ӘЛЕУМЕТ
ПРОКУРАТУРА ОТЫРЫСЫ |
Өткен аптада аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен, өкілетті органдардың өзара ынтымақтастық іс - шаралар жүргізу мақсатында, аудандық борышкерлердің мемлекет пайдасына, алимент және өндірілуі тиіс атқару өндірістері бойынша отырыс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков, Көксу ауданының прокуроры Азамат Бекеев, аудан прокуратурасының аға прокуроры Ләззат Сүлейменова және өкілетті органдардан осы жобаны іске асыру үшін ауданның мемлекеттік сот орындаушылары, мекеме, бөлім басшылары мен округ әкімдері қатысты. Көксу ауданының прокуроры Азамат Бекеев өз сөзінде бірлескен жұмыс жасаудың нәтижесінде жақсы көрсеткішке жететіндігін атап өтті. Ал, аудан прокуратурасының аға прокуроры Ләззат Кенесқызы алимент пен мемлекет пайдасына сомаларды өндіру бойынша орындаудан жалтарып жүрген борышкерлерден өндіруге ықпал ету үшін, аудан бойынша өкілетті органдардың өкілдері өзара ынтымақтастық іс - шаралар жүргізу мақсатында, меморандумның... |
Толығырақ... Оқылды: 500 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.07.2019 |
Алматы облысы Арыс қаласындағы жекеменшік үйлердің қалпына келуіне атсалысуда |
Жетісулықтар Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. БАҚ өкілдері алдында сөз алған облыс әкімі: «Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша еліміздің әр облысы және республикалық маңызы бар қалаларға арнайы учаскелер бөлінді. Бізге №15 учаске берілді. Ол, ауданда: 29 көше, 9 әлеуметтік, 14 коммерциялық нысан мен 854 жекеменшік тұрғын үй орналасқан. Соның ішінде 157 жекеменшік тұрғын үйді қалпына келтіру жұмысы біздің аймақтың еншісінде. Бұл үшін қазір біз жергілікті қазынадан 1 млрд. теңге бөліп, нақты жұмыс жоспарын жасап, құрылыс ауқымын анықтаудамыз. Бұл істі жүзеге асыру үшін Арыс қаласында арнайы құрылған жұмыс тобы жүр. Ал, құрылысты салуға бірнеше танымал серіктестік жұмылдырылмақ. Жұмыс бір айдың ішінде бітуі тиіс»,-деді. Сонымен қатар, Арыс қаласының 150 мектеп оқушысына бір ай бойы жер жәннаты Жетісуда тегін демалып қайтуына бар жағдай жа... |
Толығырақ... Оқылды: 386 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.07.2019 |
Талдықорғанда Манас» III Халықаралық форумы өтті |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған Халықаралық Түркі академиясы жыл сайын дәстүрлі түрде қазақ-қырғыз зиялыларының форумын ұйымдастырып келеді. Аталмыш форум биыл да өз жалғасын тауып, киелі Жетісу жерінде ұйымдастырылды. Форумның ашылу салтанатына Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаев, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Султан Раев, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелдиев және облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы қатысты. Сонымен қатар жиынға елшілер мен дипломаттар, көрнекті ғалымдар мен ақын-жазушылар, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлеріде арнайы келді. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туристік салаларды дамыту жөнінде әңгіме өрбіді. Алдымен сөз Қырғы... |
Толығырақ... Оқылды: 350 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.07.2019 |
Текелі қаласында «Шұғыла» журналистер слеті өтті |
Журналистер күніне орай, Текелі қаласында «Шұғыла» жас журналистер шығармашылық слеті өтті. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған шараға қаламды қару еткен ақпарат қызметкрелері қатысты,-деп taldykorgan-online.kz БАҚ өкілдерін шаһар басшысы Бақтияр Әлтайұлы қарсы алып, қонақтарға ілтипат көрсетті. Қаланың көрікті жерлерін аралатып, атқарылған жұмыстарды да атап өтті. Журналистерді әуелі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке апарып, Қора мен Шажа өзендерін көрсетті. Қосылған қос өзеннің тоғысқан торабына алдағы уақытта ғашықтар көпірін салатынын айтты. Ол үшін қаржыда қарастырылып қойыпты. Бұл аймаққа көпір салам деуі де тегін емес. Текелі тұрғындары Қора өзенін ұлға, Шажа өзенін қызға теңеуімен тікелей байланыстырды. «Біздің өлкенің табиғаты ерекше. Туризмді дамытуға өте қолайлы жер. Себебі, жаз мезгілінде мұнда қатты ыстық болмайды. Ал, қыста керсінше, қатты аяз жоқ. Жанға жайлы ауарайын көруге болады»,-дейді Текелі қаласыны... |
Толығырақ... Оқылды: 363 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 02.07.2019 |
Жетісулықтардың күнде су жаңа ұялы телефон ұтып алуға мүмкіндігі бар |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өтетін кезекті республикалық науқан өткізуде. Бұл шара азаматтық белсенділікті арттыру, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікті ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйінсек, Мемлекеттік кірістер комитеті ұйымдастырып отырған науқанға кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Бұл үшін оған тұтынған тауар немесе қызмет үшін берілген фискалды чектің суретін Play Market-те немесе App Store-да «Таңдау» мобильді қосымшасын жүктеп,тіркеуіңіз шарт. Акцияның толық шарттары мен қосымшасымен жұмыс істеу нұсқаулығын www.trebui.kz акция сайтынан көруге болады. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал» акциясына қатыса алады. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрл... |
Толығырақ... Оқылды: 420 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.06.2019 |
«Nur Otan»-НЫҢ НҰРЛЫ ОТЫРЫСЫ |
Сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалының саяси кеңес отырысы өтті. Бұл жиынға ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған өңірлік кәсіподақ комитетінің төрағасы, облыстық саяси кеңес мүшесі Садық Әбдіқадыров, аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, саяси кеңес мүшелері, округ әкімдері мен мәслихат депутаттар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалының саяси кеңес отырысы өтті. Бұл жиынға ҚР Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған өңірлік кәсіподақ комитетінің төрағасы, облыстық саяси кеңес мүшесі Садық Әбдіқадыров, аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, саяси... |
Толығырақ... Оқылды: 454 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019 |
ҰШЫРСА ҰЯМЫЗ, ҚАЛАЙША ҚИЯМЫЗ |
Мектептегі өмір енді өткеніміз, Алаңсыз шақ, балалық көктеміміз. Қуантады, біресе қорқытады, Бір-ақ күнде есейіп кеткеніміз. Үзілмесін тіршілік тынбас әні, Үлкен өмір есігін кімге ашады. Алыстағы армандар шақырғанмен, Қоштасарда көңілді мұң басады. Иә, мектеп – сіз бен біздің біліммен сусындаған, тәлім алған алтын ордамыз. Мектеп – қасиетті шаңырақ, киелі мекен. Көптен күткен салтанатты сәт те келіп жеткен сияқты. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын аттаған ұл- қыздарымыздың, ойы толып, білім нәрімен сусындап, кәмелеттік аттестат алуға, алтын ұя мектебімен қоштасатын уақыты да келді. 12 маусым – республикамыздың барлық аймақтарында мектеп бітіру кештері аталып өтті. Осы айтулы күннің кереметін көру биылғы жылы Мұқыры ауылдық округі Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектепке бұйырыпты. Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы, аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков пен аудандық білім бөлімінің басшысы Тлеумұрат Сейтниязов арнайы қатысы... |
Толығырақ... Оқылды: 661 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019 |
АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР МЕРЕКЕСІ |
Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Бұл мереке құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп, денсаулықты дүниедегі байлық атаулының барлығынан жоғары қойса, Ата заңымызда «Мемлекеттің ең басты қазынасы – халық және оның денсаулығы» деп айқын көрсетілген. Азаматтардың рухани дүниесі мен денінің саулығы – мемлекетіміздің басымдық беріп отырған маңызды міндеттерінің бірі. Дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруді мақсат еткен мәңгілік елімізді дамытуға қабілетті бола алады. Адам өміріндегі, өлшеусіз еңбектің ерен жандары, ол – дәрігерлер. Олар – науқас жандардың жабырқаулы жүздеріне үміт отын ұялатып, үлкен сенімге жетелеп, өмір өзен арнасының әлі де ағысында талай өмір сүру керектігін ескертіп, бойға қуат бітіретін абзал жандар! Осы айтулы к... |
Толығырақ... Оқылды: 786 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019 |
Экстремалды спорт қарқынды дамуда |
22-30 маусым аралығында Алматы облысының Жоңғар Алатауы, Ескелді ауданының Екпінді ауылы сияқты табиғаты көркем жерлерінде үш ірі халықаралық спорт шарасы өтеді. Бұл жайлы өңірлік экстремалды жарыс өкілдері федерациясы өңірлік комуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді. Жарыс бағдарламасы бойынша алдымен Азия біріншілігі жалауын желбіретеді. Артынша Қабанбай батырға арналған Қазақстан кубогы ұйымдастырылмақ. Паропланшылар бәсекесін әлем кезегі қорытындылайды. Эскстремалдық спорттық додаға Дүниежүзінің 24 елінен 124 адам қатысады деп жоспарланған. Бұл тізімде 10-нан аса әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Қазақстандықтар өз жарыс алаңында және жанкүйерлер алдында аянып қалмайды дейді мамандар. Ұйымдастырушылардың пікірінше мұндағы басты мақсат паропландық спортты өткізу арқылы елдегі туризмді дамыту. Әзірге әлем кубогінде жерлестеріміздің үздік көрсеткіші 8 орын болып отыр. Қазақстандағы жарыста жергілікті саңлақтардың жүлдегер болуына толық мүмкіндігі... |
Толығырақ... Оқылды: 364 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019 |
Баламалы энергия-заман талабы |
Жетісу өңірінің шалғай ауылдары күннен қуат алатын электр станциялармен толық қамтылуы тиіс. Бұл әсіресе шаруа қожалықпен айналысатын тұрғындар үшін тиімді. Себебі, таулы аймақтарға арнайы жарық жүйесі жүргізілмеген. Сол себепті шағын күн электр станциясын орнатылуы керек. Бұл жөнінде «Азия жүрегі» мәдениет және экологияны қолдау қорының президенті Вадим Ханифович журналистер үйінде өткен жиында айтты. Басқосуда «Көмірсутекті электр энергия генераторларын пайдаланудан бас тарту және жаңартылатын энергия көздеріне көшу бағдарламасын» түсіндірді. Бұл - біріншіден энергия үнемдеуге, екіншіден экологияның ластануын алдын алады, - дейді мұндағылар. Осы орайда сарапшылар, шаруа қожалық қызметкерлері мен кәсіпкерлерге күн электр станциясын арнайы Ғаламдық экологиялық қордың қаржылық қолдауымен ала алатынын айтты. «Қазіргі таңда жасыл экономиканы қалыптастырып, энергия көздерінің баламалы түрлерін қарастыру, жұмсалатын энергияны үнемдеу мәселесі алдыңғы шепте. Б... |
Толығырақ... Оқылды: 433 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.06.2019 |