындығы 16,5 шақырым газ құбыры тартылды, Жарлыөзекте 20,4 шақырым және Мұқаншы ауылында 4,9 шақырым газ құбырлары тартылды. Бұл жаңалық әсіресе үй шаруасындағы әйелдерді қуантты. Өйткені олар енді отын тасу, от жағу, күл шығару сынды жұмыстарды істемейді. Соның бірі Бозтоған ауылының тұрғыны көп балалы ана Жұлдыз Әубәкірқы... |
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.10.2024 |
Жетісу облысында «JETISU CUP - 2024» жеңімпаздары анықталды |
Республика күніне орай ұйымдастырылған, футзалдан өнер және медиа командалары арасындағы «JETISU CUP - 2024» республикалық турнирі мәресіне жетті. Екі күнге созылған жарыста қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, керемет ойын өрнегін паш етті. Көрермендерге толы зал нағыз спорттық тартыстардың куәсі болды. Турнирге Қазақстанның әр өңірінен іріктелген 7 үздік команда қатысып, өзара бақ сынасты. 1-орынды Астана қаласының «Aibar» командасы 2 - орын Алматы қаласынан келген «Levsha» командасы 3 - орынға «Jaidarman» Астана қаласы және «Jebe» Талдықорған қаласы Турнир барысында үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды: Үздік қақпашы – Әзім Әзімов Үздік қорғаушы – Беріков Данабек Үздік ойыншы – Тима Левша Үздік бомбардир – Еркебұлан Мұсабек Бұл турнир тек спорттық сайыс қана емес, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқара... |
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.10.2024 |
Жетісу облысында адам папиллома вирусына қарсы екпе жүріп жатыр |
Бұл шара қыздардың денсаулығын қатерлі ісіктің ең қауіпті түрінен қорғауға бағытталған. Осындай мәліметпен Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев бөлісті. Қазіргі уақытта өңірге вакцинаның 12 мыңнан астам дозасы келді. Оның 6000-ы қоймаға түсіп, қажетті мөлшерде аудандарға таратылды. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, АПВ қарсы екпе 11-13 жас аралығындағы қыздарға жүргізіледі. Бүгінде екпемен 1994 қыз қамтылды. Вакцинация мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдердің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Ата-аналардың қалауы бойынша екпе тіркелген жері бойынша емханаларда да жүргізілуі мүмкін. АПВ вакцинасы өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін халықаралық деңгейде дәлелдеді. Бүгінгі таңда бұл вакцина әлемнің 135 елінде қолданылады, соның арқасында бірқатар елде әйелдер арасында АПВ таралуы бүгінгі күні 90%-ға төмендеді. |
Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.10.2024 |
Жетісу облысында 78 адам донорға мұқтаж |
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Баспасөз мәслихаты облыстық дәрігерлердің қатысумен өтті. Мамандардың айтуынша, бүгінде елімізде 4 мыңнан астам адам ағза донорына мұқтаж. Жетісу облысында 72 адам бүйрек, 4 адам бауыр және 2 адам жүрек трансплатациясын қажет етуде. «Трансплантацияға көрсеткіштер болған жағдайда тиісті комиссияға жіберу туралы шешім қабылдау үшін учаскелік немесе отбасылық дәрігерге тіркелген жердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымына хабарласу қажет», - дейді Жетісу облыстық аурухана директорының орынбасары Ғалым Елибаев. Бүгінде көптеген адамдар кезегі жетпей өмірден өтуде. Жыл сайын шет елдерде өмірден өткен жүздеген адам мыңдаған азаматтың өмірін сақтап донор болады. Осыған байланысты мамандар азаматтарды қайтыс болғаннан кейінгі донорлық бастамасын қолдауға шақырады. Қайтыс болғаннан кейін бір донор шамамен 7 адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. |
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.10.2024 |
Жетісу облысында 47 пайыз қант қызылшасы жиналды |
Өңірде тәтті түбірді 597 шаруашылық 13 700 гектар алқапқа екті. Ал одан 615 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге дақылдың 47 пайызы жиналып, 303 мың тонна өнім алынды. Жиналмаған қызылшаның көлемі 7,2 мың гектар. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев Б. Құранбек атындағы Журналистер үйінде БАҚ өкілдерімен кездесуде мәлімдеді. Жетісу облысында Көксу қант зауыты қызылша қабылдауды уақытша тоқтатты. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жинақталған дақылдың сөлі аға бастады. Шаруалардың еңбегін еш кетірмей өңдеп алу үшін Көксу қант зауыты 10 күнге мәжбүрлі түрде қабылдауды тоқтатты. Нысан қазанның 22-нен бастап өнімді қайта қабылдай бастайды. Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының сөзіне сүйенсек, жергілікті билік те, кәсіпорын басшылары да шаруалардың өнімі далада қалмайды деп уәде беруде. Айта кетейік, шаруаларға мемлекеттік субсидия беру бойынша 13 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта 69 өтінім түсіп, оның 36-сы қарастырылды. 1 млрд. т... |
Толығырақ... Оқылды: 53 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.10.2024 |
Жетісудағы фермерлерге жаңа қолдау шаралары ұсынылды |
Жетісу облысында 20 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Фермерлердің жетістігіне қарамастан, олардың жыл сайынғы өнімі қолайсыз табиғи жағдайларға байланысты біршама келеңсіздік тудыруда. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарықтарға қолдау және ілгерілету үшін «KazakhExport» операторы арқылы қаржылық қолдау бағдарламаларымен қатар түрлі мемлекеттік жобалар жұмыс істейді. Осыған байланысты қазіргі уақытта фермерлердің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған экспорттық акселерация бағдарламасы іске асуда. «Әділдік және Өркендеу» қорының мамандары өңірдің аграрлық секторына талдау жасап, келесі шараларды ұсынды: 1. Тұқым қорын жетілдіру және ауыл шаруашылығы жерлерінің сапасын жақсарту. 2. Көкөніс, жеміс және бақша дақылдарын өндірушілер үшін мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу. 3. Облыстағы маусымдық көкөністер мен жемістердің стихиялық сауда орындарына талдау жүргізу және ұйымдастырылған маусымдық саудаға жағдай жасау. 4. Белгілі бір жерде а... |
Толығырақ... Оқылды: 46 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.10.2024 |
Жетісу облысындағы газ баллондардың қауіпсіздігі бақылауда |
Жетісу облысында жыл басынан бері газ баллон пайдалануға қатысты 5 оқыс оқиға орын алған, нәтижесінде 6 адам зардап шегіп, біреуі көз жұмды. Қайғылы оқиғалар әсіресе жылдың суық мезгілінде газ баллондардың жарылысынан, яғни газ баллонды газбен толтыру және қолдану кезінде температуралық ауытқулардан болады. Мамандар қайғылы жағдайға басты себеп өңір тұрғындарының ескі баллондарды пайдалануынан болатынын ескертеді. Ескі баллон апаттың болу ықтималдығын арттырады. Қазіргі уақытта Жетісу облысында газдандыру көрсеткіші 50,4% құрайды. Бүгінгі күнге облыстың 39 елдімекен қамтылған, көгілдір отынға 93,4 мың абонент қол жеткізіп отыр. |
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 21.10.2024 |