Жаңалықтар
Жыл басынан бері Жетісу облысында 245 өрт тіркелді |
Жылыту маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары және өрт қауіпсіздігі Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте талқыланды. ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Сергей Огай аймақтағы статистикамен бөлісті. Облыстық ТЖД мамандарының дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері облыста 245 өрт тіркелді. Ал өткен жылыту кезеңінде 137 өрт тіркеліп, 3 адам қаз тауып, 1 адам жарақаттанған болатын. Осыған байланысты өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар қызметкерлері алдын ала іс-шаралар жүргізді. Департаментпен «Көмек қолы» акциясы өткізілді. Онда әлеуметтік осал топтағы отбасыларына пешті жылытуды жөндеуге, түтін мұржасын тазартуға және от жағу алдындағы парақтарды орнатуға көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта алдағы 2024-2025 жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын алу шаралары дайындалуда. |
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2024 |
Жолдау һәм сарапшылар сөзі: АЭС Қазақстан үшін бөтен ұғым емес,! |
Жолдау һәм сарапшылар сөзі: АЭС Қазақстан үшін бөтен ұғым емес,! Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауына қатысты саясаттанушылар не дейді? (Сурет Ақорда сайтынан алынды) Саясаттанушы Қанат Байұзақов: «Елімізде атом энергетикалық станциясы тақырыбы 2019 жылдан бері қозғалып келеді. Тек 2023 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында АЭС-тың салынуы жайлы шешім халық дауысы арқылы анықталатынын мәлімдеді. Ал 2024 жылы 2 қыркүйектегі Жолдауда референдум 6 қазанда өтетіндігі белгілі болды. Әрине, бұл еліміз үшін өте өзекті мәселе. Бірі оңтүстік өңірдегі электр қуатының жетіспеушілігін айтып, Ресейден энергияны сатып алуға тура келетіндігін келтірсе, енді бір тарап Украина, Жапониядағы үлкен апатты мысалға келтіреді. Десе де, АЭС Қазақстан үшін бөтен ұғым емес. 1973-1999 жылдары Ақтау қаласында АЭС типтес құрылым жұмыс істеп, тек КСРО дәуірі өткен соң, ескіргеніне және т.б себепт... |
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2024 |
Чернобыль мен Фукусима АЭС құрылысын қалай өзгертті? |
Қазіргі таңда әлемнің 30-дан астам елінде АЭС бар. Бүкілі 415 ядролық реактор жұмыс істеп тұр. Бүгінде 61 реактордық құрылысы жүріп жатыр. АЭС-тің тарихы неден басталады? Оның қауіпсіздігі қалай сақталады? Болашақта қандай реакторлардың түрі пайда болады? BAQ.KZ АЭС тарихына шолу жасады. АЭС неден басталды? 1930-1940 жылдары ядролық физика дами бастады. 1938 жылы неміс ғалымдары Отто Ган және Фриц Штрассман уран ядросы бөлінген кезде энергия пайда болатынын білді. Бұл жаңалық ядролық энергияның болашақта пайдаланылу мүмкіндіктеріне жол ашты. Алайда, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұл зерттеулер негізінен атом бомбасы жасауға бағытталды. 1940 жылдардың басында АҚШ-тың Манхэттен жобасы аясында ядролық қару жасау үшін үлкен ғылыми зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде 1945 жылы атом бомбалары Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына тасталды. Соғыстан кейін ядролық технологияның бейбіт мақсатта қолданылуы маңызды мәселе ретінде қаралды. Екінші дүнижүзілік соғыс аяқталғаннан к... |
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2024 |
Бейбіт атом – таза энергияның қауіпсіз көзі |
«Байтақ» жасылдар партиясы қазіргі қазақ еліне ұсынылып отырған АЭС қондырғысын «бейбіт атом» – таза энергияның қауіпсіз көзі» деп таныды. Бейбіт атомның экологиялық артықшылықтары: «Байтақ» партиясы халықтың ішінен шыққан саяси партия болғандықтан, халықтың көкейінде жүрген АЭС-тің қауіпсіздігінен басқа, үш мәселе, ол – болашақ ұрпаққа таза ауа, таза жер және таза су қалдыру. Атмосфераға шығарындылардың ең төмен деңгейі: 1. Парниктік газдар шығарындыларының болмауы. АЭС жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруінің негізгі себептері болып табылатын көмірқышқыл газын, метанды және басқа парниктік газдарды шығармайды. Бұл олардың шығарындыларын азайту және декарбонизациялауға қол жеткізетін маңызды құралы. 2. Көмір электр станцияларынан айырмашылығы, атом электр станциялары күкірт пен азот оксидтерін, қатты қалдық бөлшектерді, сонымен қатар, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс әсер ететін басқа ластаушы заттарды іс жүзін... |
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.09.2024 |
АЭС пен Ұлттық Мүдде |
«АЭС құрылысы айқай-шусыз басталмайды». Түрік әріптесімнің пікірі осы төңіректе. Бұдан біраз жыл бұрын Анкарадағы билік атом стансасын салуды ұйғарды. Мердігер деп Батыс компанияларын емес, Росатомды (Ресей) таңдады. Сол-ақ екен, наразы ұйымдар мен топтардың жойқын қарсылығы Анадолыны астаң-кестең ете жаздады. Түрік үкіметі тежеліп, айылын тартқандай болды. Бірақ қос өкпеден қысқан энергия тапшылығы ақыры Мерсин уәлаятында құрылысты бастауға алып келді. Сол Аққұйу АЭС-і салынып жатыр. Жақында Мәскеуге салынған санкциядан «салқын сыбағасын» алғанына қарамастан… Алдағы айдың басында атом электр стансасын салу бойынша елімізде бүкілхалықтық референдум өтеді. Мемлекет басшысы бұл туралы халыққа арнаған Жолдауында жария етті. Президенттің пікірінше, отандық экономика барған сайын қуат көзін көптеп қажет етеді. Мұндай сұранысты атом энергиясы қамтамасыз ете алады. Қасым-Жомарт Тоқаев дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге АЭС жұмыс істеп отырғанын атап өтт... |
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.09.2024 |
Дәурен Әбен: АЭС салу – энергетикалық тәуелсіздікке жеткізеді |
ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Халықаралық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Дәурен Әбен елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайдыEl.kzақпарат агенттігі. Оның айтуынша, Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі шынымен де біздің қоғамда көптеген пікірталас тудыруда. Талқылау энергетикалық тәуелсіздік, АЭС-тың жұмыс қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, экономикалық тиімділік, саяси негізділік және т.б. факторлардың төңірегінде өрбіп жатыр. Семей полигонындағы ядролық сынақтардың қасіретті мұрасын және Чернобыль АЭС-дағы апат салдарын жоюдың қайғылы тәжірибесін ескерсек, Қазақстан тұрғындарының алаңдаушылығын түсінуге болады. Атом энергетикасына қатысты пессимизм Жапониядағы «Фукусима-1» АЭС-та болған ауқымды табиғи және техногендік апаттан кейін күшейе түсті. Дегенмен, сол апаттың нәтижесінде халықаралық қауымдастық ядролық қауіпсіздікті барлық аспектілерде қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін қа... |
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.09.2024 |
Көксу ауданының референдум учаскелерінің шекаралары |
Көксу ауданының референдум учаскелерінің шекаралары № 231 референдум учаскесі. Орталығы: Айнабұлақ бекеті, Ағыбаев Бартай көшесі № 11, «Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «№12 орта мектебі» КММ. Шекарасы: Айнабұлақ бекеті, көшелер: Рамазанов № 1-ден 37-ге дейін, Центральная № 1-ден 11-ге дейін, Ағыбаев Бартай № 1-ден 19-ға дейін, Набережная № 1-ден 8-ге дейін, Кемертоған № 1-ден 31-ге дейін; Көпір, Тауарасы жол айрықтары. № 232 референдум учаскесі. Орталығы: «№ 45-ші теміржол бөлімі» ауылы, Рысқұлов көшесі № 8, «Көксу аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКМ-нің «№ 45-ші теміржол бөлімі» фельдшерлік-акушерлік пункті. Шекарасы: «№ 45-ші теміржол бөлімі» ауылы, көшелер: Рысқұлов № 1-ден 16-ға дейін, Теміржол № 1-ден 16-ға дейін, Байшапанов № 1-ден 13-ке дейін, Алдабергенов № 1-ден 13-ке дейін; Су мұнарасы, Жаман-Сарыбұлақ учаскелері. № 233 референду... |
Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.09.2024 |
Көксу аудандық аумақтық референдум комиссиясы учаскелік референдум комиссияларының құрамы мен олардың жұмыс уақыты жөнінде хабарлайды |
Референдум комиссияларының жұмыс уақыты: сағат 09.00 ден – 18.30 дейін. Үзіліс уақыты: сағат 13.00 ден – 14.30 дейін. № 231 учаскелік референдум комиссиясы Орталығы: Айнабұлақ бекеті, Ағыбаев Бартай көшесі № 11, «Жетісу облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «№12 орта мектебі» КММ, тел. 8 (72838) 32001. Комиссия төрайымы – Қосұмқұлова Шынар Ертанқызы Комиссия төрайымының орынбасары – Сартбаев Дидар Абзолұлы Комиссия хатшысы – Түменова Елмира Асқанқызы Комиссия мүшелері: Изгуттынов Бейбіт Отарбайұлы, Аманбаева Эльмира Қойшыбайқызы № 232 учаскелік референдум комиссиясы Орталығы: «№ 45-ші теміржол бөлімі» ауылы, Рысқұлов көшесі № 8, «Көксу аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКМ-нің «№ 45-ші теміржол бөлімі» фельдшерлік-акушерлік пункті, тел. 8 (72838) 32009. Комиссия төрағасы – Байшапанов Болатхан Нақысбекұлы Комиссия төрағ... |
Толығырақ... Оқылды: 50 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.09.2024 |
Көксу аудандық аумақтық референдум комиссиясы учаскелік референдум комиссияларының құрамы мен олардың жұмыс уақыты жөнінде хабарлайды |
Референдум комиссияларының жұмыс уақыты: сағат 09.00 ден – 18.30 дейін. Үзіліс уақыты: сағат 13.00 ден – 14.30 дейін. Көксу аудандық аумақтық референдум комиссиясы Орталығы: Балпық би ауылы, Мырзабекова көшесі 42, «Көксу ауданы әкімінің аппараты» ММ ғимараты , тел. 8 (72838) 20109. Комиссия төрағасы – Байгабулов Нұрлан Сейлханұлы; Комиссия төрайымының орынбасары – Ғабиденов Ерсын Қамбарұлы; Комиссия хатшысы – Жамбылқызы Марал; Комиссия мүшелері: Тулекенов Мұратбек Баянұлы, Құлжанова Әлия Қазыбекқызы, Бидайбекова Индира Алтынбекқызы, Молдағали Дәурен Сәбитұлы. |
Толығырақ... Оқылды: 70 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.09.2024 |
2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы |
2024 жылғы 02 қыркүйек Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкесҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілсін. 2. Республикалық референдумға: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауал шығарылсын. 3. Осы Жарлық 2024 жылғы 3 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын. 4. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметін атқаратын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарымен және жергілікті... |
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.09.2024 |