Жаңалықтар
ПАРТИЯНЫҢ «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА |
«AMANAT» партиясы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған акцияны әр бейсенбі сайын ұйымдастырып келеді. Экологиялық акция арнайы белгіленген жерлерде кезек-кезекпен өтеді. Мәселен, Көксу ауданында өткен тазалық жұмыстарына 70-ке жуық адам қатысты. Партия мүшелері, еріктілер және аудан тұрғындары көшелер мен қоғамдық орындар, өзен жағалауларындағы қоқыс қалдығын тап-тұянақтай жинап шықты. «Мемлекет басшысының бастамасын қолдау арқылы біз өз денсаулығымызды ғана емес, болашақ ұрпақты тазалыққа, жауапкершілікке үйретіп келеміз. Бүгінгі шара бір реттік емес, жыл соңына дейін жалғасын тауып, экологиялық мәдениетімізді қалыптастыруымызға септігін тигізеді деп есептеймін» - деді Көксу аудандық партия филиалының төрағасы Мәлік Аманбайұлы. Айта кетейік, аталмыш шара осымен 18 рет ұйымдастырылып отыр. |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 17.10.2024 |
Құс асырау да табыс көзі |
Бүгінде әрбір ел азаматына өз кәсібін игеруге мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалып отыр. Кейінгі жылдары кәсіпкерлік саласына жасалып жатқан жан-жақты қолдаулардың арқасында ауданда оңды өзгерістер көрініс беріп келеді. Соның бірі мемлекет қолдауымен қайтарымсыз қаржыға қол жеткізіп, берілген қаражатын пайдалы іске жұмсап жатқан Еңбекшіқазақ ауылының тұрғыны Альмира Даулетова. Кейіпкеріміз Альмира еш жерде жұмыс істемейді. Ауласында тауық өсіріп күнелтіп отыр. Бастапқыда бұл істе еш тәжірибесі жоқ жас ана жүрексінгенімен, кейін келе кәсіптің қыр-сырына қаныға бастайды. «Бизнес-Бастау» жобасы арқылы мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алдым. Ол ақшаға 100 ломанн браун неміс тұқымды тауығын және сыйымдылығы 350 жұмыртқаға жететін инкубатор, қажетті жем-шөп алып, кәсіпті бастап кеттім. Салада тәжірибем аз болғандықтан көп ұзамай балапандарымның біразы өлді. Сол кезде құс бағуда тәжірибесі бар жерлестеріммен ақылдасып, дәрумен беру, жем салу және бағу жайында кеңес алдым... |
Толығырақ... Оқылды: 921 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.10.2024 |
Таза Қазақстан |
Таза Қазақстан: Жетісуда тазалық шаралары жалғасып жатыр Жетісу облысы бойынша 6 сәуір мен 15 қазан аралығында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық акцияларға жалпы 205 мыңнан астам адам атсалысты. Облыс бойынша «Киелі мекен», «Қызыл тас – тасбақа», «Таза кәсіп - Таза аймақ», «Жинаquest» экологиялық акциялары мен «Таза аула, таза көше» байқаулары ұйымдастырылды. Эко-шараларға облыс тұрғындары, кәсіпорындар мен мекеме қызметкерлері, волонтерлер, жастар, шағын және орта бизнес, медицина, білім, мәдениет және спорт саласының өкілдері қатысты. 1 729 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 8 208 тонна қоқыс шығарылды, 2 265 км арық желісі тазаланып, облыс аумағында 31811 түп көшет отырғызылды. |
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.10.2024 |
Жетісудың Алмалы ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені іске қосылды |
Жетісу облысының тағы бір елді мекенінде жаңа спорт кешені іске қосылды. Сарқан ауданы Алмалы ауылындағы бұл заманауи спорт нысаны «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен салынды. Жалпы биыл облыста 17 жаңа спорт объектілерінің құрылысына 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, соның ішінде Алмалыдағы бұл спорт кешені – биылдыққа пайдалануға беріліп отырған алтыншы нысан, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа спорт кешеніндегі волейбол, баскетбол, күрес, бокс залдары, шахмат, тоғызқұмалақ үйірмелеріне арналған бөлмелер барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Сол сияқты киім ілетін, жуынатын орындар қарастырылған. Нысан ауласында шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдары бар. Нысан 50 орынға лайықталған. Бұл қуанышты жаңалыққа ауыл тұрғындары да дән риза. - Біздің ауыл әуелден спортқа жақын. Кезінде біздің өңірден Әбілсейіт Айханов, Аманжол Бұғыбаев сияқты атақты палуандар шыққан. Мемлекеттің осындай қолдауынан кейін сондай даңқты... |
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.10.2024 |
Референдум-2024: О чем говорят предварительные результаты exit-poll |
Предварительные результаты экзитпола, озвученные аналитиком Алибеком Тажибаевым из «Института Комплексных социальных исследований – Астана», демонстрируют явное преимущество сторонников строительства АЭС в Казахстане. Свыше 69% проголосовавших поддержали проект, что свидетельствует о значительном уровне доверия к энергетической стратегии страны. Однако, более 30% участников, высказавшихся против, показывают, что общество всё же разделено по этому вопросу. Уровень явки в 67,3% также важен: он указывает на высокий интерес граждан к этому референдуму, что делает его результаты значимыми для принятия окончательных решений. Салыкова Римма Аждарқызы - председатель Ассоциации деловых женщин, председатель регионального совета, депутат областного маслихата |
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2024 |
АЭС салу бойынша референдум да өз мәресіне жетті. |
Халық ел болашағы үшін дауыс беріп, өз таңдауын жасады Қоғамдық саясат институты еліміздің барлық өңірінде Exit Poll өткізді. Нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысушылардың 72,3%-ы Қазақстанда атом электр стансысының құрылысымен келісемін деп жауап беріпті. Бұл дегеніміз халқымыздың ел болашағына бейжай қарамай, барынша белсенділік танытқанын айқын аңғартады. Жетісу облысында 68 пайыздан астам халық референдумға қатысқан. Бұл кейбір облыстармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Өзім даус беруге барғанда ел үшін алаңдаған халықтың қарасы көп болды. Олар болашақ үшін дауыс берді. Меніңше соңғы шешім де экзитпол төңірегінде шығады. Бұл – халық таңдауы. Біз АЭС салсақ қуат тапшылығының мәселесін шешеміз. Сонымен қатар, энергетикалық және экологиялық міндеттерді жақсартып қана қоймай, ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашамыз. Осы арқылы елімізді жаңғыртуға кірісеміз. Сондықтан біздің ортақ шешіміміз мемлекеттің ұзақ мерзімді да... |
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.10.2024 |
Активное участие граждан в референдуме |
Активное участие граждан в референдуме по вопросу строительства атомной электростанции свидетельствует об успешной реализации политики Президента К.К. Токаева, направленной на вовлечение населения в процесс принятия решений. Число граждан, проголосовавших за положительное решение вопроса, вынесенного на референдум, составило 5 миллионов 561 тысяча 937 человек или 71,12 %. Такое количество граждан, выразивших свое волеизъявление, укрепляет доверие к государственным институтам и продвигает процесс демократизации политической системы Казахстана. Бласов Бекет Жайлаубекұлы - руководитель КХ "Дияр", депутат областного маслихата |
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 07.10.2024 |
«БАҚЫЛАУ ҚЫРАНДАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЕСЕБІ |
6 қазан – референдум күні «Бақылау қырандары» бақылаушылар тобы Қазақстан бойынша 10 қалада атап айтқанда, Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Жезқазған, Тараз, Талдықорған, Талғар және Қонаев қаларында бақылаушылық жасады. Барлығы 1800 учаскеде дауыс беру процесінің шынайы әрі таза өтуін бақылады. «Бақылау қырандары» бақылаушылар тобын құру туралы бастама көтерілгеннен бастап, есімдері елге белгілі саясаттанушы азаматтар біздің бастамамызды қолдады. Алматы қаласындағы Бас штаб пен өңірлік штабтарда әр аймақтарда пікір қалыптастырып жүрген, қандай да бір партиялық тізімде жоқ көшбасшылар таңдалып алынды. Алматы қаласындағы штаб пен өңірлік штабтар бақылаушыларлы оқыту жұмыстарын жоғарғы деңгейде өткізді. «Бақылау қырандары» бақылаушылар тобы жасақталған күннен бастап, рефередумға бір күн қалғанға дейін Алматы мен өңірлік штабтарда барлығы 2 мыңдай бақылаушы оқытылып, рефередум күні дауыс беру учаскелеріне 1800 бақылаушы кір... |
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.10.2024 |
АЭС-тің артықшылығы көп |
Ал, экзитполдың алғашқы нәтижелері де шығып үлгерді. СОЦИС-А ұйымының экзитпол нәтижелері бойынша дауыс берушілердің 70%-ы АЭС құрылысын қолдаймын деген таңдау жасаған екен. Қоғамдық саясат институты да экзитпол нәтижесін жариялапты. Оған сүйенсек, референдумға келгендердің 72,3% пайыздан астамы Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға келісім берген. Шын айтсам, күтпеген нәтиже дей алмаймын. Себебі қоғамдағы көңіл-күйді, ақпараттық алаңды, әлеуметтік желідегі жазбалар мен пікірлерді көріп жүрміз ғой. Көпшілік ішінде АЭС құрылысына қарсы еместер, елдің энергетикалық болашағы үшін алаңдаушылық білдіргендер де баршылық болды. Ал бастапқыда көңілдерінде күдік болып, сәл сенімсіздік танытқан азаматтар ақпараттық жұмыстардан кейін, мәліметтер мен фактілермен танысқаннан кейін АЭС экологиялық таза, тұрақты энергия көзі екен деген пікірге келе бастады. Сонымен, референдумға халық өте белсенді қатысқанын айта кету керек. Бірақ бәрінен де белсенділік танытқан оңтүстік өңірлер. Оларда эн... |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.10.2024 |
Таңдау айқын - АЭС керек |
Бүгін Қоғамдық саясат институты еліміздің барлық өңірінде Exit Poll өткізді. Оған 44 160 азамат қатысып, 300 дауыс беру учаскесі қамтылды. Экзитпол нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысушылардың 72,3%-ы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісемін деп жауап берген. Соңғы уақыттағы негізгі тақырып осы референдум еді. Сауатты үгіт-насихат, бүкіл мемлекеттік аппаратты, партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен халықтық штаб атынан азаматтық қоғамды жұмылдыру, аудиториямен нысаналы жұмыс өз жемісін берді. ОСК беретін ақырғы ресми шешімді күтеміз. Бірақ экзитпулдан тым алшақ болмайтыны анық. Айбар ОЛЖАЕВ |
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.10.2024 |