Жаңалықтар

Референдум

Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.10.2024

Көксуда паралимпиада жүлдегері Мұхаметхан Бүркітбек дауыс берді

Көксу ауданының Мұсабек ауылдық округінде №260 сайлау учаскесінде әлемдік паралимпиада жүлдегері Мұхаметхан Бүркітбек өз дауысын берді. «Мен өз таңдауымды жасадым. Ел болашағы үшін бірауыздан дауыс беріп, бірлігімізді танытайық», - дейді Мұхаметхан.
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024

МАНСАПТЫҚТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Текелі қаласы мансап орталығының ұжымы ел болашағы үшін дауыс беру учаскесіне бір кісідей барып, ынтымақ-бірліктің үлгісін көрсетті.
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024

«Жетісулықтар белсенді дауыс беріп жатыр» – Салтанат Айыпқызы

Талдықорған қаласында дауыс беру процесін қадағалаған бақылаушы Тәкенова Салтанат жетісулықтардың референдумға белсенді атсалысқанын айтады. «Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласындағы №437 сайлау учаскесінде «AMANAT» партиясының атынан бақылаушы ретінде қатысып отырмын. Сайлау учаскесі жұмысын уақытылы бастады. Жалпы учаскідегі сайлау бюллетендерінің саны – 2 608. Дауыс беру заңға сай өтіп жатыр. Әр партиядан бақылаушалар қатысуда. Комиссия мүшелері өз жұмыстарын ережеге сай атқарып отыр. Дауыс берушілер белсенді. Референдумның маңызын байыбына жетіп түсініп отыр. Демек халық үшін еліміздің болашағы маңызды. Әркім өз таңдауын жасап жатыр. Ешқандай заң бұзушылық тіркелмеді. Бақылаушы ретіндегі басты жұмысым — демократиялық процестің маңызды элементі, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мен дауыс берудің әділ өтуіне кепілдік беру. Міндетімді асқан жауапкершілікпен орындап, дауыс беру процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге ат салыстым....
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 06.10.2024

Кербұлақ ауданында «Шежіре, өнер-тәлім отауы» ансамблі мерекелік көңіл-күй сыйлады

Референдум күні Кербұлақ ауданында шығармашылық ұжымдар өз өнерлерімен бөлісуде. Солардың бірі – «Шежіре, өнер-тәлім отауы» үйірмесінің мүшелері. Әжелер ансамблі ең әуелі №185 дауыс беру учаскесінде өз таңдауларын жасап, кейін келген дауыс берушілерге мерекелік көңіл-күй сыйлауда ұйғарды. Береке мен бірліктің үлгісін көрсетіп, жастарға ұмыт болып бара жатқан құндылықтарды насихаттап жүрген, әні мен сәні жарасқан әжелер тобы ән шашуларын арнады. «Шежіре, өнер-тәлім отауы» үйірмесінің мақсаты бүгінгі жас ұрпақты ерте жастан ұлттық құндылықтарға сүйене отырып тәрбиелеу. Бүгінгі маңызды шара – ел ертеңі үшін аса қажетті таңдау жасауымызға беріліп отырған мүмкіндік. Сол себепті біз барлық аудан тұрғындарын референдумға белсене қатысуға шақырамыз», – дейді әжелеріміз.
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2024

Спортсмены проголосовали на избирательном участке в городе Семей Абайской области

Сборная команда Федерации шинкиокушинкай каратэ области Жетісу не осталась в стороне от общенационального референдума по вопросу строительства АЭС. Спортсмены проголосовали на избирательном участке в городе Семей Абайской области. Желаем удачи спортсменам, представляющим честь области Жетісу!
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2024

Туған күн иесі 100- ші дауыс беруші болды

Алакөл ауданы Арқарлы ауылдық округіндегі №57 дауыс беру учаскесіне білім саласының ардагері, дәл референдум күні 64 жасқа толып отырған ұлағатты ұстаз Меңдібай Хусинов дауыс беріп, 100-ші тұрғын ретінде тіркелді. Өмірінің басым бөлігін шәкірт тәрбиесіне арнаған ұстаз референдумның маңыздылығын толықтай түсініп, өзінің немересімен бірге ел болашағы үшін таңдауын жасады. – Жуырда ғана Үшарал қаласына қоныс аудардым. Құжаттарымды реттеп үлгермегендіктен тіркелген мекенжайым Арқарлы ауылында қалды. Алпыс шақырым жерден референдум үшін арнайы келіп, өзімнің таңдауымды жасадым. Бұл мен үшін, ұрпағым үшін жасалған таңдау деп білемін, – деді ардагер ұстаз.
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2024

Алакөлде мемлекеттік сыйлық лауреаты дауыс берді

Алакөл ауданы, Жағатал ауылдық округінің тұрғыны, Мемлекеттік сыйлық иегері, Алакөл ауданының Құрметті азаматы Қайныш Таңатова №58 учаскеде дауыс берді. Қайныш Таңатова бүгінгі референдум еліміздің тарихында қалатын маңызды оқиғаның бірі екенін және әр қазақстандық өзінің азаматтық көзқарасын білдіру керектігін жеткізді.
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2024

Кезекті ұтыс сертификаты табысталды

Үшарал қаласы №47 дауыс беру учаскесіне 100-ші болып дауыс берген Үшарал қаласының тұрғыны Эльмира Солтанбекова «Tobiko fast food» сертификатын ұтып алды. Ал Сымбат Тұрароваға дауыс бергені үшін «Tobiko» кафесінен арнайы сет табысталды. Ел болашағы үшін дауыс беріп, ізгі тілегін білдірді.
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2024

Қараталда қол күрес ойыны өткізілді

Ескелді ауылдық округіне қарасты орта мектепте спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Референдумға дауыс беруге келгендер қол күрес ойынынан бақтарын сынады. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.10.2024
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.